kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Курмангазы жайлы бир тол?ау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «??рман?азы жайлы бір тол?ау»
Саба?ты? ма?саты: К?й атасы - ??рман?азы к?йлерін ты?дату ар?ылы, тере? ма?л?мат бере отырып, ?нер адамына деген ??рмет сезімін тудыру
Міндеттері:
Білімділік
О?ушыларды к?йші ??рман?азы Са?ырбай?лыны? ?мір жолы ж?не к?йшілік шы?армашылы?ымен таныстыру.
Дамытушылы?: К?й ?неріне баули отырып, ой ?рістерін дамыту ж?не к?й жанрына ?ызы?ушылы?тарын арттыру.
Т?рбиелік:  ??рман?азыны? музыка ?нерінде алатын орны ж?не к?йлері ар?ылы ?лтты? ?дет - ??рып, салт - д?ст?рді білуге т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: Жа?а саба?

Саба?та ?олданылатын ?діс - т?сілдер:

Т?сіндіру, психологиялы? тренинг, к?й ты?дату, к?й тарту, топтастыру ?дісі, де?гейлік тапсырма.

Техникалы?, к?рнекілік ??ралдары: музыкалы?  аспаптар,  нота д?птері, суреттер (к?йшіні? портреті), электронды та?та, аудио - видео таспа.
П?наралы? байланыс: ?дебиет, Тарих.
Саба? барысы:

І. ?йымдастыру

Психологиялы? тренинг.

?рбір адам? Досым, сыныптасым

?рбір саба?? ?йрену, о?у, іздену.

?рбір ісі?? Тірлік, тірек, адамды?

?рбір с?зі?? Шынды?, бірлік, адалды?

ІІ. Жа?а саба?

1.Ой ?оз?ау
??рман?азы Са?ырбай?лы «Адай» к?йін – ты?дату

- Балалар, б?л шы?арма сіздерге таныс па?

- Кімні? к?йі?

- ??рман?азы туралы не білесі?дер? Кестені толтыры?дар.

2. ББ? стратегиясы 
Б?гінгі ?тетін та?ырыбымыз «??рман?азы жайлы бір тол?ау» деп аталады.
Интерактивті та?тамен ж?мыс. (Слайдтар)
??РМАН?АЗЫ СА?ЫРБАЙ?ЛЫ  туралы ма?лумат беру.

      ??рман?азы ?мірі сан со?па?ты тарихты? ащы та?дырымен астас?ан арпалыс. ??рман?азы ?аза? ?шін ?лы к?йші, ?аламат ?айрат пен жігерді? иесі. ??рман?азы б?тін ?лтты? ?йт?ысы. ??рман?азы аты халы?ты? жо?шысы ел м??ыны? жаршысы іспетті. Ол с?йлемеді, ол айтпады, оны? домбырасы ел та?дырын с?з етті, халы?ты? жо?ын жо?тап, м??ын айтты. Сол ?шін к?ресті, ?мірін арнады. ??рман?азыны халы? а?ыз етті оны к?йшіге, а?ын?а, батыр?а балады. Оны? ерлігін а?ындар жырлады. А?ындарды? ?ле?-тол?ауларына ар?ау бол?ан ?лы т?л?а ?мірі, оны? ?аламат к?йлері а?ыз болып а??ыды. Біз айт?алы отыр?анымыз «??рман?азы» поэмасы. И?, ??рман?азы жайлы бір тол?ау. ?аза??а белгілі а?ын Хамит Ер?алиевті? «??рман?азы» атты поэмасы ?лы к?йшіні? шы?армаларына тіл бітіріп ?айта с?йлетті. ?аза? даласын а? патшаны? ?скері билеп – т?стеуге бел бу?ан уа?ыт. ??рман?азы ел-хал?ынын зорлы?-зомбылы??а т?серін сезіп, бойын ашу кернеп, ?олынан келер д?рмен жо?, хал?ыны? к?ш-?айратын, намысы мен жігерін домбыра?а салды. М?ндай алай-д?лей дауылды к?йлерді? к?шінен сескенген орыс жендеттері, ел ішіне «б?лік салушы» деген айыппен т?рмеге жабады. Бір к?ні Орынборды? генерал-губернаторы Перовский барлы? ?лы?тарын жиып мерекелік жиын жасайды. Сол жиын?а т?рмеде жат?ан ??рман?азыны да алдыртады. ??рман?азыны? к?шін сына?андай к?й тарту?а б?йырады. Сонда ??рман?азы ?олына домбырасын алып, бір к?йді тарта ж?неледі. Ал а?ын Хамит Ер?алиев осы тарт?ан к?йді былай деп тол?а?ан екен:

С?з берді домбыра?а жыласын деп,

О да бір тор?а т?скен лашын деп,

Сауда?а к?зді? жасын салат??ын,

Обадай осы да бір рас індет.

«Танып ?ал, таби?атым, ?улы?ымды!»

Ішінен т?йді ?аза? б?л ??ымды.

 Шал?ыта «Балбырауын» к?йін тартып,

Шатты??а душар етті ?лы?ы?ды.

?адала талай ?лы? к?п ?арады,

Ыз?арлы б??ан деген леп бар ?лі.

Бір ?ана бейтаныс жан ынтызардай,

К?йшіні с??ты к?збен жеп барады.

А?ын ??рман?азыны? к?ймен айт?ан ойын с?збен жеткізеді.

??рман?азыны? генерал – губернатор мен ?лы?тарыны? алдында ?аймы?пай к?зіне – к?зін ?адап ?айсарлана т?скен жігерін д?л бейнелейді. Сол уа?ытта?ы Перовскийді? халін а?ын былайша жырлайды:

Д?л ?зі сыры ж?мба? виртуозды?,

«Сен б?лкім б?зы?тарды ертіп озды?:

Осынау ?нер ?шін ?уыл?ансы?,

Айтып т?р лапылда?ан ?ртті к?зді?»

То?татты шыр?ап барып ?аза? к?йді.

?лы?тар б?лкім оны аз-а? т?йді.

 Генерал жылы ?арап жымиды да,

Бастатты бас?алар?а азат биді.

       И?, а?ын Хамит Ер?алиев осылайша ?лы к?йшіні жыр?а ?осты, ??рман?азы к?йлерін ?ле?мен ?рнектеді. К?й мен к?йшіні ты?даушымен тілдестіре алды. А?ынны? «??рман?азы» поэмасы осылай д?ниете келді.

Білесі? бе?

     ??рман?азы Са?ырбай?лы (1818-1889) – Батыс ?аза?стан облысы, Жа?а?ала ауданында?ы, Жиделі аулында д?ниеге келген. ?аза?ты? ?лы к?йші-композиторы. ??рман?азыны? ?стазы ?за? дейтін к?йші бол?ан. ??рман?азыны? к?йлері ?з заманыны? тарихын бейнелеген. Оны? ал?аш?ы к?йлеріні? бірі «Кішкентай» деп аталады. Ол к?йді Исатай мен Махамбет к?ресіне арна?ан. Сол сия?ты, «Кісен аш?ан», «А?бай», «Т?рмеден ?аш?ан», «?айран шешем», «Адай», «Сарыар?а», «Т?рем?рат» сынды к?йлері ел арасына ке?інен тара?ан.

Музыка сауаттылы?ы:

К?й - белгілі бір ой?а ??рыл?ан, мазм?нды? желісі бар с?з бен саз бірге ?рілген ?ажайып шы?арма.

К?й ты?дайы?:

??рман?азыны? «Балбырауын» к?йін ??рман?азы атында?ы ?аза? ?лт аспаптар оркестіріні? орындауында ты?дап к?релік.

Ойлан да айт!

??рман?азы к?йлерін ты?дай отырып, ?андай ой мен сезімге б?ленесі?? Сен к?ймен тілдесе алар ма еді??
Біліп ал!

      Хамит Ер?алиев (1916-1997)-Атырау обл, Махамбет ауд. А??ыстау аулында д?ниеге келген. Белгілі а?ын, ?аза?станны? халы? жазушысы. 30-?а тарта жыр жина?тарыны? авторы. ?лемдік ?дебиеттегі Д.Байронны?, В.Шекспирді?, А.Пушкинні?, М.Лермонтовты? т.б. а?ындарды? озы? туындыларын ?аза? тіліне аудар?ан. А?ынны? шы?армалары шет ел тілдеріне аударыл?ан. Осындай е?бектері ?шін 1982 жылы ?аза?станны? мемлекеттік сыйлы?ыны? лауреаты ата?ына ие болады. А?ын к?птеген ордендер мен медальдарды? иегері. Х.Ер?алиевты? «?ке сыры», «К?й дастан», «??рман?азы», «Жайы? жырлары», т.б. к?птеген ?ле?дер, балладалары мен поэмалары бар

?н айту  «Ту?ан ел»
Ты?дату. ?. Байділдаев «Ту?ан ел»  ?нін Дауыс жатты?уы. До - мажор гаммасы
Сергіту с?ті

 1, 2, 3 ?нерлі бала біз,
4, 5, 6 жал?аулы? артта ?алды.
7, 8 е?бек пен білім егіз,
9, 10 тапсырманы орында?ан ж?н.
Бекіту. Де?гейлік тапсырма:
1. Топтастыру ?дісі.
??рман?азы кім?
??рман?азы → композитор, к?йші, т?кпе к?йді? шебері, орындаушы

2. «Ту?ан ел» ?ніне талдау.
3. ?нні? бастамасын фланелеграф?а т?сіру
Саба?ты ?орытындылау.

С?ра?тар:

1. Не себепті ??рман?азыны? аты а?ыз?а айналды?

2. ??рман?азы?а орыс патшалы?ы ?андай айып та?ады?

3. Хамит Ер?алиевты? «??рман?азы» атты поэмасында ?андай уа?и?а бейнеленген?

4. «Балбырауын» к?йінен генерал-губернатор ?андай ?серде ?алады?

5. К?й ?андай шы?арма?

?йге тапсырма:

??рман?азы Са?ырбай?лы шы?армашылы?ы / Рафт ?дісімен дайындалу /
Ба?алау. Топ басшылары ба?алау пара?ын тапсыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Курмангазы жайлы бир тол?ау »

Сабақтың тақырыбы: «Құрманғазы жайлы бір толғау»
Сабақтың мақсаты: Күй атасы - Құрманғазы күйлерін тыңдату арқылы, терең мағлұмат бере отырып, өнер адамына деген құрмет сезімін тудыру
Міндеттері:
Білімділік
Оқушыларды күйші Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолы және күйшілік шығармашылығымен таныстыру.
Дамытушылық: Күй өнеріне баули отырып, ой өрістерін дамыту және күй жанрына қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Құрманғазының музыка өнерінде алатын орны және күйлері арқылы ұлттық әдет - ғұрып, салт - дәстүрді білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:

Түсіндіру, психологиялық тренинг, күй тыңдату, күй тарту, топтастыру әдісі, деңгейлік тапсырма.

Техникалық, көрнекілік құралдары: музыкалық аспаптар, нота дәптері, суреттер (күйшінің портреті), электронды тақта, аудио - видео таспа.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Тарих.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг.

Әрбір адам? Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.

Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық

Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық

ІІ. Жаңа сабақ

1.Ой қозғау
Құрманғазы Сағырбайұлы «Адай» күйін – тыңдату

- Балалар, бұл шығарма сіздерге таныс па?

- Кімнің күйі?

- Құрманғазы туралы не білесіңдер? Кестені толтырыңдар.

2. ББҮ стратегиясы
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Құрманғазы жайлы бір толғау» деп аталады.
Интерактивті тақтамен жұмыс. (Слайдтар)
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ туралы мағлумат беру.

Құрманғазы өмірі сан соқпақты тарихтың ащы тағдырымен астасқан арпалыс. Құрманғазы қазақ үшін ұлы күйші, ғаламат қайрат пен жігердің иесі. Құрманғазы бүтін ұлттың ұйтқысы. Құрманғазы аты халықтың жоқшысы ел мұңының жаршысы іспетті. Ол сөйлемеді, ол айтпады, оның домбырасы ел тағдырын сөз етті, халықтың жоғын жоқтап, мұңын айтты. Сол үшін күресті, өмірін арнады. Құрманғазыны халық аңыз етті оны күйшіге, ақынға, батырға балады. Оның ерлігін ақындар жырлады. Ақындардың өлең-толғауларына арқау болған ұлы тұлға өмірі, оның ғаламат күйлері аңыз болып аңқыды. Біз айтқалы отырғанымыз «Құрманғазы» поэмасы. Иә, Құрманғазы жайлы бір толғау. Қазаққа белгілі ақын Хамит Ерғалиевтің «Құрманғазы» атты поэмасы ұлы күйшінің шығармаларына тіл бітіріп қайта сөйлетті. Қазақ даласын ақ патшаның әскері билеп – төстеуге бел буған уақыт. Құрманғазы ел-халқынын зорлық-зомбылыққа түсерін сезіп, бойын ашу кернеп, қолынан келер дәрмен жоқ, халқының күш-қайратын, намысы мен жігерін домбыраға салды. Мұндай алай-дүлей дауылды күйлердің күшінен сескенген орыс жендеттері, ел ішіне «бүлік салушы» деген айыппен түрмеге жабады. Бір күні Орынбордың генерал-губернаторы Перовский барлық ұлықтарын жиып мерекелік жиын жасайды. Сол жиынға түрмеде жатқан Құрманғазыны да алдыртады. Құрманғазының күшін сынағандай күй тартуға бұйырады. Сонда Құрманғазы қолына домбырасын алып, бір күйді тарта жөнеледі. Ал ақын Хамит Ерғалиев осы тартқан күйді былай деп толғаған екен:

Сөз берді домбыраға жыласын деп,

О да бір торға түскен лашын деп,

Саудаға көздің жасын салатұғын,

Обадай осы да бір рас індет.

«Танып қал, табиғатым, қулығымды!»

Ішінен түйді қазақ бұл ұғымды.

Шалқыта «Балбырауын» күйін тартып,

Шаттыққа душар етті ұлығыңды.

Қадала талай ұлық көп қарады,

Ызғарлы бұған деген леп бар әлі.

Бір ғана бейтаныс жан ынтызардай,

Күйшіні сұқты көзбен жеп барады...

Ақын Құрманғазының күймен айтқан ойын сөзбен жеткізеді.



Құрманғазының генерал – губернатор мен ұлықтарының алдында қаймықпай көзіне – көзін қадап қайсарлана түскен жігерін дәл бейнелейді. Сол уақыттағы Перовскийдің халін ақын былайша жырлайды:

Дәл өзі сыры жұмбақ виртуоздың,

«Сен бәлкім бұзықтарды ертіп оздың:

Осынау өнер үшін қуылғансың,

Айтып тұр лапылдаған өртті көздің»

Тоқтатты шырқап барып қазақ күйді.

Ұлықтар бәлкім оны аз-ақ түйді.

Генерал жылы қарап жымиды да,

Бастатты басқаларға азат биді...

Иә, ақын Хамит Ерғалиев осылайша ұлы күйшіні жырға қосты, Құрманғазы күйлерін өлеңмен өрнектеді. Күй мен күйшіні тыңдаушымен тілдестіре алды. Ақынның «Құрманғазы» поэмасы осылай дүниете келді.

Білесің бе?

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданындағы, Жиделі аулында дүниеге келген. Қазақтың ұлы күйші-композиторы. Құрманғазының ұстазы Ұзақ дейтін күйші болған. Құрманғазының күйлері өз заманының тарихын бейнелеген. Оның алғашқы күйлерінің бірі «Кішкентай» деп аталады. Ол күйді Исатай мен Махамбет күресіне арнаған. Сол сияқты, «Кісен ашқан», «Ақбай», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Адай», «Сарыарқа», «Төремұрат» сынды күйлері ел арасына кеңінен тараған.

Музыка сауаттылығы:

Күй - белгілі бір ойға құрылған, мазмұндық желісі бар сөз бен саз бірге өрілген ғажайып шығарма.

Күй тыңдайық:

Құрманғазының «Балбырауын» күйін Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің орындауында тыңдап көрелік.

Ойлан да айт!

Құрманғазы күйлерін тыңдай отырып, қандай ой мен сезімге бөленесің? Сен күймен тілдесе алар ма едің?
Біліп ал!

Хамит Ерғалиев (1916-1997)-Атырау обл, Махамбет ауд. Аққыстау аулында дүниеге келген. Белгілі ақын, Қазақстанның халық жазушысы. 30-ға тарта жыр жинақтарының авторы. Әлемдік әдебиеттегі Д.Байронның, В.Шекспирдің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың т.б. ақындардың озық туындыларын қазақ тіліне аударған. Ақынның шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Осындай еңбектері үшін 1982 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болады. Ақын көптеген ордендер мен медальдардың иегері. Х.Ерғалиевтың «Әке сыры», «Күй дастан», «Құрманғазы», «Жайық жырлары», т.б. көптеген өлеңдер, балладалары мен поэмалары бар

Ән айту «Туған ел»
Тыңдату. Ө. Байділдаев «Туған ел» әнін Дауыс жаттығуы. До - мажор гаммасы
Сергіту сәті

1, 2, 3 өнерлі бала біз,
4, 5, 6 жалқаулық артта қалды.
7, 8 еңбек пен білім егіз,
9, 10 тапсырманы орындаған жөн.
Бекіту. Деңгейлік тапсырма:
1. Топтастыру әдісі.
Құрманғазы кім?
Құрманғазы → композитор, күйші, төкпе күйдің шебері, орындаушы

2. «Туған ел» әніне талдау.
3. Әннің бастамасын фланелеграфқа түсіру
Сабақты қорытындылау.

Сұрақтар:

1. Не себепті Құрманғазының аты аңызға айналды?

2. Құрманғазыға орыс патшалығы қандай айып тағады?

3. Хамит Ерғалиевтың «Құрманғазы» атты поэмасында қандай уақиға бейнеленген?

4. «Балбырауын» күйінен генерал-губернатор қандай әсерде қалады?

5. Күй қандай шығарма?

Үйге тапсырма:

Құрманғазы Сағырбайұлы шығармашылығы / Рафт әдісімен дайындалу /
Бағалау. Топ басшылары бағалау парағын тапсыру.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Курмангазы жайлы бир тол?ау

Автор: Мектепова Жайнагул Ермековна

Дата: 25.04.2015

Номер свидетельства: 205723


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства