kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ймен ж?мыс ж?ргізу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  ма?саты:

О?ытушылы?:  О?ушыны  шы?армамен  ж?мыс  істей  білуге, жылдам жаттау  ?дісін  ?йрету.

 Дамытушылы?:  О?ушыны?  музыкалы?  шы?армалар  ар?ылы  ой  ?рісін дамыту,  музыканы  сезінуге, т?сінуге  баулу.

Т?рбиелік:  О?ушыны халы?  к?йлеріне  деген  с?йіспеншілігін  арттыра отырып,  шы?армаларды  жат?а  ойнай  білуге  машы?тандыру.

Пайдаланылатын  к?рнекілік:  домбыра,  нотлар,  пупитр,  суреттер, аппликатуралар,  ?а?ыстар.

Саба?ты?  т?рі:  аралас.

?діс-т?сілі: ойнап  к?рсету, к?йді  тындату,  т?сіндіру  м?тінмен  ж?мыс, ?зіндік  ж?мыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ймен ж?мыс ж?ргізу»




Сулейменова Айгуль Кабдуллаевна

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы «Балалар

шығармашылығы орталығы» әдіскері, бірінші

санатты қосымша білім беру педагогы




Күймен жұмыс жүргізу


Сабақтың мақсаты:

Оқытушылық: Оқушыны шығармамен жұмыс істей білуге, жылдам жаттау әдісін үйрету.

Дамытушылық: Оқушының музыкалық шығармалар арқылы ой өрісін дамыту, музыканы сезінуге, түсінуге баулу.

Тәрбиелік: Оқушыны халық күйлеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, шығармаларды жатқа ойнай білуге машықтандыру.

Пайдаланылатын көрнекілік: домбыра, нотлар, пупитр, суреттер, аппликатуралар, қағыстар.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдіс-тәсілі: ойнап көрсету, күйді тындату, түсіндіру мәтінмен жұмыс, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы:


І. Кіріспе бөлімі

Ұйымдастыру кезені

  1. Оқушымен сәлемдесу.

  2. Оқушыны орналастырып, домбыраның құлақ күйін келтіру,

сабаққа дайындығы тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталау

Мұғалімінің қіріспе сөзі

  1. Күй дегеніміз не? Этюд деген не?

  2. Дәулеткерейдің қандай күйлерін үйрендік? «Қосалқа»

  3. Күйдің қай бағытқа жататынын сұрау? Формасын түсіндіру.

  4. Күйді ойнату. Ойнау барысында сауатты оқу мен қатар динамикалық ерекшеліктеріне көңіл бөлу.

  5. Б.Ғизатовтың №5 этюдын ойнату.

(Оқушылар сұрактарға жауап береді)

Этюд дегеніміз белгілі бір аспапта машықтануға арналған жаттығу түріндегі көркем шығарма.

Күй— музыкалық  жанр,  қазақ  халқының аспаптық пьесасы. Күй дегеніміз адамның көңіл күйдін саз, әуен ретінде белгілі бір аспапта ойнау көрсету.  Домбыра,  қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады.

XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға қүрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы: Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, Тәттімбеттің күйлерінің әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.

Б.Ғизатов

Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа»

Дәулеткерей  – күйші-композитор, күй өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Оның күйлері терең толғауға, романтикалық-лирикаға негізделген. Дәулеткерейдің тұрмыстық жанрдағы, сондай-ақ «Ысқырма», «Қосалқа», «Қыз Ақжелен», «Ақбала қыз», «Көркем ханым», «Қаражан ханым», «Құдаша», «Мұңды қыз», «Жұмабике» сияқты эйелдер образының галереясын жасаған туындылары дүниеге келді.

Формасы-төкпе күйге жатады.

Домбыра аспабында орындалатын күйлер негізгі екі топқа, "төкпе" күйлер мен "шертпе " күйлерге бөлінеді. Төкпе күйлер Батыс Қазақстанда, ал, шертпе күйлер Арқа, Жетісу мен Қаратау өңірлерінде көп орындалады. Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері - Құрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазанғап және тағы басқалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді.

ІІ Негізгі бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру

Дәулеткерейдің күйі «Құдаша»

Құдаша күйі туралы түсінік беру.

  1. Дәулеткерей күйлерінің ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

  2. Күйдің өлшемі, ырғағы, қағыстары, лигалық ерекшеліктерін нотадан қарап, ауызша талдау.

  3. Домбыраны қолға алып, ерекше жерлерді көрсетіп, жаттығу есебінде ойнау аламыз.

  4. І-сағаның ноталарын оқу арқылы баяу екпінмен тартып шығу.

  5. Қайтадан нотаны тікелей оқу арқылы мұғаліммен тоқтамай баяу екпінде қосылып орындау.

  6. ІІ-сағасының І-сағамен ұқсас жерлерін тауып, көрсету.

IІІ. Қорытынды бөлім

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Күй дегеніміз не?

  2. «Құдаша» күйі түралы түсінік.

Сабақты қорытындылау

Сан мыңдаған жылдар бойғы баға жетпес байлығымыз, қазақ халқының асыл мұрасы күй өнерін түсіну, «домбыра» - атты киелі де, құдіретті аспапты меңгеру әрбір оқушының міндетіне айналса, кәсіби біліктілігі мен шеберлігі мол ұстаздар үйретуден ешқашан жалықпайды. Қасиетті күй өнері өркендеп, өнердің көгінде қалықтаса нұр үстіне, нұр болар еді.

Үйге тапсырма

  1. Дәулеткерей «Қосалқа» - қайталау.

  2. Дәулеткерей «Құдаша» күйін талдау, түсініп шерту.

  3. Б.Ғизатов № 5 Этюд – техникалық иірімдерін жаттығу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
К?ймен ж?мыс ж?ргізу

Автор: Сулейменова Айгуль Кабдуллаевна

Дата: 17.03.2016

Номер свидетельства: 306963


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства