Здраствуйте, меня зовут Жолдикенова Аягоз Калиевна. Я преподаю на английском и по музыке. У меня стаж 17 лет. Я работаю по новой технологий. У нас в школе есть примерно 170 учеников. Умткерской средней школе все кабинеты есть мультимедийнное.qweeryyuuuiioop[[]aasdddfgfgghhhjjkkl;';\'zxxccvvbbnnm,./
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"К?йге тіл бітірген-??рман?азы" ашы? саба?»
Сабақтың тақырыбы: Күйге тіл бітірген -Қазанғап
Сабақтың мақсаты: Күйші композиторлардың
шығармашылығына тоқталу , таныстыру,
таныту.
Білімділік мәні : Оқушылардың жан – жақты білімдерін
арттыру.
Дамытушылығы: Жас өспірімдердің музыкаға деген
ықыласын дамыту,есте сақтау, ырғақты
айыру,тыңдай білу, айыра білу, есту
қабылеттерін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік мәні : Күйші композиторларының музыкалық
шығармалары арқылы халық
музыканың тәрбиелік мәнін
тыңдату , сезіну , арқылы бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты сұрау.
Жаңа сабақты түсіндіру .
Музыка тыңдау.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
-Балалар саламатсыңдар ма!
-Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Күй шешені -Қазанғап
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады. Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» — деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді. Ал, «Майда қоңыр», «Учитель», «Өтті-ау дүние», «Көкіл» сияқты күйлері өмірдің мәні мен сәні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады. Қазағымның күмбірлеген домбырасының шанағынан төгілген әуеннің айтары мол. Сөзбен айтып жеткізе алмас сырың да, көкірекке сыймас құлазыған көңілің де, шаттыққа толы қуанышың да домбыраның жансыз тілімен-ақ жүрекке жетеді. Құлан қуып, қаза болған хан баласының қайғылы хабарын естірткен де «Ақсақ құлан” күйінің құдыреті. «Аман бол, шешем, аман бол!” деп Құрманғазыны анасымен қоштастыратын да осы домбыра. Ал, жансызға тіл бітіріп, сөйлететін, сезім мен санаңды оятып, жүрегіңе жеткізетін арқалы талант иелері – күйшілер, домбырашылар… «Мынау біздің ұлттық өнеріміз, мынау біздің күйіміз!” деп әлемдік мәдениет деңгейінде мақтана аламыз. Қазақтың күй өнерінің негізін салып, бүгінгі күнге жеткізіп кеткен күйші бабаларымыз аз емес. Қазақ даласының әр өңірінде туған олардың әрқайсысы өзіндік стилімен ерекшеленеді. Құрманғазының, Тәттімбеттің, Сүгірдің, Динаның, Абылдың, Дәулеткерейдің өздеріне ғана тән күйшілік дәстүрі болған. Сондай дербес мектептің негізін қалап кеткен халық күйшісі – Қазанғап Тілепбергенұлы. Мұны академик Ахмет Жұбанов та «Қазақ домбыра өнеріндегі жеті мектептің бірі – Қазанғап дәстүрі” деп атап көрсеткен.
Музыкалық шығарманы тыңдау: «Ақсақ құлан»күйі
Музыка тыңдау ережелері:
* Музыканы ден қойып тыңда
* Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.
Музыкалық сауат ашу:
Күй - музыкалық аспапта орындалатын шығарма.
Күйші - күйді орындайтын адам.
Күйші- композитор күйді шығарушы.
Қорытындылау :
* Қазақтың күйші композиторларын ата.
* Домбыра аспабына жазылған қандай күйлерді білесің ?