Просмотр содержимого документа
«К?й д?ст?ріні? шежіресі-?али Жантілеуов »
Музыка 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күй дәстүрінің шежіресі-Қали Жантілеуов
Сабақтың мақсаты: Білімділік – Әнші, домбырашы, күйші Қали Жантілеуовтың өмір жолымен тансытыру, оқушының ой-санасын өрістетіп, ән айтуға, домбыра аспбын меңгеруге үйрету. Тәрбиелік - Оқушыларды халық өнеріне, соның ішінде ән әуеннің сұлулығына , әсемдігіне, ән орындау мәдениетіне тәрбиелеу, күйшілік өнерді бойына сіңіру. Дамытушылық: Музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасауға және әуезді ән айтуға баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс –тәсілдері: Түсіндіру, баяндау
Пән аралық байланыс: Әдебиет, тарих,
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі суреттер, Қали Жантілеуовтың портреттері, ән – күйі жазылған үнтаспа. Техникалық жабдық: Компьютер
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық жасау. ІІ. Жаңа сабақ.Қали Жантілеуов (1902-1970) - әнші, домбырашы-күйші. Қазақстанныңхалық артисі. Орал облысында туған. Домбырада бес жасынан ойнады. Оның ұстазы күйші Төлеш болған. Нұртазы, Мәмен және тағы басқалары атақты күйшілерден орындау мәнерін жетілдірген. Қали домбыра құлағында ойнайтын шебер орындаушы ғана емес, керемет әнші де болған. 1934 жылы бірінші Бүкілқазақстандық халық орындаушыларының слетінде бірінші орын алып, халық аспаптары оркестріне жұмысқа шақырылады. 1944 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар кафедрасының алғашқы дәріскерлерінің бірі. Қали Жантілеуов халықтың музыкасын жақсы білген (күйлерді), орындау мәнерін жетік меңгерген. Көптеген жас домбырашылар оның батасын алу үшін келетін болған.
Оның шәкірттері Ш.Қажығалиев, Р.Омаров, Ф.Мансуров, Н. Тілендиев және т. б.