Просмотр содержимого документа
«К?й абызы, ел абызы - Н?р?иса Тілендиев »
Сабақтың тақырыбы: Күй абызы, ел абызы.Нұрғиса Тлендиев.
Мақсаты:Оқушыларды композитордың шығармашылығымен таныстыру. Оркестр құрамына кіретін музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстыру. Музыкалық сауат: оркестр, дирижер ұғымдарымен таныстыру.
Міндеттері: 1. Оқушыларды композитордың шығармашылығымен таныстыру. жайында мағлұмат беру. Оркестр құрамына кіретін музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстыру. 2.Әнді орындау, күй тыңдау арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін,музыкалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Күйші-композитордың күйлері арқылы өз халқының ұлттық музыкасына, өнер иелеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Күй өнеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Әдіс-тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, тыңдау, ән айту, қызығушылығын ояту, ізденіс, ой шақыру, .
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, күйші портреті, сырнай, «Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары» кітабы
5.Жаңа материалды түсіндіру. Сазгер туралы мағлұмат
Нұрғиса Тілендіұлы (1925-1998) қазақтың әйгілі күйші-композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы.Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы.Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді.Топырақ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесіҚазақтың Абай атындағыопера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай-ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді.Қазақстанның халық әртісі,Қазақстан РеспубликасыМемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО- ныңхалық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентініңжарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер.Ол 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Осынау молмұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, кантата, опера, балет т.б.«Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» кантатасын (1959), Қ.Қожамьяровпен бірлесіп жазған«Алтын таулар» операсы (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармалары (1962), «Халық қуанышы» (1963),«Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975)Күйлері: «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы». Әндері: «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық» «Ақ құсым», «Өз елім»Тілендіұлы Нұрғиса музыкасын жазған М.Әуезовтың, Ш.Аймановтың, Т.Ахтановтың, Ә.Тәжібаевтың пьесалары, сондай-ақ «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан» фильмдері әлдеқашан қазақ сахнасы мен экран өнерінің классикасына айналған.
«Отырар сазы» – Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары оркестрі. 1980 жылы Қазақ филармониясы жанынан Н.Тілендиев ұйымдастырды. Алғаш шағын ансамбль ретінде жұмыс істеді; 1982 жылдан оркестр. Мұндағы қос ішекті, үш ішекті домбыралар, қобыз, сыбызғы, саз сырнай, жетіген, шаңқобыз, асатаяқ секілді ертеден белгілі музыкалық аспаптардың орындауындағышығармалар өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Репертуарында халықкүйлері («Кеңес», «Салкүрең», «Сарыөзен»), халық композиторларының (Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ»; Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға», Ықыластың «Ерден күйі», «Қамбар батыр»), осы заманғы қазақ композиторларының (М.Төлебаевтың «Еске алу»; Н.Тілендиевтің «Ата толғауы», «Аңсау», «Көш керуен»; К.Күмісбековтің «Фараби сазы», «Қорқыт күйі») шығармалары бар.
Әндерінен үзінді – тыңдау;«Құстар қайтып барады», «Алатау», «Саржайлау», «Әже туралы ән», «Әке туралы жыр», «Өз елім»,