Балалар , мына суреттерге қараңдар, не бейнеленген. -Табиғат көрінісі. -Дұрыс балалар , бүгінгі тақырыбымыз «Музыкадағы табиғат көрінісі». -Көз алдарыңа елестетіңдерші: дала,тау тегі, көкорай көкшалғын, ағып жатқан бұлақ, алыстан ағараңдап киіз үйлер көрінеді. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелеген! -Түрлі бояумен!. -Ал ақын-жазушылар ше? -өлең, әңгімемен - Дұрыс. Ал, композиторлар осы көріністі қалай суреттейді? -дыбыспен,әнмен, музыкамен. -жарайсыңдар ал енді Құрманғазының «Сарыарқа күйін тыңдайық? 1 тапсырма. Тыңдалған музыканы талдау - Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз. - Табиғаттың дыбыстары естілді ме? - Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар? -Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз? 2-тапсырма. Нота сауаты. До, ре, ми, фа, соль ноталардың көлемінде әуен құрастырыңыз. Оларды нота сызығына орналастырыңыз, дәптерге жазыңыз. Өз әуеніңізді орындап беріңіз. Әуенге өзгерістер енгізіңіз, нота дәптеріне жазып, сыныптастарыңызға көрсетіңіз. . Әр топ өздеріне берілген жыл мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарын жазу. 1-топ « Күз » 2-топ « Қыс » 3-топ « Көктем » 2. Әр топқа 1 құбылысты атау. Сол құбылыс суретін салу, әңгімелеу, 5 жол өлең. 1-топ жаңбыр 2-топ боран 3-топ бұлт Презентация Топтар өз жұмысын сыныпқа презентациялайды. Оқушыларға әлем қартасы көрсетіледі, олар картадан екі композитордың туған елін табады. 4 тапсырма. Нота сауаттылық Әннің әуенін нотаға салу. Оқушылар өткен сабақта үйренген «ре» нотасын естеріне түсіреді. Мұғалім айтқан әннің ноталарын нота сызығына орналастырады. «ре-ре-ми-фа-ми-ре-ми-фа-ми » «ми-фа-соль-ми-фа-соль-ля» «фа-ми-ре» Визуалды түрде дыбыстың төмен және биіктігін қадағалап отыру арқылы оқушылар таза дыбыспен айтуды үйренеді. 5-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау. Қобызшылардың орындауында Ермұрат Үсеновтың «Күзгі әуен» шығармасынтыңдаңыз. Музыка сізге ұнады ма? Орындаушыларшығарманың көңіл-күйін не арқылы жеткізіп тұр? Неше адам орындап тұр? Қандай аспапты естіп тұрсыздар? Бұл шығармадан табиғаттың дауысын естідіңіздер ме?
6-тапсырман. Ақпарат іздеу. Интернет желісін, музыкалық энциклопедияларды, ақпараттық парақтарды қолдана отырып, қобыз және қылқобыз аспаптарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықта. Кестені толтырыңыз. 1-қосымша. | ұқсастығы | айырмашылығы | Қобыз | | | Қылқобыз | | |
Ән үйрену және орындау. Жанар Айжанованың орындауындағы Қорқыттың «Қобызым» әнін үйреніңіз және орындаңыз. Дифференциация: Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі. |