Просмотр содержимого документа
«Қобызға арналған Концерт шығармасымен жұмыс»
Бөкей Ордасы ауданы білім беру бөлімінің аудандық балалар музыка мектебі
АШЫҚ САБАҚ
«Қобызға арналған Концерт» шығармасымен жұмыс
Өткізген: Қобыз сыныбының оқытушысы
Бисембаева Жасмина Ерланқызы
2025 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Қобызға арналған Концерт» шығармасымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: Оқушының күрделі шығармамен жұмыстануын үйрету. ІІІ бөлімге бөліп, әр бөлімді талдау. Бөлімдерге анализ жасау.
Білімділік: Білім алушыларды халық музыкасымен, дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрларымен таныстыру, білімін арттыру, музыкалық танымдарын арттыру.
Дамытушылық: Білім алушылардың өз ойларын жеткізу қабілеттерін арттыру,музыкалық қабілетті, төзімділікті дамыту.
Тәрбиелілік: Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру. Көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Қабілетті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.
4,5 сыныпқа арналған жаттығу мен А.Комаровский «Этюд» ойнату. Үй тапсырмасы Тәттімбет «Қосбасар» күйін тексеру. Күйді концертмейстермен ойнату.
Сергіту сәті. Асықпен оқушының ырғағын орнына келтіру. Саусақ моторикасын дамытып, қол қойылымдарына мән беру.
Динамикалық белгілер, альтерациялық белгілер тақырыптарымен таныстыру. Карточка көрсетіп, жазылуын,оқылуын, айтылуын түсіндіру.
Григорий Шаргородский, Владимир Шабельский өмірбаянын оқу. Шығарма авторларын суреттерін көрсетіп, шығармаларын, жинақтарын айту. Жаңа тақырып «Қобызға арналған Концерт» шығармасының нотасын көрсетіп,бөлімдерге бөліп,талдау. Әр бөлімге характеристика жасап, темпін, альтерация белгілерін, тональность, динамикалық белгілеріне түсінік беру.
І бөлімін талдау. Халық әні «Құсни Қорлан» әніне арналып жазылғасын,ең алдымен әнді ойнату. Әннің динамикасын келтіріп, музыкасын тыңдату. Оқушының өзіне аспап беріп, І бөлімін ойнатып, динамикасымен, альтерациялық белгілермен жұмыстанғызу.
Динамика (гр:dinamikos — күшейту) – дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де) белгіленеді.(плакатпен жұмыс жасау)
Форте
F
Қатты,күшті
Пиано
p
Ақырын,жәй
Меццо-форте
mf
Орташа күшпен
Меццо-пиано
mp
Ақырын
Фортиссимо
ff
Өте күшті,қатты
Пианиссимо
pp
Өте ақырын,жәй
Крещендо
Бірте-бірте күшейте
Деминуэндо
Бірте-бірте жайлата
Интонация – музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап–ақ оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені ол аспапта ойнаудың басты шарты болып табылады. Дәл интонация негізгі үш себепке байланысты: Әуеннің қалай дыбысталатынын дұрыс білу, яғни дыбыс биіктігін ішкі музыкалық–тыңдаушылық түйсікпен түсіну; Интонация тазалығын тыңдай отыра қадағалау (тыңдап, өз ойынына интонация тазалығы тұрғысынан баға беру); Сол қол саусақтарының дәл қозғалуына әсер ететін ойын дағдылары мен шеберлік әдістерін дұрыс орындау. Музыкалық – тыңдау дағдылары ән айту – сольфеджиолау нәтижесінде дамиды. Сондықтан алғашқы пәндерде–ақ аспапта қарапайым мелодиялық тізбекті интонациялауды сольфеджиомен кезектестіріп отыру қажет. Нәтижесінде тыңдаушылық бақылау қабілеті дамиды және оқушы ән дыбысы мен қобызда орындалған дыбыс интонациясын салыстыруға мүмкіндік алады. Оқушыны дыбысты тыңдауға үйрету өте қажет, өйткені дыбысты сезінуді бірден үйрене алмайды, ол біртіндеп, күнделікті дайындық нәтижесінде қалыптасады. Оқушының жеткілікті дамымаған музыкалық тыңдау қабілеті, оның таза интонация мен қанағаттандырарлық дыбыс алуда назарын екі есе бөлуге әкеледі, ал ол оқушы үшін қиынға түсуі мүмкін. Қол қозғалысының үйлесімділігін, оларды қалай қою керектігін, сол қол және саусақ қозғалысының түрлерін, қозғалыс әдемілігін, жеңілдігін білмейтін оқушы тез арада оңды нәтижеге қол жеткізе алмайды. Дыбысты түсінетін және ең құрығанда қарапайым саусақ «жеңілдігін», қобыз мойнын ұстап үйренген және қате дыбысты тез қанағаттанарлық деңгейде түзете алған жағдайда интонацияны тереңдете үйреткен абзал.