kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?обызды уйренуді? негізгі баспалда?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"?обызды ?йренуді? негізгі баспалда?ы" л.Хамиди атында?ы "№1 балалар музыка мектебі" Шы?ыс ?аза?стан облысы Семей ?аласы ?обыз сыныбыны? ?стазы Ргелова Айгуль Бигазиевна. Гаммалармен ж?мыс. Этюд. К?рделі ж?не ірі шы?армалармен ж?мыс. о?у процесіндегі к?йлерді? тиімділігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?обызды уйренуді? негізгі баспалда?ы"»

Л.Хамиди атындағы

«№ 1 Балалар музыка мектебінің»

қобыз сыныбының ұстазы

Ргелова Айгүл Биғазықызы



Қобызды уйренудің негізгі баспалдағы.





Қазіргі кезеңде халыктын және кәсіби музыканттардын арасында қобызда орындаушылық ерекшеліктерінің сақталуы, аспаптың өмір ағымының өзгерістеріне бейімділігінің арқасы ретінде бағаланады. Бүгінгі таңда ұлтымыздың музыка мәдениетіндегі сым қобызда орындау өнері, әсіресе техникалық жағынан, үлкен жетістіктерге жетті. Қобызда шебер ойнау-көптеген кәсіби оқушылардың қолынан келетін болды. Бұрын қобызда орындау техникалық қиындықтардың-екінің бірінің қолынан келе бермейтін. Қазіргі өмір талапларына сай жас ұрпаққа білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Қазақ халқының ұлттық аспаптық музыкасы, оның ішінде қобыз аспабының сарыны- халқымыздың қайталанбас, қастерлі мұрасы. Осы мұраны танып, меңгеру - бүгінгі, келешек ұрпақтар үшін парыз десек, оны оқытып, үйрету- білікті ұстаз мамандардың міндеті. Ұсынылып отырған бұл көмекші құралды дайындаудағы негізгі мақсатым- музыка мектептеріндегі арнаулы қобыз сыныптарының мұғалімдеріне қобыз тартуды үйрету әдістерімен бағдарлама талабына сай, дарынды оқушыларға берілетін музыкалық шығарманың тізімдері мен орындалу ерекшеліктері қарастырылған. Музыка мектеп оқушыларының музыкалық қабілетінің әр түрлі болып келетінін ескере отырып, сыныптың жалпы мүмкіндігіне сай репертуар таңдау. Үйретілген шығармалардың тональдік, формалық ерекшеліктерін талдап көрсету, динамикалық дамуы мен ырғағын, екпінін(темпін) айқындау. Бұл көмекші құрал қобыз тартып үйрену жөніндегі оқулықты көздемейді, десем де икемделудің бастапқы кезеңін меңгеруге көмектеспек ниеттемін. Кітап өзім сияқты маман ұстаздарға да, оқушыларға да білімділік пайдасын тигізетін оқулық болады деп ойлаймын.

Осынау ғажайып аспапты меңгеруге талпынған жас жеткіншектерге сәтті қадам, шығармашылық биіктер тілеймін.

Бұл бағдарламаны балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сүйене отырып жасадым.

Қобыз аспабын меңгертуде табиғи, логикалық жүйеде баспалдақты түрде жаттықтырып, үйрету керек. Алғашқы ішек басып,ысқышпен әртүрлі дыбыс шығару әдіс-тәсілдерін және халықтың ән-күйлерін жаттығу ретінде қолданып,оқушыны орындаушылық шеберлікке жеткізу керек.

Оқушы ұлттық өнерге бойлай отырып,халық әндерін,күйлерін, Қазақстан компазиторларының шығармаларын және өлкелік сазгерлер шығармаларын нақышына келтіре ойнауға қол жеткізеді.Сонымен қатар, күрделі классикалық шығармаларды уйретуде ұстаздың атқаратын міндеті ерекще.Ұстаз оқушының есту қабілетін,екпін дәлдігін меңгеруге,мәнерлі фрозировка жасау сезімін қалыптастырады.Оқушыны үлкен сахна мәдениетіне тәрбиелейді.Бұл бағдарламаның ерекшелегі оқушы мүмкіншілігін сезіп қоймай, басқа оқушыларға қарағанда күрделірек шығарманы меңгеріп шығады, яғни 1 жылда 2 немесе 3 сыныптың бағдарламасын еркін ойнайтын дәрежеге жетеді.Оқытушының сабақты тиімді ұйымдастыруы, оқушының үй жұмысын дұрыс орындауына,уақытын үнемді,дұрыс пайдалануға жол ашады.

Бұл бағдарлама қобыз сыныбының жас оқытушыларына әдістемелік құрал ретінде ұсынылып отыр.



















Гаммалармен жұмыс

Гаммалар- қобыз техникасының барлық элементтерін дамыту құралы. Олар түрлі тональностерге таза дауыс ырғағымен интонациясын, нақты артикуляцияны, саусақты жүгіріп тұруын, тұрақты дыбысты және оның динамикасын дамытады. Позициядан- позицияға ауысу, ысқышпен ішектерді ауыстырудағы дайындықты, қос ішекте ойнаумен әр түрлі тәсілдік техниканы дамытуды жетілдіру үшін өте маңызды.

Оқытушы гаммалардың пьесалар мен концерттерді үйрену үшін дайындық материалы екеніне, олар қиындық туғызу үшін емес, олардан босату үшін арналғандарына оқушының көзін жеткізу керек.



Этюдтер

Этюд- орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Этюд гамма арпеджиомен қатар, оқушының техникалық дамуына көмек беріп, орындаушылық өнерді дамытуға көмектеседі.

Әрбір жарты жылдықта этюдтер әр түрлі техникалық әдіспен емтихан ретінде тыңдалуы қажет. Бұл этюдтерді ұстаз алдын ала берілген шығармаларды меңгерудегі үлкен әдістемелік құрал ретінде пайдаланады. Негізі мұндай шығармаларды көбіне скрипка аспабына арналған оқулықтардан алып пайдалануға болады.



Оқу процесіндегі күйлердің тиімділігі.

Қобыз үйрету барысында техникалық емтихандарда домбыраға арналған күйлерді қобызшыларға міндетті түрде ойнату қажет. Қобыз бен домбыра атадан балаға мирас болып жеткен көне аспаптарымыз. Ұстаздар болашақ қобызшыны музыкалық оқу орындарда жеке әртіс, ұстаз немесе оркестрант болуға тәрбиелейді. Мектеп, колледж бітірушілердің барлығы бірдей жеке орындаушы бола алмайды. Олардың көбі оркестрант болып, халық аспаптар оркестріне, ансамбліне орналасады. Сол себептен, қобызшыны жастайынан қазақтың күйлеріне, оның үніне, күйлердегі ерекше кездесетін ырғақтарымен екпініне бастапқы кездерге міндетті түрде үйрету керек. Күй арнайы күйсандықтың сүйемелдеуімен немесе домбырамен қосылып орындалады.

Күрделі және ірі формадағы шығармалармен жұмыс.

Күрделі және ірі формадағы шығармалармен жұмыс жасау педагогиканың кең ауқымды міндеттерінің бірі. Ол музыкалық және техникалық орындаушылық болып екіге бөлінеді. Бастапқы кезде оқушыға күрделі музыкалық форманы түсініп ойнау қиынға түседі. Бұл мәселе бірте-бірте кішігірім музыкалық пьесалардан бастап, күрделі ірі шығармаларға көшуге көмектеседі. Күрделі шығармаларды ойнау барысында бастапқы қиындықтардың бірі –ол туындының біркелкі ойыны мен бөлек бір эпизодтарын сезініп оларды бір-бірімен байланыстырып отыруы және де әр түрлі тәсілдерді орындауы әрі музыканың шығармашылық мазмұнын түсінуге байланысты. Бұндай шығармаларды орындаған кезде оқушы өз ойынынан ләззәт алуы тиіс және оқушы эмоцияналдық және физиологиялық жағынан да дайын болуы қажет.



1 сынып

Оқушының есту қабілетін ашу.Аспап құрылысы.Қол қойылымдары.Нота сауаты.Динамикалық белгілер,штрихтар және саусақ қойылымы.Дыбыс сапасы,ырғақ, есту қабілетін арттыру.Қобыз бұрауымен таныстыру.Күрделі емес штрихтар-деташе толық смычокпен,әртүрлі бөлігінде,легато- 4 нотаны біріктіріп ойнауға дейін.Сол қол саусақтарына жаттығулар.Гамма арпеджио жеңіл түрде.

Жыл бойына 4-5 гамма мен арпеджио 1 октавада.1-2 гамма 2 октавада,10-15 этюд,жаттығу,қысқа күйлер және шағындау 10 шығарманы меңгеру керек.

Репертуары шамамен мынандай:

Гамма 1 октавада деташе,легато штрихтарымен.

Этюд 2-3.

Жаттығулар әртүрлі мазмұндағы.

Шығармалар:Ғ.Уразалиева «Қошақан»

Ғ.Уразалиева « Ойын»

Орыс х.ә. «Как под горкой, под горой»

Орыс х.ә. «Ходит зайка по саду»

Орыс х.ә. «Во саду ли, в огороде»

Л.Хамиди «Елигай»

Е.Брусиловский «Гәкку»

Майра «Майраның әні»

К.Родионов «Этюдтер»

Н.Бакланова «Этюдтер»

Х.күйі « Кеңес»

Х.күйі «Кербез қыз»

В.Моцарт «Аллегретто»

В.Моцарт «Вальс»



2 сынып

Әуен, дыбыс,ырғақ мәнерімен жұмысты жалғастыру.Деташе, легато,мартле және олардың алмасып келуін.I-II-III позициялардың меңгеру.Қос ноталар.Гамма,арпеджиолар әртүрлі позицияда.Трельге дайындық жаттығулар.Күрделі шығармаларды талдап үйрету.

Жыл бойына:6-8-этюд,күйлер әртүрлі техникалық бағытта.5-6шығарма, 1күрделі шығарма.

Күйлер:Дәулеткерей « Қосалқа»

Дина «Тойбастар»

Халық күйі «Тепең көк»

Этюд:Я.Донт « Избранное этюды»1-3класс

А.Комаровский «Этюды»

Гаммы и арпеджио

Шығармалар:

Абай «Айттым сәлем Қаламқас»

Ақан Сері «Қараторғай»

Мәди « Үшқара»

Жаяу Мұса « Ақ сиса»

Д.Кабалевский « Галоп»

Күрделі шығарма:

О.Ридинг 1Концерт h-moll»

«Концерт G-dur»



3 сынып

Дыбыс тазалығы, динамика, ырғақ пен жұмысты жалғастыру. Деташе легато, мартле штрихтарымен бірге стакатто штрихын меңгеру. IV-V позицияда жаттығулар ойнау. Тербеліспен (вибрация) жұмысты жалғастыру.

Жыл бойында 6-7 этюд, күй, 5-6 шығарма, 2 күрделі шығарма.

Күйлер: Арынғазы «Арынғазы»

Ықлас «Жез киік»

К.Күмісбеков «Өмір жолы»

Этюдтер:

Н.Бакланов «Шесть этюдов средней трудностей»

Я. Донт «Этюды»

Шығармалар:

А.Жұбанов «Романс»

Л.Хамиди «Романс»

Л.Обер «Тамбурин»

«Жига»

С.Лұқпанов «Элегия»

«Лирикалық ән»

Д.Шостакович «Романс»

Күрделі шығармалары:

А.Вивальди «Концерт a-moll»

«Концерт G-dur»

А. Комаровский «Концерт №1» 2-3 бөлім

Пайдаланылған оқулықтар.

С.Еркінбеков «Домбыра мен қобызға арналған пьесалар»

Ғ. Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі»

Қ. Уразалиева «Қобыз аспабын сатылай үйрену»





4 сынып

Орындаушылық шеберлігін дамыта түсу. Сол қол саусақтарының техникасын арттыру: қол жүгірту, трель, әр түрлі позицияларды қосу.

Жыл бойына 5-6 мажорлы, минорлы гамма, арпеджио 7-8 этюд, 5-6 шығарма, 2 күрделі меңгеруі тиіс.

Күйлер:

Құрманғазы «Саранжап»

«Төремұрат»

«Адай»

Этюдтер:

Я.Донт «Этюды»

Р.Крейцер«Этюды»

Ф.Мазас«Этюды»

Шығармалар:

А.Жұбанов «Вальс»

А.Бестыбаев «Романс»

А.Жұбанов «Көктем»

Л.Обер «Тамбурин»

«Жига»

П.Чайковский «Песня без слов»

А.Яньшинов « Прялка»

Күрделі шығармалар:

И.С.Бах «Концерт a-moll»

А.Вивальди «Концерт a-moll»









5 сынып

Орындау шеберлігін жетілдіру 3-4 октавалы гамма, арпеджио (тез екпінде 12 нотаға дейін гамманы, 9 нотаға дейін арпеджио) меңгеру. Мектеп бітіру бағдарламасымен жұмыс.

Күйлер:

Құрманғазы «Төремұрат»

Тәттімбет «Саржайлау»

Этюдтер:

С.Коргуев «Упражнение в двойных нотах»

Ф.Мазас «Этюды»

П.Роде «Каприс»

Шығармалар:

А.Жұбанов «Романс»

Е.Үсенов «Майра әніне жазылған фантазия»

Е.Брусиловский «Алтынай»

К.Сен-Санс «Лебедь»

Дженкинсон «Танец»

Яковенко «Скерцо»

Күрделі шығармалар:

Ф.Зейтц «Концерт»

Г.Гендель «Соната g-moll»



































Қортынды



Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері негізгі белгілердің бірі-тіл мәселесімен қоса ұлттық өнерге көңіл бөліп жатқаны белгілі. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиялық жолдауында ұсынған бірнеше негіздерінің бірінде «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түрленте береміз...»,- делінген.

Халық әдебиетіне тәрбиелей отырып, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге баулып, ұлттық менталитетті қалыптастыру керек.

Дарында оқушыны қобыз өнеріне сауатты, биік шығармашылық деңгейге жеткізу үшін,музыка мектептерінде бір аптада берілетін сағаттық апталық жүктеме дарынды бала үшін аздық етеді. Шығарма күрделенген сайын, оқушымен көп жұмыс істеуге тура келеді. Менің тәжірибемде егер ата-анасы қарсы болмаса аптасына 5-6 рет қосымша сабақтар өткіземін.

Қобыз аспабында шебер ойнау үшін оқушының бойында :

1.Әуенді есту қабілеті жоғары .

2. Ырғақ қабылдау қабілеті жоғары .

3.Аспапты меңгеруге деген ынтасы жоғары болу керек,сонда окытушы- ұстаз да үлкен жетістікке жетеді деп ойлаймын.тиімді оқыту әдіс- тәсілдерін қолдана отырып үйрету үлкен жетістікке жетуге,әр түрлі өнер сайыстарында өзін биік дәрежеде көрсете алуына жол ашады.

Бұл нәтижеге жету үшін 1-сыныптан бастап баспалдақты түрде жұмыс жасау керек. Адамды рухани рахаттандыратын шынайы көркем шығармаларды тыңдап үйрену-үлкен өнер.













Пайдаланылған оқулықтар.

1. Қ.Аметова « Қобыз үйрену мектебі»

2. Н.Бакланова «Маленькие этюды»

3. О.Пархоменко и В.Зельдис « Школа игры на скрипке» Киев 1974

4. З. Бейсенбаева «Қобызға арналған пьесалар»

5. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі»

6. Д.Шостакович «Альбом пьес»

7. К.Фортунатова «Юный скрипач»

8. С.Еркінбеков «Домбыра мен қобызға арналған пьесалар»

9. Қ. Уразалиева «Қобыз аспабын сатылай үйрену»































Мазмұны.

Кіріспе....................................................................................................

Гаммалармен жұмыс.............................................................................

Этюдтер..................................................................................................

Оқу процесіндегі күйлердің тиімділігі................................................

Күрделі және ірі формадағы шығармалармен жұмыс......................

1 сынып...................................................................................................

2 сынып...................................................................................................

3 сынып...................................................................................................

4 сынып..................................................................................................

5 сынып..................................................................................................

Қортынды...............................................................................................

Пайдаланылған оқулықтар..................................................................


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?обызды уйренуді? негізгі баспалда?ы"

Автор: Ргелова Айгуль Бигазиевна

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 273933


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства