kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қобыз ойнау дағдыларын қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қобыз ойнауын үйрету.Алғаш аспап ұстағанда постановка қою.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қобыз ойнау дағдыларын қалыптастыру»

Бөкей Ордасы ауданы білім беру бөлімінің аудандық балалар музыка мектебі





АШЫҚ САБАҚ



«Қобыз ойнау дағдыларын қалыптастыру»



Өткізген: Қобыз сыныбының оқытушысы

Бисембаева Жасмина Ерланқызы














2025 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Қобыз ойнау дағдыларын қалыптастыру»

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға музыкада әр нота,дыбысты үлкен сезіммен бейнелеп, шығарамны көрнекті түрде көрсете білуіне ықпал жасау.Аспапты еркін меңгеру,нота сауатын жетілдіру.

Білімділік: Білім алушыларды халық музыкасымен, дәстүрлі қазақ музыкасының негізгі жанрларымен таныстыру, білімін арттыру, музыкалық танымдарын арттыру.

Дамытушылық: Білім алушылардың өз ойларын жеткізу қабілеттерін арттыру,музыкалық қабілетті, төзімділікті дамыту.

Тәрбиелілік: Эстетикалық тәрбиелерін қалыптастыру. Көркемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Қабілетті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

1,2 сыныпқа арналған жаттығу және «С-dur» гаммасын ойнату. Гаммада қандай белгі бар, қандай штрих түрлерімен ойналуын сұрау. Үй тапсырмасы М. Качурбина «Мишка с куклой » шығармасын оқушы ойнауын қадағалау. Автор туралы сұрап, қандай шығарамалары бар екенін тексеру. Қате жерлерін қайталап келуін талап ету.

Сергіту сәті.

«Шлагбаум » жаттығуы.

Оқушы ысқышты көтеріп, кері аспап бойына қою. Осы жаттығуды біршама қайтара қайталау.

«Джаз» жаттығуы.

Суретте белгіленіп тұрған сызық арқылы қаламсапты музыкамен жүргізу.

Жаңа тақырып.

Шығарма ойнамас бұрын жаттығу ойнату. «Мишка с куклой » шығармасының ноталарымен танысып, динамилық,альтерациялық белгілерін түсіндіру. Оқушыға бірінші ойнап көрсету. Әр тактіге тоқталып, ноталарын талдау. Кезекті оқушыға беріп 8 тактісін ойнату. Ритмге сай ойнату. Автор дың өмірбаянын оқу. Жинақ, шығарамаларымен таныстыру.

Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау тәсілі
Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау қобызшының алғашқы үйренер тәсілінің бірі. Ертеде ысқышты оң қолдың алақанымен ұстайтын яғни қазіргі контрабас смычогын неміс тәсілімен ұстағандай. Кейінгі жылдары халық аспаптар оркестрі құрылған кезде қобызшылар бұл тәсілді өзгертіп, виолончель мен скрипканың смычок ұстау тәсіліне көшті. Оң қолмен ысқышты дұрыс ұстап үйрену үшін бірқатар жаттығуларды алдын–ала жасау керек. Мысалы, қарындашты ысқыш орнына ұстап үйрену. Ысқышты он қолдың барлық саусақтарымен бос ұстау керек. Басбармақ жартылай бүгіліп, тырнақ ұшымен таяқшадағы тұтқаны аздап тиіп тұрады. Ысқыштың тұтқа жағында ойнаған кезде басбармақ сәл бүгіліп тұрады, ал ысқыштың ортадан ұшына дейінгі қозғалысына қарай ол жүргізіледі. Басбармақты қатайтып ұстауға болмайды, себебі аспапта ойнағандықтан оқушының қолы шыршағыш болады. Сондай–ақ басбармақтың үнемі бүгіліп тұрғандығынан басқа саусақтар да қатайып, тырысып қалады. Саусақтардың еркін болуы штрихтарды орындағанда және ысқышты ауыстырғанда жеңіл көмекші қозғалыстарды жүзеге асыру үшін өте маңызды. Бұндай еркіндікке қол жеткізу үшін, яғни басбармақ басқа да таяқшадағы саусақтардың жиынтығында өте қозғалмалы болуы ысқыштың кез–келген бөлігінде емін–еркін жылжуына байланысты. Егер басбармақты белгілі бір қалыбында ұстап қалса, онда барлық саусақтар өз қимыл–қозғалысында шектеліп қалады. Демек, басбармақ басқа да саусақтардың ысқыштағы емін–еркін қозғалысына өзінің әсерін тигізеді. Осындан келіп, басбармақтың икемді және жұмсақ болып, таяқшаны қатты қыспауы қажет екенін білуге болады.  
Ышқышты ұстай білу, оны ішекте жүргізу арқылы дыбыс шығару, оң қол мен сол қолдың дұрыс қойылуын үйрету бірте-бірте жүзеге асатын күрделі жұмыс. Оқушының қобыз тартып уйрену кезінде денені босатып, иық пен шынақтарын дұрыс ұстап, қол буындарын жұмсақ иілтіп, ішек үстінде еркін әрі батыл жүргізуін мұғалім үнемі қадағалап, түзетіп отыру қажет.
Ысқышты оқушыға дұрыс ұстап жүргізу тәсілдерін үйрету үшін, алдымен оқушыға оның жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктері болып үшке бөлінетіні жайлы айтып түсіндіру керек. Ысқыштың үстіңгі жағы сәл иіліп келген ағаш таяқша,оның астыңғы жағында жарыса,жылқының біркелкі құйрық қылы керіледі.Таяқшаға бекітілген қылды тиісінше қатайтып не босаңсытып ұстап тұратын бұрандалы тетігі(қалып) болады.

Оң қолдың дұрыс қойылуын үйретуде бірінші,екінші,үшінші,төртінші саусақтардың буындарының икемділігін қалыптастыру үшін төрт саусақты төмен иілтіп,жоғары көтеріп,ысқышсыз жаттығу жасау керек. Сол қолдың алақанына қарандашты қойып,оны оң қолымен көтеріп алып көрсету арқылы да ысқышты ұстау тәсілін оңай үйретуге болады.
Ысқышты ұстағанда оң қолдың алақаны төмен қаратылып,ортаңғы саусақ бас бармаққа қарама-қарсы келіп,ысқыштың сабын (қалыбын) қысып тұрады. Қалыптың ағашы сұқ саусақтың бірінші буынында орналасады да, ортаңғы саусақтан кейінгі үшінші саусақ оған көмекші қызмет атқарады.Төртінші-ең кіші саусақ қалыптың үстінде дөңгелене иіліп ысқышты төмен басып,оны ішектің үстінде түзу жүргізуге септігін тигізіп тұрады.
Ысқышты ішекте жүргізу тәсілдері
Ысқышты қобыздың тиегінен екі елідей жоғары тұсында ішекке көлденең ұстап, қалыптың жанынан бастап, төменгі,жоғары бөліктерін айтып ескерте отырып,қол буындарының қимылымен (дыбыстың бір қалыпты әрі анық шығуын қадағалай отырып ) батыл жүргізу керек. Ысқышпен дыбыс шығаруды ортаңғы «ре», «ля» ішектерінен бастап алу ыңғайлы . Ал төмеңгі «соль» ішегінде ысқышты тиек деңгейінен төмен түсірмей, шынтақ пен білек буындарын иілте, оң жаққа қарай түзу жүргізіп отыруды ескерту қажет. Демек, ішек тиек үстінде бірі жоғары, бірі төмен орналасуына байланысты ысқышты жүргізу бағыттары әр түрлі болмақ. Ысқышты ішектің үстіне дұрыс қойып, оң қолмен салмақ түсіре жүргізіп, таза дыбыс шығара ойнауды бірден үйрену оңайлыққа түспейді. Ол үшін әр түлі ішектерде бірнеше қайтара тиісті жаттығулар жасап дағдылану керек.
Үйренуші алдымен дыбыс шығаруда жай екпінде (темп) ысқышпен ашық ішектерде жүргізуден бастау керек. Бірте-бірте ойын бір салаға келтіріп, нота ұзақтықтарын есеппен санап ойнауға машықтансын. 
П – белгісі ысқышты төменнен жоғары қарай (оңға) ойнау бағытын көрсетеді. 
V – белгісі ысқыштың жоғарыдан төмен (солға) ойнау бағытын көрсетеді.

Оқушыға асықтар беріп, сабақты түсінгеніне кері байланыс алу.

Оқушыны смайлик арқылы бағалау.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қобыз ойнау дағдыларын қалыптастыру

Автор: Бисембаева Жасмина Ерланқызы

Дата: 26.03.2025

Номер свидетельства: 667485

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Сазды,сырлы аспаптар""
    ["seo_title"] => string(18) "sazdysyrlyaspaptar"
    ["file_id"] => string(6) "330573"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1464323966"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства