kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Киелі аспап-?обыз "

Нажмите, чтобы узнать подробности

?обыз ?айы?, арша сия?ты а?аштарды? т?тас б?лігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, ая? деген ?ш б?ліктен т?рады. Т?менгі б?лік терімен ?апталып, о?ан тиек ?ойылады. Екі ішегі жыл?ы ?ылынан тартылады. Аспап м?мкіндігі зор, ?р?илы дауысты, оны? ішінде таби?и дыбыстарды айнытпай шы?арады.

  ?обыз с?зі «?обыдан шы??ан дыбыс» деген ма?ына береді. ?аза? хал?ы ?шін ?обыз киелі аспап болып саналады. Себебі, ?обыз тарт?ан ба?сы сынды жандарды? адам та?дырына ?сер ететін к?ші, бойында ?лкен ?абілеті бар бол?ан. ?обыздан шы??ан ?н адам бойында?ы ?лсіздік я жа?ымсыз к?штерді сырт?ашы?арып, о?ан к?ш-?уат береді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Киелі аспап-?обыз "»


Тақырыбы:Киелі аспап қобыз

Мақсаты: Қобыз аспабы туралы әңгімелеу, Қорқыт пен Ықыластың шығармаларын тыңдау.

Міндеттері: 1. Қобыз үнін тыңдай білуге, әнді ырғағына сай айта білу.

2. Балалардың есту қабілеттерін дамыту.

3. халық ауыз әдебиетін және ұлттық өнерге құрметпен қарауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.
.Сабақ типі: жаңа сабақ меңгерту

Әдісі: псих.тренинг, топтық жұмыс,постермен жұмыс, ойын элементтері, ән орындау, музыка тыңдау.

Көрнекілігі: Үнтаспа, бейнетеспа, плакаттар, баян аспабы

Музыкалық әдебиеттер: «Ұшардың ұлуы» -тыңдау; «Қорқыт - Қобыз» әні - Гүлнар Оразымбетованың орындауында тыңдау;

«Қазақтай ел қайда» Ж.Даулет– орындау;

«Қобыз» әні– тыңдау.


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Музыка тілінде амандасу. Балаларды сабаққа жұмылдыру. Псих. Тренинг. Үш топқа бөлу ішекті аспаптар, ұрмалы аспаптар, үрлемелі аспаптар

Үй тапсырмасын тексеру:

"Жеті саз"ойыны (әр нотада сұрақтар берілген, дұрыс жауаптарын айтып нота сызықтарына орналастыру)
Берілген сұрақтар мазмұны:
1. Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?
2. Башқұрт халқының негізгі аспабы.

3. Түркімен домбырасының аталуы
4Домбыра аспабының өзге ұлт атаулары
5Домбыра тектес қандай аспаптар білесің?
6. Қытайдың цинь аспабының ішектері неніт білдіреді

7. Қурай аспабы қалай жасалған?


Жаңа сабақ: Киелі аспап қобыз

Ән тыңдау: «Қорқыт-қобыз» Г.Оразымбетова

Үш топқа мәтін беру

Постермен жұмыс

1.-топ сурет: Қобыз (бейнесі) құрылымы

Қобыз көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы.



Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөлік терімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады.

Қобыз сөзі «қобыдан шыққан дыбыс» деген мағына береді. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқашығарып, оған күш-қуат береді. 
сурет: Қобыз (бейнесі) құрылымы
Тиегі
Басы
Шанағы
Құлағы
Ойығы
Ішегі
2-топ: Қорқыт ата кім болған?
Қорқыт - бүкіл оғыз - қыпшақ, түркі халықтарына ортақ тұлға. Әйгілі жырау, күйші, қобызшы, оғыз - қыпшақ ұлысынан шыққан бақсы, абыз.

Қорқытты туарда анасы құланның жаясына жерік болыпты. Жыл сайын бір рет толғатып, баланы үш жыл тоғыз күн көтереді. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Анасы, туарда тоғыз күн толғатыпты, сол сәтте жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылық түсіпті, қара жаңбыр, дауыл соғып, біреуді біреу көре алмай, қорқыныш басыпты. Бала анасынан туа тіл қатып, сөйлей бастайды. Шілдеханасына жиналғандар:"Бұл ерекше қасиетті болып өмірге келуі арқылы біздің бәрімізді қорқытты ғой, сондықтан аты Қорқыт болсын",- деп нәрестенің атын қорқыт қояды.
Қорқыт туған кезінде,
Қара аспанды су алған
Қара жерді құм алған
Ол туғанда ел қорқып,
Туғаннан соң қуанған - өмірге келуі жайында жыр.

3-топ: Қобыз тарихы.
Аңызда Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы туралы баяндалады.

Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі, сол кездегі аспаптардың бәрінде де керемет ойнайды екен. Алайда, ол оған қанағаттанбай, адам және жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойлап, тоғыз толғанды. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ ары қарай қалай, не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға:"Қорқыт, жасап жатқан қобызын алты жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен",- деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасайды.
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым,
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым,
Желмаяның терісін
Шаңақ қылған қобызым,
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым,
Бесті айғырдың құйрығын
Ішек қылған қобызым,
Құлағыңды бұрайын,
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын.

Музыка тыңдау: «Қобыз Қорқыт» Ықылас «Ән шырқайық» үш топ ән жарысы

Қорытынды: «Сиқырлы таяқша» Мұнда таяқша арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін және өз пікірлерін айтады.

Үйге тапсырма: Қорқыт және қобыз туралы, қобызға арналған сөзжұмбақ

Бағалау: Мониторлық бағалау жүйесі.


Макажанова Айнур Асқарбекқызы

Талдықорған қаласы,

«Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ музыка пәнінің мұғалімі








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
"Киелі аспап-?обыз "

Автор: Макажанова Айн?р Ас?арбек?ызы

Дата: 25.03.2016

Номер свидетельства: 309801


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства