Саба?ты? міндеті: музыкалы? ?абілеттерін халы? ?ндері мен к?йлерін орындап, ты?дау барысында одан ?рі дамыту. Шы?армашылы? белсенділігін, ізденімпазды?ын арттыру. Музыка ?уені ар?ылы ?з хал?ыны? ?дет-??рып, салт-д?ст?ріне шынайы адал к??ілмен ?арау?а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: жа?а саба?
Саба?ты? ?дісі: музыка ты?дау, ?н айту, музыкалы? сауаттылы?, шы?армашылы? тапсырмалар, т.б.
Саба?ты? барысы:
музыка ты?дау
??рман?азыны? «Балбыраун» к?йі ?аза? хал?ыны? музыкада?ы аспапты? шы?армасыны? е? биік шы?ы болып табылады. К?йді? екпіні жылдам. Басынан ая?ына дейін барлы? аспаптармен ?оса домбыра аспабыда ерекшелене орындалып т?рады.
Кейде к?й талмаура?ан, талы?сы?ан,
Кейде ?жет, кейде долы албыртсын?ан.
Кейде па?, кейде дархан, кейде сергек,
Шаршы ?рге кейде шапшып шауып тын?ан,- деп жырла?ан І.Жанс?гіров.
??рман?азыны? к?й ойнау шеберлігі туралы орысты? музыка зерттеушісі «Мен оны? тарт?ан к?йін бозтор?айды? немесе б?лб?лды? ерке ?ні дер едім... бір с?збен айт?анда, ??рман?азы – музыка?а ?абілеттілігі жа?ынан сирек кездесетін адам. Еуропаша білім алса, ол музыка ?леміндегі е? жары? ж?лдызды? ?зі болар еді», - деген ба?а берген еді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ке? даланы к?ймен тербеген к?й атасы – ??рман?азы. »
Сабақтың тақырыбы:Кең даланы күймен тербеген
күй атасы – Құрманғазы.
Сабақтың мақсаты: Күй өнерінің құдіретін қастерлеуге баулу. Күй шежіресі, Құрманғазы Сағырбайұлы туралы толық түсінік беру. Түрлі мазмұндағы, сипаттағы музыканы тани білуге, тыңдауға ынтасын ояту.
Сабақтың міндеті: музыкалық қабілеттерін халық әндері мен күйлерін орындап, тыңдау барысында одан әрі дамыту. Шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын арттыру. Музыка әуені арқылы өз халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүріне шынайы адал көңілмен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: музыка тыңдау, ән айту, музыкалық сауаттылық, шығармашылық тапсырмалар, т.б.
Сабақтың барысы:
музыка тыңдау
Құрманғазының «Балбыраун» күйі қазақ халқының музыкадағы аспаптық шығармасының ең биік шыңы болып табылады. Күйдің екпіні жылдам. Басынан аяғына дейін барлық аспаптармен қоса домбыра аспабыда ерекшелене орындалып тұрады.
Кейде күй талмаураған, талықсыған,
Кейде өжет, кейде долы албыртсынған.
Кейде паң, кейде дархан, кейде сергек,
Шаршы өрге кейде шапшып шауып тынған,- деп жырлаған І.Жансүгіров.
Құрманғазының күй ойнау шеберлігі туралы орыстың музыка зерттеушісі «Мен оның тартқан күйін бозторғайдың немесе бұлбұлдың ерке әні дер едім... бір сөзбен айтқанда, Құрманғазы – музыкаға қабілеттілігі жағынан сирек кездесетін адам. Еуропаша білім алса, ол музыка әлеміндегі ең жарық жұлдыздың өзі болар еді», - деген баға берген еді.
Оқулықпен жұмыс:
Күйші – композитор туралы түсініктер оқылады. Қазақ халқының аспаптық музыкасы күй деп аталады. Күйді халық музыка аспаптарында орындаушыны күйші деп атайды.
Күйші сөзі екі мағынада қолданылады.
Күйші
Күйді шығарушы композитор күйді шебер орындаушы адам
Өмірдің қыры мен сырын күй тілімен сөйлеткен Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Дина сияқты күйші композиторлар есімдері халық арасында ұмытылмай сақталып келуінің өзі – халқымыздың күй мұрасын қастерлейтінін көрсетеді.
ән айту.
« Ұрпақ үні» Өлеңін жазған: Ә.Асылбек, әнін жазған: Ә.Тінәлі
Домбырада ойнау: кешегі сабақта үйренген төмен, жоғары қағысты қайталай отырып, сәл қиындату. ПППVVV – үш төмен, үш жоғары қағыстарын меңгеру.
Сабақтың шығармашылық тұсында оқушының қиял әлемінен алған әсерін суреттеуге жетелейік. Күй құлағында күмбірлей тұрып, сурет салады.