kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ХVIII ?асырда?ы музыка ?нері. И.Гайдн мен В.А.Моцарт

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? барысында  ХVIII ?асырда?ы музыка ?нері  туралы ?ыс?аша м?лімет беріледі, сонымен ?атар осы ?асырды? к?рнекті т?л?алары И.Гайдн мен В.А.Моцарт жайлы м?тін мазм?нын ?з бетінше ме?герулеріне ы?пал жасалады. О?ыту мен о?уда?ы жа?а ?діс-т?сілдер ?олданылады.

Саба?ты? ма?саты: а)    ?асырда?ы музыка ?нерін тусіндіру,Веналы? ж?не Германиялы? классик композиторлар ?мірінен ма?л?мат беру. О?ушыларды бас?а да елді? к?сіби музыкаларын ??рметтеуге ?адірлеуге т?рбиелеу.Теориялы? білім беру ар?ылы музыкалы? сауаттылы?ын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ХVIII ?асырда?ы музыка ?нері. И.Гайдн мен В.А.Моцарт»

Сабақ жоспары

Пәні: өнер


сынып: 6


Сабақтың тақырыбы: ХVIII ғасырдағы музыка өнері. И.Гайди мен В.А.Моцарт


Сабақтың мақсаты: а) Ғасырдағы музыка өнерін тусіндіру,Веналық және Германиялық классик композиторлар өмірінен мағлұмат беру. Оқушыларды басқа да елдің кәсіби музыкаларын құрметтеуге қадірлеуге тәрбиелеу.Теориялық білім беру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, ОүБ бағалау түрлері ,баяндау,түсіндіру,зерттеу,сұрақ-жауап,тест.

Күтілетін нәтиже: әлем халықтарының кәсіби музыкасы жайлы мәлімет алады, , Гайдн және Моцарт шығармаларын тыңдайды, тақырыпқа қатысты өз ойын еркін баяндай алады, бағалау түрлерін қолданып өзін, жұбын, келесі топты бағалай алады.


Сабақтың уақыты: 45 минут


Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: кеспе қағаздар, стикерлер


Мұғалімнің іс-әрекет формалары

Сабақ барысы

Оқушының іс-әрекет формалары



Сыныптың тазалығына

көңіл аудару, оқушылармен

сәлемдесу, ой сергіту

және бой сергіту

жаттығуларын

жасату


Бірінші жарты жылдықта өтілген мәліметтерді есте жаңғырту үшін тест тапсырмасын беру.


Жаңа сабаққа қатысты жетелеу сұрақтарын қою.




Жаңа сабақтың мақсатына сәйкес сыныпты топтарға бөлу, «ДЖИГСО» әдісі арқылы мәтін мазмұнын

меңгерулеріне ықпал ету.

Соңынан бір-біріне арнап ашық және жабық сұрақтар қоюларына жағдай жасау, бағыт-бағдар беру.



Гайдн және Моцарт симфонияларынан үзінді тыңдату, үзінді мазмұны туралы ой пікірлерін айтуды, симфониядан алған әсерлері туралы ойқорытынды жасауды ұсыну.

Оқушыларға гаммаларды құрылым тәртібіне сай қозғау белгілерін пайдалана отырып шығаруды және содан кейін көршілеріне беріп бағалау жасауды ұсыну.


Үй тапсырмасын беру, орындалу жолын түсіндіру, оқушыларға сабақты қорытындылау сұрақтарын, ой-пікірлерін сұрау.


Ұйымдастыру кезеңі:



Сәлемдесу, оқу-

құралдарын дайындау,

ой сергіту және бой

сергіту жаттығуларын

жасау



Өткен материалды қайталау мақсатынада берілген тест тапсырмасына жауап беруде мұқият болу.


Берілген сұрақтарға жауап беруде белсенділік таныту, өздері білетін мәліметтермен бөлісу.

Күй атаулары арқылы шағын топтарға бөліну, өздеріне бөлініп берілген мәтін мазмұынын өзара талқылау, келесі топқа барып баяндап беру, соңынан өз топтарымен бірлесе отырып, келесі топқа арнап ашық және жабық сұрақтар қою.


Күйді тыңдау, күйден алған әсерлерімен сыныптастарымен бөлісу, күй туралы өз ой қорытындыларын жазу.


Оқушылар берілген тапсырманы орындап, гаммаларды құрылым тәртібіне сай қозғау белгілерін пайдалана отырып шығарады. Содан кейін көршілеріне береді. Берілген тапсырманы жауаптарына қарап отырып, бірін – бірі бағалайды.

Үй тапсырмасын мұқият түсініп алады. Сабаққа қатысты өз сұрақтарын қояды, өз ой – пікірін айтады.

Тест тапсырмасы: кәсіби музыка

Жаңа сабақты түсіндіру:

Ғасырдың екінші жартысында Еуропадағы музыка өнері ұлы француз революциясы мен ағарту идеяларының әсерімен өріс алды.Түрлі марштар,батырлық әндер,қауымдық мерекелерге арналған әндер көбейді.Адамгершілік,жоғары этикалық мұраттарды,адамдар теңдігі мен қоғамға қызмет ету мақсатын дәріптейтін музыка жанрының, австро-герман симфониялық,,опера және камералық шығармашылық үрдістің негізін қалаған веналық классикалық мектептің басты өкілдері И.Гайдн,В.Моцарт,Л.Бетховендердің кәсіби музыка дамуындағы алатын орны ерекше.

И.Гайдн-Австрияның композиторы. Ол 1732 жылы Австрия астанасы Вена қаласының түбіндегі шағын қалашықта дүниеге келген. Оның әкесі арфа аспабында жақсы ойнаған. Гайдн 5- жасқа келгенде шіркеуде месса айтқан.Оның даусының кереметтігі соншалық сол жердегі адамдар Гайднның даусын күміс қоңырау тәріздес деп сипаттама берген екен. Сөйтіп шіркеуде месса орындап жүрген бала Гайднның бір күні даусы қарлығып мүлдем жоғалып кеткен екен. Содан оны шіркеуден шығарып жібереді. Ол көптеген қиындықтарға мойын бұрмай бірнеше квартеттерін,симфонияларын т/б музыкаларын жазды. 1761 жылы Венаның бай князы Эстергаз кездесіп, өзінің музыканы сүйетіндігін ескертіп Гайднды өзінің капелласына капельмейстер етіп жұмысқа шақырады. Гайдн 30 жыл өмірін сол жерде өткізеді. Сол жерде жүріп көптеген музыкаларын дүниеге әкеледі. 1791 жылы Гайдн 60-қа толар шағында Эстергаз князь өлгеннен кейін қолына теңдік алады. Оған бала Эстергаз арнайы зейнетақы тағайындап береді. Ол-104 симфония,82 ішекті аспаптар квартеті,фортепионаға арналған 52 ,30 дан астам опера,3 оратория жане тағы басқа шығармалардын авторы.И.Гайднды ‘‘Симфония мен квартеттің атасы‘‘ деп атайды.

 И.Гайдн « Ми-бемолъ-мажорлық симфония » тыңдау.

Волъфганг Амадей Моцарт. ( 1756-1791) В.А.Моцарт Австрияның ұлы композиторы. Ол 1756 жылы Австрияның астанасы Вена қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Моцарттың әкесі де, шешесі де музыкадан құралақан болмаған. Әкесі керемет шебер, ал шешесі әнді нақышына келтіріп өте әдемі орындайтын болған. Моцарт жастайынан сол кездегі классик композиторлардың шығармаларын оқып өсті. Симфонияның атасы Гайднды іздеп Эстергаздың капелласына барады. Сол жерде Гайдн екеуі жұмыс жасайды. Гайдн арфа аспабында, ал Моцарт скрипка аспабында ойнап, екеуі әдемі жұп болады. Аралары 25 жас болса да екеуі кәдімгі шын достардай араласты. Моцарт сол жылдары Гайднның көмегімен көптеген музыкалық шығармаларды дүниеге әкелді. Ол 50 симфония, опера, соната, квартет, квинтет, реквием және тағы басқа әр түрлі жанрларда көптеген шығармалар жазды. Оның «Фигароның үйленуі», «Дон Жуан», «Сиқырлы сыбызғы» опералары күні бүгінге дейін дүние жүзі театрларының репертуарынан түспей келеді. Сондай-ақ А. Моцарттың аспаптық шығармалары мен симфониялары қай кезеңде де тыңдаушылар жүрегіне жол тауып, тамсандырып келеді.

 В. А. Моцарт « Түрік маршы » тыңдау.

Жаңа сабақты бекіту:

Мына гаммаларда қандай қозғау белгілері бар?


Ре мажор гаммасы?

Си мажор гаммасы?

Ля мажор гаммасы?

Ми мажор гаммасы?


Үйге тапсырма.

XVIII ғасырдағы музыка өнері. Веналық және Германиялық классик композиторлар өмірін оқу және си бемоль гаммасын құрып келу.



Пән мұғалімі: Абдраманова Г.М.


Тексерілді:_________________________________________________









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ХVIII ?асырда?ы музыка ?нері. И.Гайдн мен В.А.Моцарт

Автор: Абдраманова Гульнара Мансуровна

Дата: 23.12.2015

Номер свидетельства: 269679


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства