Сабақтың ортасы | Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын; әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек. (Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы 14- бет). Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді. Кесте №1 Білу | Нақты іс-әрекетті іске асыру | Түсіну | Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау | Қолдану | Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу | Анализ | Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру | Синтез | Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру. | Бағалау | Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу | Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары Кесте №2 Мақсаттар | Сұрақ үлгілері | Пайдаланатын етістіктер | Білу | Не? Кім? Қашан? Не … үлгісі болып табылады? … не тұспалданады? | Еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелесу, табу, ұсыну | Түсіну | … басқаша қалай түсінуге болады? … бұл үлгі болып табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба? | Қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарату, мойындау, түсіндіру, айқындау, әңгімелеу | Қолдану | Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда? | Көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу | Анализ | Неге? Қалай? … себебі ен болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? … себебі қандай? … бір-бірімен қалай үйлеседі? | Ажырату, саралау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу | Синтез | Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты? | Тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау | Бағалау | Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және неліктен? | Жорамалдау, бағалау, таңдау, анықтау, санау, өлшеу, айыптау | Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді. Кесте № 3 1- сынып | 2 – сынып | 3 – сынып | 4 – сынып | Өзім туралы | Өзім туралы | Тірі табиғат | Менің Отаным-Қазақстан | Менің мектебім | Менің отбасым және достарым | Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен | Адами құндылықтар | Менің отбасым және достарым | Менің мектебім | Уақыт | Мәдени мұра | Бізді қоршаған әлем | Менің туған өлкем | Сәулет | Мамандықтар әлемі | Саяхат | Дені саудың-жаны сау | Өнер | Табиғи құбылыстар | Салт-дәтүр және ауыз әдебиеті | Салт-дәтүр және ауыз әдебиеті | Атақты тұлғалар | Қоршаған ортаны қорғау | Тағам және сусын | Қоршаған орта | Су-тіршілік көзі | Ғарышқа саяхат | Дені саудың-жаны сау | Саяхат | Демалыс мәдениеті. Мерекелер | Болашаққа саяхат | Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы. Кесте №4 Ұзақ мерзімді жоспарлау | · Оқу бағдарламасы · Пәннің мазмұны | Орта мерзімді жоспарлау | · Жұмыс сызбасы · Тізбектелген сабақтар | Қысқа мерзімді жоспарлау | · Жеке, дербес сабақ | Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек. Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар: Кесте №5 Рухани құндылықтар | Дағдылар | • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; | • сын тұрғысынан ойлау; | • қарым-қатынас жасау қабілеті; | • білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті; | • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау; | • проблемаларды шешу қабілеті; | • жауапкершілік; | • ғылыми-зерттеу дағдылары; | • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; | • қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда); | • өмір бойы оқуға дайын болу. | • жеке және топпен жұмыс істе | | · Акт саласындағы дағдылар | Жаңартылған білім мазмұны мен дәтүрлі білімді салыстыратын болсақ, ерекшеліктерді терең байқауға болады. Кесте №6 Негізгі сипаттамалар | Дәтүрлі оқыту үлгісі | Жаңартылған білім үлгісі | Оқыту мақсаты | Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған оқыту нәтижесі | Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім алуға үйрету | Мұғалімнің рөлі | Басқарушы, жетекші, оқыту үдерісінің субъектісі, білім көзі | Оқыту үдерісін, оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші, менеджер | Оқушының рөлі | Дайын білімді селсоқ қабылдаушы, оқыту үдерісінің объектісі | Белсенді, білім іздеуші, оқыту үдеріснің субъектісі | Білімді ұсыну формалары | Дайын күйінде, үлгі бойынша, Сөздік әдістер мен мәтіндік формалар арқылы | Аудио, визуалдық, графикалық көрнекіліктер мен интерактивті әдістер арқылы | Білімді қолдану | Білімді бақылауға дайындық мақсатында титік тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану | Алынған білімді нақты жағдайда қолдану | Оқушы қызметінің формасы | Фронтальды және жеке | Оқушының өз бетінше жұмысы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары | Оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері | Сөздік әдістер | Мұғалім мен оқушының, оқушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне негізделген интерактивті тәсілдер | Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты,шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді.«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», – деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек. Пайдаланған әдебиеттер: Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы МАН /Екінші Басылым/ 2015ж. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Мұғалімдердің Біліктілігін Арттыру Бағдарламасы /Екінші Басылым/ 2015 ж. Мұғалімге Арналған Нұсқаулық Бірінші (Ілгері) Деңгей /Екінші Басылым/ 2014 ж. Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин Атындағы Ұлттық Білім Беру Академиясы «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016 Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 31 қаңтар 2017ж. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. http://adilet.zan.kz/rus | Акт құралдары, слайд, видео плакат т.б |