kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?аза?ты? ?лтты? аспабы сыбыз?ы мен сазсырнай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?р аспапты? шы?у тарихы жайлы т?сінік беру, ?лтты? аспап туралы білімдерін жетілдіру. Аспапты? ?німен, сыр-сипатымен таныстыру. Жа?а ?н ?йрету. ?аза?ты? ?лтты? аспаптарын ма?таныш т?ту?а т?рбиелеу. ?лтты? ?нерге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру ж?не оны ??рметтеуге баулу. Аспаптарды? тарихымен таныстыру ар?ылы музыкалы? сауаттылы?ын арттыру, ауызша сипаттама жасау?а да?ды ?алыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?аза?ты? ?лтты? аспабы сыбыз?ы мен сазсырнай»»

Қарағанды обл., Балқаш қ.,

БГТК колледжінің музыка пәнінің мұғалімі

Аралбаева Бибинур Толендыевна



Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық аспабы сыбызғы мен сазсырнай»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру. Аспаптың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру. Жаңа ән үйрету.

Дамытушылық: Аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық
сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.

Тәрбиелік:Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:Музыкалық аспаптардың суреттері,аудио жазбалары, ноутбук, проектор.

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгінгі музыка сабағының тақырыбы: «Қазақтың ұлттық аспабы сыбызғы мен сазсырнай»

II. Өткен сабақты қайталау:

  • Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер? ( домбыра, қобыз, сырнай т.б.)

  • Қазақ композиторларын ата. ( Біржан сал, Ақан сері т.б.)

  • Қандай күйлерді білесіңдер? (“Аққу”, “Ұшардың ұлуы” т.б.)

  • Қобыз дегеніміз не? (аспап)

III. Жаңа сабақ:

-Балалар, жаңа сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастайық. (сұрақ-жауап арқылы)


А

Л

М

А

Ж

А

Р

Ы

С



П

І

Л


А

С

Ы

Қ

К

І

Т

А

П







  1. Жеміс-жидек түрі?

  2. Аттар бәйгесі?

  3. Жануар атауы?

  4. Ойын түрі?

  5. Оқу-құралы?


-Балалар енді осы сөзжұмбақтың шешуіне назар аударайық?

-Қандай сөз шықты? (Аспап)

- Балалар аспап дегеніміз не? Кім біледі?

Музыкалық аспаптар – адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты дыбыстарды шығарады. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың өзіне ортақ “ұлттық аспабы” аспаптары бар.

Негізгі ұлттық музыка аспаптары: домбыра, қобыз және сыбызғы. Өткен ғасырда ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртқан Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Ол жинаған аспаптар саны 300-ге жетті. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі:

  1. Үрлемелі аспаптар - сыбызғы, үшпелек, сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран, бұғышақ, керней.

  2. Ұрмалы аспаптар - даңғыра. кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл,тайтұяқ.

  3. Сілкімелі аспаптар - асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.

  4. Ішекті аспаптар - жетіген, шертер, домбыра,қыл қобыз.

  • Балалар қазір біз ұлттық аспап түрлерімен танысамыз?

Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық – этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады. (бейнебаян)

Сазсырнай – үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетіг іболмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әртүрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көпбасты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасайберген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октавағашейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үшдыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. (үнтаспа)

IV. Музыка тыңдау. Оқушыларға сыбызғы мен сазсырнайдың үнін естірту.

Сергіту сәті: Қара жорға өлеңіне билету.

Қызығушылығын ояту (жұмбақтар жасыру).
Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)

Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған. (домбыра)

Өрнектеп қашалған.
Сырнайдың үніндей,
Бұлбұлдың біріндей. (Сазсырнай)

Сызылған үні, сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын, аспаптың түрі.
(сыбызғы)

Тоғыз белбеулі
Екі тербеулі
Қос құлақты
Үні ұнамды.(домбыра)


Бас, құлақ, мойны бар
Үп үлкен шанағы бар
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар.(қобыз)

V. Ән үйрету

  • Балалар қазір қай жыл мезгілі? (Қыс)

  • Қыста қандай мерекелер болады? (Жаңа жыл)

  • Жаңа жылдың көркі не? (Шырша)

  • Жарайсыңдар, олай болса қазір «Жасыл шырша жанында» әнін жаттаймыз.

Әнді қимыл-қозғалыс арқылы жаттату, тыңдату. Шырша туралы түсінік беру.

«Жасыл шырша жанында»

1)Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында 2рет

Жадырап бар бала жүр.

2) Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы 2рет

Көз тоймайды қараса:

3) Көрікті, бөрікті

Аяз ата келіпті.

Беріп жатыр таратып 2рет

Алма, анар, өрікті.



4) Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын жаңа жыл,

Шырша жаны көңілді 2рет

Билеп барлық бала жүр.



VI. Бекіту:(Кім жылдам?) ойыны. Ол үшін ортаға бір оқушы шығып, музыкалық аспаптың орындалуын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді.

VII. Қорытынды:

  • Біз бүгін қандай тақырып өттік?

  • Қазақтың қандай ұлттық аспаптары бар?

  • Сыбызғы қандай аспап?

  • Сазсырнай қандай аспапқа жатады?

  • Қандай ән үйрендік?

VIII. Үйге тапсырма: Әннің сөзін жаттап, тақырыпты мазмұндап келу.

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
«?аза?ты? ?лтты? аспабы сыбыз?ы мен сазсырнай»

Автор: Аралбаева Бибинур Толендыевна

Дата: 16.12.2015

Номер свидетельства: 267131

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Конспект урока на тему "Оркестр ??рамында?ы аспаптар""
    ["seo_title"] => string(48) "konspiekturokanatiemuorkiestrkuramyndagyaspaptar"
    ["file_id"] => string(6) "280668"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453397355"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства