Просмотр содержимого документа
«"Қазақстан жалауы"»
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің жоспары
Тобы: « Аққайың»
Біпім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Қазақстан жалауы»
Мақсаты: Балалардың бойында ұлттық сананы ояту арқылы жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік ,мақтаныш сезімін ,халықтық мұраны насихаттау ,және қазақстан халқының рәміздері туралы тусініктерін дамыту.
Балалар оқу қызметі бастамастан бұрын денемізді қыздырып, көңіл күйімізді көтеріп алаық. Әуенді ырғақты қимылдар, саусақтарыңызды сытырлату арқылы, денемізді ұру соғу арқылы көңілімізді көтеріп аламыз. Музыка. «Танец на шляпе» Балалар қимылдар жасайды. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ендеше орнымызға жайғасып алайық. Музыка марш әуенімен балалар орындарына отырады. Балалар сендер әуен тыңдағанды, музыка тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? Балалар: Жақсы көреміз. Ендеше балалар үнтаспаның көмегімен бір жақсы әуен тыңдап алайық. Балалар сендер қандай аспаптың дауысын тыңдадыңдар? Сен ән тыңдадыңдар ма, әлде күй тыңдадаыңдар ма? Балалар: күй тыңдадық. Тәрбиеші: Қандай аспаптың дауысын тыңдадыңдар? Домбыра қай ұлттың аспабы? Балалар: Қазақ ұлтының. Сендер тақтадан еліміздің жалауын, елтаңбаның суреттерін тамашаладыңдар ма? Себебі: Біз қазақ ұлты болғандықтан еліміздің рәміздерін, салт-дәстүрлерін білуге тиіспіз. Ендеше осы домбыраның дауысын тартып көрсетіп берейін. Ал рәміздердерді ағылшынша айтып, дауыстарын тыңдауға кезек берейік. Интерактивты тақтада үшщ тілде суреттер көрсетіліп,атаулары айтылады. Балалар біз ән айтпастан бұрын не жасайтын едік. Балалар: дауыс жаттығуын. Олай болса дауысымызды ашып әнімізге дайындалып алайық. Ендеше «Қазақсатан жалауы» әнін айтып көрейікші. Үн таспаның көмегімен ән айтады.
Тәрбиеші: Бүгін үйренген әніміз «Қазақстан жалауы» - деп аталады. Үн таспаның көмегімен әнді айтып үйренеміз. Интерактивті тақтадан көрсетілген жалау туралы ән айттық. Еліміздің көк түсті жалауы бізге мақтаныш, бейбітшілік символын көрсетеді. Сондықтан балалар қазақ елінің туы биік көрінуі тиіс.
Ғажайып сәт: Менің «жүйрік тұлпарым» әнінің әуенімен ішке ат жетектеген әже кіреді.
Тәрбиеші: Амансыңдар ма балалар!
Балалар: Үш тілде амандасады.
Тәрбиеші: Армысыз әже, қош келдіңіз, ауыл аймағыңыз мал- жаныңыз аман ба?
Әже: Шүкір, шүкір. Мал-жаным аман, мен бүгін сендерге құр қол келмей өзіміздің ұлттық дәстүрімізді насихаттау үшін ақ тұлпарыммен қазақтың ұлттық аспаптарын ала келдім.
Тәрбиеші: Әже рахмет. Балалар: Әжеміз қандай аспаптар әкелген.
Әже: Мынау домбыра. Ата-бабаларымыз осы домбыра арқылы ән айтып, күй тартып өзіндік, өмірлік серігі еткен. Домбыра ішекті аспаптардың қатырына жатады. Ал мынау құлағы.Мойыны,Ішегі, тиегі,Мына аспап тұяқ деп аталады. Бұл үй жануарлары ішінднгі жылқы малынан алынады. Екі тұяқты бір-біріне соққанда кереметтей дыбыс шығады. Кәнекей тыңдап көреміз бе? Мынау аса таяқ- ол сілкіп ойналатын музыкалық аспап. Оны ағаштан жасайды. Түрлі сылдырмақтар іледі. Ал мынау сылдырмақ. Оны да ағаштан жасап, түрлі сылдырмақтар іледі. Аса таяқпен, сылдырмақпен ән айтып, күй ойнағанда сүйемелдейді.
Тәрбиеші: Ой балалар қараңдаршы: Бізге әжеміз түрлі, түрлі аспаптар әкелеген екен. Осы балалар сендер аспапта ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше балалар әжеміз әкелген аспаптармен ойнап көреміз бе? Әже. Менде сендермен бірге аспапта ойнаймын. Балаларға қосылыа музыкалаық аспаптарда ән орындайды.
Осы кезде музыка әуенімен ортаға ағылшынша киінген әже кіреді. Балалар аң-таң.
Тәрбиеші: Әжені ортаға алып, келген әжемен танысады.Ол балаларға өзінің алып келген өзінің түрлі тапсырмалары бар екенін айтып түсіндіреді. Осы кезде интерактивті тақтадан түрлі аспаптардың суреттері, рәміздері көрсетіледі. Ағылшынша атауларымен таныстырады. Тәрбиеші: Балалар қандай керемет. Осы сендер ағылшынша ән айту білесіңдер ме? Ендеше «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде айтып бересіңдер ме
Балалар музыка әуенімен әжемемен қосылып әнді айтып береді. Тәрбиеші: Әжелерге рахмет айтып, балаларға құр қол келмей әәкелген жұмыстарына риза болады. Олар музыка әуенімен залдан шығып кетеді.
Балалар бүгін қандай ән үйреніп, қандай аспаптармен таныстыңдар. Арамызға қандай қонақтар келді. Қонақтарға алғыс айтамыз ба. Сендер ағылшынша ән айтып, аспаптарда ойнауды үйрендіңдер. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысып, өздеріңді жақсы жақтарынан көрсете білдіңдер! Оқу қызметі аяқталды. Ендеше сау-саламатта болыңдар!Қатысып отырған қонақтарға да алғысымыз шексіз. Рахмет.