Сабақтың міндеті:Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. «Ұлан» әскері жайлы хабардар ету. Өнер арқылы елін, жерін сүюге, қорғауға адал азамат болып өсуге тәрбиелеу. Ой-өрісін кеңейту.
«Отан» сөзінің мағынасын бала санасына құя отырып, тұған жерін қорғау ісіне атсалысуға баулу.
Сабақтың барысы:
· Музыка тыңдау
Сабақ Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдаудан басталады.
Сұрақтар:
Ән саған таныс па?
Ән қалай орындалды?
Әннің мазмұны не туралы?
Әе әуенінен қандай әсер алдың?
Қайратты әндер, қаһарман жырлар, Отандық әндер дегенді қалай түсінесің?
Оқулықпен жұмыс:
«Қайратты ән, қаһарман жырлар» тақырыбы оқылады.
Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Бірлікте өмір сүру – барлық қиыншылықты жеңуге болатын күш. Сондықтан әрбір азаматтың бойында отансүйгіштік, елжандылық сезім мол болуы керек.
· Музыка сауаты
Пунктир – ширақ ырғақты орындалатын музыкалық екпін.
Дауыс жаттығуы «Біз Отанды сүйеміз, біз Отанға адалмыз»әнінен үзіндіге жасалса, баланың ойында тез сақталып, әнге қызығушылығы артады.
· Ән үйрету
К.Қуатбаев.«Ел қорғауға әзірміз» әні – марш екпісінде, сергек, қайратты орындалатын патриоттық шығарма. Әннің сөз мәтіні әуеніне сай келеді. Әннің мазмұны балаларды ержүректілікке, батылдыққа, табанды, дені сау, шыңдалып, шымыр болып өсуге бағыттайды. «Бұл шақта, бұл шақта», «Ел қорғауға әзірміз» сөз тіркестерінің айтылуына ерекше көңіл бөлу керек.
Әннің екпеніне назар аударылады. Пунктирлі ырғақ әсіресе қайырмасында анық естіледі. Ырғақ шапалақпен ұрып көрсетілсе, оқушыға түсініті болып, әнді тез үйренуге ықпал етеді. Бұл әнді балалар тез қабылдап, тез үйреніп алады, сондықтан мұғалімнің қалауы бойынша «Балдырғандар әнін» де үйретіп жіберуге болады.
Б. Дәлденбаев- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор, 80-ге жуық әндері бар.
«Балдырғандар әнін» үйрену барысында әннің мазмұнына, екпініне , дыбыс биіктігіне назар аударылады.
· Сергіту
Төменгі сынып оқушыларының физиологиялық – психиологиялық ерекшелігіне сәйкес әннің тезірек қабылдануы түрлі іс-қимылдар арқылы жүргізілуіне көп байланысты. Сондықтан осы әннің өзі де мазмұнына қарай би-ырғақты қимылды қажет етеді.
· Шығармашылық жқмыс
Отан, туған жер туралы мақал-мәтел жарысын ұйымдастыру барысында баланың танымы ашылады, ойлау, есте сақтау қабілеті дамытылады.
Өз елім-өлең төсегім.
Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.
Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар:
Ел болашағын , алыс-жақын жоспарларын сен қалай болжайсың?
Отан алдында сенің қандай борышың, міндетің бар?
Отанды мақтап қандай ән айтар едің?
Қайратты ән әуеніне қандай қимыл жасауға болады?
Үй тапсырмасына «Біз Отанды сүйеміз, біз отанға адалмыз» тақырыбына шағын әңгіме жазу және әнді жаттау тапсырылады.