Ынталандыру Психологиялық сәт Сергіту сәті: Суретпен жұмыс: Сабақты бекіту: Сабақты қорыту: Бағалау: | Шаттық шеңберін құру. Балаларға бүгінгі сабақтың ерекшелігін айту. Балалар шеңбер бойына тұрып, бір – бірімен, апайлармен амандасады. . Сабақтың мақсатын хабарлау: Құттықтаймын, мама туған күніңмен әнінің сөзін жаттау. Жаңа сабаққа кіріспес бұрын өткен сабақтағы «Ақ мамам» әнін қайталап алайық. - Әнде кім туралы айтылған? - Неліктен ана туралы әндер жаттап жатырмыз?(Аналар мерекесі туралы қысқаша түсінік беру.) - Анамызды жақсы көреміз бе? - Анамыз туралы бәрін білеміз бе, жоқ па қазір байқап көреміз. «Көңілді доп» ойынын ойнаймыз. Мен допты бір балаға лақтырып анасына байланысты сұрақ қоямын, сендер допты қайта лақтыру арқылы сол сұрақтарға жауап бересіңдер. Аналарың туралы көп мағлұматтар біледі екенсіңдер, жақсы көреді екенсіңдер, олай болса бүгінгі сабақта Анамызға арнап «Құттықтаймын, мама туған күніңмен» атты әннің сөзін жаттаймыз. 1).Тәрбиеші әнді орындайды 2).Қара сөзбен мәнерлеп оқып береді. 3).Әннің мазмұнын ашу. 4).Сөзін жаттату.(Тәрбиеші айтады, балалар артынан қайталау арқылы жаттату). Қолымызды созамыз, Алақанды соғамыз. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Бір отырып, бір тұрып, Бойымызды жазамыз. Дем алып алдық енді суретпен жұмыс жасап жіберейік. -Суреттен кімді көріп тұрмыз? -Олар не істеп жатыр? -Олар қандай балалар? Өте жақсы. Ондай болса әннің сөзін тағы бір қайталайық, «Ақылды көмекші» ойынын ойнату. Себеттегі жемістер мен көкөністердің аттарын айтып жеке-жеке бөліп қою. Әннің сөзін тағы бір қайталап айту. 1.Үнтаспадан әуенді тыңдау. 2.Жаңа әнді хормен айтып шығу. -Қандай ән үйрендік? -Бұл ән кім жайлы? -Қандай мерекеге орай жаттап жатырмыз? Әр баланы мадақтап,баға беру. | Балалар шеңбер бойына тұрады Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, канекей бәріміз, Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздер ме, қонақ апайлар! Балалар орындарынан тұрып, бәрі бірге хормен айтады. - Ана туралы. - Өйткені аналар мерекесі. -Иә, жақсы көреміз. Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап беріп отырады. Бір-бірін тыңдай отырып, бәрі бірге қайталайды. Қимылмен келтіре отырып, бәрі бірге айтады. Балаларды. -Көмектесіп жүр. -Жақсы. Балалар қайталап айтады. Өз еркімен шығып ойын шартын орындау. Хормен қайталайды. «Құттықтаймын,мама туған күніңмен» Аналар жайында. Аналар мерекесіне орай жаттап жатырмыз. |