Просмотр содержимого документа
«"Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар мен саптық адымдар" тақырыбында өткізілген сабақ жоспары»
Сабақтың тақырыбы:Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар мен саптық адымдар.
Мақсаттары:
Білімділік: курсанттарға қозғалыс кезінде саптық тәсілдерді үйренуде берілген пәрмендерді дұрыс орындай білуге үйрету.
Дамытушылық:курсанттардың саптық тұрыс пен саптық бұрылыс тәсілдерін дұрыс орындау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: курсанттарды ұйымшылдыққа,батылдыққа тәрбиелей отрып,патриоттық тәрбие беру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар:плакаттар,видео.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Саптық жарғы
2. «Алғашқы әскери дайындық»11-сынып оқулығы «Мектеп»2014ж.
Сабақ өтілетін жер: Саптық алаң (спорт зал)
Кіріспе бөлімі -5минут.
1.Ұйымдастыру (сапқа тұру)
2.Взвод командирлерінің баяндамасы;
3.Курсанттардың сырт киімдерін тексеру;
4.Жаңа сабақтың міндет – мақсатымен таныстыру.
Негізгі бөлімі-/30минут/
1Мұғалім сөзі:- Видео фильмді көріп болғаннан кейін сұрақтарға жауап беріп,саптық амалдардың жасалу ретін түсіндіріп бересіңдер.
-Алдын ала пәрменін
-Орындату пәрменін
-Саптық жаттығуларды ретімен орындау
1. «Саптық дайындық» видеосын көрсету.
2. Дағдыларды іс жүзінде жетілдіру жұмыстарын жүргізу.Оңға бұрылу пәрмені оң аяқты жерге қоюмен қатар бір мезгілде жүргізіледі.Көрсетуден кейін қозғалыс кезіндегі бұрылулар курсанттарға үйретіледі.Үшке дейін санау барысында курсанттарға қозғалыс кезіндегі оңға бұрылу пәрмендерін орындату. «Бір» пәрменінде сол аяқпен алға қадам жасап екі қолды төмен сермеу керек. «Екі» пәрменінде дереу оңға сол жақ аяқтың өкшесімен бұрылып, оң аяқпен алға қадам жасау керек. «Үш» пәрменінде сол аяқты қою керек.Осы пәрмендер бірнеше рет қайталанады. (10минут)
3. Үшке дейін санау барысында курсанттарға қозғалыс кезіндегі солға бұрылу пәрмендерін орындату. «Бір» пәрменінде оң аяқпен алға қадам жасап екі қолды төмен сермеу керек. «Екі» пәрменінде дереу солға оң жақ аяқтың өкшесімен бұрылып, сол аяқпен алға қадам жасау керек. «Үш» пәрменінде оң аяқты қою керек.Осы пәрмендер бірнеше рет қайталанады. (10минут)
4.Артқа бұрылу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі,осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасау керек.Оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып,қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек. Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.Артқа бұрылу «Бас» пәрменімен орындалады. Үшке дейін санау барысында курсанттарға қозғалыс кезіндегі артқа бұрылу пәрмендерін орындату. «Бір» пәрменінде оң аяқты жерге қолюмен бір мезгілде сол аяқпен бір адым жасау керек «Екі» пәрменінде оң аяқпен тағы да жарты адым жасап,сол қолды алға ,оң қолды артқа жіберу кажет.Оң аяқ өкшемен қозғалғанда екі қол төмен түсу керек. «Үш» пәрменінде оң қол алдыға , сол қол артқа кету керек.
Мұғалім әр қимылдың дұрыс орындалуын қадағалап отырады.Артқа бұрылулар бірнеше рет қайталанып жасалады. (10-минут)
Сабақты бекіту:
-Орнында тұрғанда және қозғалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
-Қозғалыстағы бұрылыстар қандай пәрмендер бойынша орындалады?
/Қозғалыс кезіндегі саптық бұрылуларды курсанттар өз бетімен орындайды/
Қорытынды бөлім (5 минут)
Сабақты қорытындылау: -бүгін сабақта қозғалыс кезінде бұрылуларды саптық тәсілдер арқылы жасауды үйрендік.Сабаққа қойылған міндет-мақсаттар толығымен орындалды деп есептймін.
-Ерекше көзге түскен курсанттарды атап өту;
-Сабақта курсанттардың жіберген қателерін түзету.
Үйге:Оқулықтағы 215-217 беттегі тақырыпты оқып келу.
Бағалау.
АӘД пәні мұғалімі: Жамағанов С.Қ.
Сабақты талдау.
Сыныпта барлығы – 7 оқушы, оның 3-еуі ұл,4-еуі қыз.Сыныптың білім деңгейі жоғары.
«Саптық дайындық» тарауы бойынша екінші сабақ.
Сабақтың тақырыбы«Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар мен саптық адымдар»
Сабаққа қойылған міндет мақсаттар:мынадай
1Білімділік : курсанттарға қозғалыс кезінде саптық тәсілдерді берілген пәрмен бойынша дұрыс орындай білуге үйрету.
2Дамытушылық:курсанттардың саптық бұрылыс тәсілдерін дұрыс орындау дағдыларын жетілдіру.
3Тәрбиелік:курсанттарды ұйымшылдылдыққа,батылдыққа тәрбиелей отырып,патриоттық тәрбие беру.
Қолданылған құрал-жабдықтар:бейне фильм.Кіріспе бөлімінде ұйымдастыру шаралары мен жаңа сабаққа қойылған міндет –мақсаттар хабарланды.Негізгі бөлімде курсанттарға бейне фильм көрсетіліп, жаңа сабаққа түсінік берілді.Курсанттар қозғалыс кезінде «Солға» , «Оңға», «Артқа» бұрылу пәрмендерін дұрыс жасай білуге үренді. Берілген пәрмендерді орындау барысында , саптық тәсілдерді нақты дұрыс орындай білу дағдыларын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.Әрине, бір қарағанда оңай тақырып болып көрінгенімен, оны дұрыс курсанттарға үйрету әр мұғалімнің міндеті.Себебі «Саптық дайындық» әскер сарбаздарының әліппесі болып табылады.Бейне фильм әр курсанттың бойында ел қорғаны болу ,еліне,Отанына деген сүйіспеншілік сезім ұялатары сөзсіз.
Сабақты бекіту кезеңінде жаңа сабақ бойынша сұрақтар қойылды. Қозғалыс кезіндегі бұрылулар мен саптық адымдар өз бетімен орындауға пәрмендер берілді.
Сабақты қорытындылау кезінде курсанттардың жіберген қателері түзетіліп,ерекше көзге түскен курсанттар мадақталды.Сабақтың соңында үй тапсырмасы берліді.Курсанттардың бағалары хабарланды.
Менің ойымша,бүгінгі сабаққа қойылған міндет-мақсаттар толығымен орындалды.