kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қаршыға Ахмедияров "Алтын ұя"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақстанның халық артисі (1991). 1967-1991 жылы Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Әкесі Ахмедияр саятшы, күйші, қисашы, жыршы болған. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қаршыға Ахмедияров "Алтын ұя"»

Күні: 23.10.2015 жыл

Уақыты: 15 30-16 15

Оқушы: Дүйсеналы Мейіржан

Класы: 2

Сабақтың тақырыбы: Қ.Ахмедияров «Алтын ұя»

Сабақтың мақсаты: Білім алушыға Батыс Қазақстан күйшілерінің ішіндегі Қаршыға Ахмедияров күйлерінің сипатын түсіндіре отырып, күйшінің орындаушылық ерекшеліктері өзіне ғана тән саздық өзгешелігі жөнінде толық мағлұмат беру. Қаршыға күйлерінің иірімдерін түсіндіре отырып, орындалу ерекшеліктерін көрсету.


Білімділік: күйдің тарихы мен мазмұнын таныстыру арқылы музыкалық қабілетін арттыру, білімдерін тереңдету;


Тәрбиелік: күй өнері арқылы оқушы бойында рухани мәдениетті қалыптастырып, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп-қастерлеуге тәрбиелеу;


Дамытушылық: «Алтын ұя» күйінің шығу тарихын білу, характерін жеткізіп ойнау шеберлік деңгейін дамыту.


Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Оқыту әдісі: түсіндіру, талдау, ойқозғау, іздендіру, жинақтау, сұрақ-жауап.

Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Көрнекілігі: домбыра аспабы, видеопроектор, үнтаспа, кітаптар бұрышы, үлестірме қағаздар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Күй Ұран» Қ.Ахмедияров.

  • «Домбыра үйрету әдістері» К.Сахарбаева,

  • Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық,

  • «Күй өнері» А.Сейдімбек,


Сабақ жоспары


  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасы.

  3. Үй тапсырмасын бекіту.

  4. Қызығушылықты ояту.

  5. Жаңа сабақ.

  6. Музыкалық сауаттылық.

  7. Сергіту сәті.

  8. Мағынаны тану.

  9. Қорытынды.

  10. Үй тапсырмасы.

  11. Бағалау.


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушымен амандасу, сабаққа назар аударту.

ә) Психологиялық дайындық.

  • Қазір бізде қандай сабақ?

  • Домбыра сабағына дайын болу үшін, жалпы сабақта не істейміз, не тыңдаймыз?

  • Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын әдеттегідей оң қолымыз бен сол қолымыз тең жүріп, домбыра пернесін еркін қуалау үшін міндетті түрде гамма ойнап аламыз.


РЕ мажор гаммасы, арпеджиосымен









ІІ. Үй тапсырмасы.


Күй дегеніміз не? (оқушыға сұрақ)

Өткен сабағымызда үй тапсырмасына Қ.Ахмедияровтың «Алтын ұя» күйін соңына дейін жатқа жүргізіп орындау берілген болатын. Ендеше үй тапсырмасын орындайық.



















ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

...Сәйкестендіру тесті...


халық күйі


музыкалық дыбыстар тізбегі


позиция


қағыс түрі


гамма



композиторы ұмыт қалған күйлер


пицикато


білім ордасы, мектебі

алтын ұя


сол қол саусақтарының домбыра мойынында орналасу қалпын алмастыра орындау


IV. Қызығушылықты ояту.

Домбыраның қыр сырын, қағысын, пернелерін, нота сауатын танып білгеннен кейін домбырада төкпе, шертпе күйлерді ойнап үйрендік. Төкпе күйдің тағы бір майталман өкілі осы Батыс өңірінің күйшісі «домбыра күйінің атасы – Құрманғазы», «күй анасы – Динаның»ізін жалғастырушы күйшілердің бірі «ғасыр күйшісі» Қаршыға Ахмедияров.


Шешердей дүниенің сан сұрағын,

Тыңдайсың таусылғандай жан шыдамың.

Теңіз боп тебіренесің, төгілгенде,

Күйлері құйын саусақ Қаршығаның, - деп Фариза

Оңғарсынова жырлағандай, бүгінгі сабағымыз Қаршыға Ахмедияровтың арнау күйі – «Алтын ұя». Ең алдымен автордың өмірбаянына тоқталып өтелік.


V.Жаңа сабақ.

Қаршыға Ахмедияров 1946 жылы 25 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақстанның халық артисі (1991). 1967-1991 жылы Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Әкесі Ахмедияр саятшы, күйші, қисашы, жыршы болған.

Дәулескер күйшінің жүрегі 2010 жылы 65 жасқа қараған шағында тоқтады. Қаршығаның соңғы демі туған жері Атырауда шығыпты. Бойында Сейтектің сынығы Махамбеттің өрлігі бар Қаршығаны әркез халқы тамсана тыңдайтын. Өнер сүйер қауым оны «Күй Қаршығасы», «Саңлақ күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деп мадақтайтын. Қаршыға – «Шашақты найза, шалқар күй» (Махамбет), «Әсемқоңыр» (Дина), «Сарыарқа» (Құрманғазы), «Жігер» (Дәулеткерей), «Атырау», «Күй Ұран» күйлер жинағы кітаптарын жарыққа шығарды. Оның «Нарын», «Қуаныш», «Жібек - Жетісу», «Сағыныш», «Алтын ұя», «Аққайың», «Желдірме» т.б. көптеген күйлері бар.

Қаршыға үлкен ұлағатты орындаушылық мектептен өтеді. Әкесі Ахмедияр, оның ағалары – Үмбетәлі, Үмбетияр, өз бауырлары – Қырғи, Тұрымтай, Алғи, Бүркіт, Теңізбай – бәрі домбырашы, әнші. Келесі мектеп ауыл мұғалімдері – Ш.Шәріпов, Н.Үлкенбаев, Қ.Мұхтаров, Х.Ризуановтар болса, кәсіби өнерге бет бұрғанда – Қ.Жантілеуов, Р.Омаров, Қ.Мұхитов, Ш.Қажығалиев, У.Бекенов, Н.Тілендиев сынды майталмандар. Үлкен мектептен өтіп, шебер орындаушы дәрежесіне жеткен тума талант иесі бірнеше күйлерде шығарды. Күйлерін тақырыбына, тарихына қарай топтастырып көрелік.


ТУҒАН ЖЕРГЕ АРНАЛҒАН КҮЙЛЕР

АРНАУ КҮЙЛЕР

АҚЖЕЛЕҢ

ҚОСБАСАР

ТОЛҒАУ КҮЙЛЕР

Атамекен

Ғазиза

Бапас ақжелең

Қосбасар – 1

Абай толғау

Атырау

Нұрғиса

Адай ақжелең

Қосбасар – 2

Хамаң толғау

Нарын

Иманқұл

Қазанғап ақжелең

Қосбасар – 3

Мағауия толғау

Жібек – Жетісу

Күй анасы

Ақаң ақжелең

Қосбасар - 4

Түбек толғау

Көктөбе

Ақын Қиса

Шамғон ақжелең


Толғау


Алтын ұя

Жаңа жыл ақжелең





«Алтын ұя» күйінің шығу тарихы

Қоғамдағы әрбір адамның жанұясы, туған елі, жерімен қатар, тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан алтын ұя мектебі, ат жалын тартып, азамат болып, жоғары білім алып, саналы да салауатты өмірге аттандырған алтын ордасы бары анық. Қаршыға Ахмедияров Алматы Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының жарты ғасырлық тойына «Алтын ұя» күйін арнап шығарды. Күй вальс ырғағында, жан-сезімін ғанибетке бөлейтін әсем әуен. Тақырып сазды, қарапайым, көңілге тез қонады. Жайма шуақ, ұлпа әуезді, секірмелі мінезі жоқ, бір қалыпты, құлаққа сіңімді, жан тербетер сазды күй. Алтын ұяға сай алтын әуез.

Ендеше, күйдің авторымен, шығу тарихымен толық танысып болдық. Күйді өзінің орындауында тыңдап көрелік.

Үнтаспадан «Алтын ұя» күйін тыңдату:

VІ. Музыкалық сауаттылық.

Домбыра аспабында шығарманы жаттап болғаннан кейін нюанстармен жұмыс жасаймыз. Бұл дегенің күйдің табиғи қалпын сақтап, әуен ырғағын бұзбай, мазмұнын беру деген сөз.

Ендеше, «Алтын ұя» күйінің ноталық жазбасын қолымызға алып теориялық талдау жасап алайық.








































Күйге теориялық талдау жасау.


Күйге талдау

Бас буын

Орта буын

Сағасы

Қорытынды

Ладтық тірегі

Соль минор /си, ми бемоль/

Соль минор /си, ми бемоль/

Соль минор /си, ми бемоль/

Соль минор /си, ми бемоль/

Ырғағы

біркелкі

біркелкі

біркелкі

біркелкі

Қағысы

ПҮ П П

ПҮҮ П Ү

ПҮПҮПҮ

ПҮ П П

ПҮҮ П Ү

ПҮПҮПҮ

ПҮ П П

ПҮҮ П Ү

ПҮПҮПҮ

ПҮ П П

ПҮҮ П Ү

ПҮПҮПҮ

Диапазон

1-октава РЕ – 2-октава СОЛЬ

1-октава РЕ – 3-октава ДО

1-октава РЕ – 2-октава СОЛЬ

1-октава РЕ – 2-октава ФА

Динамикалық белгілер

mf

крещендо

дименуэндо

f р

крещендо

дименуэндо

f р mf

крещендо

дименуэндо

крещендо

дименуэндо

акцент

ррр

Өлшемі

6/8; 9/8

6/8; 2/4;9/8

6/8; 9/8; 2/4

6/8; 9/8

Такті

1-18

19-44

45-63

64-90


VІI. Сергіту сәті.

Бейне тақтадан сергіту жаттығуын көрсетіп бірге қайталау.



Күйдің мазмұнымен толық танысып болсақ, сол күйді тартып көрелік.


VІII. Мағынаны тану.

...Дискуссиялық сұрақ...


Дискуссиялық сұрақтар

Ия

Жоқ

1

Композитор шығарған күйді халық күйі деп атаймыз.


+

2

«Алтын ұя» күйі өнер ордасына арналған.

+


3

«Алтын ұя» күйі 102 тактіден тұрады.


+

4

Реприза, вольта қайталау белгілері.

+


5

Музыкадағы 5-дыбыс ля.


+

6

"Қаршыға – «Саңлақ күйші»" - бұл атақты халық берді.

+


7

Динамикалық белгілер күйдің мазмұнын түсіндіреді.

+



IХ. Сабақты қорытындылау.

...I N S E R T әдісі...


Білемін

Білдім

Білгім келеді








Бүгінгі сабағымызды қорытындылағаннан кейін өткен күйлерге де шолу жасаймыз.

  • «Күй жұмбақ» әдісі
    (Өткен шығармалардың әр жерінен үзінді ойнап, күйдің атын табу)
    1. «Балбырауын» Қ.Сағырбаев

2. «Келіншек» Халық күйі

3. «Құс қайтару» Қ.Тілепбергенұлы

4. «Көрөғұлы» Д.Шығайұлы

5. «Ерке сылқым» Ә.Желдібаев

6. «Қос алқа» Д.Шығайұлы

7. «Ақ жауын» С.Тұрысбеков

8. «Әл қисса» Н.Тілендиев

9. «Адай» Қ.Сағырбаев

  • «Күй тартыс» әдісі


О Қ У Ш Ы

Ұ С Т А З

Көрөғұлы

Көрөғұлы – Балбырауын

Балбырауын – Ерке сылқым

Ерке сылқым – Салкүрең

Салкүрең – Әлқисса

Әлқисса

Әлқисса (бірге)


Х. Үй тапсырмасы.

Қ.Ахмедияров «Алтын ұя» (нюанстарымен орындау)


ХІ. Бағалау.

Оқушының білімін саралап тиісті бағасын қою.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Қаршыға Ахмедияров "Алтын ұя"

Автор: Бажабаев Талғат Теңізұлы

Дата: 31.05.2017

Номер свидетельства: 419797


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства