kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыр?ыз музыкасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?ыр?ыз музыкасы

?ыр?ызды? халы? ?ні «К?л жа?асында» - ты?дау.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: О?ушыларды ?аза?стан халы?тарыны? музыкасымен таныстыру.

Т?рбиелік:Е? ?уелі ?рт?рлі халы?тарды? музыкасын ты?датып, оларды? ?аза? музыкасымен ??састы?ы ж?не айырмашылы?ы неде екенін ?алыптастыру.

Дамытушылы?: Содан со? мысалдар келтіріп, бір халы?ты? композиторлары бас?а бір халы?ты? музыкасын ?з шы?армасына ар?ау ете беретінін т?сіндіру.

Саба?ты? типі: жа?а білімді хабарлау.

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіре отырып баяндау.

Саба?ты? к?рнекілігі: сызба  н?с?а, суреттер

Саба?ты? барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

ІІ. Жа?а саба?ты т?сіндіру.

ІІІ. Саба?ты  ?орыту.

ІV. ?йге тапсырма

Саба?ты? барысы:

    ?ыр?ыз халы? к?йін ты?дау. Музыкалы? сауаттылы? – комуз аспабы, ?ыр?ыз халы? музыкасы.

    ?ыр?ыз хал?ы – тілі мен т?рі, салт-д?ст?рі, ?нері мен музыкалы? аспабтары жа?ынан ?аза? хал?ына е? жа?ын ?лт. М?дениетімізбен музыкалы? ?неріміз жа?ын, сонымен ?атар музыкалы? аспаптарымызда ?те ??сас. ?ыр?ыз музыкалы? ?неріні? ?зіні? ежелгі тарихы, ?те бай репетуары бар. Орындаушылары мен композиторлары музыка м?расын ерте замандарды? б?гінгі к?нге жеткізді. ?аза?ты? жыршы деген орындаушыларын ?ыр?ыздар ыршы деп атайды. К?йші деген ма?ынаны комузшы дейді. Комуз с?зінен алын?ан. ?ыр?ызды? комуз (3 ішекті аспап), 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыр?ыз музыкасы »

Сабақтың тақырыбы: Қырғыз музыкасы

Қырғыздың халық әні «Көл жағасында» - тыңдау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Қазақстан халықтарының музыкасымен таныстыру.

Тәрбиелік:Ең әуелі әртүрлі халықтардың музыкасын тыңдатып, олардың қазақ музыкасымен ұқсастығы және айырмашылығы неде екенін қалыптастыру.

Дамытушылық: Содан соң мысалдар келтіріп, бір халықтың композиторлары басқа бір халықтың музыкасын өз шығармасына арқау ете беретінін түсіндіру.

Сабақтың типі: жаңа білімді хабарлау.

Сабақтың әдісі: түсіндіре отырып баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: сызба нұсқа, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Сабақты қорыту.

ІV. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

Қырғыз халық күйін тыңдау. Музыкалық сауаттылық – комуз аспабы, қырғыз халық музыкасы.

Қырғыз халқы – тілі мен түрі, салт-дәстүрі, өнері мен музыкалық аспабтары жағынан қазақ халқына ең жақын ұлт. Мәдениетімізбен музыкалық өнеріміз жақын, сонымен қатар музыкалық аспаптарымызда өте ұқсас. Қырғыз музыкалық өнерінің өзінің ежелгі тарихы, өте бай репетуары бар. Орындаушылары мен композиторлары музыка мұрасын ерте замандардың бүгінгі күнге жеткізді. Қазақтың жыршы деген орындаушыларын қырғыздар ыршы деп атайды. Күйші деген мағынаны комузшы дейді. Комуз сөзінен алынған. Қырғыздың комуз (3 ішекті аспап), қыл қияқ (ішекті – ыспалы аспап), темір комуз, чоор (үрмелі аспап), суырнай, керней, добулбас (ұрмалы аспап) сияқты музыкалық аспаптары бар. Комуз қырғыз халқының кең таралған музыка аспабы. Қырғыздар бірде-бір мерекелерін, іс-шараларын комуз аспабынсыз өткізбеген. Комуз құрылысы жағынан қазақтың домбыра аспабына келеді. Айырмашылығы – екі ішектің орнына сымна тағылған үш ішегі бар. Әнші – жыршылары осы комуз аспабының сүйемелдеуімен өзінің ән-жырларын орындаған. Оқулықта берілген домбыра аспабы мен комуз аспабының суреттері – балаларға шығармашылық тапсырма беруге лайық. Әр аспаптың жетпей тұрған жерлері толықтыр, домбыра мен комуз аспабының ерекшеліктері атап шық деген сияқты тапсырмалар балалардың сауаттылығын кеңейтеді.

Үзінді орындауға ұсынылған қырғыздың халық әні «Көл жағасында» - кең тыныспен орындалатын шығарма. Оқушылармен орындау кезінде тыныс алу жаттығуына мән беру.

Қырғыздың халық күйін тыңдату арқылы осы халықтың музыка мәдениетімен етене жақындаса түсеміз. Осы жерде айтып өтетін жайт – қырғыз халқының аспаптық музыкасында ойнау тәсілі жөнінде болмақ. Белгілі бір күйді, болмаса аспаптық музыканы ойнау кезінде міндетті түрде түрлі қимылдар бірге жасалады. Мысалы: комуз сабынан ұстап тұрып теріс ойнау, оң қолмен немесе сол қолмен түрлі қимылдар орындау, қағыстарындағы ерекше қимылдар. Осындай қимылдарды оқушылрасмен бірге жасауға да болады.

Ибрагим Нүсіпбаев (1922-1987) – балаларға арнап көп ән жазған композитор. «Балапан», «Дос болайық бәріміз», «Шырша әні», «Домбыра сазы», «Жас дәуірдің түлегіміз», «Гүлжазира Қазақтсан», тағы басқа әндері бар. И. Нүсіпбаев – қазақ балаларына эстетикалық тәрбие беруде көп еңбек еткен және ұзақ жылдар бойы қазақ мектебінде музыка сабағынан ұстаз болған адам. оқушыларды түрлі мектеп мерекелеріне даярлап, өнерге баулыды. Ол кісіден білі алған шәкірттерінің көбі музыканы өздерінің мамандығына айналдырып, белгілі әнші, дирижер, композитор болды.

И. Нүсіпбаев150-ден астам балалар әндерін жазды. Олар мектеп өмірі, еңбек, достық туралы жырлайды. Композитордың «Сүйікті мектебім», «Жомарт өлке», «Саяхат жыры», «Айналайын ақ мамам», «Достық», т.б. әндерін балалар ерекше сүйіп орындайды.

Жаңа ән үйрену.

И. Нүсіпбаевтың «Дос болайық бәріміз» әні – атынан байқалып тұрғандай, діні басқа, тілі басқа ұл өкілдерін достықта, бауырластықпен өмір сүруге шақырады.

Қазақ жерін өз отаны санайтын түрлі халық өкілдері бейбіт-бірлікте өмір сүріп жатыр. Олар Отанымыздың өсіп-өркендеуіне бар күшін аямай еңбек етуде. Еліміз көп ұлтты, көп тармақты, көп өнерлі. Бір тудың астында сыйластықпен, тату-тәтті, бақытты өмір сүру – бар халықтың арманы.

«Дос болайық бәріміз» әні – достық пен татулықты, бірлікті уағыздайтын ән. Әнді нотамен үйретуге тырысқан жөн. Әсіресе екінші дауыстың сапалы жатталып, дұрыс айтылуын үнемі қадағалап отыру керек. Тыныс әрбір екі тактыдан соң алынады. Фразалардың соңындағы ұзын дыбыстарды аяғына дейін созып, демді өте ұқыпты әрі қысқа аламыз. Қайырмасында дыбыс күші қатайып, ән көңілдене түседі.

Шығармашылық жұмыс.

Сұрақтар:

1. Шығармаларын қазақ тілінде жазған қандай басқа ұлт өкілдерін білесіңдер?

2. Олардың шығармаларын атаңдар. (Е. Брусиловский: «Марш», «Қыз Жібек», Л. Хамиди: «Қазақ вальсі», «Бұлбұл», Б. Г. Ерзакович: «Бұл қай кезде болады?», «Балалар ойыны», т.б.).

Ойын ойнайық!

«Заттың дауысы». Сыныпқа кірген оқушы таяқша немесе қарындашпен бір затты ұрады. Ойынға қатысушылар эмоциялық сезіммен қандай зат екеніне мінездеме береді. Мысалы: «қатты тақта», «сықырлаған есік».

Оқушылардың машығына орай, осы аспаптардың суретін салып келуге тапсырма беру.

Қорытынды сұрақтар:

1. Қырғыз халық туралы не білесің?

2. Қырғыз әнін, күйін тыңдағанда қандай ой келді?

3. Қырғыздың ұлттық аспаптарын ата.

4. Қырғыз бен қазақтың музыка аспаптарын салыстыр.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?ыр?ыз музыкасы

Автор: ?азым Лаура Амангелді?ызы

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188339


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства