Просмотр содержимого документа
«??рман?азы Са?ырбай?лы»
Сабақтың тақырыбы: «Құрманғазы Сағырбайұлы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Музыка тыңдауды қалыптастыру, күйді көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп, оның сиқырлы әлеміні бойлауын оқушыларға сезіндіру.
Дамытушылық: Күйді дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, сезімін, санасын, қиялын жалпы өнерге деген сүиіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамыту:
Тәрбиелігі: Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, түсінп және оны сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа материалды меңгерту
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет,сурет, жаратылыстану, тарих, би өнері
ІV.Сабақты бекіту: Венн диаграммасы бойынша жұмыс жасау
V. Бағалау.
VІ.Үйге тапсырма беру.
VІ.Сабақты аяқтау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі ( музыкамен амандасу, оқушыларды дұрыс отырғызып, сабаққа дайындау )
ІІ.Дауысқа арналған жаттығулар орындау: ( до-мажор гаммасы)
ІІІ.Жаңа сабақ: Құрманғазының «Сарыарқа»күйі
1)- Балалар, мына тақтадағы суреттерге назар аударындаршы. Не бейнеленген? (табиғат)
-Бізді қоршаған табиғат қандай тамаша! Көз алдарыңа елестетендерші кең дала, көк орай шалғын, ағып жатқан бұлақ, сайраған құстардың дауысы. Осы бір көріністі суретшілер немен бейнелейді? (түрлі бояулармен)
-Ал,ақын жазушылар ше?(өлең,әңгімелерімен)
-Дұрыс. Ал, компазиторлар осы көріністі немен бейнелейді деп ойлайсындар?(дыбыспен,әнмен, музыкамен)
Ендеше, біз бүгінгі сабақта кең даламыздың табиғатын жырлаған ІХ ғасырдың күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйімен танысамыз.
Туған өлкем,гүлді өлкем бар осындай,
Қымбат маған көзімнің қарасындай.
Қазағымның Сарыарқа егіз аты,
Домбырамен үндескен даласындай.
2) Құрманғазы «Сарыарқа» күйін тыңдау, талдау
Сұрақ:
-Күй тыңдау барысында көз алдарыңа қандай көрініс елестеді?
-Күйдің мінезі қандай?
-Күй немен орындалады?
-Күйді естігенде қандай әсер алдындар?
3)Топпен жұмыс жасау
Оқушылар үш топқа бөлініп көз алдарыңа елестеген көріністерін қағаз бетіне түсіреді.
топ
Жазушылар тобы
Кең дала, еліміздің кеңдігі, сұлулығы, сарқырап ағып жатқан мөлдір бұлақ, тау, жайқалған шөп, аттың шабысы, желмен жарыса ұшқан құс.
топ
Ақындар тобы
Мына сөздерге байланысты төрт жол өлең құрастыру: табйғат,ана,кең дала,ән.
топ
Суретшілер тобы
Көз алдарыңа елестеген табйғат көрінісін қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен түсіру.(Әр топ жұмыстарын қорғайды)
топ
И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда?» әнін орындау.
Сабақты қорытындылау «Сарыарқа »күйін аспаптармен орындау