"?ор?ыт тарт?ан ?арт ?обыз" атты лекция - концерт. Б?л ж?мыста ?аза? хал?ыны? к?не аспабыны? бірі - ?ыл?обызды? шы?у тарихы туралы баяндалады. ?обыз атасы атан?ан ?ор?ыт ж?не ?ор?ыт к?йлерін жеткізуші ?ыл?обыз аспабын музыкалы? аспап ретінде таныт?ан к?йші - композитор Ы?ылас Д?кен?лыны? ?мірбаяны ж?не к?йлеріні? шы?у тарихы туралы айтылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?ор?ыт тарт?ан ?арт ?обыз" »
«Қорқыт тартқан қарт қобыз»
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым
Ақ қайынның безінен
Айырып алған қобызым
Ақ ырғайын қиянның
Құлақ қылған қобызым,
Қыл құйрығын тұлпардың
Ішек қылған қобызым,
Таутекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым
Тобылғының шыбығын
Қияқ қылған қобызым
Жын-шайтандарды дүркіретіп; құған қобызым
Науқастарды емдеп жазған қобызым,
Қыз-келіншектердің көңілін тапқан қобызым
Байқаусызда сынып қап; қайран менің қобызым,
Айырылып сенен жұрдай боп, қор болдым-ау қобызым.
Халық өз шежірелерінде қобызды осылай асқақтата қастерлеп, оған қанат бітіріп, аспанға ұшырып бәйгеге қосып, тіпті,оны теңдесі жоқ бір құдіретті күш етіп,жауға да аттандырады.Бір сәт қобызды адам басына тап болған ауыр жағдайларға қарсы қойса,енді бірде оны махаббатың нәзік сезім-құбылыстарымен байланыстырады. Халық қобызды осылай үлкен құдіретке теңей отырып, «байқаусызда сынып қап, қайран менің қобызым» деп, оның құрылысында ешқандай арттық күштің жоқтығын да айта кетеді.
Жалпы, музыка аспабы туралы көп мақтап, дәріптеу, оған арнап өлең шығару,халық тұрмысында көп кездесе бермейді. Ал қобызға берілген жоғарыдағыдай үлкен баға тегін емес. Өйткені, қобыз өзінің тарихи ұзақ жолында халқымызбен бірге жасап қобызшының қолында,халықтың әндері мен күйлерін шырқап, елдің сүйікті өнер аспабының біріне айналған.
Қобыз... Қазағымның өзі секілді момақан,қазағымның өзі секілді қарапайым қасиетті қара қобыз. Қобыздың қоңыр дауысы сырлы да сиқырлы дыбысы,қыл ішектен сызылып шыққан күңгірт те мұңды үні тыңдаушының жүрек қылын шертіп, нәзік сезімін оятып,оның қайғысы мен қуанышын суреттеп, халқымызға ғасырлар бойы эстетикалық азық болып келген.
Қазақ халқының музыка аспаптары арасында ең көп сөз болып жүргені-қобыз.Бұл аспаптың ерекше көзге түсіп халыққа қадірлі болуы Қорқыт пен қобыз туралы әңгіме,аңыздардың молдығына байланысты болса керек.Әсіресе,Қорқыттың күй атасы атануы сияқты мәселелер тегіннен-тегін емес. Сондықтан қобыз жайында әңгіме айтып,сөз қозғаған кезде Қорқыт атын атамай,ол кісінің есімін еске алмай кетүдің тіпті жөні жоқ.Осыған орай қобыз туралы аңыздарға сәл аялдап аз-кем тоқталып өтсек.
Бірқатар зерттеулерде Қорқыт жайындағы аңыздар Сыр бойындағы оғыздардың арасында туып,содан бастап түркі тектес халықтар арсында кең етек алған делінеді.Оның Сыр бойындағы оғыздардың астанасы Жанкент қаласында ҮІІІ-ІХ ғасырлар аралығында өмір сүргендігі айтылады.Кейбір аңыз-әңгімелерде Қорқыт 295 жыл өмір сүрген деген болжам жасалады.Қазақ арасындағы аңыздарда Қорқыт-көпті көрген,ойшыл дария,атақты қобызшы. «Қорқыт-қобыз тұтастығы» түсінігімен тарихқа енді.Қорқыт қобызын ойнағанда, ұшқан құс,жүгірген аң-барлық тіршілік иесі үн түнсіз тыңдайды екен.
Халық шежіресінің айтуынша,Қорқыт аты тек туыстарының ұнатып қоя салған аты емес.Қорқыт шыр етіп жерге түскенде ол айналасын қоршап отырғандарға,шешесіне кішкене сәби сияқты болып көрінбеген, түрі адамға ұқсамайтын «қап» сияқты болып көрінген.Жұрт шошып қашып кеткен,бейшара шешесі ғана қасында қалған. Қап емес,адам тапқанын жүрегі сезген ана ғажап заттың аңызын аша бастайды.Әлсіз үнді сәбиін көреді. Оны емізеді,-баланың жылағанын естиді.Баланың даусын естіп,бағанағы қорқып қашып кеткендер енді қайта жиналады, балаға «Қорқыт» деген ат қояды. Бір күні жиырма жасқа толған бала түс көреді.Ақ киімді біреу оған тек қырық жасайсың дейді. Қорқыт енді өлмейтін дүниені іздейді.Өзінің Желмаясын ерттеп мініп,ол ұзақ сапарға аттанады. Жолда Қорқыт бірдемені қазып жатқан бірнеше адамдарды кездестіреді. «Не істеп жатырсыңдар?»-деген оның сұрағына,олар: «Қаза болған Қорқытқа қабір қазып жатырмыз»,-деп жауап береді.Бұл жерден де өлімнен қашып құтыла алмайтынын сезген Қорқыт әрі аттанып кете береді. Сөйтіп,Қорқыт осылайша жердің төрт бұрышын айналып шығады,бірақ қайда барса да ол өлімді кездестіре береді.Адам өмірін мәңгілікке ұзарту мүмкін емес екендігіне көзі жеткен Қорқыт қобыз аспабын,оны жасау тәсілдерін аян арқылы алады. Аян арқылы түсінде көрген қобыз бейнесін ол арада біршама уақыт өткенде сана астарындағы жұмбақ түйсік, ым арқылы, әлдебір күштің жетелеуімен «түйе мойнағынан тері қаптап», «үйеңкінің түбінен үйіріп», «таутекенің мүйізінен тиек салып», «бесті айғырдың құйрық-қылынан ішек тағып», «боз биенің сүтіне шылап», «ортекенің терісін сауыт қылып» жасап шығады. Аспандық жаратынды жылқы жануарының қыл-құйрығынан ішек пен ысқы тағылған қобыздың зарлы да мұңды, күңіренген үн шығарып,күй толғайды.Адам өмірінің қысқалығын күйге қосып күңіренеді.Сондықтан да болар қазақ қобызды «киелі» аспап деп,оны қадір тұтқан.
Қорқыттың күйлері ел арасындағы өнерпаздардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуі арқылы ғасырлар бойы сақталып келген.
Қобыздың «киелілігін» феодалдық қоғамда жұртты алдап-арбау үшін бақсы-балгерлер де пайдаланған. Алайда қобыз өмірден өз орнын тауып, ел ішінен прогресшіл шындықты жырлаған дарынды халық композиторлары шықты. Соның бірі-ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты халық композиторы Ықылас Дүкенұлы. Ықылас 1843 жылы жеті атасынан қобызшылар әулеті атанған. Дүкен қобызшының отбасында дүниеге келеді. Ықылас Дүкенұлының туып-өскен мекені қазіргі Сарысу мен Жаңаарқа аудандарына қарасты жерлер. Ықыластың әкесі Дүкен оның әкелері де және балалары Түсіпбек, Ақынбай қазаққа белгілі қобызшы болған адамдар. Сондықтан Ықылас әулетін жеті атасынан қобызшылар ұрпағы деп атайды. Әкесі Дүкеннің тартқан қобызының үні табиғатынан талантты болып туған Ықыластың құлағына жастайынан сіңе береді. Ес біле бастаған күннен ақ Ықылас әкесінен көргенін, естігенін қайталамақ болып қобызды қолына алып одан үн шығаруға ынталанады. Кішкентай Ықыластың қобызға деген сүйіспеншілігін байқаған әкесі оны ата дәстүрінен келе жатқан қобыз өнеріне кәсіби түрде үйретеді. Туған өңірдің сұлу табиғаты, қобыз үні, әкесінен естіген ертегілер, Қорқыт туралы аңыздар кішкентай Ықыластың көңіл сезіміне ұялап қобызда күйлер орындайды. Жасы 15-терге келгенде Ықылас қобызды толық меңгереді. Әкесінен үйренген халық күйлерін, Қорқыттың күйлерін нақышына келтіріп орындайды. Ұшқан құс, жүгірген аң, аққан су, соққан жел осының бәрі Ықыластың сезімін оятып енді қобызға арнап кұйлер шығара бастайды.
Осындай күйлердің бірі аңыз күй «Шыңырау».
«Ықылас бір күні жолаушылап келе жатып, астындағы атын шалдырып алмақшы болып, жалғыз ағаштың түбіне келіп аялдайды. Сол кезде ол ағаштың айналасында шыдамсыздана ұшып жүрген бір құсты, бұтадағы ұяда анасына шыр қағып, тағат таппай тұрған балапандарды көреді. Сөйтсе, ұяға қарай бір жылан жылжып барады екен. Ықылас жалма-жан орнынан атып тұрып, жыланды өлтіреді де, суға ағызып жібереді.Құс ұясына келіп қонып, балапандар тынышталады. Ықылас: «Озбырдың аты – озбыр, әлсізді жұтып қойғысы келеді. Осыны қобыздың үнімен айтып кетейін. Озбырлардың қараниет қылықтары халықтың есінде болсын», - деген ойға келіп осы күйді шығарады.
Күйдегі «Ре» ішегінің «Ми» дыбысынан «Соль» дыбысына дейінгі аралық глиссандо және флажолетомен орындалады. Мұндағы флажолетолары мен әсерленген жерлер құстың шыдамсызданғанын, балапандардың шырылдағанын көзге елестетеді.
Қобыз – кейбір аспаптар тәрізді тез үйреніп, меңгеруге көнбейді және бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен одан үн шығарып, меңгеру орындаушыдан жоғары музыкалық қабілет пен қоса аса жауапкершілікті талап етеді. Ықылас ерекше дарынның арқасында қобыздың табиғи сырын орындаушылықта кездесетін құпияларын, бейнелеу мүмкіндіктерін, толығымен пайдаланып, аспапты аса шеберлікпен игеріп, қазақ аспапты өнерінің мәңгілік алтын қорына қосылған күйлерін шығарады.
Ықыласқа дейінгі қазақ қобызшылары көбінде бақсы ретінде айтылады. Ықыластың ұлылығы оның қобыз аспабын бақсылық дәстүрден бөліп алып, адамның көкейіндегі сыры мен арманын, қуанышы мен күйінішін толғайтын аспап етіп халықтың рухани жан серігіне айналдыруында. Ықыластың «Жез киік», «Ерден», «Шыңырау», «Жолаушының қоңыр күйі», «Кертолғау», «Айрауықтың ащы күйі», «Қазан», «Аққу» тағы басқа күйлері осы айтылғандарға айғақ.
Ықылас күйлерінің шығу тарихы туралы аңыз – әңгімелері мен орындаушылық талдаулар академик Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» атты кітабында жазылған. Ықылас өнерін әрі қарай дамытқан шәкірттерінен Түсіпбек, Әбікей, Сүгірлерді атайтын болсақ олардың шәкірттері Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев Ықылас өнерін біздің заманымызға өзгертпей жеткізіп қобызды өзінен кейінгі ұрпаққа үйретіп кетті.
Ықыластың «Аққу» күйінің шығу тарихы
Баяғы өткен заманда, жаугершілік кезінде, ел үдере көшкенде, бір жетім бала әжесімен және қарындасымен жұртта абайсызда қалып қояды. Бала оларды құс атып, аң аулап асырайды екен.
Жұртта қалған олар өз бетінше күнелтуге кіріседі. Бір күні бала құс атайын деп көлге кесе, ұшып жүрген бір топ аққуларды көреді. Бала оларды атып алмақ болады. Бірақ, көздегені мүлт кетіп, оғы аққуларға тимейді. Мылтықтың даусынан шошынған аққулар көлді сабалап ұша жөнеледі.
«Ей! Аққу-ау!
Барар жерің Балқан тау,
О да біздің көрген тау»- деп бала Көкшолақ атына мініп, аққулардың соңынан
шаба жөнеледі. Бала аққуларға жете алмай, шаршап-шалдығып қайтып келеді. Оны келе жатқанын алыстан көрген қарындасы: «Алақай-ау, алақай, аққу атып келеді, алақай!» - деп жүгіріп ағасының алдынан шығады. Баланың құр қол келе жатқанын көрген әжесі енді қайтып күнелтеміз деп қайғырып, жылайды. Қарындасы мен әжесі жылаған кезде, бала мұны көріп өлгенше, көрмей өлейін деп Көкшолақ атына мініп шаба жөнеледі. Бала шауып келе жатып, ел тонап жүрген бес жауды кезіктіреді. Олар керней тартып келеді екен. Жаулардың өзін өлтіргісі келгенін сезген бала оларды жекпе-жекке шақырып, ақыры бәрін жеңеді.
Одан кейін қобыз сазы «келсең – кел, келсең – кел» деп баланың әрбір жаумен жекпе-жек соғысқанын баяндайды. Бала жауды жеңіп, аман-есен әжесі мен қарындасына қосылып, бұрыңғысынша өмір сүре берген екен дейді. Ел аузындағы осы аңыз-әңгімені Ықылас күй етіп сөйлеткен екен.
Ықылас: «Аққу» күйі орындалады – квинта бұрауында
Бүгінде қобыз өнері аспаптық музыканың бір саласы болып табылады. Музыка мектептерінде, училищелерде, жоғары оқу орындарының қобыз бөлімінде осы өнер жолын қуған жастар білім нәрімен сусындауда. Халық жүрегіне жол тапқан «Отырар сазы», «Құрманғазы» оркестрлерінің репертуарында қобыз күйлері көп – ақ. Қылқобыз тобы оркестрдің дыбыс бояуын мейлінше құлпыртып, жандандырып, оған қоңыр қою үнімен ерекше өң, әр беріп, тыңдаушысын тәннті етеді.
Композиторлардың қобыз аспабына арнайы жазған шығармалары халық арасына кеңінен танымал А. Жұбанов, Х.Тастанов, М.Толебаев, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова, А.Жайымов, Е.Үсенов, т.б. композиторлар қобыздың орындаушылық мүмкіндігін көтеретін, үндік бояуын байытатын көлемді шығармалар жазды. Сондай-ақ қазақтың халық әуендері, әртүрлі сазды шығармалар қобызда орындауға лайықталып, өңделді. Көне қылқобыздың ғасырлар бойы келе жатқан төлтұма күйлері ұлттық рухани байлық ретінде сақталып, ел арасында жиі орындалады. Осы күйлер негізінде жаңа туындылар жазылды. Бұған мысал ретінде А.Жұбановтың «Көктем», Х.Тастановтың «Алтай аясында», М.Толебаевтың «Толғау» сияқты шығармалары, Қ.Шілдебаевтың «Қаракемер», Е.Құсайыновтың «»Қиғаш жер шалғай», А.Райымқұлованың «Арал мұңы» атты күйлерін атауға болады.
М.Толебаев: «Толғау» шығармасы орындалады.
Сүйемелдейтін Колесникова Т.В.
Жас ұрпақтарға эстетикалық тәрбие, музыкалық білім беру саласында балғындарды ұлттық өнерге баулудың мәні зор. Осы тұрғыдан қарағанда музыка мектептерінің домбыра мен қобыз сыныбының арқалар жүгі ауыр.
Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламалары арқылы және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваторияны бітірген шебер орындаушылардың өнері арқылы қазақтың халық композиторларының ән-күйлері шет елдерге де мәлім болды. Ұлттық музыка өнерімізге мұрагер болып, оны әрі қарай дамыту музыка мектептерінде тәрбиеленіп жатқан жас буын болашақ музыканттар үлесінде деп білемін.
Менің осы тұрғыда айтайын дегенім домбыра аспабы қалай халыққа кеңінен таралса, қобыз аспабын да халық кеңінен біліп таныса деймін. Сол үшін қобызда музыка мектептерінде арнайы класс болып еңгізіліп, болашақ өсіп келе жатқан жас буындарға үйретіліп, қобыз аспабын білсе екен деймін. Құрметті әріптестер зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Мазмұны:
1.«Қасиетті қара қобыз» (кіріспе)
2.Негізгі бөлім:
А) «Қорқыт тартқан қарт қобыз»
Ә) «Абыз – Ықылас»
3. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер:
«Қорқыт ата» Алматы, «Қазақстан» 1993 ж.
«Қобыз атасы – Ықылас» Алматы. «Рауан» 1993ж.
У. Бекенов «Өркен жайған қобыз өнері» Алматы, «Мектеп» 1980 ж.