Білім тексеру үшін үлестірмелі карточкалар тарату :
Музыкалық интервал(лат. intervallum - арасы,қашықтық,айырмашылық) - белгілі биіктікте орналасқан екі дыбыстың арасындағы арақатынасы.
Интервалдарәуендік және гармониялық болып екіге бөлінеді
Әуендік бірінен кейін бірінің әуенді, сазды биіктікте орналасуын айтамыз:
Гармониялық интервал деп тігінен жазылған екі дыбыстың бір уақытта үндесуін айтамыз:Интервалдың астыңғы дыбысын-интервалдың негізі деп, үстіңгі биіктіктегі дыбысын -интервалдың шыңы деп атайды
Жай интервалдар:
Октаваның ішінде құралған интервалдарды жай интервалдар дейміз. Іс жүзінде- сегіз жай интервал бар
Интервалдардың сандық және сапалық қасиеттері:
Барлық музыкалық интервал сандық және сапалық сияқты екі қасиетпен өлшеніп, анықталады
Сандық деп интервалдың қанша дыбыстан құрылғанын көрсететін қасиетін айтады:
V. Қорытындылау
Сабақты тиянақтау үшін - сөзжұмбақ арқылы сабақты қорытындылау (№1Сурет -ойынды қолдануға болады; оқушының жауабы бойынша,фишкларды жүргізіп отырады)
1.Екі дыбыстың үндестігі немесе екі дыбыстың аралық қашықтығы?
2.Бір дыбыстың екі рет қайталану аралығы қандай?
3. Егер интервал дыбыстарын бөлек алсақ қандай аралық?
4.Қатар тұрған үш дыбыстың аралығы дегеніміз не?
5.Қатар тұрған алты дыбыстың аралығы дегеніміз не?
6. Қатар тұрған төрт дыбыстың аралығы дегеніміз не?
7. Қатар тұрған бес дыбыстың аралығы дегеніміз не?
8. Қатар тұрған екі дыбыстың аралығы дегеніміз не?
9. Егер интервал дыбыстарын бір мезгілде алсақ қандай аралық?
V.Бағалау
Үйге тапсырма
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Интервалдармен жұмыс»
Сабақтың тақырыбы:Әнші-сазгер ақындар.Тума талант, табиғат дарын иелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:ХІХ ғасырдағы әнші - сазгер ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Сал – серілер поэзиясын терең ұғындыру. Әнші – сазгер ақындар шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Халық әндерінің шығу тарихымен таныстыру. Жобалау технологиясы арқылы арқылы топтық жұмыс дағдыларын ұйымдастыру.
Дамытушылық:Студенттердің танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тіл мәдениетін дамытуға мүмкіндік туғызу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Топпен жұмыс жасауға, ізденуге жаттықтыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Шығармашылық қабілеттірін дамыту. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Қазақтың әнші – сазгер ақындарының шығармашылығына қызығушылыққа тәрбиелеу. Әншілік өнерді құрметтеуге, дәстүрлі әндерді тыңдауға үйрету. Эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу. Ұлттық өнерді құрметтеуге үйрету. Өнерді, өнер адамдарын, олардың еңбектерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың тегі.Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Студенттің іс-әрекеті:топтық жұмыстарда өзінің белсенділігін, қабілетін, шығармашылық ізденіс деңгейін, сөйлеу тілі мен жазба тіл байлығын көрсету, өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге дағдылану.
Мұғалімнің іс-әрекеті:тақырып бойынша шолу жасау, топтың таңдаған тақырыбы бойынша оның іс-әрекетін ұйымдастыру, сабақ барысында топ мүшелерінің түгелдей атсалысуына жол ашу, тақырыпты жан-жақты ашуына бағыт-бағдар беру, көмек көрсету, қорытынды жасау.
Сабақта қолданылатын технологиялар: АКТ. Жобалап оқыту. Блум таксономиясы. Сын тұрғысынан ойлау. Каучинкті оқыту.
Көрнекілігі мен жабдығы:сабақтың барысы туралы призентация, интербелсенді тақта, слайдтар, топтардың презентациялары, әнші-сазгер ақындар шығармалары жинақтарынан көрме, оқулық, хрестоматия, бағалау парағы, постер, маркерлер, стикерлер.
3. Үй тапсырмасы. «ЖЫЛДАР СӨЙЛЕЙДІ»(Н. Орманбетұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет толтырады. (Интербелсенді тақтада студенттер кезекпен шығып жазады)
1860 жылы -қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниег келген.
1873 жылы - Қарқаралыдағы орыс мектебінде оқиды.
1874 жылы -Орманбет баласын ел ісіне баулимын деп оқудан шығарып алады.
1876 жылы - Тілмаштық қызмет атқарады.
1888 жылы -І Думадағы жиналысқа қатынасады, болыстық қызмет атқарады.
1918 жылы - Совдеп құлағаннан кейін еліне оралады, осы жылы 16 тамы кенеттен дүние салады.
1939 жылы - «Нарманбеттің өлеңдері» тақырыбында жеке жинағы басылып шығады.
2-тапсырма. Шығармашылығының тақырыптарын және мысалдарды бос торға ретімен жазыңыздыр
Әлеуметтік теңсіздік Табиғат лирикасы Махаббат лирикасы Абайға еліктеу «Бала қайдан?» «Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер» «Замана», «Сарыарқамен қоштасу», «Сахараға қарасақ», «Сарыарқа, сайран жерім-ай» «Сарыарқа», «Туған жер» т.б. «Ғашықтық туралы», «Жар туралы» «Кер заман» толғау «Толғауы тоқсан қызыл тіл» «Қазақ елі біз тұрмыз» Өнер-білім
3-тапсырма Нарманбет Орманбетұлы кім?
4. тапсырма. Өлеңді талдау. Жекелей студенке беріледі.
САРЫАРҚА
1.Авторы - Нарманбет Орманбетұлы
2. Тақырыбы - еліне, жеріне деген ыстық ықыласы
3.Жанр түрі - өлең, себебі, өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан
қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті
сөз жүйесі.
4. Идеясы - тақырып арқылы өмір шындығын суреттеген, өз көзқарасы,
дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді де, өз мақсат-
мүддесін білдіреді. Яғни, өлең идеясы-сол кездегі қоғам
шындығы, елінің басына түскен ауыртпалыққа қынжылу.
5. Шумақ -2 шумақтан тұрады. Шумақ-аяқталған синтаксистік біртұтас
ой.
6. 22 тармақ - өлеңнің әр жолы
7. 2-4 бунақты
8. 12-13 буын
9. Қара өлең ұйқасы
10. Әдеби теориялық ұғымдар: теңеу-жолбарыстай, суырдай. Эпитет-сандал
тау, сары өлке, көк майса Арнау-яғни жазушы өлеңін туған жерге арнап жазған.
11. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Өз туған жерін сүю, қадірлеу, әрқашан да оны қорғай білуге үйретеді.
Әр бір жауап берген студентке ат суреті бейнеленген карточка беріледі, соңында жинаған аттардың санына қарай бағаланады. (ақ ат –«5», қара ат «4», күрең ат – «3»)
Жаңа сабақ:Біздер қазақ халқы ырымшыл халықпыз. Ендеше бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп, «Бір аллаға сиынып, кел бабалар оқылық» - деп Ыбырай атамыз айткандай, бір аллаға сыйынып жаңа сабағымызды бастайық
- Шығарылған өлеңге ән шығаратын адамды кім дейді?
- Сазгер.
- Демек, біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
- Әнші – сазгер, ақындар. Тума талант, табиғат дарын иелері.
- Әрине, балалар, біз бүгін сабақта ХІХ ғасырдағы әнші-сазгер ақындар өмірі мен шығармашылығы туралы айтамыз.
ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Құрметті студенттер сіздер жалпы қазақтың әнші - сазгер ақындарын білесіздер ме?
Сіздердің жауаптарыңыз толық болу үшін мен есімдерін атап өтейін:
Призентация арқылы әнші – сазгер, ақындарды таныстыру:
Біржан Қожағұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзин, Естай Беркімбайұлы, Мұхит Мералыұлы, Сегіз сері (Мұхамедханапия) Баһрам Шақшақов, ИманжүсіпҚұтпанұлы, Мәди Бәпиұлы, Әсет Найманбайұлы, Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
Сабақтың эпиграфы:
Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді.
Т.Потанин.
ІҮ.Мұғалімнің әнші – сазгер, ақындар туралы қысқа әнгімесі.
Қазақ халқы — әнге бай, өнерлі халық. Халық өнерін, мәдениетін зерттеушілер бұл туралы көп пікірлер айтқан.
Әнші - сазгер ақындар - ақындықпен қатар композиторлықты да, әншілікті де машықтаған өнерпаздар. Әнші-сазгер ақындардың шығармаларының ерекшелігі: әннің мәтінін де, әуендерін де өздері шығарады және ол әндерді өздері айтып береді, музыкалық аспапты өздері тартып, өздері сүйемелдейді. Бірақ бұл ерекшеліктердің бәрі бір дәрежеде бола бермейді. Кейбір әнші – сазгер ақындардың ақындығы басым болса, екінші бірелерінің композиторлығы, яғни сазгерлік қабілеті немесе орындаушылық қабілеті асып жатады.
Әнші-сазгер ақындар тек ән шығарумен ғана тынбаған, кейбіреулері айтысқа түскен, енді біреулері ойын-тойларда өлең-жыр айтқан. Әнші-сазгер ақындар жанына бір топ өнерпаздарды ертіп, топтанып жүретін болған. Тұрақты театры жоқ кезде, көшпелі халық театрының ролін атқарған.
Қазір әнші-сазгер ақындардың шығармашылығы тұрақтанып, дәстүрге айналды, идея-мазмұны жағынан қалың бұқара мүддесін көксеп, халықтық сипат алды, ал көркемдік түр стильдік жағынан дамып, толысып жетіле береді. Кейбір әнші-сазгер ақындар ( Ақан сері, Жаяу Мұса, Біржан сал )жазба әдебиет саласында белгілі орын алады. Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Құлтума, Әсет, Сәтмағамбет, Иманжүсіп, Естай, Шашубай т.б. бірнеше әнші-сазгер ақындардың аты халыққа әйгілі.
Ү. «Біржан сал» фильімінен үзінді көрсету.
- Балалар біз қандай фильмнен үзінді көрдік?
- Үзіндіде кімдер туралы айтылды?
- Дұрыс айтасыздар «Сал - серілер»
Әнші-сазгер ақындарға халық «сал», «сері» деген атақ беріп, құрмет көрсеткен.
Жалпы, сал-сері дегеніміз кімдер? Сал мен серінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
– Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни, ақын, әнші, күйші, композитор, ойыншы, күлдіргіш, би, спортқа бейімі ерекше өнерпаз. Олар – халық мәдениетінің көрнекті қайраткерлері. «Сал» және «сері» – тектес, төркіндес, кіндіктес ұғымдар. Е.Ысмайылов «сері» сөзі араб халқының «сейір» немесе «серуен», «сайран салу» дегенінен туындады десе, «сал» ұғымын «салдырту», «салтанат» сөздерінен іздейді. Е.Тұрсыновтың пікірінше, «сері» – көне түрік тіліндегі «черік» сөзінен алынып, «әскер», «қол» деген мағынаны береді. Демек, «сері» сөзінің негізгі мағынасы «жасақ құрамындағы жауынгер», «жасақшы», «жорықтағы серік» дегенді танытады.
Әлбетте, «ақындық, әншілік, өнерпаздық дәстүр жағынан сал мен серілердің арасында айырма аз болмағанымен, сыртқы жүріс-тұрысында, киіну, сыпайылық әдетінде бірқыдыру айырма барлығы байқалады» (Е.Ысмайылов).
Алдымен, сал туралы баяндасақ, салдың қылығы қызық. Ауыл не үй сыртында аттан түсіп, жер бауырлап жатып алады. Оған қыз-қырқындар келіп, басын көтеріп, шаңыраққа кіргізеді. Тамақты өзі ішпейді, қыздар ішіп-жегізуді міндетіне алады. Бір сөзбен түйіндегеңде, сал не істесе де, қандай еркелік көрсетсе де, ел төзімділік танытатын салт, дәстүр болған. Бұлардың киім киісіне келер болсақ, «салдар жұрттың ортақ салтында жоқ, ерекше, күлкілі, көз тартарлық әлемішті киімдер киініп, жарқылдақ моншақтарды тағынған. Бас киімінің, шапан, шалбар, байпақтардың шүберегі ала-құла, қырық құрау болады екен. Бөрік, тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай ақ, қызыл-жасылдан, кейде қым-қиғаш әр шүберектен араластырып тіктірген, оған тоқыған шекпен де, құрым киіз де қоса тігілген болады» (Е.Ысмайылов). Біржан салды көрген Ілияс Мейірбанұлы: «Кең жағалы ақ көйлек, дөңгелек етекті оқалы қамзол, сыртында көк ала қаптал шапан, басында үкілі құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ етеді. Қалтасында күрең шұға тақиясы бар екен», – деп жазады.
Салдардан серілердің өзгешелігі мынау: серілерде өрескел мінез, оғаш қылық болмайды. Мейлінше сыпайы, орнықты, ибалы, сәнді киімге, бекзаттыққа үйір.
Сал-серілер – ойын-сауықтың, той-думанның гүлі. Елдің жуан ортасында, халық арасында қаздай қалқып, үйректей жүзіп, қасына жыршыларын, ақындарын, әншілерін, күйшілерін, өлеңшілерін, ойыншыларын, домбырашыларын, палуандарын ертіп, топ құрып жүреді.
ҮІ. Енді бүгінгі жаңа тақырыбымызды меңгеру барысыда іс әрекетке көшейік.
«Шашу шашу» ойыны. Табақта кәмпиттер жатады, балалар кәмпиттерді алады, алған кәмпиттердің қағазының суретіне қарап топтарға бөлінеді
1. Негізгі бөлім.«Мағынаны тану». Студенттерді 4-ауылға бөлу. Блум таксономиясы бойынша.
Әр ауылға жоба тақырыбы беріледі.
1- ауыл: Жаяу Мұса аулы. Жоба тақырыбы: «Жаяу Мұса – әнші-ақындар тобының көрнектіөкілі»
Әр ауыл өз жобалары бойынша мынадай жұмыс түрлерін орындайды:
1.Жобаның тақырыбын хабарлайды.
2.Жобаның эпиграфын таңдайды.
3.Жобаның мақсат-міндеттерін айқындайды.
4.Тақырыптың мазмұнын ашады.
5. Бір өлеңін талдайды
6. Қорытынды жасайды.
Ауыл ішінде а) ғалы ә) сазге б) әнші в) ақын г) ауыл басшысы
д) ақпараттанушы – болып қызмет жасайды.
Ауылдардың дайындаған жобаларынтыңдау. Соңында ауыл басшысы қызметкерлеріне баға береді. Жақсы жұмыс жасаған қызметкерлеріне ақ, күрең, қара ат береді.
Ауылдардың жасаған жобаларына сабаққа қатысушы қазақ тілі оқытушылары баға береді . Әр топ өз жұмыстарын таныстырғаннан кейін сергіту сәті ретінде ән тыңдату.
VІІ. Сергіту сәті. Тосын сый. Кәсіби дәстүрлі әнші келеді.
VІІІ. «Ой толғау».
1. «Алты қалпақ» ойыны.
Сұрақ: «Сал-серілер» дегендаркімдер?
1-ауылға ақ қалпақ пен сары қалпақ беріледі.«Ақ қалпақ» тапсырманы хабарлап, анықтама береді.«Сары қалпақ» сал-серілерді жақтайды.
2-ауылға қара қалпақ пен қызыл қалпақберіледі.«Қара қалпақ» сал-серілерді даттайды.«Қызыл қалпақ» эмоцияларын білдіреді.
3-ауылға көк қалпақ пен жасыл қалпақ беріледі.
«Жасыл қалпақ» сал-серілер туралы өз идеяларын айтады.«Көк қалпақ» топтардың жұмысын сараптайды.
4 - ауыл. Қазақи қалпақ беріледі. Сал-серілердің бір әнін айтады. «Ақ сиса»
ХІХ. Білім бекіту.Ауылдардың айтыс өткізу.
1 тапсырма.
1-ауыл – Ақан 21 ғасыр серісі (Ақан және Сегіз сері ауылдары арасында)
2- ауыл – Мен халқымды сүйемін (Балуан Шолақ және Жаяу Мұса)
2 тапсырма. Ойлан тап. Сал мен серілердің айырмашылығын тап.
Х. Қорытынды.«Әнді тап» ойыны. Музыка койылады, әннің авторын, орындаушы кім екенін табу керек.
Сегіз серінің әні «Гауһартас»
Біржанның әні «Ләйлім шырақ»
Үкілі Ыбырайдың әні «Гәкку»
Балуан Шолақ «Ғалия»
Жаяу Мұса «Жуан аяқ»
Иманжүсіп «»
Мәди Бәпиұлы «Қарқаралы»
Әсет Найманбайұлы «Қысмет»
Мұхит Мералыұлы «Айнамкөз»
Естай Беркімбайұлы «Хұсниө Қорлан»
Ақан сері «Құлагер»
«Кері байланыс»
1. Сабақтың қандай ұтымды жерлері болды?
2. Бүгінгі үйренгендеріңіз болашақта қажет болады деп есептейсіз бе?
3. Осы тақырыпта тағы да не білгілеріңіз келеді?
4. Сіздерге сабақ ұнады ма? Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.
ХІ. Бағалау.
ХІІ.Үйге тапсырма беру:
1.Әнші-сазгер ақындардың өмірі мен шығармашылығы туралы оқулықтан оқу.
2.Хрестоматиядан өлеңдерін оқу, ұнағанын жаттау.
3 «Ән – көңілдің ажары» деген тақырыпта эссе жазу.