kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Евгений Брусиловский-қазақ симфониясының негізін қалаушы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Об основателе казахской национальной оперы и ее лучших образцов песни Дударай которой стала основой его опере.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Евгений Брусиловский-қазақ симфониясының негізін қалаушы»

17.04.2017ж

3 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Евгений Брусиловский-қазақ симфониясының негізін қалаушы

Сабақтың мақсаты:

1.Евгений Брусиловскийдің шығармашылық өмірі.

2. Евгений Брусиловскийдің Дудар-ай симфониялық поэмасының шығу тарихын анықтау.

3.Симфонияға негіз болған қазақ әні "Дудар-ай"

Күтілетін нәтиже:

1.Евгений Брусиловскийдің шығармашылық өмірімен танысады.

2. Евгений Брусиловскийдің симфониясының шығу тарихын біледі.

3. Симфонияға негіз болған"Дудар-ай" қазақ әнінің тарихын біледі.

Негізгі идеялар:

Евгений Брусиловскийдің Қазақстанда өткен шығармашылық өмірі жайлы және симфониясы, ондағы симфонияға негіз болған қазақ әні жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта,постер,үлестірме қағаздар,стикерлер, ямаха

Сабақтың әдісі:

Жеке жұмыс.Ұқсастығын тап,сәйкестендіру. Жұптық жұмыс. Динамикалық шеңбер, ақпарат алмасу.

Топтық жұмыс. Мәтінмен танысу,постер.





 І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

«Сәлематсыз ба ? – ұстазымыз,

Өнер – білімге құштармыз.»

2.Оқушыларды түгелдеу.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

4.Класс оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Класс оқушылары бір-біріне “ізгі тілек” айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

5.Класты От,Су, Күн, суреттері арқылы топқа бөлу (3 мин)

1) От- қай кезде де қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін оқушылар. І топ

2) Су- жандары жақсылықты сүйетін көңідері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар. ІІ топ

3) Күн- жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын оқушылар. ІІІ топ

ІІ. Үй тапсырмасы: Жеке жұмыс. Миға шабуыл. Ұқсастығын тап, сәйкестендір . Екі композитордың ортақ қасиетін бір сөзбен айтып шығу,осы композиторлардың шығармаларын сәйкестендіру.( 3 мин)

Бағдаршам –бұл әдіс арқылы оқушылардың осы жобада алған білімдерін қалай қабылдағанын және қалай түсінгендерін біліп, көмек қажет оқушыларды анықтай аламыз.

Жасыл – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын

Сары – мен түсінемін, бірақ барлығын емес.

Қызыл – мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым


ІІІ. Жаңа сабақ: Ой қозғау стратегиясы Бұл кім? АКТ-дан композитордың суреті көрсетіледі,суретке қарап оқушылар композитордың есімін атайды,сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. (видеоролик) (2 мин)

ІҮ. Мәтінмен жұмыс: Оқулықтағы мәтінмен танысады. (2 мин)

Ү. Жұптық жұмыс: Динамикалық шеңбер. ( ішкі және сыртқы шеңбер құру арқылы бір-бірімен ақпарат алмасу) «Динамикалық шеңбер»оқушылар шеңберге тұрып,бір-екі деп белгіленіп,ішкі және сыртқы екі шеңберге бөлінеді.Сырттағы іштегіге сұрақ қояды, керісінше ауысады. (2 мин)

Мұғалім: Сіздерге қазір Е. Брусиловскийдің "Дудур-ай" халық әніне жазылған симфониялық поэмасын тыңдайық. Тыңдамас бұрын симфонияның шығу тарихына көңіл бөлейік. (Видеоролик көрсетіледі)

Е.Бруссиловский ДУДАР-АЙ операсын 1950-1953 жылы жазды. Жазылып біте опера театрының сахнасында қойылып, зор табысқа жетті. Операның сюжеті мен музыканың негізіне ДУДАР-АЙ әнінің шығу тарихы алынды. Бүл ән қазақтың Думан деген жігітіне ғашық болып, еркелетіп Дудар деп атап кеткен, орыс қызы Мария Егоровна Бекина арналған. ДУДАР-АЙ әнін Бруссиловский 1934 жылы халық таланттарының байқауында,Марияның өз орындауында естіген Увертюра. Опера увертюрамен басталады. Осы сонаталық фонода жазылған ж/е Мария мен Думанның бейнесін суреттейтін әндерден құрылған.Увертюрада жылы лебізді лирикалық үн естіледі. Ұстамды мұнды әуенмен басталған кіріспелі кларнет арқылы беріледі.

Негізгі партиясы батылды әсерлі басталып, халықтың зорлық-зомбылыққа, басынушылыққа қарсы жүргізген күресін көрсетеді.

Қосымша партиясы лирикалық сарынмен басталып, біртіндеп ДУДАР-АЙ әнінің шарықтауындағы кең ауқым әуенімен құрылған.

Әннің дыбысталу репризасындағы мыс үрмелі аспаптары махаббаттың салтанатын, өмірдің жарқын сәулетін бейнелеп жарқырай түседі. Операда әлеуметтік оқиға қарапайым халықтың өмір үшін, күн көріс үшін күресі. Бұл жағдайдың сыртында екі ғашық жанның өз бақыты үшін жүргізген күресі бейнеленеді. (3 мин)

ҮІ.Музыка тыңдау: Е.Брусиловский "Дудур- ай" симфониялық поэма.

( 5 мин)

ҮІІ Топтық жұмыс: Постер қорғау. (5 мин) 

І-топ. Евгений Брусиловскийдің шығармашылық өмірі.

 ІІ-топ.Евгений Брусиловскийдің "Дудара-ай" симф. поэмасының шығу тарихы

ІІІ-топ. Симфонияға негіз болған қазақ әніндегі Марияның бейнесі. Топтарды өзара бағалау / критерий арқылы бағалау/ (3 мин)

Бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

І-ші топ

ІІ-ші топ

ІІІ-ші топ

Тақырыптың ашылуы.




Безендірілуі




Сөйлеу мәнері.




Барлығы




Өте жақсы- Жақсы- Нашар-

Сергіту сәті: 2 мин

ҮІІІ. Музыка сауаттылығы: Симфония – симфониялық оркестрге арналған музыкалық шығарма. (2 мин) дәптерге жазады.

Мұғалім: Кітаптағы суретке назар аударайық: Суретке қарап әңгіме құрастыру (2 мин)

ІХ.Ән орындайық! ( дауыс жаттығуын жасау,әнді орындап,тыңдату,әнді үйрету ) “ Жан әке “ Әні мен өлеңін жазған: А.Маханбетова (7 мин) 

Х.Қорытындылау“Алтын микрафон” арқылы әр топтан бір оқушыдан тұрып сабақ туралы пікірін бір сөйлеммен ортаға салады.

ХІ. Кері байланыс: Рефлексия: Сабақтан алған әсерлерін стиктерге жазып “ Ізгілік ағашына” жапсыру. (2 мин )

ХІІ.Үйге тапсырма: 1.Евгений Брусиловский-қазақ симфониясының негізін қалаушы 2.Жаңа әнді жаттап,орындап келу 









Бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

І-ші топ

ІІ-ші топ

ІІІ-ші топ

Тақырыптың ашылуы.




Жұмыстың эстетикалық талғамы. Безендірілуі




Мазмұны,сапасы,сөйлеу мәнері.




Барлығы







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Евгений Брусиловский-қазақ симфониясының негізін қалаушы

Автор: Тажбаева Дания Манасовна

Дата: 03.04.2017

Номер свидетельства: 405993


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства