Әр ұлттың өзіндік болмысын ерекшелейтін тұстары салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі – осыған орай бедерленетін мәдениеті, өнері. Қазақ халқы тарихтада, танып білуімізде декөшпенділер қатарында. Өнері аттың жалында, түйенің қомында, қарияларымыздың көкірек жан сарайында, найзаның ұшында, көсеудің сабында, ауыздан ауызға, қолдан қолға, құлақтан құлаққа жетті деп ұғындырды. Сауатымыз тақыр деңгейде , жазба мәдениеті болмаған деп түсіндірді. Іштей бұғып намыстанушы едік. Бекер екен!
Әр заманды зауалымен зиялаған ата-бабаларымыздың асқан даналық, даралық қасиеттері кеш болсада ұқтырған ел егемендігінің еңсесі биіктей бергейді. Халқымыз небір зұлматты , небір тағдырдың тәперішін бастан кешті, сонда да рухтары биік, санасы салихалы, салауатты , армандарыасқар, көкіректері ояу, көздерінің ашығы-ай. Көзге көрініп, қолға ұстағанның бәрі тамызықсыз отқа жанып, күлі көкке ұшып жатқаннан соң бар разығын көкірек сарайына зерделеп, құлақтан құлаққа, қолдан қолға жеткізу нағыз даналық емес пе?!
Ұлы ойшылымыз Абай айтқандай дүниеге өлеңмен келіп, өлеңмен жер қоынына еніп, тал бесіктен жер бесікке дейін әнге бөленіп, күйге тербеліп, саналы ғұмыр кешкен дана халық. Ұлтымыздың өз тұрмыс-тіршілігінің бақилық төл құжатындай домбыра аспабы бар . болмысымызды шанақ мұрағатында хаттап, оның картотекасын өз пернесінде сақтаған. Тылсым тарихтың тұңғиығына бойлаған, мың құпияның кілтін тапқан сиқыр саусақтар ғана домбыраны мәңгілік сөйлете білді. Шарықтауда құлдырауда , кідіріс-кедергілерде, өсіп-өркендеу, даму-дағдарыста да Жошы хан ұлының қазасын жеткізіп, кеудесіне құйылған қорғасыннан тілін жұтып ойылған жаңғырық аузынан күші қаға салысымен қос ішектен құйылатын әз әуездің кейінде қанша ғұмыры барын болжаймыз, алда тіршілік бар жерде бірге тыныстайтынына сенім мол.
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра,-
Деген Қадыр ақын өлең жолдары осы ойымызды дәлелдей түспей ме? Домбыра қазақ халқын, тарихын, оның өнерін дүние жүзіне танытты.
Домбырам – мұрам!
Дайындаған: Садвакасова Кундыз Тураровна «Школа искусств №2»