Просмотр содержимого документа
«Дана да Отан, ана,?ке деп тол?ананды. (Н.Тілендиевті? шы?армашылы?ы) »
Панфилов атындағы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Дана да Отан, ана,әке деп толғананды.
(Н.Тілендиевтің шығармашылығы)
Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылы
Панфилов атындағы орта мектебінің
Музыка пәнінің мұғалімі Бримбетова Е.А
Сабақтың тақырыбы: Дана да Отан, ана,әке деп толғананды.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Халық қаһарманы, ұлттық музыкамыздың днышпаны Н.Тілендиевтің шығармашылық туындыларымен, өмірбаянымен таныстыру.
Дамытушылдық: Оқушылардың музыкалық қабілеттерін, музыкалық сауаттылығын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әсемдікке баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық музыканы түсінуге, оны құрметтеуге, одан ләззәт ала білуге, іздемпаздыққа, ірі тұлғаға еліктеушілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабаққа қолданған білім технололгия: мультимедия.
Сабақтың әдісі: аралас, ізденіс..
Жабдықтары. Слайдтар, электрондық аспабы, домбыра, плакат-дыбыстық басқыштар.
Сабақтың жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен тақырыпқа шолу.
3. Жаңа тақырып.
4. Музыка тыңдату.
5Дауысты қалпына келтіру жаттығуларымен жұмыс.
6. Ән үйрету.
7. Қорытынды.
8. Үй тапсырмасы.
1. Оқушыларды сабаққа даярлау. «Ата толғауы» Н. Тілендиев. ( Үн таспада).
2. Өткен тақырыпқа шолу.
- Ән романс жанры туралы не білесің?
- Қазақстандағы ән романс жанрына жол ашқан қандай композиторларды білесің?
- Л.Хамиди туралы әңгімеле.
3.Жаңа тақырып: Дана да Отан, ана, әке деп толғанады. Н. Тілендиев өмірбаяны және шығармалары.
Қазақстандағы ән романс жанрына үлкен үлес қосқан композитордың бірі , қазақ халқының рухани музыка мәденитінін көтеруге атсалысқан атақты талантты композитор Н. Тілендиев. Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбетттен кейінгі тарландардың бірі, туған халқы үшін барынша аянбай еңбек еткен, шын дарын иесі, ойлы да білімді, сезімтал, дүлдүл домбырашы әрі дирижер бір тума Нұрғиса Тілендиев 1925ж 1сәуірде Алматы облысының қазіргі Жамбыл ауданында дүниеге келді. Ол балалық шағын туған ауылында ақын-күйшілердің ортасында өткізді. Музыкаға ынтасы ерте оянған зерделі бала жастайынан домбыра тартып , ән айтуға машықтанады. 1994ж өз оркестірі «Отырар сазымен» Солтүстік Кореяда өткен, дүние жүзінен 64 ел қатысқан өнер фестивальінде 1ші орын алып, алтын медальға ие болды.
Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сал-серілік дәстүрдің баға жетпес тұяғы. Нұрғисаның композитор, дирижер, орындаушы ретіндегі ойы көпке ортақ, тілі түсінікті.
(Күй Ж.Жабаев атамызға арналғаны туралы мағлұмыт беру-слайды.)
5.Дауысты қалпына келтіретін жаттығулармен жұмыс.
Ән үйрету: Н. Тілендиев «Әке туралы жыр».
Әнді сөзін анық, әуенін таза орындауға үйренту.Тынысты мөлшерлеп шығара білуге дағдыландыру. Мазмұнын талдау.
Оқушыларға түсінікті болу үшін «Әке» сөзіне талдауды сорос бағдарламасы бойынша көрсету. Сұрақ: Әке кім? (қамқоршы, ақылшы, пана, ұстаз, асқар тау, дана дос, жарық өмір сыйлаушы).
Сабақты қорытыу: Қозғау сұрақ-жауап сорос бағдарламасы бойынша.
- Н. Тілендиев кім?
- Н. Тілендиев қай жерде дүниеге келді?
- Н. Тілендиев шығармаларын ата.
- Н. Тілендиевке қандай атақ берілген?
Ұй тапсырмасы: «Әке туралы жыр» әнін мәнерлеп орындау. Теледидардан тыңдаған Н.Тілендиевтің шығармаларының атауын, әуенін еске сақтау.