Саба?ты? ма?саты: ?аза? даласында ?асырлар бойы жина?талып, са?тал?ан халы? ?н-к?йлері мен халы? композиторларыны? ?н-к?йлерін осы заман?а жеткізген халы? арасынан шы??ан дарынды ?нер са?ла?тары туралы білім ?алыптастыру.
Саба?ты? міндеттері:
Халы? музыкасын жеткізушілер - халы? арасынан шы??ан дарын иелері: ?нші, к?йші, жыршылар екенін ??ындыру.
Халы? музыкасын т?сіне отырып, ?уеніні? ерекшелігін таба білуге, талдай білуге баулу. Халы? музыкасына, халы? ?нерпаздарына, д?ст?рлі музыка?а деген ??рмет сезіміне т?рбиелеу.
Саба?ты? барысы:
Ой ша?ыру.
Саба?ты 3-сыныпта таныс?ан кез келген сал-серіні? ?ндерін ты?даудан бастау?а болады. Осы ты?дал?ан шы?арма т??ірегінде с?ра?тар ?ойып, о?ушыларды? пікірлерін ты?дау.
Осындай халы? композиторларыны? ?н-к?йлерін бізді? заманымыз?а жеткізген халы? арасынан шы??ан дарын иелері - ?ншілер, к?йшілер, жыршылар ?аза? даласында жеткілікті. I то?санда біз осындай ?нер са?ла?тарымен танысамыз.
О?улы?пен ж?мыс.
О?улы?та?ы м?тінмен танысып, оны? мазм?нын ашу. ?здері білетін танымал сал-серілер ж?не халы? арасынан шы??ан ?нерпаздар туралы ??гімелету.
?аза? хал?ыны? д?ст?рлі ?н-к?йі - рухани м?раны? е? бай ?азынасы. ?асырлар бойы сына?тан ?тіп, халы? дарындылы?ы мен даналы?ын к?рсете білген ол ?азір де ерекше тарихи ма?ыз?а, к?ркемдік м?дени ба?а?а ие болды. ?аза? даласы ?асырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды к?йлер ж?не шын ж?ректен шы??ан ?ндермен ?мір с?рген. ?аза?ты? б?кіл ?мірі ?уенмен байланысты - ол тойларда, салт-д?ст?рлер мен к?нделікті е?бекте ж?не бас?а жерлерде айтылады. ?аза? хал?ы та??аларлы? музыкалы? дарындылы?ымен ерекшеленеді, ?р отбасында дерлік жа?сы ?н айтатын немесе халы? аспаптарында дарынды ойнайтын е? болма?анда бір адам табылады. ?асырлар бойы музыкалы? м?дениетті? са?таушысы да, оны к?тере білген де халы?ты? ?зі. Оны ??ыпты са?тап ж?не жа?сы дамытып, ?рпа?тан-?рпа??а жеткізіп отыр?ан. 18-19-?асырларда ?аза?тарды? ?мірі мен тіршілігін зерттеген к?птеген ?алымдар, ?здері бас?а ?лт пен м?дениет ?кілдері болса да, ?аза? хал?ыны? ерекше а?ынды?, музыкалы? таланттарына, халы?ты? шы?армашылы??а, ?ар?ынды музыкалы?-а?ынды? ?абілеттілігіне, халы?ты? музыкалы? ?нерге молынан ?атысуына та? ?ал?ан. ?аза? хал?ыны? ?н д?ст?ріне та? бол?ан танымал орыс ?алымы Г. Потанин: «Ма?ан б?кіл ?аза? даласы ?н салып т?р?андай к?рінеді» деп жаз?ан.
?аза? даласы талай талантты жыраулар, а?ындар, ?ле?шілер, к?йшілер, ?ншілер, я?ни ?нерпаздарды тудырды. ?лы ?аза? даласында олар патшалармен, ?йгілі мемлекеттік ?айраткерлермен ж?не ірі ?олбасшылармен бірдей ??рметті болды. Осындай асыл ?азынаны бізге жеткізуші халы? арасынан шы??ан дарындылар аз болмады. Олар халы?ты? ?асырлар бойы ?алыптас?ан д?ст?рлі ?н-к?йлерін, халы? композиторларыны? шы?армаларын кейінгі ?рпа??а еш б?рмалаусыз, сол ?алпында жеткізді.
М. Ержанов, ?. ??рман?алиев, ?. Жантілеуов, Ж. Елебеков, Д. Мы?тыбаев, Ж. ?аламбаев, Т. Момбеков сия?ты халы? ?нерпаздары, шын талант иелері, д?ст?рлі ?н-к?йді? хас шеберлері рухани бай музыкалы? м?раны жеткізумен ?атар, оларды ?з жанынан ерекше
т?рлендіре де білді. Д?ст?рлі ?н-к?йлерді? музыканы? алтын ?орына айналып, болаша? ?рпа?ты? есінде мэ?гі са?талуы жолында аянбай е?бек етті. Б?л ?нер са?ла?тары халы?ты? с?йіктісіне айналды.
Музыка ты?дау.
Халы? ?ні «Г?лдерайым».
Халы? к?йі «Ке?ес».
«Ке?ес» к?йіні? мазм?ны не туралы деп ойлайсы??
?н мен к?йді? ?уенінде ?андай айырмашылы? бар?
(М??алімні? ?алауы бойынша танымал халы? ?н-к?йлерінты?датып, шы?у тарихы туралы ??гімелеп беруге болады).
Музыка сауаттылы?ы.
Сал-сері - бойына ?нерді? барлы? т?рі дары?ан халы? ?нерпазы.
Халы? композиторы - арнайы музыкалы? білімі болмаса да, ?з жанынан музыка шы?аратын дарынды т?л?а.
К?сіби композитор — арнайы музыкалы? білім ал?ан, ?з жанынан музыка шы?аратын дарын иесі.
Сал-сері, халы? композиторы мен к?сіби композиторларды? айырмашылы?ын ажырату.
?н орындау.
«?нер ?арлы?аштары» ?нін ?йрету (музыкасын жаз?ан Ж. Т?рсынбаев, с?зін жаз?ан А. Асылбеков). ?уенін буындар?а б?ліп ?йрете отырып ?нді шебер орындау?а да?дыландыру, хормен айт?ызу. ?нні? мазм?нын с?ра?тар ?ою ар?ылы о?ушыларды? ?здеріне талдату. ?нер, халы? ?нерпаздары туралы ой-пікірлерін айт?ызу.
Просмотр содержимого документа
«д?ст?рлі ?н-к?й са?ла?тары»
1 сабақ. Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек - Білім күні!
Сабақтың мақсаты: мектеп - оқушылардың оқу-білім, өнер ордасы екені туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Оқушыларға Білім күнінің шығу тарихы туралы мағлұмат беру.
Музыканы түсінуін, ұстаз еңбегін бағалай білуін, сөйлеу тілін, ой- өрісін дамыту.
Оқу-білімге құштарлыққа, өнерді сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ой шақыру.
Оқушыларға «Білім күні» туралы бейнефильм көрсетіледі. Содан кейін сұрақ-жауап арқылы сабақты бастауға болады.
Қандай көрініс тамашаладық?
Не туралы деп ойлайсың?
Қандай мереке туралы?
Ол туралы өз ойыңды айт.
Білім күні сен үшін несімен ерекше?
Сұрақтар арқылы оқушылардың ойларын, пікірлерін, көзқарастарын тыңдап, әрі қарай жаңа сабаққа көшеміз.
Оқулықпен жұмыс.
4-сынып оқулығымен, ондағы шартты белгілермен, осы сыныпта берілетін білім мазмұнымен таныстыру. Оқулықтағы мәтінмен танысу, оны талдау, оқушының пікірін, ойын, көзқарасын тыңдау.
1 қыркүйек - оқушылар үшін ерекше күн. Себебі бұл - Білім күні. Алғашқы қоңырау үнімен сен де өз білім ордаңа асығасың. Мектебіңде сыныптастарыңмен, достарыңмен және өзіңді біліммен қаруландыратын ұстаздарыңмен кездесесің. Еліміз Білім күнін ыстық ықыласпен атап өтеді. Әр ұстаз, әр оқушы бұл мерекелі күнді ерекше үмітпен, есейген көңілмен қарсы алады.
Аталған күннің шығу тарихы да бар. 4-ғасырда, яғни 325 жылы атақты Рим императоры Константин әлемді таңғалдырған алып шіркеу тұрғызып, 1 қыркүйек күні Жаңа жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады. Алайда бұл шешім бірден жүзеге аса қойған жоқ. Ресейде және басқа да мемлекеттерде Жаңа жыл наурыз-сәуір айларында атап өтіліп жүрді. Арада жүздеген жылдар өткен соң, 1492 жылы Ресей князі III Иванның бұйрығымен Жаңа жылды тойлау дәстүрі I қыркүйекке ауыстырылады. Бұл кезде мектептер шіркеу ішінде орналасатын еді. Сондықтан оқу жылы жаңа жылда басталатын болып белгіленеді. Кейін 1699 жылы еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа жылды тойлау 1 қаңтарға ауыстырылды. Алайда оқу жылының басталу күні өзгертілмеді. Бір жағынан климаттың да әсері болуы мүмкін. Өйткені оқушыларға күздің қара суығынан гөрі жаздың жайма-шуақ күндерінде демалған әлдеқайда ыңғайлы еді.
Сонымен, бағзы заманда күнтізбенің алғашқы күні 1 қыркүйекте басталғандықтан, оқушылар осы күні мектепке баратын болған. Ал 1984 жылдан бастап Білім күні күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды.
Ән орындау.
Ақын М. Хакімжанованың сөзіне жазылған И. Нүсіпбаевтің «Мектеп-ана» әнін үйрету. Дауыс жаттығуы ретінде дыбыс қатарын нота ұзақтықтарына байланысты (бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік) айтқызуға болады. Бұл негізі 3-сыныптағы нота сауаттылығын еске түсіруге көмектеседі. Әнді фразаға бөліп, қайталап айту арқылы үйреткен өте тиімді. Ән әуені жеңіл, көңілді, қуанышты, орташа екпінде орындалады.
Музыка тыңдау.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тыңдау. Еліміздің басты рәміздерінің бірі - Мемлекеттік Гимн. Оны қазақстандық әр азамат жатқа білуге міндетті. Еліміздің мектептеріндегі алғашқы музыка сабағы Мемлекеттік Гимнді тыңдаумен басталады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторлары: Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
Гимнді тыңдаған кезде не сезіндің?
Ел рухын көтерер тағы қандай әндерді білесің?
Өз Отаныңды не арқылы мақтан тұтасың?
Атамекен, туған жер, Отан, егемендік туралы ойыңды айтып бер.
Мақал-мәтелдерді оқып, талдау.
Отан - қуат,
Отбасы - шуақ.
Отансыз адам -
Ормансыз бұлбұл.
Егемен елдің еңсесі биік.
Мұғалімнің қалауы бойынша мақал-мәтелдерді өзгертіп қолдануға болады.
Сабақты қорытындылау.
Біліммен қарулану, білімді болу адамзатқа пайдасын қалай тигізеді?
Өз ойыңды дәлелде.
Ұстаздарыңа, сыныптастарыңа осы күні қандай тілек айтар едің?
Оқу-білім, мектеп, ұстаз туралы өлең жолдарын айтып бер.
«Білім мен өнер - егіз ұғым». Осы сөздің мағынасын өз ойыңмен жеткіз.
Үйге тапсырма.
Шығармашылық тапсырма: «Алтын ұя - мектебім!» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2 сабақ. ҰЛЫ ҰСТАЗДАР КӨШІ
Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі ән-күй саңлақтары.
Сабақтың мақсаты: қазақ даласында ғасырлар бойы жинақталып, сақталған халық ән-күйлері мен халық композиторларының ән-күйлерін осы заманға жеткізген халық арасынан шыққан дарынды өнер саңлақтары туралы білім қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Халық музыкасын жеткізушілер - халық арасынан шыққан дарын иелері: әнші, күйші, жыршылар екенін ұғындыру.
Халық музыкасын түсіне отырып, әуенінің ерекшелігін таба білуге, талдай білуге баулу. Халық музыкасына, халық өнерпаздарына, дәстүрлі музыкаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ой шақыру.
Сабақты 3-сыныпта танысқан кез келген сал-серінің әндерін тыңдаудан бастауға болады. Осы тыңдалған шығарма төңірегінде сұрақтар қойып, оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Осындай халық композиторларының ән-күйлерін біздің заманымызға жеткізген халық арасынан шыққан дарын иелері - әншілер, күйшілер, жыршылар қазақ даласында жеткілікті. I тоқсанда біз осындай өнер саңлақтарымен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтінмен танысып, оның мазмұнын ашу. Өздері білетін танымал сал-серілер және халық арасынан шыққан өнерпаздар туралы әңгімелету.
Қазақ халқының дәстүрлі ән-күйі - рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген ол қазір де ерекше тарихи маңызға, көркемдік мәдени бағаға ие болды. Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Қазақтың бүкіл өмірі әуенмен байланысты - ол тойларда, салт-дәстүрлер мен күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңғаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Оны ұқыпты сақтап және жақсы дамытып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. 18-19-ғасырларда қазақтардың өмірі мен тіршілігін зерттеген көптеген ғалымдар, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музыкалық-ақындық қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалған. Қазақ халқының ән дәстүріне таң болған танымал орыс ғалымы Г. Потанин: «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деп жазған.
Қазақ даласы талай талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер, яғни өнерпаздарды тудырды. Ұлы қазақ даласында олар патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды. Осындай асыл қазынаны бізге жеткізуші халық арасынан шыққан дарындылар аз болмады. Олар халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі ән-күйлерін, халық композиторларының шығармаларын кейінгі ұрпаққа еш бұрмалаусыз, сол қалпында жеткізді.
М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев, Қ. Жантілеуов, Ж. Елебеков, Д. Мықтыбаев, Ж. Қаламбаев, Т. Момбеков сияқты халық өнерпаздары, шын талант иелері, дәстүрлі ән-күйдің хас шеберлері рухани бай музыкалық мұраны жеткізумен қатар, оларды өз жанынан ерекше
түрлендіре де білді. Дәстүрлі ән-күйлердің музыканың алтын қорына айналып, болашақ ұрпақтың есінде мэңгі сақталуы жолында аянбай еңбек етті. Бұл өнер саңлақтары халықтың сүйіктісіне айналды.
Музыка тыңдау.
Халық әні «Гүлдерайым».
Халық күйі «Кеңес».
«Кеңес» күйінің мазмұны не туралы деп ойлайсың?
Ән мен күйдің әуенінде қандай айырмашылық бар?
(Мұғалімнің қалауы бойынша танымал халық ән-күйлерінтыңдатып, шығу тарихы туралы әңгімелеп беруге болады).
Музыка сауаттылығы.
Сал-сері - бойына өнердің барлық түрі дарыған халық өнерпазы.
Халық композиторы - арнайы музыкалық білімі болмаса да, өз жанынан музыка шығаратын дарынды тұлға.
Кәсіби композитор — арнайы музыкалық білім алған, өз жанынан музыка шығаратын дарын иесі.
Сал-сері, халық композиторы мен кәсіби композиторлардың айырмашылығын ажырату.
Ән орындау.
«Өнер қарлығаштары» әнін үйрету (музыкасын жазған Ж. Тұрсынбаев, сөзін жазған А. Асылбеков). Әуенін буындарға бөліп үйрете отырып әнді шебер орындауға дағдыландыру, хормен айтқызу. Әннің мазмұнын сұрақтар қою арқылы оқушылардың өздеріне талдату. Өнер, халық өнерпаздары туралы ой-пікірлерін айтқызу.
Домбыра ойнау.
Үшінші сыныпта үйренген халық күйі «Келіншекті» естеріне түсіріп, алғашқы буынын қайталату.
Сабақты қорытындылау.
Халқымыздың дәстүрлі ән-күйі біздің заманымызға дейін қалай жетті?
Дәстүрлі ән-күйлерді орындайтын өнерпазды халық қалай құрметтеді?
Қандай халық композиторларын білесің?
Кәсіби композитор мен халық композиторының айырмашылығы қандай?
Өз ойыңды білдір.
Үйге тапсырма.
Бір халық әнінің немесе халық күйінің шығу тарихы туралы жазып келуге тапсырма беруге болады.
3 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қали Жантілеуов — күй дәстүрінің шежірешісі.
Сабақтың мақсаты: халық өнерпазы, шебер домбырашы-күйші, халық әртісі Қали Жантілеуов, оның шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Домбырашы-күйші Қали Жантілеуов туралы теориялық білім беру, оның орындауындағы күйлер туралы түсінік беру.
Күй әуенін тыңдай отырып сезінуге, мазмұнын түсінуге баулу.
Халық өнерпазын құрметтеуге, дәстүрлі күй өнерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Музыка тыңдау.
Қ. Жантілеуовтің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауынды» тыңдатып, сұрақтар қойып, оқушылармен бірге талдау.
Күй әуені қандай музыкалық көңіл күйді бейнелейді?
Күйдің екпіні, ырғағы нені білдіреді?
Күйдің мазмұнын сипатта.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы берілген мәтінді оқып, мазмұнын түсінуге ықпал жасау, жетекші сұрақтар қойып, мазмұнын ашу.
Қали Жантілеуов (1902 - 1970) - домбырашы-күйші. Қазақстанның халық әртісі. Орал облысының Жаңақала ауданындағы Қамыссамар ауылында дүниеге келген. Домбырада бес жасынан ойнап, ел аузында «домбырашы бала» атанған. Оның ұстазы күйші Төлеш болған. Нұртазы, Мәмен, Тоғайбай, Жұматай атты атақты күйшілерден сабақ алып, орындау мәнерін жетілдірген. Қали домбыра құлағында ойнайтын шебер орындаушы ғана емес, керемет әнші де болған. 1934 жылы ең алғашқы Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының слетінде бірінші орын алып, халық аспаптары оркестріне жұмысқа шақырылады. Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптароркестрінің негізін қалаушылардың бірі. 1944 жылдан Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы халық аспаптар кафедрасының алғашқы дәріскерлерінің бірі. Жантілеуов халық музыкасын (күйлерді) жақсы білген, орындау мәнерін жетік меңгерген. Ол халық композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Баламайсан, т. б. мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізуші. Көптеген жас домбырашылар оның батасын алу үшін іздеп келетін болған. Оның шәкірттері: Ш. Қажығалиев, Р. Омаров,
Ф. Мансұров, Н. Тілендиев және т. б. Ол «Құрмет белгісі» орденімен және түрлі медальдармен марапатталған. Қали Жантілеуов есімімен Жаңақала ауданында музыка мектебі және көше аталады.
Музыка сауаттылығы.
Күйші-домбырашы — халық күйлерінің орындау мәнерін жетік меңгерген дарынды әрі шебер өнерпаз.
Мақал-мәтелдерді оқып, талдау.
Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру. Оқушылар өз ойларын, пікірін, көзқарасын айтады. Мұғалімдердің өз қалауына қарай өзгертуіне болады.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Жақсының қасында жүр,
Шапағаты тиеді.
Домбыра ойнау.
«Келіншек» күйінің жалғасын естеріне түсіріп, келесі буынын қайталату.
Сабақты қорытындылау.
Күйші-домбырашы Қ. Жантілеуов туралы не білдің?
Қ. Жантілеуовтің ұстаздары кім, олардан не үйренді?
Қ. Жантілеуов еңбегі үшін қандай марапатқа ие болған?
Үйге тапсырма.
Күйші-домбырашы Қали Жантілеуов және оның орындауындағы күйлер туралы мәлімет жинастыр.
4 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ән өнерін паш еткен Манарбек Ержанов.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның халық әртісі, дарынды әнші әрі композитор Манарбек Ержанов және оның әндері туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
М. Ержановтың әндері туралы түсінік бере отырып, музыканың әртүрлі көңіл күйін сезіне білуге үйрету.
Дыбыстарды (көңілді, мұңды) ажырата білуге баулу. Дәстүрлі музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ән үйрете отырып ұстаздың еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы мәтін оқылып, түсініктер жасалады. Оқушыларға сұрақтар қою, ой-пікірлерін ортаға салу.
Манарбек Ержанов(1901- 1966)-әнші,композитор, Қазақстанның халық әртісі. Ол Ақан сері, Біржан сал сияқты әнші-композиторлардың дәстүрлі әншілік мектебін лайықты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы санайды. Ержановтың көп қырлы таланты әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның «Жарыс», «Амангелді туралы», «Қойшы әні» және тағы басқа шығармалары жақсы танымал. Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Олар: «Би күйі», «Аққу», «Жетісу» және т. б. Ержанов сондай-ақ әртістік өнерімен де айрықшаланады. Оның әртістігі мен әншілігі «Қыз Жібек» (Шеге), «Жалбыр» (Елемес), «Ер Тарғын» (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. М. Ержанов өмірінің соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияда белсенді қызмет атқарды. Әншінің ата-анасы да табиғатынан тума талантты жандар болған. Әкесі қолөнерінің асқан шебері, темірден түйме түйетін ісмер-ұста әрі майталман күйші-домбырашы болса, шешесі әнді жақсы салған. Әнші жастайынан Сарыарқаның әншілік мектебінің қыры мен сырын, бар құпиясын жетік меңгеріп, Біржан салдың, Ақан серінің, Жарылғапбердінің, Естай мен Жаяу Мұсаның, Шашубайдың әндерін тамылжыта шырқады. Манарбек Ержанов Қазақ драматеатрының (1928 ж.), Қазақ музыкалық театры (1934 ж.) - болашақ опера және балет театрының алғашқы әртісі болып, ұлттық өнеріміздің жұлдызды шоғыры Күләш пен Қанабек Байсейітовтер,
Қ. Жандарбеков, Ғ. Құрманғалиев, Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Е. Өмірзақов, С. Әбжанов,
Ү. Тұрдықұловалармен бірге тұңғыштар тобында сахнаға шықты. Әнші-композитор 1942 жылы Қазақ КСР Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі болып қабылданды. Арқа ән дәстүрінің әншісі өз туындыларында халқымыздың ән дәстүрін ерекше шабыттана дамытып, жаңаша түрлендіріп өрістетуге мол үлесін қосты. Манарбек тудырған әндер мен күйлер жаңарған дәуірдің жаңаша кескін- келбетін, жарқын кезең лебін жаңа әуенмен, өзіндік сипатымен жырлап, ұлттық музыка өнеріміздің дәстүрлі мінез-құлқын жоғалтпай дамытып, жалғастырды. Оған Қазақ КСР-нің халық әртісі атағы берілді, «Қызыл жұлдыз» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, Үкіметтің мақтау қағаздарымен марапатталды. Алайда оған берілген ең зор да үлкен атақ - ел құрметі, халқының махаббаты мен зор сүйіспеншілігі. Манарбектің қазақ ән мәдениетіндегі орны өзгеше, ол халқымыздың топжарған абыройлы асқақ әншісі бола білген жан. Манарбектің аты мен оның күмістей таза, ашық жауһар дауысы, орындаушылық шеберлігі, әншілігі күні бүгінге дейін халқының қасиетті қазынасына айналып отыр.
Музыка тыңдау.
М. Ержановтың орындауында Естайдың әні «Қорлан».
Мәдидің әні «Қарқаралы».
Әндерді тыңдай отырып музыкасының ерекшелігіне көңіл бөлу. Әуеніндегі дыбыстарды ажырату.
Әндердің әуенін, көңіл күйін салыстыр.
Ән мазмұнынан не түсіндің?
Әндердің мәнерлілігі, дыбыс сипаты қандай деп ойлайсың?
Оқушыларды көбірек сөйлеуге, ойларын айтқызуға, пікірлерін
дэлелдеуге үйрету, дұрыс сөз саптауын қадағалау керек.
Жаңа ән үйрену.
- Әр адамның өмірінде үлгі алатын, сауатын ашқан сүйікті ұстазы болады. Мысалы,
М. Ержанов өзін дәстүрлі ән айту өнеріне баулыған белгілі әнші әрі домбырашы Күсенбайды ұстазы санайды. Олай болса, алдымызда жер бетіндегі барлық адамдарға ең құрметті де сыйлы ұстаздар мерекесі келе жатыр. Ендеше балалардың сүйікті композиторы И. Нүсіпбаевтің «Мұғалім, ғазиз мұғалім» әнін үйренейік. Әннің мазмұны мұғалімге деген құрметті, сыйластықты, оның еңбегін бағалауды үйретеді. Әннің әуені орташа екпінде, сазды, әсем, мейіріммен орындалады.
Әнді фразаларға бөліп үйрету. Қайырмасындағы иірімдерге көңіл белу.