kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ст?рлі к?йшілік ?нер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Композиторларды?  к?йлеріні? шы?у тарихымен таныса отырып, к?йлерін ты?дау.

1. ??рман?азы Са?арбаевты?  «Сарыар?а»  к?йін ты?датамын.

                  -Осы к?йден нені а??арды?дар?

                  -К?й сендерге нендей жайларды баяндап т?р?андай? Деген с?ра?тар желісінде ойларын баяндатамын.О?ушыларды? ойын ты?дап бол?ан со? «Сарыар?а»  к?йіні? шы?у тарихы туралы жан-жа?ты баяндаймын.

-«Сарыар?а» к?йіні? шы?уы туралы к?з к?рген  ?ариялардан тарап, ел аузында ж?рген мынандай мынадай а?ыз ??гiмелер бар. Неше рет жер аударылып,Сібір т?рмелеріне ?амалып, ая?ына кісен  салынып, «Кісен аш?ан», «Т?рмеден ?аш?ан» к?йлерін шы?ар?ан ??рман?азы «Бірде т?рмеден ?ашып келе жатып, Ар?а, Алатауды басып ?тіп, ?з еліне жеткен екен, «Сары ар?а»  «Алатау» к?йлерін сол жерлерде жол –ж?некей  ?она –т?ней ж?рген жерлерінде шы?арыпты» деген ??гіме бар. Сол ??гіме желісі бойынша ??рман?азы бір т?рмеден ?аш?ан жолында Ар?ада?ы ата?ты к?йші Т?ттімбетке со?ып, к?й тартысып, сауы?-сайран ??рып, ?за? к?ндер ?адірлі ?она?ы болыпты. Сонда Т?ттімбетті? сый-сияпатына  риза бол?ан ??рман?азы Т?ттімбетке «Сізге арна?ан сыйым болсын »деп осы «Сарыар?а » к?йін шы?арып, тарту етіпті дейді. «Сарыар?а» к?йіне айызы  ?анып, рахаттан?ан Т?ттімбет, «Ендеше мен де са?ан бір к?й арнаймын» деп «К?кей кесті» к?йін ??рман?азы?а арна?ан екен.

Ал енді  «Сарыар?а» к?йіні? ?зіне келетін болса?, б?л к?й тек ??рман?азыны? ?ана емес,  жалпы ?аза?ты? ?лтты? топыра?ында ту?ан аспапты? музыкамызды? ас?аралы шы?  деуге болады. Сонды?тан да ??рман?азы атында?ы Мемлекеттік академиялы? халы? аспаптар оркестрі  барлы? концерттерін осы к?ймен ая?тап отырады. Оркестрге осындай жайды? ?алыптасуына ы?пал еткен ?алы? к?пшілік к?рермен ?ауымны? ?зі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ст?рлі к?йшілік ?нер »

Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі күйшілік өнер

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға қаншама ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан күйшілік өнер туралы мағұлмат беру.

ә) Әр дәуірде ғұмыр кешкен күйшілік өнердің тарлан жүйріктері мен жансыз дүниеге жан бітіріп, тілін бұлбұлша сайратқан дүлділдерінің өмірімен, орындаушылық өнердің сан тарау түрімен, Күйлерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, ой-өрістерін дамыту.

б) адамгершілікке, инабаттылыққа, музыканы тыңдай білуге, өнер иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Композиторлар суреттері, аудио, видео роликтер, проэктор т.б.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, көрсету, талдау жасау.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сыныптағы оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  2. Өткен сабақты сұрап қорытындылау.

-Құрманғазы кім?

-Дәулеткерей өмірі мен шығармаларын ата?

-Тәттімбет қандай күйдің өкілі?

-Абыл Тарақұлы кім?

-Ықылас қай аспапта күйлер шығарған?

-Дина Нұрпейісованың өміпрін айтып бер?

-Сүгірдің күйлерін ата?

3. Жаңа сабақ: Композиторлардың күйлерінің шығу тарихымен таныса отырып, күйлерін тыңдау.

1. Құрманғазы Сағарбаевтың «Сарыарқа» күйін тыңдатамын.

-Осы күйден нені аңғардыңдар?

-Күй сендерге нендей жайларды баяндап тұрғандай? Деген сұрақтар желісінде ойларын баяндатамын.Оқушылардың ойын тыңдап болған соң «Сарыарқа» күйінің шығу тарихы туралы жан-жақты баяндаймын.

-«Сарыарқа» күйінің шығуы туралы көз көрген қариялардан тарап, ел аузында жүрген мынандай мынадай аңыз әңгңмелер бар. Неше рет жер аударылып,Сібір түрмелеріне қамалып, аяғына кісен салынып, «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» күйлерін шығарған Құрманғазы «Бірде түрмеден қашып келе жатып, Арқа, Алатауды басып өтіп, өз еліне жеткен екен, «Сары арқа» «Алатау» күйлерін сол жерлерде жол –жөнекей қона –түней жүрген жерлерінде шығарыпты» деген әңгіме бар. Сол әңгіме желісі бойынша Құрманғазы бір түрмеден қашқан жолында Арқадағы атақты күйші Тәттімбетке соғып, күй тартысып, сауық-сайран құрып, ұзақ күндер қадірлі қонағы болыпты. Сонда Тәттімбеттің сый-сияпатына риза болған Құрманғазы Тәттімбетке «Сізге арнаған сыйым болсын »деп осы «Сарыарқа » күйін шығарып, тарту етіпті дейді. «Сарыарқа» күйіне айызы қанып, рахаттанған Тәттімбет, «Ендеше мен де саған бір күй арнаймын» деп «Көкей кесті» күйін Құрманғазыға арнаған екен.

Ал енді «Сарыарқа» күйінің өзіне келетін болсақ, бұл күй тек Құрманғазының ғана емес, жалпы қазақтың ұлттық топырағында туған аспаптық музыкамыздың асқаралы шың деуге болады. Сондықтан да Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі барлық концерттерін осы күймен аяқтап отырады. Оркестрге осындай жайдың қалыптасуына ықпал еткен қалың көпшілік көрермен өауымның өзі.

Себебі, әйгілі Құрманғазы атындағы оркестр концерттерінің бірде-бірінде көпшілік оркестрді «Сарыарқа» күйін орындатпай жібермейді. «Сарыарқа» деп залдың әр тұсынан дауыстап қол шапалақтап отырып алатын болған.

Расында да әрі шаттық-қуанышты, әрі жігерлі, фанфармен бір тосын алапат күшті сездіретіндей «Сарыарқа» күйінің кіріспесінің өзі кімді-кімді елең еткізетіндей әсерлі естіледі. Күй үздіксіз алға ұмтылған қуаттылығымен қазақтың дүбірлі кең даласының бүкіл тіршілік-тынысын, елдігі мен еркіндігін, қайтпас қайсарлығымен ерлігін, құдыретті жойқын күшін танытады.

Күйдің қорытынды бөлігі де (кодасы) ерекше. Мұндағы тақырыпта қорытындылау, түйіндеу тұсында автор бұран кездеспеген әдіс-амалдарды қолданады. Құрманғазы «Сарыарқа» күйі арқылы күй құрылысына үлкен жаңалықтар ендіріп, оны орындаушылық ерекшеліктерге де өзгерістер әкеліп, жалры ұлт аспаптық музыкамыздың одан ары дамуына зор үлес қосқан адам.

Ал Дәулеткерейдің 1821 жылдар шамсында бұрынғы Бөкей ордасындағы Қарамола деген жерде дүниеге келген.Ол Құрманғазыдай кедей табынан емес, белгілі төрелер тұқымынан.Әкесі Шығай сұлтан ауқатты адам болған. Шығай Дәулеткерейді Бөкей хандығының қол астындағы ел-жұртты билеп –төстеуші ұлық-әкім болады деп үміттенгенімен Дәулеткерей әр кездері билік жұмысымен айналысқаны болмаса, оның таңдаған жолы мүлде басқаша, күйшілік өнер жолы еді.

Дәулеткерейдің күйшілік бағыт-бағдары да, қолтаңбасы да Құрманғазыдан өзгеше. Құрманғазы мен Дәулеткерей бір кездескенде күй тартысып отырып, Дәулеткерей өзінің Құрманғазы күйін тартып болғаннан кейін Дәулеткерей сүйсініп «Оу, мынауыңыз «Бұлбұл»емес, «Бұлбұлдың құрғыры ғой »депті .Сөйтіп, Құрманғазының сондағы тартқан күйі күні бүгін де «Бұлбұлдың құрғыры» аталады.

Дәулеткерейдің «Жігер» аталатын күйі-күйшінің халық тағдырын ойлап, сол кездегі қоғамдық-әлеуметтік жағдайға, отаршылық саясатқа қарсы қыр көрсете наразылық білдіруі.

Дәулеткерей айтар ойын Құрманғазыдай тура маңдайға ұрып, көзге шұқып дегендей емес, сабырлы салмақпен астарлай жеткізеді. Ол жөнінде А. Жұбанов «Бұл күйде босана алмай булығып жатқан алапат күш, жалыны мол жігер бар. Сірә күйші іште тұнған наразылық сезімін, нар тәуекел деп бірден ашып тастамай, қабақпен, ыммен шымырлата жеркізген тәрізді»,-деп жазады.

«Жігер» күйінен үзінді тыңдатамын.


Шертпе күйдің атасы саналатын Тәттімбеттің қазақтың аспаптық музыкасымен дәстүрлі күйшілік өнердегі алатын орны ерекше.

Тәттімбет асқан дәулескер күйші ғана емес, әрі арынды ақын, зерек ойлы, өткір тілді шешен адам болған деседі.

Тәттімбеттің күйшілік өнеріне келсек, өзіндік шертпе күй дәстүрінің қалыптасуына жол ашқан, осы саладағы ең соқпалы, аса көрнекті ірі тұлға. Тәттімбет домбырада күй тартудың, оң бұрау, теріс бұрау, шалыс бұрау, қалыс бұрау, қосақ бұрау сияқты техникалық түрлерін ендіріп, өзінің сондай тәсілдермен ойналатын көптеген күйлерін өнеге етіп шығарған. Тәттәмбеттің шоқтығы биік шығармаларының бірі-«Саржайлау» күйі. Күйдің өне бойындағы алуан түрлі әшекейлі өрнектермен өрілген лирикалық әсем әуен тыңдаушыны рахат сезімге бөлейді. Күй екі ішекті жеке-жеке қағу немесе жеке қағу керек жерінде қос ішекті оң қолмен түйдектете қағу тәсілімен орындалады. Енді осы күйден үзінді тыңдап көрсек.


Ықылас Дүкенұлы.

Ықыластың «Ерден» күйінің де өзіндік ұзақ-сонар әңгңмесі бар. «Ерден дуанбасы болған және ол байлығы басынан кетпеген, ел ішінде беделін жүргізе алатын, кімде-кімді өз дегеніне көндіруге тырысатын менмендігі зор, найзагерлігімен «Батыр Ерден атанған, қобыз тартатын да өнері болған адам. Сол Ерденнің Айменде деген ұлы қайтыс болып, қаралы күйге түскен Ерденге ел-жұрт көңіл айтуға барады. Ерден ұлының қазасын аза тұтып теріс қарап жатып алады. Ел ішіндегі игі жақсылар мен өткір тілді шешендер басу айтып,Ақыры Ерденді орнынан тұрғызады.Бірақ Ерден қайғыдан арыла алмай есеңгіреп отырып қалады. Ауық –ауық «Жалғызым, құлыным!»деп күбірлей сөйлеп, көкірегін кернеген шерді шығарғысы келгендей жанында ілулі тұрған қобызына әлсін-әлсін қолын созып сипап қойып, аһлап-үһлеп отырады.Біраздан соң жұрттың басу айтқан сөзіне құлақ салмай сыртқа шығып кетеді. Жиналған жұрттың ішінде сол кезде жиырмаға толар-толмастағы Ықылас та болыпты. Неше күндей Ерденнің аһ ұрған халіне бірге іштей езіле егіліп, қобызға ынтыға қанап, қаралы кезде оған батылы жетпей отырған Ықылас Ерденнің тысқа шығып кеткенін пайдаланып,, қобызды қолына алып, құшырлана шалып-шалып жібереді. Шалғанда да Ерденнің неше күндей «Беу жалғызым, құлыным!» деп ішін жегідей жеген қасіретті күрсінісіндей етіп зарлы үн шығарады. Сөйтіп, зарлата бір үн шығарған соң, қобызды өз орнына сүйей салады. Сол кезде көзіне жас үйіріліп, кемсеңдей ентігіп Ерден кіріп келеді де: -Ойпырм-ай, біреуің қобыз тарттыңдар ма, әлде менің кеудемді өртеген қасірет-зарым қобыз үні болып құлағыма шалынды ма?! Бір сұңғыла сарын сұңқылдай азынап, естен тандырды ғой!-депті. Сонда отырғандар ішінен бір қария: -Ау, Ерден, сабыр, сабыр! Мына бір бала білместік жасап, қобызыңа қол тигізіп қойды,-деп Ықыласты нұсқайды.Ерден мойнынан жүк түскендей болып орнына отырып, -Уа, жақсылар мен жайсаңдар! НЕше күндей менің қайғылы халімнің қызығына қарағанша, араларыңда мені сол қайғыдан арашалап алып қалар адамның барын айтпадыңдар ма?! Менің қасырет щерімді күй сейілтетін болар, қане, тартша бала жаңағы сарыныңды деген екен.Ықылас қобызын ойнағанда Ерден –Пай-пай мұндай да жорға болады екен-ау! Десе десін-ау, десе десін-ау дей берген екен, Енді осы «Ерден»күйін тыңдап көрейік.


Сабақты пысықтау:-«Дәстүрлі» күйшілік өнер өкілдерін ата?

-Күй неше топқа бөлінеді?

-Құрманғазының қандай күйін тыңдадық?

-Тәттімбеттің қай күйін тыңдадыңдар?

-Ықылас «Ерден» күйін кімге арнапты?

-Сүгір қандай күй жазған?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Д?ст?рлі к?йшілік ?нер

Автор: Чорганова Куляш Нурсапановна

Дата: 21.08.2015

Номер свидетельства: 226251


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства