kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Cаба? та?ырыбы: "?ыс ?ызы?ы" ??лынша? тобы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«??лынша?» ортан?ы   тобында ?йымдастырыл?ан іс-?рекетті?                                     

технологиялы? картасы

Білім беру саласы: Шы?армашылы?

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет:?н-саз

Та?ырыбы:      «?ыс ?ызы?ы».

Ма?саты:музыканы ты?дап,ыр?а?ты сезінуге баулу.?нді м?нерлеп айту?а,дауыс ыр?а?тарын жатты?у ар?ылы дамыту?а жетелеу.

К?рнекілік:?рмалы аспаптар:бубен,маракас,?шб?рыш;?ыс к?рінісі бейнеленген сурет.

 С?здік ж?мыс: ?ыс,шырша,а??ала.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Cаба? та?ырыбы: "?ыс ?ызы?ы" ??лынша? тобы»





«Ботақан» ересектер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

тақырыптық жылдық жоспары.



Айы

Білім беру саласы

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы

Апта тақырыптары

Сағат

Қыркүйек

Шығармашылық

«Армысың әуен»

«Білімің-бұлағым» «Нота үйренейік» «Көңілді ырғақтар» «Біздің аспаптар»

2 2 2 2

Қазан

Шығармашылық

«Алтын күз»

«Күзгі серуен» «Жомарт күз» «Күзгі жаңбыр» «Сабантойды тойлаймыз»

2 2 2 2

Қараша

Шығармашылық

«Тәуелсіз Қазақстан»

«Сүйікті қалам –Актау» «Гүлдене бер ,Қазақстан» «Жомарт өлкем» «Біздің рәміздер»

2 2 2 2

Желтоқсан

Шығармашылық

«Қыс қызықтары»

«Қысқы орманда» «Егеменді елім» «Орманда серуендейміз «Қысқы әуен сыңғырлайды»

2 2 2 2

Қаңтар

Шығармашылық

«Ертегілер елінде»

«Қыс қызығы» «Аңдардың айтысы» «Бауырсақ ертегісі» «Айналада ақша қар»

2 2 2 2

Ақпан

Шығармашылық

«Отбасым бақытым»

«Бесік жыры» «Менің туыстарым» «Ақ әжем» «Ана-өмір шырағы»

2 2 2 2

Наурыз

Шығармашылық

«Салт дәстүрлер»

«Домбыра сазы» «Көктем әндері» «Наурыз жыл басы» «Қайырлы таң»

2 2 2 2

Сәуір

Шығармашылық

«Біздің ән»

«Ғарыш әлеміне саяхат» «Құстар біздің досымыз» «Бақшадағы ән-сауық» «Ән салып,би билейміз»

2 2 2 2

Мамыр

Шығармашылық

«Біз өнерлі баламыз»

«Музыка әлеміне саяхат» «Ел қорғауға әзірміз» «Бағдаршам» «Біз мектепке барамыз»

2

2 2 2

Барлығы




72-сағат























« Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

1-2 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Білімің-бұлағың» Мақсаты : Балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру,адамгершілік сезімдерін ояту. Көрнекілік: Алғашқы білім күні туралы суреттер Сөздік жұмыс: Білім,бұлақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Алғашқы ән сабағына лайық көтеріңкі көңіл күймен,жарқын музыка үніне лайық қадаммен музыка залына келеді.Шаттық шеңберін құрып,бір-біріне жылы лебіздерін,алақандарының жылуын жеткізу. –Міне,бүгін жазғы демалыс аяқталып,оқу іс-әрекетінің басталған күні.Бір жасқа үлкейіп,өсіп,жаңа топқа келіп отырсыңдар.Қадамдарың құтты болсын,дендерің сау болып өсе беріңдер !

Балалар көңілді әуенмен залға келеді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-Балалар бүгін алғашқы білім күні.Осы кезден дүниені жан-жақты тани,көре,сезіне білулерің қажет.Біздің қазақ халқы кең далада жүріп,қазақтың киелі аспабы домбырамен –ұш-қан құстың,табиғаттың,адамның бойындағы түрлі құбы-лыстарды ұғындыра білген.-Күй-қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы.Музыка тыңдау:»Қос алқа» (Дәулеткерей) -Балалар музыка қандай көңіл күйде жазылған? -Күйді ести отырып,көз алдарыңа нені елестеттіңдер? -Күй тыңдай отырып белгілі 1 оқиғаны елестетуге болама? Бұл күйде композитор әсем көріністі суреттеген.Сыңғыр-лаған қыздардың шашбауларын,сырғаларын,әсем жүріс-терін суреттеген. Ән айту: «Білімің -бұлағым» /Музыкасымен сөзін жазған Т.Қоңыратпай/ -Білім деген сөздің өзі дүниені,әлемді,табиғатты тану,білу. Білімді адам -жан жақты адам.Көп үйрену,көп білу-сауат-тылықты арттыру.Бұлақ-таусылмайтын ағын су.Сондай бі-лімді болу қажет. Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіріп,ән айту ережелерін естен шығармайық. Ойын : «Айгөлек» Балалар екі топқа бөлініп,қол ұстасып,бір-біріне қарама-қарсы тұрады.Жеребе бойынша 1 команда ойын бастайды.Әнді кезектесіп айтып,бір баланы шақырады.Ол бала жүгіріп келіп.ұстасқан қолдарды үзіп кетсе,қолдарын жіберген екі баланың біреуін өзімен ала кетеді.Егер қол-дарын үзбесе бала сол тота қалады.Қай топта бала көп қал-са,сол топ жеңіске жетеді. Би:»Жұптасу биі» Балалар жұппен қимыл жасап,әуенді тыңдай отырып,әуен-ге ілесе қимылдар жасайды. («Билеп үйренейік» кітабынан)

Балалар домбыра туралы ,күй туралы мәліметтер алады.



Балалар музыка-ны тыңдап болған соң,өз әсерлерін жеткізуге тырысады.

Балалар білім туралы білгенде-рін жеткізуге тырысады.



Балалар екі топқа бөлініп,ойынның мәтінін әуенмен айта жүріп,ойынды жалғастырады.

Балалар әуенмен бірге қимылдар жасауға тырыса-ды

Рефлекциялық түзетушілік

-Бүгін қандай күн? -Бүгін қандай музыка тыңдадыңдар? -Күй дегеніміз не? -Әнде не туралы айтылды? -Қандайойынмен таныстыңдар? -Бүгінгі іс-әрекеттің қай түрі сендерге ұнады?

Балалардың жауаптары.



Күтілетін нәтиже: Біледі: Білім не үшін керек екенін,білімді адам қандай болатынын біледі. Игереді: «Білім», «Бұлақ»» деген түсініктерді Меңгереді: Халық әуенін орындай отырып,қимылды ойын ойнауды,жұптаса би қимылдарын жасау дағдыларын. Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз















«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

3-4 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Нота үйренейік» Мақсаты: Балаларға музыка жайлы мағлұмат беру.Музыка дыбыстарының атымен таныстыру.Музыка әлеміне саяхат жасау. Көрнекілік: Бес сызық,бес сызықта орналасқан нота суреттері. Сөздік жұмыс: Бес сызық.нота.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Көңілді әуенмен музыка залына қарсы алады.Шеңбер бо-йымен жеңіл әуенге ілесіп,аяқты жеңіл көтеріп жүгіру. Шаттық шеңберін жасау: Үйренсек нотаны, Әнде саламыз, Барлығын оп-оңай Жаттап аламыз. –Біз сөзді оқығанда әріптерді бір-біріне қосып,сөздерді байланыстырып оқимыз.Ал ән салғанда әнді нотамен айта-мыз.Нота дегеніміз-музыка дыбыстарын қағаз бетіне жаза-тын белгі.Ән нота арқылы жазылады. Нотаның астына әннің сөзін жазып,оны айтамыз.

Балалар музыка әуенімен залға келіп,шаттық шеңберін жасайды.

Балалар нота сауаты туралы мағлұмат алады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Музыка тыңдау; «Гүлдерайым»/қазақтың халық әні/ -«Гүлдерайым»-лирикалық ән.Бұл арманына жете алмаған жігіттің әні.Халық өзінің жақсы көретін адамына,атына, жер-суға арнап ән жазған.Ол әндер ауызша айтылып,әнді шығарған кісі ұмыт қалып,ұл әндер «халық әні»аталып кеткен. . Ән айту: «До-ре-ми»/музыкасы мен сөзін жазған Өмірбек Байділдаев/ Нота аттарын атап өту;до-ре-ми-фа-соль-ля-си-до.Қазақ тілінде 42 әріп болса музыкада 7 нота болады. Ол ноталар бес сызықтың бойына жазылады.Ноталар іші боялған,таяғы бар домалақ түрінде болады.Композитор осы нотаны әнге қосып жырлаған. Әннің мәтінін әнге қосып үйрету: Дидактикалық ойын: «Ноталарды үйренейік.Сольфеджио»

Балаларға нота туралымәлімет бере отырып,нотаның орна-ласуына байланысты нота дыбысын табуға дағдыландыру.

Би; «Жұптасу биі» Өткен сабақта үйреткен қимылдарды қайталап,жаңадан келесі бөлігін жалғастырып,қорытынды-лау есте сақтау.Қиын қимылдарды көбірек жаттықтыру.







Әннің не туралы айтылғанын тү-сініп,нота аттарын естеріне сақтауға талпынады.



Ойынды естеріне түсіре отырып, айтуға тырысады







Би қимылдарын ырғаққа сәйкес жасауға ұмты-лады.Жұптарымен бірге қимылдайды.

Рефлекциялық түзетушілік

-Бүгін қандай ән тыңдадық? --Кім туралы ? -Әнде не туралы айтылды? -Музыкада неше нота бар? Атаңдар? -Бүгінгііс-әрекеттің қай бөлім ікөбірек ұнады? Қорытындылау,бағалау,марапаттау.

Сұрақтарға жауап беруге талпынады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Нота туралы мағлұматтарды.

Игереді: Нота,нота сызықтары туралы түсініктерді

Меңгереді:Нота туралытүсініктерді ұғына отырып,ойнау дағдылары қалыптасады.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз



















«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-

әрекеттің

5-6 технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Көңілді ырғақтар» Мақсаты: Ән арқылы балалардың бойында адамгершілік,инабаттылық сезімдерін ояту.Би музыкаларын ажыратуға үйрету. Көрнекілік: Бақытты балалардың бейнелері салынған суреттер. Сөздік жұмыс:Вальс ,полька,қазақ биі.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Музыка әуенімен балаларды залда қарсы алады.Шеңбер бойында шаттық шеңберіне тұрып,Жер анаға,күнге,досына жылы лебіздерін жеткізеді. Камзол киген қынай бел, Толған ою-өрнекке Билеші деп сұрайды ел, Өнерімді көрмекке. –Әсем киімдер киініп,мың бұралған бишілерді .концерттен,теледидардан көріп жүрсіңдер.Би-ұлттық би,түрлі халықтар билері болып бөлінеді.

Балалар әуенмен залға келеді. Қайырлы таң, Алтын күз, Қайырлы таң Жер ана ! Қайырлы таң, Туған жерім! Қайырлы таң Жан досым

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-Балалар, бүгін біз сол билерден үзінді тыңдаймыз. Музыка тыңдау:Вальс, Полька, «Қамажай». Вальс жұптасып, үдемелі айналуда өтетін би. Полька-жеңіл,аяқты тізеден көтере секіріп билейтін би түрі. Қамажай-қазақ халқының ұлттық биі.Көбіне аяқты шалыс баса жүріп,жүн түту,ұршық иіру,киіз басу,айнаға қарау секілді қимылдарменби өрнектерін жасайды. Өткен іс-әрекет кезінде үйренген әндерді еске түсіру. Ән орындау кезінде ережелерді естен шығармай,қатты айғайламай,бірін-бірі тыңдап орындау керек. Ән үйрену;»Көңілді балалар әні» /Б.Дәлденбай.Е.Өтеуліұлы/ Әнде не туралы айтылған? -Ән көңілді ме? Әлде көңілсіз бе? -Көңілді әндерді мажорлы,көңілсіз әндерді минорлы деп бөлеміз.Біздің шырқаған әніміз қайсысына жатады? Әннің мәтінін қайталап,әуенге ілесе айту.



Ойын: «Ән салған кім?»/А.Райымқұлова.А.Асылбек/ Балалар шеңберді айнала отырады. Бір бала шетте,бала-ларға арқасын беріпотырады.Балалардың жеке ән салғанын тыңдап,кім екенін ажырату.Отырған бала ән салған бала-ның дауысын таныса,орын ауыстырады.

Әуенді қимылды қозғалыс: Топты үшке бөліп,бірінші топқа вальс,екінші топқа полька,үшінші топқа Қамажай ырғағымен қимылдауды тапсыру.

Балалар түрлі билерден үзінді тыңдайды.





Өткен іс-әрекет кезінде айтқан әндерін естеріне түсіріп айтады. Көңілді,көңілсіз әндерді ажыратуға тырысады.









Дауыс тембріне сай достарының дауыстарын табуға тырысады

.



Би қимылдарын ырғққа сай жасауға талпынады.

Рефлекциялық түзетушілік

-Балалар,бүгінгі іс-әрекетімізде қандай музыка тыңдадық? -Әнде не туралы айтылды? Ойынды жақсы ажыратқан баланы марапаттау. Қорытындылау.бағалау.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дауыс тембріне сәйкес балалардың дауыстарын ажырата біледі.

Игереді: Вальс,полька,қамажай туралы ұғымдарды игеру.

Меңгереді: Түрлі би элементтеріне сәйкес қимылдарды жасау.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз













«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

-7-8 технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Біздің аспаптар» Мақсаты: Ән ,музыка арқылы күз көріністерін сезіне білуге,күз құбылыстарын ажырата білуге үйрету. Көрнекілік: күздің суреті.ерте күзбен қоңыр күздің суреттері,асатаяқ Сөздік жұмыс: алтын күз,күз--жомарт

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Балларды музыка залында музыка әуенімен қарсы алады.Шеңбер бойымен жүріп,шаттық шеңберін жасайды. Күзім-ау, күзім-ау Мінезің бұзық –ау Жаңбырың сіркіреп, келгенің қызық-ау.

Балалар музыка үніне ілесіп шеңбер бойымен жүреді.Шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-Балалар,қазір қандай жыл мезгілі? -Ауа райы қандай?Табиғатта қандай құбылыстар байқадыңдар? -Күзді қалай атауға болады? -Күзде жауын көп жауып,күн суытады.Жемістер,көкіністер піседі.Күзді көбінесе «алтын күз» , «жомарт күз» деп атайды. Ән айту: «Күз» (Қ.Шілдебаев. И.Сапарбай) Әнді музыка жетекшісі орындап береді.Балалардан әнде не туралы айтылғанын сұрайды.Әннің мәтінін талдап,әуенімен қосылып үйренеді.Өткен әндері қайталау.Әнді мәнеріне келтіріп,қаттыайғайламай, бір-бірін тыңдап орындау. Музыка тыңдау.: «Балбырауын» (Құрманғазы) -Құрманғазыны -күй атасы дейміз(суретін көрсету) Құрманғазы жастайынан зерек болған.Кішкене бала езден-ақ ұшқан құстың,соққан желдің,әрбір құбы-лыстың өзіне мәнберіп,ести алған.Бала кезінде мал соңында жүріп,кішкене домбыра жасап алып,осы естігендерін домбыраға салып тартып үйренген. «Аман бол,шешем аман бол», «Кісен ашқан», «Сарыарқа» , «Түрмеден қашқан» күйлерін шығарған .Қазір тыңдайтын күйлеріңіз «Барбырауын» -Күй қалай орындалды? -Көңілдіме? көңілсіз бе? Музыкалық аспапен танысу. –Сендер қазақтың киелі аспабы домбырамен та-ныссыңдар.Қазақтың ерте заманнан келе жатқан көне аспабының бірі-асатаяқ.»Суретін немесе болса өзін көрсету) Асатаяқ-ұрып ойналатын аспап.Оған әр түрлі сылдырмақты,қоңыраулы әшекейлеп тағылады.Музыка ырғағына қарай сілкіп ойнайдй.Асатаяқ ансабльдегі басқа аспаптардың үнінкөркемдеп,көріктендіреді. Музыкалық аспапта ойнау: «Еркемай». Балалар кезектесіп шығып, әуенге ілесіп,ырғақпен сілкіллеп ойнайды.

Балалар күз туралы білген-дерін әңгімелеп беруге тырысады.





Балалар компо-зитор туралы мағлұматтты тыңдап,күйден алған әсерлерін беруге тырысады.















Балалар аспап-пентанысып,қол-дарына алып қы-зықтап, әуенге ілесіп ырғақпен сілкілеп ойнауға тырысады.

Рефлекциялық түзетушілік

-Балалар біз қандай жыл мезгілі туралы айттық,қандай композитормен таныстық? -қандай күй тыңдадық? Ол күй не туралы екен? -Қандпй аспаппен таныстық? Қорытындылау.

Жалпы іс-әрекет-тен алған әсерлерін айтуңа тырысады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:күз құбылыстарын білуі керек.

Игереді:алтын күз,жомарт күз,асатаяқ деген ұғымдарды игереді.

Меңгереді: Музыкаға ілесіп,ырғақпен аспапта ойнау дағдыларын меңгереді.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз















«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

9-10 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Күзгі серуен» Мақсаты: Әнді бірқалыпты табиғи дауыспен мәнерлеп айтуға үйрету.Лири-калық шығарманы қабылдап сезіну,сипаттай білуге баулу.Музыкаға сәйкес қимылдап, билеуге дағдыландыру. Көрнекілік: күзгі бақ көрінісі,суреттер. Қажетті құрал-жабдықтар:күзгі жапырақтар,балапандардың және енесінің,қарақұстың атрибуттары,бірнеше шығыршық(обруч) Сөздік жұмыс: лирикалық әуен.

Оқу іс-әрекет кезеңі

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушы-лық

Зал іші күз мезгілін бейнелейтін суреттермен безен-діріледі.Жетекші: Ай жапырақ,сары алтын, Айналамның бәрі алтын Қуандырып біздерді Сары алтын күз келді. –Балалар,күз мезгілі сендерге ұнайма? Бәріміз күзгі баққа серуенге барайық. Марш.(Е.Брусиловский)ойналып,балаларға шеңбер бойымен жүруді ұсынылады.

Балалар залға кіріп,күзгі кө-ріністі тамаша-лап қызықтай- ды.

Қуана келісіп, қатарласып, марш екпіні-мен жүреді.

Ұйымдас-тырушы-лық ізденістік

-Күзгі баққа да келдік! Бақ іші қандай тамаша! Сары түске боялыпты.Жұмбақ шешіңдерші. Ағайынды бәрі, Шықса көк, Түссе сары. Бұл не? Күзгі жапырақтарды жинап, көңілді әуенмен би билейік. «Күзгі жапырақтар»( «Вальс» П.И.Чайковский) биін үйретеді.(«Билеп үйренейік» жинағынан) Жел тынымсыз гуілдеп, Болып кетті тым бұзық. Шуылдайды тал-терек, Жапырағын жұлғызып. (Ғ.Мүсірепов) -Бақтаңы ағаш жапырақтары желмен тербеліп,сы-бырласып тұрғандай .Бүгін біз орыс композиторы П.И.Чайковскиймен танысамыз(суретін көрсетеді) Композитордың «Аққу көлі», «Гүлдер вальсі»және «Жыл мезгілдері» атты шығармалары бар. «Күзні ән» («Қазан»)әуенінде не туралы айтады екен,тыңдайықшы! («Жыл мезгілі» шығармасынан, «Күзгі ән» үнтаспада немесе күйсандықта орын-далады)

-Шығарманың көңіл күйі,сипаты қандай екен? -Бұл әуеннен нені сезіп түсіндіңдер? (Балалардың жауаптарын тыңдап,белсене қатысуна ықпал жа-сайды)

Дауыс жаттығулары «Күзгіжапырақ», «Күзгі жел» әндеріне жасалады.Терең тыныс алып,дауысты еркін шығаруға үйретеді. Алма пісіп,алмұрт түсіп, Күзде бақтар жайнайды. Құстар қайтып,қош айтысып, Қимас үнмен сайрайды.

«Күз»(Қ.Шілдебаев) әнін қайталауды ұсынады.Әнді мәнерлеп айтуға үйретеді. Жаңа ән: «Күз» (Ақтоты Райымқұлова. Қ.Жұмағалиев)Композитордың балаларға арнап жазған әндері өте көп.Мысалы, «Торғай», «Жасыл шырша», «Тайтұяқ пен асатаяқ».Әнді орындап,си-патын ажыратуды,мазмұнын әңгімелеуді сұрайды. –Әнде не туралы айтады? -«Күз» әнінің сипаты қандай? Балалардың жауаптарын тыңдап,толықтырып. «лирикалық әуен» деген ұғымды түсіндіреді,бекітеді. Қимылды ән-ойын: «Етек-етек».Ойын шартын,мәтінін алдын ала түсіндіріп үйретеді.Құс-тар атрибуттары қолданылады.

Күзгі көріністі тамашалап, әңгімелейді.

Шешуі:Жапырақ



Күзгі жапырақ-тармен әуен ыр-ғағына сәйкес қозғалып,мәнер-лі билейді.

Композитор туралы біліп, мәлімет алады, танысады.

Әуенді тыңдап ,әсер алады.

Мұңды,баяу,ли-рикалық әуен. Күз мезгілінің құбылыстарын, ерекшеліктерін

Фраза арасында дұрыс тыныс алуды үйренеді.

Әнді нақышына келтіріп,хормен және жеке дауыста орын-дайды.

Жаңа әнді тың-дап,алған әсер-лері туралы әң-гімелейді.

Ән авторлары мағлұмат алып, шығармалары туралы естіп ұғынады.

Сұрақтарға белсене жауап береді.

Ойын шартын сақтап,ұйым-шылдықпен қатысады.

Рефлекция-лық түзетуші-лік

-Балалар,сендерге күзгі бақ ұнады ма? -Бақ ішінде қандай өзгерістер көрдіңдер? -Қандай лирикалық әуенді тыңдадыңдар? - «Күзгіән»шығармасын жазған қай композитор? -Үйренген жаңа әніміз қалай аталады.?

Балалар қойыл-ған сұрақтарға жауап береді.

Үйренген әндері, тыңдаған әуендері туралы өз ойларын жеткізеді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Әнді бір қалыпты мәнерлеп айтуды,тыңдаған шығармаларды қабылдап сезінуді,сипаттауды білу керек.

Игереді: Бірге айтуды.

Меңгереді:әнді табиғи дауыспен орындайды.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз

























«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

11-12 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Жомарт күз» Мақсаты: Күй тыңдау арқылы ой –сезіміне әсер етіп,эстетикалық талғампаздығын қалыптастыру.Күй туралы,күйші Тәттімбет туралы мәлімет беру,түсіндіру.Ұлттықби элементтерін үйретуді жалғастыру. Көрнекілік: Күзгі жайлауды бейнелейтін суреттер,слайдтар,көрмелер,домбыра,қобыз,күйсандық. Сөздік жұмыс: шертпе күй,жомарт күз,тұмарша шабандоз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

«Қазақ маршы» (А.Затаевич) ойналып,балаларға марш екпінін сезіне шеңбер бойымен жүруді ұсынады. Күй тыңдап тамаша, Әуенге ілесіп, Түрленіп,иіліп Билейік жараса.

«Қазақ биі» (Л.Мусин) әуеніне би қимылдарын үйре-теді.Ұлдарға «Шабандоз» ,қыздарға «тұмарша», «тарақ» би элементтерін үйретеді.Ауыспалы адым-мен жүргендерін,тұлғаларын түзу ұстауларын қадағайды. Алтын,сары ,қызыл, көк, Алуан –алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап. Балалар,сендерді күзгі жапырақтармен билеуге шақырамын. «Күзгі жапырақтар» биі қайталанып,жалғасы көрсе-тіліп,үйретіледі.

Балалар шеңбер бойымен нық баса адымдап жүреді.

Ұлдар «шабандоз» қимылын көрсе-теді.қыздар «тұ-марша» , «та-рақ» би элементерін үйренеді.Тізелері бүгіліп,басты оң-ға,солға бұрады Балалар жапырақтарды алып,үйренген би қимылдарын қайталайды. Жаңа би қи-мылдарын еске сақтайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Күй халық музыкасы.Күйді музыкалық аспаптарда ойнайды.Күй өнері туралы түсінік беру.Жұмбақ жасырып, шешуін табуды сұрайды. Ұзын мойын екі ішек, Қатар-қатар тепкішек Басып қалсаң бір-бірлеп Күй шығады күмбірлеп Бұл не?

Күйші Тәттімбет туралы әңгімелеп,суретін көрсетеді,таныстырады.Шертпе күйдің шебері Тәттімбет жас кезінен домбыра тартып үйренген. Оның «Былқылдақ», «Сылдқылдақ». «Көш жинаған» деген күйлері бар.Күйшінің «Сары жайлау» күйін үнтаспадан немесе домбырада ойнап,тыңдату.Күзгі жайлауды бейнелейтін суреттерді көрсетіп,әңгіме-лейді.Күйден алған көңіл күй,ой-сезімі мен тол-ғанныстары туралы сұрап,әңгімеге тартады.

Күй туралы түсініп,мәлімет алады.Жұм-бақтың шешуін бірігіп,ойлана шешуге талпынады. –Домбыра Күйші компози-тор туралы біліп,есте сақ-тайды.Күйші шығармалары жайлы естіп,тү-сінеді. «Сары-жайлау» күйінен алғанәсерлерін әңгімелейді.

Рефлекциялық түзетушілік

-Қандай күйші композитор туралы әңгімеледік? -Қандай күй тыңдадыңдар? -Үйренген әніміз қалай аталады? -Қандай би қимылдарынесте сақтадыңдар? -Әнді жазған композитор кім? Күйденалған әсерлеріне сурет салуды ұсынады.

Балалар қойыл-ған сұрақтарды бар ынтасымен тыңдап,толық жауап беруге әрекеттенеді.Балалар көтеріңкі көңіл күймен қоштасып шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық музыкалық шығармаларды танып білу,ұлттық музыка аспаптары дауысын ажыратуды,күйді тыңдап,сипатын анықтай білу керек.

Игереді:әуенге сай ұлттық би қимылдарын үйреніп еркін қозғалады. Күйші,композиторлар туралы біліп,шығармалары туралы түсінеді.

Меңгереді: әнді динамикалық белгілеріне сай айта алады.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Б









«Ботақан» ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

13-14 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр» Мақсаты:әннің сипатын түсініп,эмоцияларымен көрсете білуге дағдылан-дыру.Әуеннің ауыспалы сипатын беруге,табиғат құбылысын музыкамен байланыстыра білуге үйрету.Дикцияның тазалығына,әнді анық айтуға дағдыландыру. Көрнекілік: күзгі жаңбырды бейнелейтін суреттер,металлофон аспабы.қолшатырлар. Сөздік жұмыс: Дикция,эмоция.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

«Вальс» әуенңмен балаларды қарсы алып,ырғаққа ілесе,аяқ ұшымен жеңіл жүгіруді,екеуден қол ұста-сып айналуды,бір орында ырғақты сезіне тербеліп, қол ұстасып, жүруді үйренеді. Үнтаспадан күннің күркірегені естіліп жетекші қолшатыр алады.балаларға қолшатырға жасыры-нудыұсынады. Біз көңілді бардырған, Сенкенбейміз жаңбырдан. Қолшатырды ашамыз, Жаңбырдан біз қашамыз. Музыка тыңдау: «Жауды жаңбыр» (К.Қуатбаев) әуені ойналып,балаларға тыңда-тады.Әуендегі жаң-быр дыбысын,тамшылар тырсылын естіп,сезінген-дері туралы әңгімелейді.

Әнді тыңдай жү-ріп жүгіреді.қол ұстасып айнала-ды. Ырғақты сезіне тербеліп,жеңіл шеңбер бойымен жүреді. Балалар қолша-тырға жүгіріп, тез жасырынып үлгеруге тыры-сады. «Жаңбыр жау-ды» әуенін тың-дап,тамшылар тырсылын сезі-неді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Жұмбақ жасырады. Жауын жауса , Тысқа шығады. Жаумаса оны Бұрышқа тығады. Би «Көңілді қолшатырлар» биі орындалады. («Би-леп үйренейік» жинағынан) Аспанды қаптаған, Бұлт тыным таппаған. Жөңкіліп көшеді. Суық жел еседі. «Табиғат әуендері» жинағынан жаңбырдың дыбы-сын естиді. –Күзгі жаңбырдың әуені көңілсіз,мұңды болса да,біз көңіліміздітсірмейміз.Ендіжаңбыр туралы көңілді әнді тыңдайық. Музыка тыңдау: «Жаңбыр шақыру» (Д.Ботбаев. Қ.Мыза Әли) әнін орындайды. –Әннің сипаты қандай? -Жаңбырдың қандай пайдасы бар? Дауыс жаттығуы: «Жаңбыр» (М:Жаманбалинов) Күркіредікүн-күн, Терезелер шың-шың. Жауды жаңбыр топ-топ, Шелек-шелек,көп-көп, Жон арқаңды тос-тос Күнбағыс тез өс-өс. Ән үйрету: «Жау,жау жаңбыр»(К.Дүйсекеев. Ш.Сариев) Ән мәтіні туралы сұрап,балалардың жауаптарын тыңдап,толықтырып,түсіндіреді. Композитор К.Дүйсекеев туралы мәлімет беріп, суретін көрсетіп таныстырады.Ақын Ш.Сариев туралы айтып өту. Ойын: «Жаңбыр әуені» «Жаңбыр» (Е.Андосов) әуеніне ойын ұйымдастырылды.Әуенгеілесе саусақтарын тырсылдатып,шапалақтап,динамика-лық белгілерін көрсетулерін бақылайды.

Қолшатырды ұс-тап,бірге қимыл-дауға.әуенмен қозғалуға үйре-неді. Шешуі: Қолшатыр. –Мұңды әуенді тыңдап,күз құ-былыстарын се-зініп,мұңаяды. Әнді тыңдап кө-ңіл күйлері кө-теріледі. Ән маз-мұнын айтып,әңгіме-лейді.Жаттығуларды қимылмен көрсетіп,дауыс пен динамикасын көрсе-теді.Күзгі көріністі бейнелейтін сурет-терді көріп,тамаша-лайды. Дауыс жаттығула-рын таза орындауға дағдыланады.тақпақ-ты бірге қосыла қай-талап,қимылдарын көрсетеді. Балалар сұрақтарға жауап береді.Компо-зитор туралы толық мәлімет алады. Саусақтарын тыр-сылдату арқылы жаңбыр тамшыла-рын,шапалақпен жаңбырдың қатты және ақырын жауған тамшылар дыбысын салады. Динамикалық бел-гілерін есте сақтау-ға тырысады.

Рефлекциялық түзетушілік

«Тамшылар» әуеніне металлофонда ойнап үйрету. Таяқшаны дұрыс ұстап соға білуге,әуенді тыңдап, қалыспай ойнауға дағдыландыру. –Күз мезгіліндегі құбылыстарды айтып беріңдер. –Нелітен күзгі жаңбыр мұңды көңіл күй сыйлайды? -Қай композитор туралы естіп,білдіңдер? -Сендерге күзгі жаңбыр ұнай ма?Неліктен?

Металлофонда әуенді дәл ырға-ғымен,таза орындауға ма-шықтанады. Балалар сұрақ-тарға жауап бе-реді -Оқу іс-әре-кетінде үйрен-гендерін еске сақтауға тал-пынады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Естіген әннің сипатын,екпіні,динамикасын ажыратуды,табиғат құбылысын музыкамен байланыстыра білуді. Игереді:металлофон аспабында біріге ойнауды,әнді бірге және жеке дауыста нақышына келтіре орындауды. Меңгереді: әуеннің ауыспалы сипатын ажыратуды,әннің көңіл күйін өз эмоцияларымен көрсете білуді. Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Б































«Ботақан » ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

15-16 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Сабантойды тойлаймыз» Мақсаты: таныс шығармаларды кіріспесінен,үзіндісінен тануға,ән мазмұнына сай биде,ойында мазмұнын жете түсінуге,есту қабілетін дамыту-ға баулу.Сабантой мерекесі туралы түсінік беріп,мерекелік көңіл күй сыйлау. Көрнекілік: «Күзгі қойма», «Қырман басында», «Күзгі егстік», «Сабантойда» тақырыбындағы суреттер.алтыбақан,ат макеттері,орамалға түйілген тиын. Сөздік жұмыс:сабантой.қырман,алтыбақан.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

«Колхоздағы той» әуені(Е.Брусиловский)орында-лып,жетекші балаларды қарсы алып,көңілді әуен ырғағына өз беттерінше таныс би қимылдарын орындатып,шығармашылық қабілеттерін байқайды. «Тұмарша», «шабандоз», «малдас құру», қимылда-рын дұрыс жасауларын қадағалайды,үйретеді. Көрші байтақ өңірде, Қызыл қырман береке. Астық толы көңілді, Қызық думан мереке. Әуен аяқталысымен балаларға қырман басына, егістікке баруды ұсынады. «Балбырауын» (Құрманғазы) күйінің ырғағымен құлыншақ шабысын көрсете шеңбер бойымен жүреді. Жетекші «Қырманда», «Күзгі жиын-терін» атты суреттерді көрсетіп,әңгімелейді. –Міне қырмандағы жиын-терін де аяқталды.Халық қоймаларын астыққа толтырып,енді демалып, са-бантой жасайды.Сабантой-еңбек қуанышы, мол-шылық мерекесі.Халық ән айтып,би билеп,түрлі ойындаройнап,көңіл көтереді.Бүгінгі сабанто-йымызды «Тойбастар» күйін тыңдаудан бастаймыз.»Тойбастар» күйін шығарған күйші Дина анамыз тоғыз жасынан бастап домбырада ой-наған.Атақты күйші Құрманғазының шәкірті.

Би қимылдарын әуенмен үйлес-тіре билейді.Бір-неше қимылдар-ды ойлап табады «Тұмарша», «шабандоз» , «малдас құру» қимылдарын әуен ырғағымен көрсетеді. Құлыншақтың шыбысын аяқ-тарын көтере,екі қолдарын алға,жұдырық-тарын түйе со-зып келтіреді. «Қырманда» атты сурет көр-месін қызыға тамашалайды . Сабантой тура-лы мәлімет ала-ды.Сұрақтар қо-йып әңгімеге өз ойларын қосады.Күйші Дина туралы түсінік алады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Балалардан күйден алған әсерлері туралы әңгіме-леуді сұрайды. –Күздің сипаты қандай? -Көз алдарыңа не елестете аласыңдар? -Күй-халықтың көңіл күйін бейнелейді.Күй шаттық сезімде,көңілді,нық ойналады.Осы күйдің әуеніне дауыс жаттығуын жасауды ұсынады.Терең дем алып,дауысты еркін шығаруға үйрету. «Сабантой» әні (Е.Хасанғалиев) орындалып,бала-ларға әннің сипатын,екпінін,көңіл күйін ажыратып, анықтауды ұсынады.Ән әуенін шапалақпен көрсе-тіп,ауыспалы сипатын анықтау. Әр жыл сайын қарсы алып, Сабантойды тойлаймыз, Өлең айтып,ән салып , Қызығына тоймаймыз.

Күйді ынталана тыңдап,көңіл күйін сезінеді,бірге шаттанады.Дина туралы біледі. Балалар «Тойбастар» күйінің әуеніне дауыс жаттығу-ын жасап,еске сақтайды. Тақпақты қайта-лап,жатқа айтуға үйренеді.

Рефлекциялық түзетушілік

«Теңге алу», «Сақина салу», «Алтыбақан» ұлттық ойындарын ұсынады.ойын шартының сақталуын, балалардың белсене қатысуын ескереді,мадақтайды Би «Көкпар» биінің («Билеп үйренейік» жинағы-нан) кейбір элементерін үйретеді. –Сабантойқай мезгілде тойланады? -Сабантой қалай тойланады. ? -Қандай күй тыңдадыңдар?Ол күйді жазған күйші кім? -Күз туралы үйренген әндердің ішінен қандай ән ұнайды? - Кім сабантой мерекесіне қатысып көрді? Сұрақтар қойылып ,меңгеру деңгейін анықтайды.

Ұлттық ойын-дарға ұйымдас-қан түрде белсе-не қатысады. Балалар көңілді ойнап,ептілікте-рін көрсетеді.Сұ-рақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже: Біледі:Күй мазмұнын түсіне білу керек Игереді:Дина күйші туралы мәліметті. Меңгереді: Әуенімен жеке және хормен айта білуді. Ән –саз жетекшісі:Шегебаева Б







«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

17-18 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: Сүйікті қалам –Актау. Мақсаты: музыкалық шығармаларды сипатына қарай ажырата білуге дағдыландыру. Мерекелік көңіл күй сыйлай білуге үйрету. Көрнекілік: Актау суреттері.асатаяқтар,үн таспа, диск. Сөздік жұмыс: оркестр,шығарма,күй.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Жетекші балаларға «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әуенімен Облыстық Абыл Тарақұлы атындағы филармонияға баруды ұсынады. Балаларға филар-мония кімнің атында және оркестрде қандай ас-паптап барлығын естеріне сақтауларын сұрайды. «Театрда қалай отырамыз» -деп сұрап,әрі қарай шығарма тыңдауды ұсынады.

Балалар әнді тыңдауға,ырғағын сезінуге тырыса-ды.Балалар фи-лармонияны,ас-паптарды есіне түсіреді.Балалар әдепті болуға тырысады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Балалар Абыл тарақұлы күйші композитор болғанын айтып таныстырады.Ән,күй,аспапта орындалатын шығармаларды көреді,тыңдайды. Дидактикалық ойын: «Үш би». Би түрлерін текше арқылы ажыратуға үйрету. Музыка тыңдау: «Вальс»(П.И.Чайковский) «Детская полька» М.Глинка. «Аққу» Н.Тілендиев. Дауыс жаттығуын «Менің елім» әніне жасайды. Ән үйрену: «Армысың Актау» әнін үйренеді. Әннің мазмұнын түсіндіреді.

Балалар Абыл Күйлерін тыңдайды. Ойын ойнайды. Музыка тыңдайды. Дауыс жаттығуын жасайды. Жаңа ән үйренеді.

Рефлекциялық түзетушілік

Викторина: «Аспаптардың дыбысын ажырат» Үрмелі аспаптардың дауысын ажыратады,атын атап айтады.Балаларды жақсы қатысқаны үшін мақтайды,бүгінгі сазды әуеннен алған әсерін бейнелеу арқылы жеткізуін тапсырады.

Балалар ойынға қатысады.аспаптардың дауысын ажыратып, атын атауға тырыса-ды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:музыкалық шығармаларды тыңдап,сипатын ажыратуды.Әнді айтуды.

Игереді: дидактикалық үлестірмелі текшелерді пайдалана білуді,аспаптарды тыңдап,дауысын ажырата білуді,аспапта ойнауды.

Меңгереді: музыканы тыңдап,би ырғақтарына қимылдауды.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Б

































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

19-20 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Гүлдене бер –Астана.» Мақсаты:музыка ырғағын сезіну,түрлі сипаттарды ажырата білу,музыканың динамикалық және қарқындық өзнерістерін сезіну.Әнді көңілді,ынталы орындауға төселдіру. Көрнекілік:Астана суреттері,дидактикалық дөңгелектер.үнтаспа. Сөздік жұмыс:көңілді,жігерлі,сабырлы.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Жетекші балаларды «Көңілді марш» ырғағымен күтіп алады. Жаттықтырып денені, Жаттығуды бастаймыз. Бір-екі,бір-екі Адымдап жүреміз. «Сәлемдесу жаттығуын» жалғастырады.Балаларға пойызға отырып,Астанаға аттануға ұсынады.Рэр ырғағымен әндетеді. Гүлдене бер Астана! Пыш,пыш,пыш,пыш, Астанамыз-бас қала, Гу,гу,гу,гу, Жасай берсін кең дала, Бір-екі,үш,төрт Тоқтатамыз пойызды Пыш,пыш,пыш,пыш

Балалар дене жаттығуын жа-сайды. Бәрі бірге қосылып сәлемдеседі.Пойызға отырып,рэп қимыл-дарын жасайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Балаларға суреттерді қолданып,немесе интерактивті тақта арқылы түсінік береді. Музыка тыңдау: «Асқақта Астана» әнін ау-туды ұсынады.Әннің мазмұнына,әуеніне, ырғағына көңіл бөлуді сұрайды. –Астана қандай қала? -Әннің сипатын ажырат. Дидактикалық ойын: «Сипатын ажырат» Бала саны бойынша дөңгелек таратылып бері-леді. Әр түрлі әндер қойылып ,олардың сипатын ажыратуға мүмкіндік береді. Дауыс жаттығуы: «Менің елім» әніне дауыс жаттығуын жасатады. Ән үйрену «Бәйтерек» әнін үйретеді. Бәйтерек туралы бірнеше сұрақтар қояды.Ән салғанда сөздеріне назар аударады. Би «Қара жорға».Балаларды тұрғызып би қимылдарын көрсетеді.Балалардың қиялына байланысты би жарысын ұйымдастырады. Балалардың қиялына ерік беріледі. Ойын «Мен күйшімін» Балаларды шеңберге тұрғызып,бастаушы баланың қолына домбыра береді.Бастаушы үнтаспадан берілген күйге шеңбер ішімен айнала билеп жүреді.балалар бір орында билеп тұрады.Күй тоқтағанда бастаушы өзі қалаған екібаланың ортасына тұра қалады,оң жақтағы бала оңға қарай,сол жақтағы бала солға қарай шеңбердің сырты-мен билеп келіп,қай бастаушы баладан домбы-раны алса,сол бала бастаушы болып,ойын әрі қарай жалғасады.

Балалар суретке немесе тақтаға қарап, Астана туралы мағлұмат алады.Шығармаларды тыңдап,сипатын ажыратады.

Балалар әнді тыңдап,сипатын ажыратады.

Балалар өз орында-рына тұрып,би қи-мылдарын қайта-лайды.

Балалар өз ойларынан би қимылдарын шығарып билейді.

Балалар ойынға қы-зығып қатысып,домбыра аспабын ұстауға тырысады.


Рефлекциялық түзетушілік

-Музыканы тыңдаған ұнай ма? -Кім әнді жеке айтқысы келеді? -Қандай композиторды білесіңдер? -Келесі жолы тыңдаған барлық шығармаларды ажыратып жарысамыз. –Сендер өте жақсы ән салып,биледіңдер.

Балаларлың жауап-тары тыңдалады.



Күтілетін нәтиже: Біледі: Музыканың сипатын ажыратуды. Игереді:текшелермен ойнауды. Меңгереді: әр түрлі қимылдар жасауды. Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз.













«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

21-22 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Жомарт өлкем» Мақсаты: музыканы тыңдау,сезіну,сипатын анықтау,динамикалық білу.Туған жерінедеген сүйіспеншілік сезімін дамыту. Көрнекілік:ноталар.нота сызықтары,үнтаспа,диск. Сөздік жұмыс: ноталар,елім менің,қысқа,ұзын.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Жетекші балаларды «Менің елім» әнімен қарсы аладыЖалаушалармен жаттығу жасайтынын айтып,орындарына тұрғызып үйретеді. Туған жердің жырларын, Қызғалдақтай терейік. Кең өлкенің қырларын, Жүр аралап келейік.-деп ақын М.Әлімбаевтуған жерін осылай жырлапты. Музыка тыңдау: «Туған ел» әнін отырып тыңдайық(үнтаспадан тыңдайды.) -Әнді кім жазады.? Балаларды дидактикалық ойын ойнауға ұйымдастырады.

Балалар екі қо-лына жалауша ұстап жүреді; сапты бұзбау-ға,үш қатарға бөлінуге тыры-сады.Өлеңді есіне түсіреді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Дидактикалық ойын «Ноталарды орналастыр» -Қандай ноталар болады? -Ән қанша нотадан болады? Осы ноталарды құрастырып,ән,шығармаларды жазатын адамды компрозитор дейміз. Бала саны бойынша үлестірмелі текшелер таратады. (Нота сызықтары мен ноталар) Соль,фа,ми,ре,до,до,ре. Ән саламыз өз-ге-ше.-деп әндетіп күй сандықта ойнайды. –Мен жаттығуды қалай орындадым?-деп сұрайды.Қолымен жоғарыдан төмеен сермеп көрсетеді. –Ең жоғарғы қай нотадан басталды? -Соль нотасын мен айтамын,сендер әрі қарай жалғастырыңдар. –Соль нотасын 2-шісықыққа қоямыз,ал қалғанын өздерің орналастырыңдар. Дауыс жаттығуы: «Жаттығамыз өзгеше»

Балалар дидак-тикалық ойын ойнайды. Балалар текше-лерді алып жат-тығуды тыңдай-ды.













Сызықтарға дұ-рыс орналасты-руға талпынады.

Рефлекциялық түзетушілік

Ән үйрену: «Жомарт елім» «Алатау», «Бәйтерек» әндерін естеріне түсіруді сұрайды. «Қара жорға» , «Асатаяқ» билерін қайталауды ұсынады. –Айтқан әндерің ұнады ма? -Ол әнді қай композитор жазды?

Балалар ауызды дұрыс ашуға,ай-ғайламай,өзін тыңдап айтуға үйренеді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды,сипатын ажыратуды.

Игереді: ноталарды сызықтарға дұрыс орналастыруды.

Меңгереді: ұлттық қимылдарды,музыка әуенін сезіне білуді.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз.





























«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

23-24 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Біздің рәміздер» Мақсаты: музыканы тыңдап,әнді айту арқылы патриоттық сезімін ояту. Көрнекілік: герб,ту суреттері,үнтаспа,диск, Сөздік жұмыс: ту,герб,гимн.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Жетекші балаларды «Елім менің» әнімен кіргізеді,амандасады. «Жалаумен жаттығу»-1,2,3, қатарға тұрып,кішкентай,үлкен шеңбер жасап үйренеді. Герб пен ту туралы аңызды әңгімелеп береді. Гимнді айтуын ұсынады. Музыка тыңдау:» Қазақстан жалауы» Балаларды отырғызып әнді айтып береді.

Балалар жалау-шамен жүруді, қатарға тұруды меңгереді, шең-бермен жүріп, жаттығу жасай-ды. Ту мен герб жайлы тақпақ-тар айтады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-«Қазақстан жалауы»- әнінің ырғағы қандай? -Бұл әнде жоғарғы дыбыс бар ма? Қай жерінде? -Қысқа және ұзақ дыбысбар ма? Қысқа және ұзақ дыбыстар жайында тағы да айтып мағлұмат береді. «Стаккато» дауыс жаттығуын айтқызады. Қолдарына таяқшалар мен жалаушалар береді.»Өазақстан жалауы әнін айтады. Ән үйрену: «Елтаңбасы елімнің» -Би билейік,үйренейік,қуанайық. Батырлар биін үйретеді. Ойын: «Қандай ырғақ». Ойынды естеріне түсіріп ойнайды.




Балалар жетек-ші сұрақтарына жауап береді.

Балалар дауыс жаттығуын жа-сайды.

Балалар ән үйре-ніп, ойын ойнайды.

Рефлекциялық түзетушілік

-Балалар,сендер қандай әуендер тыңдадыңдар?

-Герб туралы не білесіңдер?

«Елім менің», «Қазақстан жа-лауы» әнін тың-дадық.Герб,туы-мызмен мақта-намыз.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұзақ,қысқа,жуан,жіңішке дыбыстарын ажыратуды.

Игереді: жалаушамен жаттығуды,таяқшамен ырғақты сезініп қағуды.

Меңгереді: музыкамен аттың шабысын,батырлардың қимылын жасауды.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз





































«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

25-26 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Қысқы орманда» Мақсаты: қыс көріністерін әуен сазымен естіп,-білуге,оны қимыл қозға-лыспен бейнелей білуге баулу. Көрнекілік: шырша,үнтаспа,диск. Сөздік жұмыс: жаңа жыл.сабырлы.көңілді,ырғақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Балалар педагогпен бірге келеді,жетекші қарсы алады. Жетекші -Сә-ле-сет-сіз-дер-ме ба-ла-лар! -деп шақырады., балаларды өысөы орманға шақырады.Қысқы ор-манның жіңішке,жкан,сабырлы да ақырын жолда-ры болады екен.Олай болса,қысқы орманға аттанайық.

Балалал жетек-шімен аманда-сады. Балалар қысқы орманға атта-нады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Оған баруымызға бізге музыка көмектеседі. Дидактикалық ойын: «Айналмалы дөңгелек» шығармалардың сипаты ауысқанда,әр түрлі қимылдарды жасап жүру керектігін үйретеді. – «Желтоқсан» шығармасында біз қандай жолмен жүрдік? -Жарайсыңдар,балалар,,орманда ешкім қалып қойған жоқ па? -Балалар қысқы орманның жаңғырған дыбысы өте таза-деп балаларды шеңберге тұрғызып , «Му-зыка жаңғырығы» жаттығуын жасауды ұсынады. Балалардың орман құбылысына назар аударуын сұрайды. Шырша жайлы әңгімелеп, «Шырша» -әнін айтады. Әннің жылдам,көңілді әуенін үйрене отырып, ырғақтың суреттеріне мән бере,таза айтуға,дыбыс биіктігін ажырата білуін ұсынады.

Балалар дидак-тикалық ойын-дар ойнайды.



Балалар «музы-ка жаңғырығы» жаттығуын жасайды.



Балалар «Шырша» әнін үйренеді.

Рефлекциялық түзетушілік

Үнтаспадан жаңа жылға арналып жазылған П.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінің бірінші бөлімі тыңдатылады. –Бүгін қандай шығарма тыңдадық? Ойын; «Ұлдар мен қыздар» . Глинканың «Полька» марш ырғағымен қыздар адымдайды,ұлдар секіреді. Ырғақты қимылдар.: балаларға өздері ойлап би қимылдарын жасауды ұсынады. Аспапта ойнау: «Полька» (Филиппенко) Балаларды ұсмалы аспаптарда ойнауға үйретеді.

Балалар әр түр-лі әндерге, әр түрлі

Балалар ойын ойнайды. Ырғақты қимыл-дар жасайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенді сазымен айтуды,тыңдауды.

Игереді: музыканы тыңдап,көңілді,көңілсіз,көтеріңкі сипаттарын ажыратуды.

Меңгереді: марш,вальс,полька сипаттарын ажырата білуді .

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз

































«Ботақан » ер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

27-28 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Егеменді елім» Мақсаты: музыкадағы бейнелерді ажыратуға,әннің сергек сипатын қи-мылмен бере білуге үйрету. Көрнекілік: герб,ту,гүлдер,жалауша.үнтаспа,диск. Сөздік жұмыс: елім менің.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Қыздар гүлдермен,ұлдар жалаушамен «Елім менің» әнімен музыка залына кіреді.Екінші шумағында ырғақпен оңға,солға тербеледі.Алға,артқа аяқтарын қозғап,жалаушамен ырғақты сезінуін ұсынады. Үшінші шумағында қыздар шеңбердің ішінде,қлдар сыртында,қыздар оңға,қлдар солға айналып жүреді,әннің соңында бәрі орнына келіп бітіреді.

Балалар музыка ырғағымен оңға, солға тербеліп орындарына келіп отырады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Жетекші А.Сарсековтың өлеңін мәнерлеп оқып береді. Аспандай мөлдірмін Жалаудай жазықпын, Өзенімдей өршілмін, Гүлдерімдей нәзікпін. Бала: Қуат алған өзінен, Туған елдің ұлымын, Бақытты етіп өсірген, Отанымның гүлімін. Басқа балалар жалғастырады. Музыка тыңдау: «Алатау» әнін «Жігіттер» тобының орындауында тыңдайды. Педагог балаларға «Елтаңба мен ту туралы аңыз» қойылымын сомдап ойнауды ұсынады.

Балалар жетекші оқыған өлеңді жалғастырады.





Балалар музыка тыңдап,талдау жасайды.

Балалар «Елтаң-ба мен ту туралы аңызды» сом-дайды.

Рефлекциялық түзетушілік

-Балалар қандай аңыздың қойылымын қайталадыңыздар? -«Алатау» әнін қай композитор жазды? Ойын. «Шаңырақ» Балаларды ойынға шақырады. Балаларды жақсы қатысқанын айтып мадақтайды.

Балалар жетек-ші сұрақтарына жауап береді.

Ойын ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыкадағы бейнелерді ажыратуды.

Игереді: музыка ырғағымен асатаяқты ұстауды.

Меңгереді: музыка тыңдап,билеуді,қозғалуды.

Ән –саз жетекшісі: : Шегебаева Ботагөз







































«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

29-30 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Орманда серуендейміз» Мақсаты: музыкадағы дыбыс жоғарылығын,ырғақтың мәнерлілігін түсініп,ажырату,Әннің ырғағын сақтау. Көрнекілік: үнтаспа,диск,ұлпалар,қыраулар. Сөздік жұмыс: аяз Ата,Жаңа жыл,Ақшақар,глиссандо.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

П.И.Чайковскийдің «Қаңтар» шыңармасымен таныстырады.тыңдатады. –Балалар, айтыңдаршы,ненің дыбысы шығып жатыр?(аязата мұздармен ойнайды,ұлпалар ұшады,қыраулар қатады) Балаларды тұрғызып, тыныс алу жаттығуларын жасатады.Әуеде ұшқан ұшқындарды қағып алып, тынсс шығарамыз.

Балалал шығар-маны тыңдап, қимылдарды қолдануға әре-кеттенеді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Дауыс жаттығуы: «Қыс» Музыка тыңдау: «Жаңа жыл» -Әнді тыңдағанда қандай көңіл күйде отырдыңдар? -Енді «Қаңтар» шығармасын тағы да тыңдап, салыстырыңдар.Қандай ерекшеліктері бар?Қандай дыбыстарды естисіңдер? - «Жаңа жыл» әнінде қандай айырмашылық бар? -Балалар қыста суық,боран болғанда қандай дыбыстар шығады? -Енді у-у-у—у- деген дыбысқа глиссандо жасап үйренейік. Глиссандо жо,ар,ы дыбыстан төменгі регистрге дейін «у» дыбысына түседі.екі рет «о» дыбысына түседі. –Енді дыбыстарды үзіп айтуға тырысайық: -Ән үйрету: «Ақша қар» әнін айтып үйренуді ұсынады. Әнді орындап береді,,қандай сипатта екенін сұрайды

Балалар «Қыс» дауыс жатты-ғуын жасайды. Балалар музыка тыңдап талдау жасайды.



Айырмашылық-тарын айтады.

Балалар жаңа ән үйренеді.

Рефлекциялық түзетушілік

Аспапта ойнау: «Полька» Ұрмалы аспаптарда ойнауды қайталау,жалғастыру. Би «Ұлпақарлар» вальсіне қыздарды вальс ырғағымен ұлпалар биіне үйретеді. –Қандай композитордың шығармасын тыңдадық? -Қандай әндер айттыңдар?

Музыканы тыңдар вальс ырғағына жүреді Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыкадағы жыбыс жоғарылығын.

Игереді: музыкамен дауыс жаттығуларын айтуды.

Меңгереді: вальсырғағымен жүруді.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз



.























«Ботақан » ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

31-32 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Қысқы әуен сыңғырлайды» Мақсаты: Музыкаға қызығушылығын арттыру.Сипатын ажырата білу. Көрнекілік: текшелер,аққала,үнтаспа,диск.. Сөздік жұмыс:шаңғы,шана,ойма.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Жетекші балаларды қарсы алады. «Сәлемдесу жаттығуын» айтады. –Марш пен полька ырғақтарын есімізге түсіреміз. Балалардың өз еркімен музыканы тыңдап ,ажыра-туына,билеуіне ерік береді.

Балалар сәлем-десу жаттығуын орындайды.Марш пен полька ырғы-ғына билейді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

А.Вивальдидің «Қыс» концертін үнтаспада тыңдатады. –Балалар шығарманы сипаттап беріңдер? -деп ұсыныс жасайды. Дауыс жаттығуы «Қыс» жаттығуын айтып дауысмызды жаттықтырайық. Үлестірмелі дидактикалық ойын.; «Теңіз» (дидактикалық ойын жинағынан) Түсінбеген балаларға 2-3мәрте қайталайды. Ән үйрену: «Қыс қызығы» әнін орындар береді,үйретеді. Қыста қызық ойнаймыз. Суықтан біз қорықпаймыз. Аязда біз тоңбаймыз, Қыс қызығын тойлаймыз. 2-3 мәрте қайталайды. Шыр көбелек айналып, Би билейік ырғалып -деп ұлдарға «Аққалалар» жеңіл ырғақты биін үйретеді. Қыздар «Ұлпақарлар» биін қайталайды.

Балалар «Қыс»концертін тыңдайды.

Балалар дауыс жаттығуын жа-сайды.

Балалар жаңа ән үйренеді.









Ырғақты билер билейді.

Рефлекциялық түзетушілік

Балалардан дайын,қиылған «аққала», «шырша», «аязата» ойыншықтар араласып жатқан сандық-шаны ашуды сұрайды. Ойын: «Жылдам құрастыр» «Желтоқсан» шығармасы біткенше аяқтаңдар» деген тапсырм абереді. Аспаптарда ойнаймыз: «Полька» (Штраус)Балалардың жауабын,жұмысын көріп мақтайды.

Балалар сандық-шаны ашып,қи-ындыларды еден-ге жайып отырып музыканы тың-дап,құрастыруға тырысады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы қызығып тыңдауды.

Игереді: музыкамен дауыс жаттығуын айтуды.

Меңгереді: шығарманы тыңдап,ырғаққа еркін қимылдауды.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз



























«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

33-34 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Қыс қызығы» Мақсаты: әуен сазына ілесе қыс көріністерін қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге баулу,әнді әсерлі етіп айтуға үйрету. Көрнекілік: қыс туралы суреттер. Сөздік жұмыс: шаңғы ,шана.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Көңілді әуенмен музыка залына келеді. Шеңбер бойында жеңіл қимылмен жүгіреді.Шаттық шеңберін құрады. Қыс келді,қыс мұз-қарлы, Қыраулы да ызғарлы . Қыс келді,қыс боранды, Қырат көрпе оранды, Қыс келді,қыс мықты анық, Қайтседе біз ықпадық, Қыс келді,қыс уайым ба, Қандық біздер ойынға.

Балалар шаттық шеңберін орын-дайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-Қазір жылдың қай мезгілі? -Өлеңде не туралы жазылған? -Қыс мезгілінің ұнайтын,ұнамайтын жақтарын атаңдар? -Қыста шаңғы,шана ойнайсыңдар.Жақсы. –Күнсуық,қалыңкиінесіңдер.Жаман. Музыка тыңдау:»Вальс» (С.Майкапар) -музыканы көздеріңді жұмып отырып тыңдауға болады.Сендер мұндай музыкаға қандай қимыл жасағыларың келеді. –Мұздың үстінде қалықтап сырғанауға болады. Аяқтың ұшымен ескетүсіріп,қайталау. Ән айту: «Қыс қызығы» Әнді музыка жетекшісі орындап береді. –Әнде не туралы айтылған? -Қандай көңіл күйде? Мәтінін әуенге қосылып үйрену. Ойын: «Қасқыр мен көжек» музыканы тыңдай отырып,әр аңдарға тән музыканы ажырата білу. Жеңіл,көңілді көжектер қаһарлы да ашулы қасқыр музыкасы естілісімен қашуға дайын болу. Би: «Қасқыр мен қояндар» Көрініс би. Түсінікеме бойынша қимыл жасап,әуенді ырғақпен үйлестіре би қимылдарын жасау.





Балалар музыка тыңдап талдау жасайды.





Балалар жаңа ән үйренеді.



Балалар ойын ойнайды.



Балалар ойын ойнайды.

Балалар би билейді.

Рефлекциялық түзетушілік

-Бүгін қандай жыл мезгілі туралы ән үйрендік? -Ән сендерге ұнады ма? -Бүгінгі іс-әрекеттің қай бөлімі ұнады? Қорытындылау,марапаттау.бағалау.

Қорытынды сұ-рақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: әр аңға тән музыканы ажырата,тани білулері керек.

Игереді: қыс қызығы туралы түсініктерді игереді.

Меңгереді: музыканы ести отырып, сол музыкаға лайық қимыл жасауды.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Б



















«Ботақан » ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

35-36 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Аңдардың айтысы» Мақсаты: әннің динамикалықреңкінжеткізіп орындауға, музыкаға сәйкес әр жануардың қимыл-қозғалысын келтіре білуге үйрету. Көрнекілік: түлкінің,аюдың,кірпінің маскалары. Сөздік жұмыс: кәрі емен.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Залдың іші өысөы орманның көрінісін бейнелей-тіндей безендірілген.Балалар орман ішіне қойылған кедергілерден,қисық жолдардан өтіп,орындықтарға орналасады. Халық қу деп Қылған күлкі. Айласы көп Бұл не? (Түлкі) \

Жаңғақ жауған орманда, Күндіз қорек айырып, жатады кеш болғанда. Өз құйрығын жамалып.

Үстіңтолған ине, Бірін берсең шіркін, Қадар едім түйме

Балалар орман ішіне қойылған кедергілерден,қисық жолдардан өтіп,орындықтарға орналасады. Жұмбақтарды шешеді. –Түлкі -Тиін



-Кірпі

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Балалар біз жақында ғана жаңа жыл мерекесін тойладық.Міне қазір ескі жаңа жыл келді.Бізге ертеңгілікке қандай аңдар келді? Сол мерекені еске түсіріп,әрі қарай өзіміз аңдар болып айтысамыз.,ойын ойнаймыз. Музыка тыңдау: «Күлдіргіштер» Адам өмірінде күлкінің де орны ерекше.міне айналасын күлдіріп жүретін күлдіргіштерге арнап осы музыканы шығарған. –Музыканы тыңдағанда күлдіргіштердің әре-кетін елестете алдыңдар ма? Осы көңілді күймен топқа бөліп,аңдардың айтысын бейнелеу. Ән айту: «Аңдардың айтысы» Түлкінің әнін үйретіп ,қимылын көрсету.келесі топ аю әнін айтып,қимылын көрсету.Аңдар хорын барлығы түгел айтады. Би «Қасқыр мен қояндар» Өткен сабақта үйренген көрініс биді жасғастыру. Ойын.: «Аю мен қояндар» Қояндар жеңіл музыка әуенімен секіріп,ұйқыдан оянған аюдың музыкасы дыбысталғанша қаша жөнеледі.

Балалар күлдір-гіштер музыкасын тыңдай отырып, күлдіргіштердің іс-әрекетін елестетеді.



Балалар «Күлдіргіштер» музыкасын тың-дайды.

Балалар жаңа ән үйренеді.



Балалар би қимыл-дарын жасайды.



«Аю мен қояндар» ойынын ойнайды.

Рефлекциялық түзетушілік

-Бүгін бізде қандай аңдар қонақта болды? -Қай аңдардың әнін орындадыңдар? -Орманда қткен сабақ сендерге ұнады ма? Қорытындылау,бағалау,мадақтау.

Қорытындылау сұ-рақтарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенге сай аңдардың музыкасын ажырата білуді.

Игереді: кәрі емен,бұлаң-бұлаң,балпаң-балпаң сөздерінің түсініктерін.

Меңгереді: әр аңға тән музыка бойынша қимыл-қозғалыс жасауды.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Б



















«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

37-38 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі» Мақсаты: балаларды ертегіні түсіне отырып,кейіпкерді сомдауға үйрету. Көрнекілік: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерінің атрибуттары

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Балаларды музыка әуенімен қарсы алады. Шеңбер бойымен жүреді,жүгіреді. Жан әжемнің жанында Тіпті рахат секілді Айтады ұйықтар алдында, Ертегіні не түрлі. –Сендер қандай ертегіні білесіңдер? -Оның ішінде қандай ертегіні жақсы көресіңдер? -Ал енді сол ертегіні еске түсірейікші- -Қандай кейіпкерлер бар? Балаларғаәр кейіпкерлерді суреттейтін музыка тыңдатып,сол музыкаға сай қимылдар жасату.

Балалар музы-ка әуенімен жү-реді,жүгіреді.





Ертегі туралы білгендерін ай-тады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

«Бауырсақ» ертегісін сақналауды ұсынады.Бала-лардың қалауы бойынша кейіпкерлерді рөлге бөлу. –Баяғыда кемпір мен шал болыпты.Бірде шал кемпірден бауырсақ пісіруін сұрапты. Күй ойналып,ата мен әже әрі-бері жүріп,әжінің қамыр илегенін көрсетеді,бауырсақты терезе алды-на келтіреді. –Жата-жата шаршағын бауырсақ терезеден жомалап түсіп,қашады.Музыка әуенімен секіреді,жүгіреді,қашады. Қоян : Ьауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ әндете: Мен атамнан қаштым, Мен әжемнен қаштым, Ал сенен қашу қоян Қиын емес маған.Бауырсақ қашып кетеді. Жетекші –Балалар қояннан қашып кетті ғой.Қане бәріміз қояндар биін билейік «Қояндар биі» Музыка ойналып қасқыр шығады. Қасқыр: Бауырсақ.бауырсақ мен сені жеймін. Бауырсақ : Сен мені жеме ,мен өлең айтып беремін. Қасқыр аң-таң болады. Музыка педагогі: -қасқыр сен ренжіме балалар сенімен ойын ойнап, көңіліңді көтермек. Ойын. «Қасқыр қақпан» Қасқыр түсті қақпанға , Жортып келе жатқанд Аяғым деп шыңғырды. Аяғымды сындырды. Осы кезде қорбаңдап аю келеді.Алдынан бауырсақ кездеседі. Аю: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.- дейді.Ал бауырсақәнін айтып қашып кетеді. Аю аң-таң болып қалады. Музыка жетекшісі -Аю ,сен ренжіме,балалармен ойынойнаймыз. Ойын. «аю мен қояндар» Түлкі әндете Мен сұлу түлкімін Жай өтпес бір күнім, Ішінде жүремін, Айғай шу күлкінің. Алдынан бауырсақ келеді. Түлкі: -Амансың ба? Бауырсақ! Қандай әдемі болып кеткенсің ! Бауырсақ әндетеді. Түлкі : -Құлағым естімейді қайта айтшы дейді. Музыка жетекшісі: -балалар түлкі бауырсақты түгел жеп қоймақшы,қане бәріміз құтқарайық -Түлкі сен бауырсақты жеме,біз саған көңілді ән айтып береміз Ән «Ертегілер»

Балалар өз қа-лаулары бойын-ша рөлдерге бөлінеді.



Ертегіні сомдайды.











Балалар келген аңдарға өлең айтып ,олармен ойындар ойнайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Қорытындылау,мадақтау.

Балалар топтары-на тарайды.

Күтілетін нәтиже: Біледі: балалар ертегіні сомдауды. Игереді: рөлде ойнау дағдыларын. Меңгереді: ертегіні сахналау дағдыларын. Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз







«Ботақан » ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

№ 39-40 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Айнала ақша қар» Мақсаты: музыка арқылы табиғат құбылыстарын сезінуге үйрету.Қызығушылығын арттыру. Көрнекілік: қыс көріністері салынған суреттер. Сөздік жұмыс: зырлаймыз,тынбаймыз,төтеп беру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Балаларды музыка залында көтеріңкі еөңіл күймен қарсы алады. Айналамды ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп, Қалт-құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек.

Балалар шаттық шеңберін орын-дайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-Баллар ,айналаға көз салыңыздаршы ,қандай құбы-лысты байқадыңдар? -Қазір жылдыңқай мезгілі? -Қыс сендерге несімен ұнайды? Аязқысып,Өрнек сызып, Терезеңді торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Балдырғандар ойнайды. –Балалар бұл өлеңде қай жыл мезгілі айтылып тұр? Музыка тыңдау. «Бұл қай кезде болады?Қыс» Бұл жұмбақ өле қыс көрінісін суреттеп тұр. Ән айту: өткен әндерді еске түсіріп,қайталайды. Жаңа ән: «Айнала ақша қар» Музыкажетекшісі орындайды ,балаларға қайта-қайта қайталатады. Кейбір сөздерге түсінік береді. Әуенді –ырғақты қимылдар: «Көңілді балалар» Балалар көңілді әуенге қимылдар жасайды. Би «Қояндар би» Қоян өимылдарын аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп жасау.

Балалар қыс көріністері ту-ралы білгенде-рін жеткізеді.





-Қыс мезгілі







Балалар көңілді әуенге қимылдар жасайды.

Рефлекциялық түзетушілік

-бүгін біз жылдың қай мезгілін айттық? -Қандай ән үйрендік? -Қандайәуенгеқимылдаржасадық? -Бидің атықалай? -Сендерге қай бөлімі ұнады? Қорытындылау,мадақтау.

Балалар қыс туралы білген-дерінше айтып береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс көріністерін суреттеуді.

Игереді: зырлаймыз,тыңдаймыз сөздерін түсінеді.

Меңгереді: би қимылдарын жасауды.

Ән –саз жетекшісі: Шегебаева Ботагөз































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

41-42 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Бесік жыры» Мақсаты: лирикалық сипаттағы әндерді орташа екпінмен,айтуды, сезінуге,музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Көрнекілік: бесік,қуыршақ. Сөздік жұмыс: бесік жыры,әлди-әлди.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

«Вальс» (Шуберт) аяқ ұшымен жеңіл жүгіру,,қол ұстасыпбаяу тербелу айналу ,орын ауыстыру қимылдарын бекіту.Балаларды шеңбер бойымен отырғызады.Жұмбақ жасырып ,шешулерін сұрайды. Тұрады ол әр үйде. Жайлы орын сәбиге. Шаңғы табан үйшік ол, Тербететін әрине.

Балалар шаттық шеңберін орын-дап,жұмбақты шешеді.





-Бесік.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-Балалар Әмина әжеміз бүгін немересі Айдананы бесікке салу рәсімін жасайды екен.Бесік тойына бізде барайық. Бесік жанында әже немересі(қуыршақ Айдананы)алдына алып отырады.Балаларды төрге шақырып, отыруды ұсынады. Ортаға бесік әкеліп қойылады. Бесікке қуыршақ сәбиді жатқызып, бөлейді. –Біз қуыршақты бөлеп,бесікке салу рәсімін жасайық.Аршаның түтінімен бесікті аластап, тазартамыз. Алас,алас, баладан алас, Көзі жаманның көзінен алас Тілі жаманның тілінен алас, Қырық қабырғасынан алас, отыз омыртқасынан алас, Біссімәллә, келді міне иесі Көш пәлесі. –деп аластап сәбиді бөлеуді көрсетеді. Музыка тыңдау: «Бесік жыры» -Бесік жыры қандай ән екен? -Сендерге ұнады ма? !әлди-әлди»халық әнін айтып,балаларға бірге айтуды ұсынады. –Кішкентай сәби ұйықтады.оянып кетпесін,өте ақырын, жәйдауыспен айтайық.-деп ескертеді. Сәбиіміз тыныш ұйықтасын деп бесікті төрге апарып қоямыз. Ән үйрену: «Бесік жыры» Әнді үәрете отырып ,мазмұнымен таныстырады. Ойын: «Қандай аспап?» ойынғы сылдырмақ,бу-бен,қоңырау, металллофон т.б. аспаптар қолданы-лады. –Би «Вальс» (Шуберт) Қол ұстасып,жұптасып, Шыркөбелек айналып, Вальс биін билейік! –деп би элементтерін үйретеді.

Әженің немересінбе-сікке салуға бар-ғысы келеді.

Бесікке қалай салғанын көреді



Әженің аластату өлеңін тыңдайды.





Балалар музыка тыңдайды.









Балалар жаңа ән үйренеді.





Балалар вальс билейді.

Рефлекциялық түзетушілік

Аспапта ойнау: «Сәулем-ай» Кімде қандай аспап бар? Тас тұяқпен қоңырау Асатаяқ ,тоқылдақ Домбыра,сырнай тағы бар, Металлофон бастайды. Сырнайымыз қостайды. Барлық аспап қосылса Оркестр деп аталар.-деп оркестр ұйымдастырады.

Балаларға сұрақтар қойып,сабақты қорытын-дылайды.

Балалар оркестр құрып ойнайды. Жетекші сұрақтарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әуен динамикасын нақышпен орындауды.

Игереді: ырғақты сезінуді.

Меңгереді: дауысты күш түсірмей айту.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова. Айгүл.











«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

43-44 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Менің туыстарым» Мақсаты: музыкалық шығарманы тыңдап,айырмашылығын ажыратуға үйрету.Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікті үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу. Көрнекілік: Отбасы мүшелеріні суреттері,алтыбақан,үшбұрыш,бубен. Сөздік жұмыс: алтыбақан.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

«Кел билейік» әуенінің ырғағына еркінби қимылдарын жасайды. Жетекші санамақ айтып көңілденуге шақырады. Кел санайық санамақ, Саусақтарды даралап, Бір үйде біз нешеуміз, Кел санайық екеуміз, Бар бармағым –атам, Балаң үйрек –әжем, Ортан терек-әкем, Шылдыр шүмек-анам, Титтей бөпем-мен . Отбасы туралы әңгімелеседі. Туыстарына өлең тақпақтар айту. Атам маған әманда, Әдепті жан бол деген. Ата сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем.(А.Асылбек) Мейірімді апалар, Балалар одан бата алар, Қалтасына кәмпит сап, Немереге апарар. Ойын:»Менің туыстарым» Балаларды шеңбер болып тұрғызып,бастаушы ортада тұрып,допты кезкелген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала отбасы немесе туыстары туралы өлең-тақпақ айтып,ән орындауына болады. Ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар көте-ріңкі көңіл күймен сана-мақ айтады.









Ойын барысында өздері білетін тақпақтарын әндерін орын-дайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Жүгімізге қараңыз, Бал күлкілі баламыз. Бізге қымбат күншуақ Бізгеқымбат анамыз.(Ф.Оңғарсынова) -неліктен анамызды күнге теңейміз? Шығармаларға тоқталу. Дауыс жаттығуы «Әдемі ән» Жаттығуды орындағанда терең тыныс алып,дауыстың бір қалыпты шығуын қадағалау. Ән үйрену: «Екеуміз әйбат баламыз» Әнді орындап,сипаты мен мағынасы,мақмұны туралы сұрайды. Әуенді қимылды ойын.»Алтыбақан» Алтыбақанға қыздарды қошеметтеп отырғызу,тербету ұлдарға тапсырылады.Ән –ойынды көңілді жарқын дауыс-пен орындауды ұсынады. Оркестрде ойнау: «Айгөлек» музыкалық аспаптар дауыстарының анық шығуын,ұстау тәсілін бақылайды.

Ана











Балалар дауыс жаттығуын жасайды.





Балалар оркестр ойынын ойнау.

Рефлекциялық түзетушілік

Анаң –күнің,жүрегің, Әкең -өмір тірегің Ағаң –қамқор асқарсың Інің-мөлдір аспаның ,Сен бақытты ұлансың. Бәрі саған қуансын. Әжең –асыл ардағың Атаң –дана қорғаның, Қарындасың –қанатың ,Ел–Отаның –жәннатың Сен бақытты қлансың Бәрі саған қуансын.

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Күтілетін нәтиже: Біледі: туыстық атауларын. Игереді: әнді әсерлі орындауды. Меңгереді: әнді түсініп әңгімелеуді. Ән –саз жетекшісі : Ускинова.Айгүл.









«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

45-46 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Ақ әжем» Мақсаты: музыкалықсипаттағы сабырлы әуенді,ән мақмұнындағы көңіл күйді сезінуге талпындыру. Ұлттық ою-өрнекті бейнелейтін би қимыл-дарын үйретіп,еске сақтауға дағдыландыру. Көрнекілік: сазсырнай,шаңқобыз,әже туралы суреттер. Сөздік жұмыс: қошқар мүйіз,сыңа мүйіз,сырмақ.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Балаларға «Марш» екпінімен кіріпғшеңбер бойымен жүруді ұсынады.Әуен аяқталысымен зал ішінде шашырапжүгіруді, «Марш» ойналғанда қайтадан өз орындарын тауып,әуен ырғағымен жүруды ұсынады.Әжелерге арналған өлең-тақпақ-тардан сайыс ұйымдастырылады. Мейірімі-жел жібек, Күндей ыстық құшағы. Ет жүрегі елжіреп , «Құлыным» деп құшады.

Марш орындал-ғанда орында-рын тауып,оты-рады.

Әжелеріне ар-нап өлең,тақ-пақтарын айтады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Музыка тыңдау: «Ақ әжем» Әнді орын-дап, балалардан әнсипатын,мақмұын әңгімелеуді сұрайды. Құрт пен майды жинаған, Балаларға сыйлаған. Бұл әженің өмірі Таусылмайтын жыр маған. Дауыс жаттығулары. «Әлди-әлди» Дауыс диапазонын ескеріп,дикциясына көңіл бөлу. Әуенді орындар балаларға сұрақтар қояды. –Әже деген кім? -Сенің әжең кімнің анасы.? -Сен әжеңді қалай қуантасың? -«Әже тілегі» әніде не туралы айтылады.? -Сипаты,көңіл күйі қандай? Әуенді-қимылды ойын: «сырмақ жасайық» Саусақтарым майысып, Ою-өрнек оямын. Төрімізге жаятын, Сырмақ жасап қоямын белгі берілгенде «Прелюдия» әуен ырғағымен «сырмақ» құрастырып,балалар ептіліктерін көрсе-теді.

Балалар музыка тыңдайды.







Балалар дауыс жаттығуын жасайды.





Балалар ойын ойнайды.

Рефлекциялық түзетушілік

Дидактикалық рйын: «Қай аспапта ойнаймын?» Ұлттық ішекті және үрмелі аспаптарды қолдану.Ұнаған аспаптарын таңдап алып,оркестр құруды ұсынады. «Сәулем-ай» халық әніне оркестрде ойнауды жасғастыру.

Текшелерден аспаптарды дұрыс тауып көрсетуді үйренеді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: лирикалық сипаттаңы әуендерді ажыратуды

Игереді: оюлар түрімен,би элементтерін үйренеді.

Меңгереді: сабырлы,әуенді созылта мәнерін келтіріп айтуды.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова.Айгүл.



























«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

47-48 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Ана-өмір шырағы» Мақсаты: Музыкалық қабілеттерін,шығармашылықтарын дамытуды жалғастыру. Музыканың көмегі арқылы мимика түрінде көрсете алуға үйрету. Көрнекілік: ана суреттері.гүлдер,металлофон аспабы. Сөздік жұмыс: мимика,терция,кварта.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Вальс ойналып,балалар би қимылын қайталап үйренеді. Еске сақтап,биді мәнерлеп орындау шеберліктерін ұштайды.Би элементтерін соңыңа дейін көрсетіп,бірге мәнерлеп билеудерін қадаға-лайды. «Гүлдермен би» қимылдары үйретіледі. Балалармен аналары туралы әңгіме айтып,өз сезім-дері,ой пікірлері туралы сұрайды.Балаларға әртүрлі көңіл күйдегіаналардың бейнелерін атапайтуды сұрайды. –Ал сендердің аналарыңқандай көңіл күйде жүреді? -Қуанғанда қандай болады? -Сендергеренжігенде не істейді? -Сендерді еркелеткенде,жақсы көріп йіскегенде түрі қандай болады? Балаларға мимика арқылы көрсетуді ұсынады. Еркелеткен панасын, Аман болшы анашым

Үйренген би қимылдарын әуенмен мәнер-леп билейді,өз шығармашылық-тарын көрсетеді.





Гүлдермен биқимылдарын нәзік ,жеңіл орындайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Музыка тыңдау: «Аман болшы анашым!» -Бұл ән бәріміздің де аналарымызға арналған. –Әннің көңіл күйі қандай? -Сендерге ұнады ма? Мазмұнын әңгімелейді сұрайды. Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән» «Анашым». Терең тыныс алып,дыбыстардығ біркелкі шығуына көңіл аудару.Таза айтуларын қадағалау. Ән үйрену «Анашым» орындалады.Балаларға ән мәтіні және әуені үйретіледі. Өтпесін әр кеш құр, Ойнаймыз оркестр. Аспапта ойнау: «Айгөлек» әуеніне қоңырау,бірнеше металлофон аспаптарында ойнау-ды жалғастырады.Әуеннің ырғағын сезіне,өз реттіліктерін сақтауын қадағалау. «Өрнек»биінің элементтері қайталанып,еске сақ-тауға,мәнерлеп орындауға үйрету.

Әнді зейін қойып тыңдап әсер алады.



Балалар дауыс жаттығуын жасайды.

Жаңа ән үйренеді.


Рефлекциялық түзетушілік

Қимылдық ән-ойын.»Алтын қақпа» ойын шартын қатаң сақтап,шапшаң қимылдауға, жұптасып,қақпа жасап тұруға дағдыландыру. –Өз аналарыңа қандай тілекайтасыңдар? -«Ана-бізьің гүліміз» дегенді қалай түсінесіңдер? -Аналарыңа қандай мерекелік сыйлық ұсынасыңдар? «Ана» тақырыбына сурет салғызып, көрме ұйымдастырады.

Балалар ойынды ойнап , «Ана» тақырыбына сурет салады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әнді таза,тембрі сезіне орындау.

Игереді: Көңіл күйді мимикамен көрсетуді.

Меңгереді: әнді таза орындап,эмоциясын көрсету.

Ән –саз жетекшісі : Ускинова.Айгүл.

















«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

49-50 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Домбыра сазы» Мақсаты: музыкалық аспапқа деген қызығушылығын арттыру,әнді сергек,жігерлі орындауға талпындыру. Көрнекілік: домбыра. Сөздік жұмыс: соқыртеке.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Музыка залына көңілді музыка әуенңмен бірінен соң бірі тізіліп,нақты қадаммен келеді.шаттық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді. Домбыра,қайда барсам тастамаймын Ән менен сенсіз өлең бастамаймын. Екі ішек,он бір перне,бір тиектен Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

Балалар музыка залына көңілді әуенмен келеді.

Домбыра туралы өлеңді тыңдай-ды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Домбыра-қазақ халқының арасында өте ерте заманда кең тараған,ғасырлар сырын сақтаған,қос ішекті шертіп ойнайтын аспаптың бірі.Домбыра әртүрлі үлгідегі ағаштан ойылып жасалады.Дауысы майда қоңыр,құлаққа жағымды. Музыка тыңдау: «Келіншек» (халық күйі) Күйді белгілі композитор шығарып,бір-бірінен естіген күйінде үйреніп кейін шығарған адамұмытылып қалған.Бұл күй жас келінге арналған,келіннің жүрісі,ширақ қимылы суреттелген. Ән үйрену: «Домбыра сазы»Музыка жетекшісі әнді орындар, балаларға үйретеді.Балалардан ән туралы түсінігін сұрайды. Ойын: «Соқыртеке» Бұл ойынның мәтіні де,әуені де басқалау.Бір баланың көзін байлап,ол басқа балаларды әндетіп жүріп іздейді. Би «Апатайым-ай» Би өте көңілді,жеңіл,аналарға арнап қыздар билейді.

Домбыра аспа-бын қолдарына алып,шертіп көреді.



Күйді тамашалайды.

Композитор туралы мағмұ-мат алады.

Рефлекциялық түзетушілік

-Бүгінгі сабағымызда қандай ән тыңдадық?Қандай ән үйрендік? -Ән не туралы болды? -Ойнымыздың аты қалай аталады? -Бүгінгі әрекеттің қай бөліміұнады? Қорытындылау,мадақтау.

Балалар көтеріңкі көңіл мен топтарына тарайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: домбыра туралы мағлұмат алады.

Игереді: «соқыртеке» деген түсінікті.

Меңгереді: жеңіл музыка әуенімен би қимвлдарын жасауды.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова.Айгүл.









































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

51-52 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Көктем әндері» Мақсаты: музыкалық дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын білу.Көктемгі құстардың сайрағанын музыкада адырата білу. Көрнекілік: көктемдегі көріністер,қараторғай суреті. Сөздік жұмыс: қараторғай,жыл құстары.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Көктем көріністерін бейнелейтін суреттерді қызықтау.Жылы жақтан қайтқан құстардың, жылғаның суреттеріне қарап әңгіме құрастыру. Сулар ағып жылғадан Құстар әнін жырлаған Бұлт айдары желбірейді Бұл мезгілді қалай дейді. Келіп көктем құстары, Бау-баұшада ән салды , Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.

Балалар көктем көріністері бей-неленген сурет-терді тамаша-лайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-Балалар ,бұл өлең жолдары қандайжыл мезгілін меңзеп тұр? -Сендер қандай құбылыстарды байқадыңдар? Музыка тыңдау: «Қараторғай» -Көктем шыға жыл құстары дажылы жаұтан атамекеніне келе бастайды.қҰстар сайрап,,көктемгі көріністерге жан біткендей болады.Көптеген әндер табиғатпен,тау-тас,өзен-сумен байланысты болса,енді біреулері табиғат аясында қанат қағып жүрген құстарды әнге қосады. Міне сол әндердің бірі –осы ән. Ән айту: өткен әндерді қайталайды. Ән үйрену.: «Көктем» Ән айту кезінде ережелерді еске түсіріп демді иықты көтермей алып, бойды тік ұстау.музыка әнді орындап балаларға үйретеді. 2-3 мәрте қайталайды. Ойын: «Түлкі мен қаздар» Түлкі қаздарды қуады,алдарынан күшік шығып,түлкіні қуып, қаздарды кері қайтарады.ойын көңілді ойналады.


Рефлекциялық түзетушілік

-сонымен бүгін қандай жыл мезгілі туралы әңгімеледік ? -Көктем туралы не білесіңдер? -Қай бөлім сендерге қатты ұнады? Қорытындылау.

Балалар көтеріңкі көңіл мен топтарына тарайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: көктемгі құбылыстарды,табиғат өзгерістерін.

Игереді: жыл құстары,қараторғай туралы түсініктерді.

Меңгереді: үш түрлі музыкаға сай қимылдаржасау дағдыларын.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова.Айгүл.

































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

53-54 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Наурыз-жыл басы» Мақсаты: ұлттық рәсім туралы қарапайым түсінік қалыптастырып,ұлттық сезімін тәрбиелеу. Көрнекілік: Наурыз дастарханы,ұлттық тағамдар,арқан. Сөздік жұмыс: наурыз көже,құрт,жент,ірімшік,қонақ кәде.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Ортада дөңгелек үстел,үстінде құрт,ірімшік,жент, бауырсақ,т.б.Үстелдің жанында қазақша киінген әже мен ата отырады. Дастарханда дәміміз, Жайдарымыз бәріміз. Көжесі көп,қыры көп, Қандай жақсы наурыз . Ата мен әже балаларды қарсы алады.

Балалар дөңгелек үстел жанына келіп, ата мен әжеге сәлемдесіп,үстел айналасына орналасады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Балалар атамен,әжемен амандасады.Әже балалар-дан бүгін қандай мереке екенін сұрайды. –Наурыз дегенді қалай түсіндіңдер? -Наурызды халық қалай тойдайды? -Наурызғақатысты қандай ырымдарды білесіңдер? –Наурыз күн мен түн теңелген кез,ол күні ренжіс-кен адамдар бір-бірімен құшақ жайып,төс қағыс-тырып татуласады.Әр үйде дастархан жайылып,бір-бірінің үйіне қонаққа барады. –Міне алдарыңда қазақтың ұлттық тағамдары тұр.Жеті түрлі дәм салып наурыз көже дайын-далады.Ата қонақ кәде ретінде ән айтып береді. Музыка тыңдау: «Ақ сиса» (Жаяу Мұса) Ән үйрену: «Наурыз –жыл басы» Музыка жеткшісі әнді орындайды.Ата мен әжеге қосылып үйренуін сұрайды. –Әнде не туралы айтылған? -Ән көңілдіме,әлде көңілсіз бе? Ата мен әжеге өткен әндерді айтып береді. Ойын. «Арқан тартыс» Ата өзімен бірге арқан ала келгенін айтады.Қазақтың ұлттық ойыны –арқан тартуды екі командаға бөліп ойнайды. – «міне бүгін күн мен түн теңелді» -деп Күн мен Түн ойынын ұсынады.

Балалар әженің сұрақтарына жауап береді.









Балалар музыка тыңдайды.








Рефлекциялық түзетушілік

Ата мен әже балаларға ризшылығын білдіріп, мадақтап,қоштасып,үйлеріне қайтады.

Балалар алған көңілді әсер-лерімен тарайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Наурыз-мерекесі-кін мен түннің теңелу,табиғаттыңжаңару мерекесі екенін.

Игереді: қазақтың қлттық тағамдары туралы түсініктерді.

Меңгереді: арқан тарту арқылы күш сынасу дағдыларын.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова, Айгүл.





























«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

55-56 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Қайырлы таң» Мақсаты: жаңалықты,жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрену.Әнді орындағанда үндесіп,бір-бірін тыңдап айтуға үйрету. Көрнекілік:музыкалық аспаптар,Дина суреттері,асатаяқ. Сөздік жұмыс: тастұяқ,қыран,шапақ,рауан.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Балалар музыка әуенімен залға келіп кіреді. Әрбір атқан таңымыз арайлы,бәріміздің жүзіміз жарқын,көңілді,құстарымыз сайрап,гүлдеріміз жайнап тұрса,көктем күні қандай кремет.

Шеібер бойымен жүріп.жүгіреді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Құстардың ішінде де әнші құстар болады. Бұлбұл- әнші құс.Халқымыз даусы әсем әншілерді бұлбұлға теңейді. Музыка тыңдайды. «Бұлбұл» Дина Нұрпейісова-күйші композитор туралы әңгімелеп береді. Дина Құрманғазыдан күй үйренген.Кейін өзі күй шығара-тын болған. Ән айту: өткен әндерден еске түсіріп,мәнеріне келтіріп орындау, қайталау.Дауысты қалыпқа келтіріп,дауыс жаттығуын жасату. Ән үйрену: «Қайырлы таң» Ән сабырлы,шырқайсалынады.музыка жетекшісі әнді орындап,балалардан ән туралы сұрайды.»шапақ» , «Рауан» деген сөздерге тоқталып, түсіндіру. Музыкалық аспапта ойнау: «Тастұяқ» аспабымен таныстыру. Ұрмалы аспаптың ойлану техникасын көрсету. «Сәулем-ай» әуеніне ыпғақпен ұрып,көрсету. Бірнеше балаларды шығарып,асатаяқ,тастұяқ ,сылдырмақпен әуенге ілесіп ойнау.

Бұлбұл туралы мағлұмат ала-ды.



Музыка тыңдайды.





Жаңа ән үйренеді.



Музыкалық аспаптарда ойнап көреді.

Рефлекциялық түзетушілік

-Бүгін қандай композитормен таныстық? -Қандай күй тыңдадық? -Әнде не туралы шырқалды? - Қандай музыкалық аспапен таныстық? -Сенденге ұнады ма? Қорытындылау.

Балалар сұрақ-тарға жауап беріп,топтарына тарқайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғат құбылыстарын күйде тартуға болатынын

Игереді: тастұяқ,асатаяқ, шапақ,рауан деген түсініктерді.

Меңгереді: жаңа музыкалық аспапта ойнау дағдыларын.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова.Айгүл.

































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

57-58 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат» Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін арттыру.Қимылментүрлі сипаттағы әуендерді көрсету.Классикалық сузыкаға қызығушылығын арттыру, әңгімелеу. Көрнекілік: скафандр атрибуты,құрсаулар.ңарыш кемелері суреттері,ғарышкерлер суреттері. Сөздік жұмыс: ғарыш,зымыран,Байқоңыр,скафандр.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Балаларға Марш екпінімен,тұлғаларын түзі ұстап,аяқтарын көтере жүруді ұсынады.Әуенді-ырғақтар көрсетеді. « Кел билейік» ойнақы,көңілді әуеннің ырғағына бір аяқтан келесі аяққа жеңіл секіртпелі қимыл жасауды,бір қырымен аяқтарды бір-біріне тигізе секіру қимылын үйретеді. 12- сәуір-Ғарышкерлер күні екенін айтып,ғарыш бейнеленген суретті көрсетеді.Жетекші балаларды ғарышқа саяхатқа шақырады. Сапар үшін келесі, Дайын ғарыш кемесі. Бұған ертең мініп ап, Айға барамыз зымырап (А.Сопыбеков) -Ғарышқа тек мықты,шымырбалалар ғана ұша алады.Ал қанеки,қпзірден жатығуға әзірленейік!-деп жаттығулар жасауды ұсынады.

Балалар марш ырғағымен денесін түзу ұстап,нық баса жүреді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

-Міне,енді шынығып,ұшуға дайынбыз. Скафандрларын киіп,ұшуға дайындық жасалады. Үнтаспадан «Ғарыш кемесінде» әуені ойналады. –міне белгісіз планетаға тап болдық. «Фантастикалық би» (Р.Шуман) ойналып,балаларға робот қимылдарын көрсетеді. Музыка тыңдау: «Айды әперші апатай» әнін орындап береді. Әннің мәтінін сипатын түсіне әңгімелеуді ұсынады. –Ғарыш деген не? -Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? -Ғарыш айлағықай жерде орналасқан? –деген сұрақтар қойып,толық мәлімет береді. Ғарыш айлағы Байқоңырда орналасқанын,Гагарин,Т.Мұсабаев суреттерін көрсетеді.мәлімет береді. Ән үйрену : «Ғарышкер боламын» Әнді бірнеше рет қайталатып үйретеді. Әуенді-қимылды ойын: «Роботтар кемесінде» үнтаспадан робот қимылына сай әуен ойналып,балалар робот қимылдарын көрсетеді.Әуен тоқтағанда кемелеріне отырып үлгеруі тиіс.Әуен орындалып балаларға жерге оралуды ұсынады.

Көздерін жұмып өздерін ғарыш кемесінде отырғандай сезінеді.





Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Балалар жетекші көрсеткен қимылдардың барлығын істейді.

Рефлекциялық түзетушілік

«Кел билейік» әуеніне көңілді би билеуді ұсынады. –Ғарыш айлағы қай жерде орналасқан.Үйде «Ғарышта» немесе «Зымыран» тақырыбына сурет салуға тапсырма береді.

Би билеп,ырғақты сезінеді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: әр сипаттағы шығармаларды әңгімелей білуді.

Игереді: ғарыш,ғарыш айлағы туралы түсініп,әндерді анықтау.

Меңгереді: Мағынасын түсінеді.

Ән –саз жетекшісі : Ускинова.Айгүл.



















«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

59-60 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз» Мақсаты: вокалды және аспаптық музыка туралы қызығушылығын арттыру. Құстарды қорғап,қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Көрнекілік: құстар суреті,ойыншық құстар,құстар атрибуттары. Сөздік жұмыс: аққу,көкек,бұлбұл.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Марш әуенімен кіріп,шеңбер бойымен тұруды ұйысдастырады. Қолымызды жаяйық ,Құстай қанат қағайық Үнтаспада «Жануар әлемі» әуені рйналып,құстардың қанат қағуын көрсете жеңіл жүгіруді ұсынады. Көктем келіп шуақты. Балаларды қуантты. Алақай ау,алақай Құстар сайрап, Бақтар жайнап, Гүл атты. –Көктем мезгілі келіп,құстарда орала бастады.Ендеше құстар туралы жұмбақ шешейік. Көктемде ұшып келеді. Жаздай концерт береді .



Өз атын өзі шақырады, Сөйтіп күнді батырады.

Тұмсығымен ояды, Ағаш құртын жояды. Музыка тыңдау: «Көкек» әнін орындап,көкек әнін қайталауды сұрайды.ән сипатын мағынасын әңгімелейді.Балалардан сұрайды. Көктем ,көктем,көктемде Құстардың бәрі де Әнші болып кеткен бе Біз де ән салайық , Шығып алып бөктерге.

Маршпен шеңбер бойымен жүреді,аяқтарын нық басады.

Балалар тақпақты бірге қайталап,еске сақтауға тырысады.







-Бұлбұл



-Көкек.



-Тоқылдақ.





Әнді тыңдап, мағынасын түсінеді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Дауыс жаттығуы: «Бұлбұл» әнін үйретіп дұрыс тыныс алуларына дауыс ырғақтарына көңіл бөледі. Ән үйрену: «Көктем» әнін орындап,мәтінін түсін-діріп, әуенін үйретеді.Дыбыс ұзақтығын алақан-дарымен шапалақтау арқылы көрсету. Дидактикалық ойын: «Не қалай шақырады?» Би «Аққу» үнтаспада немесе домбыра аспабында орындалады. Күйге қыздарға би қимылдары үйретіледі.

Балалар дауыс жаттығуын жасайды.

Балалар жаңа ән үйренеді.

Рефлекциялық түзетушілік

Келіп көктем құстары, Бау-баұшада ән салды. Оларды жас достары, Ұя жасап қарсы алды. Жетекші балаларға құстар туралы сұрақтар қойып сабақты қорытындылайды.

Балалар тәрбиеші сұрақ-тарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Музыканың эмоциялық мазмұнын жеткізуді.

Игереді: құстар туралы біліп мағлұмат алады.

Меңгереді: құстардың дауыстарын ажыратуды.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова .Айгүл.





















«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

61-62 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Бақшадағы ән-сауық» Мақсаты: музыкалық шығармашылыққа,қабілеттерін ұштауға баулу.Әуендік динамикалық есту,ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.Би қимылдарына,ойын әрекеттеріне қатысу белсенділігін арттыру. Көрнекілік: қуыршақтар.ойыншықтар. Сөздік жұмыс: қуыршақ мұңы,,жас дәуір,түлек.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

«Біздің балабақша» әні ойналып,балаларды залда қарсы алады. Қанша бала,қанша қыз, Бір шоқ гүлміз баршамыз Ойын-күлкі ордасы Біздің балабақшамыз. Жетекші балалармен балабақша туралы не білетін-діктерін сұрайды.

Балалар шаттық шеңберін орын-дап,жетекші сұ-рақтарына жауап береді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

«Ойыншықтармен би «қимылдарын үйретеді.Қуыр-шақтарды бірге қозғап,бірқалыпты жасауға дағдыланады. Музыка тыңдау: «Қуыршақ мұңы» әуенді тыңдатып сипаты туралы сұрайды. «Қуыршақтар «әуенін» сұрайды. Дауыс жаттығуы: «Әлди-әлди» орындалады. Ән үйрену: «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін орындап,мұқият тыңдауды сұрайды.Әннің маз-мұнымен қысқаша таныстырады.Сөздерін анық айтуына назар аударады. Ойын: «Алтын қақпа» Ойынға белсене араласқан балаларды мақтайды. Би: «Аққу» негізгі элементтерін үйретеді. Бала-лардан қайталауын талап етеді. Әуенді –дидактикалық ойын. :»Әуенді сағат»

Балалар ойын-шықтармен би қимылын жасайды.

Дауыс жаттығуын жасайды.



Ойын ойнайды.

Би билейді.

Рефлекциялық түзетушілік

Жетекші балаларға сабақ бойынша сұрақтар қойып сабақты қорытындылайды.

Балалар жетекші сұрақтарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенге сай қимыл жасауды.

Игереді: би элементтерін үйренеді.

Меңгереді: жаңа әнді айтуды.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова.Айгүл.

































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

63-64 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Ән салып,би билейміз» Мақсаты: музыкалық шығармалар сипатын анықтауды жалғастыру, дыбыстың ұзақтығын ,биіктігін ажыратуды дамыту.Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауға баулу. Көрнекілік: металлофон аспабы,»етек-етек «ойынына қажетті атрибуттар. Сөздік жұмыс: регистр,шертер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

«Марш» ойналып балалардың шеңбер бойымен жүріп,келіп,бірнеше қатарға тұрып,түзі сызық бойымен жүруді үйретеді. Үйренеміз өнер біз, Шетімізден шеберміз, Ән де айтып көңілді Би де билеп береміз.-деп «Тату достар» полькасына биге шақырады.Балаларға еркін қимылмен қозғалуға мүмкіндік береді.

-Кімнің қандай өнері бар? -Кім билегенді ұнатады?

Марш екпінімен залға кіреді.

Сап түзеп қатарласа жүреді.

Көңілді полькаға би билейді.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Домбырам күмбірлеп Күй шерте аламын, Бұрала би билеп, Суретте саламын. Ән тыңдау: «Балалығым балғын –шағым» атты әнді орындап,тыңдауды сұрайды. Содан кейін ұлттық аспап шертермен танысты-рады.аспаптың суретін көрсетіп,қалай ойнала-тынын көрсетеді.Үнтаспадан дыбысталуын тыңдатады. Дауыс жаттығулары. «Дабыл», «Шертер» әнідегі «даң-дұң» дыбыстарын салмақ түсіре айтуын қадағалайды. Ән саламыз күнде біз Шаттық толы іргеміз .Біз тату достармыз, Біз үнемі біргеміз. Ән үйрену «Балдырғандар әні» Әнді үйретіп ,көңілді,ырғақты сипатына көңіл бөліп, мазмұнын қысқаша түсіндіреді.

Балалар ән тыңдап,ұлттық аспап шертермен танысады.

Дауыс жатты-ғуларын жасай-ды.





Балалар жаңа ән үйренеді.

Рефлекциялық түзетушілік

Аспапта ойнау: «Полька» Бірнеше металлофон аспабында оркестрде ойнауға үйрету.Әуенді анық,таза ойнап,дағдыландырады. Ойна,ойна.ойнайық ,Биле,биле,билейік, Ойын ойнап көңілді Қызықтарға тоймайық Ойын шарттарын қатаң қадағалау.

Балалар аспаптарда ойнап үйренеді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: дыбыс биіктігін,қзақтығын ажыратуды.

Игереді: жаңа ән үйреніп мағынасын түсінуді.

Меңгереді: музыкалық шығармалар сипатын ажыратуды.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова. Айгүл.



























«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

65-66 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат» Мақсаты: Балаларды музыка әлемімен таныстыру арқылы мәдениетімізбен ,опера және балет жанрымен таныстыру. Көрнекілік: үнтаспа.бейнетаспа,әншілер суреттері. Сөздік жұмыс:театр,балет,опера,метро,интерактивті тақта,диапазон.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

-Біз бүгін балалардың арасынан ұйымдастырылған «Ән-би» жарысына саяхатқа барамыз»-деп «Бақытты балалық шақ» әнімен қарсы алады.Бала-лардың залға келіп тұрып,орындарына орналасуын ұсынады. –Балаларсузыка әлеміне саяхатқа «метро» көлігіне отырып барамыз.Ең алдымен театрға және Абай атындағы мәдениет сарайына барып көрейік. «Тәтті-тәтті» -әнімен билеп барамыз.Балаларға тұруды,жүруді,әртістік қабілетін еркін айтуын көрсетіп,үйретеді.

Балалар жұппен кіріп үйренеді.



Балалар залдың бойымен шеңбермен жүріп,әннің ырғағымен билей бастайды.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

(Үнтаспадан дауыс шығады)Зал төрінде үлкен теледидар немесе интерактивті тақта. –Балалар Абай атындағы Опера және балет театрына қош келдіңіздер деп,балаларға опера қалай айтылады,және балет қалай биленеді,соны видеодан немесе интерактивті тақтадан көрсетіп түсіндіреді.Қойылым басталомас бұрын ұялы телефондарымызды сөндіріп қоямыз,шула-маймыз,тыныш отырып тыңдау керектігін ескер-теді.Қойылым басталғанда,ән айтқанда,спектакль жүргізілгенде шулауға, жүруге болмайды. Ән тыңдау: «Елім-ай» әнін жеке дауыстағы әншінің орындайында үнтаспадан тыңдатады. Келесі тыңдайтындарыңыз – «Біржан мен Сара» операсынан үзінді.

Балалар театрға келіп отыруға талпынады.

Балалар интерактивті тақтадан опера,блет туралы ма,лұмат алады.

Рефлекциялық түзетушілік

-Балалар,сендер қандай тестрда болдыңдар? -Әншіқандай ән айтты? -Дауысы қандай? Жоғары диапазонда айтты ма? Әлде төмен бе? -Қандай бидікөрдіңдер?Биді шапшаң биледіме? -Сендер өте жақсы тыңдадыңдар,бәріміз метроға мініп балабақшамызға қайтамыз. «Балдырғандар жырын» айтады.

Балалар жетекші сұрақтарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдап,сипатын ажырата білу керек.Әнді сезіну керек.

Игереді: музыка әуенін театрдатыңдай білуді.

Меңгереді: музыка ырғағымен би түрлерін жасауды.

Ән –саз жетекшісі : Ускинова Айгүл.































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

67-68 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Ел қорғауға әзірміз» Мақсаты: Балалардың патриоттық сезімін ояту,музыканың түрлі сипаттарын ажырата білуді дағдыландыру.Әнді таза айтуға,музыканы сезіне биқимылдарын жасай білуге дағдыландыру. Сөздік жұмыс: Әскери марш,жеңіс күні,мәңгілік алау.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Балаларды залда «Балдырғандар маршы» -әнімен қарсы алады.орындарына тұрып,жеңіл ырғақ түрлерімен билейді.Жетекші балаларды Мәңгілік алауға баруға шақырады. «9-мамыр- Жеңіс күні» мерекесіне автобус көлігіне мініп баруды ұсынады. «Ел қорғауға әзірміз» әнін бірге орындайық.Аялдамадан түскеннен кейін әскери марш ыпғағымен жүреді.бірнешеқатарға тұрып,әскерилердің қимылдарын көрсетеді.

Балалар музыка ырғағымен жұптасып жүруге,билеуге талпынады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Жетекші интерактивті тақта,суреттер арқылы «Мәңгілік алау» басында жиналған соғыс ардагерлерін,әскерилерді көрсетеді. Музыка тыңдау: « Жеңіс күні» әнін үнтаспадан тыңдайды. Балаларды елін қорғаған батырлармен таныстырады. Би «Катюша» әніне көңілдене билеуді ұсынады. «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қоюды көрсетеді.Бір минут үнсіз тұрып,соғыста қаза тапқандарды еске алуды қайталатады. Ән үйрену: «Момышұлы Бауыржан»

Балалар жетекшінің айтқандарын мұқият тыңдайды.

Балалар биге би қимылын жасайды.

Рефлекциялық түзетушілік

-Қандай жерге бардық ? -Қандай әндер тыңдадыңдар? -Қандай би ансамбльдерді білесіңдер? Дидактикалық үлестірмелі ойын:»Жанрларды ажырат» Балаларға текшелер таратылып беріледі.

Балалар жетекші сұрақтарына жауцап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдап, ырғақтарды сезіну.

Игереді: әскери музыкаларды тыңдап,жанрларды ажыратуды.

Меңгереді: әскери музыканы тыңдап,қосыла ырғақпен билеуді.

Ән –саз жетекшісі : Ускинова.Айгүл.









































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

69-70 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Бағдаршам» Мақсаты: Музыканы тыңдап,сипатын ажырата білу. Әннің мәтінін дұрыс айтып үйрену.Ойында эмоциясын ояту.Кейіпкер роліне кіріп ойнау. Көрнекілік: бағдаршам,жол ережелеріне қажетті барлық құралдар.Аідар атрибуттары. Сөздік жұмыс: сабырлы,көңілді,жігерлі,бағдаршам,ереже,ескерту.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Жетекші балаларды қарсы алады. «Амандасу жаттығуын» айтуды ұсынады. Б.Бейсенованың «Жол ережесі» -әнімен балалардызалдың бойымен еркін жүруге,орындарында тұрып билеуге,өз орын-дарын табуға үйретеді.Қимылдардан шатаспай есінде сақтау үшін сөзіне мән беріп,бірге қосыла айтып жасауға үйретеді. –Бізге қонаққа қасқыр келіпті.Ол жолдан өту ережесінбілмей,сендерден көмек сқрап келіпті»-деп «Қасқыр келді қалаға» көрінісін сомдап,сахналауға шақырады. Қасқыр: Еркін өсіп далада, Келдім бүгін қалаға, Қиналдым көше тәртібін Кіргізе алмай санама. Музыка әуенімен қимылдар жасайды.


Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Желаяқ: Бағдаршамға қараймын, Қараймын мен таңдана. Өшіп-жанған көзінің, Алмай сырын аңғара. –Ия,қасқыр әлі күнгедейін жол тәртібін білмейсің бе? Жол жүрудің қадірін бес саусақтай білемін. Тұлпар: Ережесін көшенің , Шемішкідей шағамын Болмай ма екен тұлпардай, Баяу өте аламын.(ақырын жүріп өтеді.) Қоян: Әй,әй қасеке,не көрінді өзіңе Қарасаңшы көзіңе, Бағдаршамға қиылып, Қараймын мен жымиып, Сары көзі жанғанда Үлгеремін жүгіріп,»Қызыл да жанып үлгереді.артынан қасқыр жүгіреді.) Арыстан: Әй қоян бері кел бері Ары бері жүгіре берме! Ауылдан келген қасқырға Үйрет мына ережені. Қоян: Арыстан аға құп болады.! Без қасқырға айтыңызшы. Мені қуа бермесін. Айтқанымды тыңдасын. Арыстан:Кел бері қасқыр қасыма. Сенің құлағың қоянда, Ал көзің бағдаршамда болсын ! ТҮСІНДІҢ БЕ? Қасқыр: Ия ,Арыстан аға! Қоянға күнім түсті ғой. Амал қанша қайтейін. Қоян: (Ескерту белгісі) Үшбұрышқызыл көрінсе- «Абайла қасқыр!» (Тыйым салу белгісі) Дөңгелекқызыл шеңберде-«Тоқтай қал ,Қасқыр!» «Көрсеткіш белгісі) Дөңгелек көк шеңберме- «Жолыңыз ашық» Түсіндіңбе Қасеке? Ха-ха-ха! Қасқыр:Түсіндім болды енді ыржалақтай бермей Арыстан кетер,Күнім өзіме келер-р-р-р-р Арыстан: Жол тәртібін білейік! Аман есен жүрейік! Қасқыр: Барар жерге асықпай, Қоян: Аман –есен жетейік! Ән «Жолаушылар жыры»

Балавлар жол ережесін сақ-тауға тырысады.

Рефлекциялық түзетушілік

Жетекші балалардан жол ережесін сұрайды. Балаларға бүгінгі сабақтан не ұққаны туралы сұрақтар қойып сабақты қорытындылайды.

Балалар жетекші сұрақтарына жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Музыканы тыңдап,сипатын ажыратуды.

Игереді: музыканы тыңдап,ойын арқылы сомдауды.

Меңгереді: музыка әуенімен ауыспалы адым жасауды.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова. Айгүл.









































«Ботақан » естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің

71-72 технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Ән-саз Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз» Мақсаты: музыканы тыңдап,сипаттарын ажыратабілу.Әннің мәтінін дұрыс айтып үйрену.ойындарда эмоциясын ояту. Көрнекілік: аспаптар,мектеп құралдары. Сөздік жұмыс:ұстаз,мектеп,дана,аспаптарда ойнаймыз,қоштасамыз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Ән -саз жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушылық

Жетекші балаларды «Гүлдер вальсі» ырғағымен қарсы алады.Би ырғақтарын сезіне билеуге үйретеді.Шеңбермен жүріп,өз орындарына тұруды,жұптарымен ілесе жүруді үйретеді. Б.Бейсенованың «Ұстазға мың тағзым» әні тыңдауға ұсынады.балаларды ойынға ұйымдастырады. «Әуенді тап» ойынының шартын түсіндіреді,екі топқа бөледі.жарысып айтуға үйретеді.

Балалар жұптасып,музыка ырғағымен жүру-ді,орындарына тұруды орындайды

Әнді тыңдап,еске сақтауға тырысады.

Ұйымдасты-рушылық - ізденістік

Ән үйрену; «Қош бол, балабақша» әнін айтып береді.Балаларға қайталап айтуды ұсынады. Жетекші балалардың жыл бойы үйренген білімдерін барлық сала бойынша музыка арқылы көрсетуін ұсынады. Ұлдар «РЭП» қимылдарын жасауды үйретеді. Балаларға рөльдерде ойнауды ұсынады. Ойын. «Алтын қақпа». Аспапта ойнау: «Сазды шатыр»ойынын аспап-тарда ойнауды ұсынады. Музыка тыңдау: «Біз бақытты баламыз»

Балалар әнді айтуға тырысады. Алған білімдерін саз әуені арқылы жеткізуге тыры-сады.Ұлдар би қимылдарын үйренеді.балалар әзілдеуге,қысқа сөзбен қайы-рып,жауап қатуға тырысады.

Рефлекциялық түзетушілік

Жетекші балаларды белсенді қатысқан үшін мақтайды,мектепке дайындықтарының жоғары екенін айтып мадақтайды.Қоштасады.

Балалар белсенді ойнап қуаныш- тарын білдіреді.Қошта-сады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдап,сипаттарын ажыратуды,жанрларды білуі керек.

Игереді: музыканы тыңдап,аспаптармен ырғақты сезіне ойнауды.

Меңгереді: музыкамен ырғақты сезіне би қимылдарын жасауды.

Ән –саз жетекшісі: Ускинова. Айгүл.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Cаба? та?ырыбы: "?ыс ?ызы?ы" ??лынша? тобы

Автор: Шегебаева Ботаг?з Адилбековна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 272824


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства