kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Б??ар жырау ?ал?аман?лы «Тілек» термесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Б??ар жырау ?ал?аман?лы «Тілек» термесі.

 

Ма?саты:

Білімділігі: Б??ар жырауды? ?мірі мен шы?армашылы?ынан жан-

жа?ты баяндау. «Тілек »термесіні? мазм?нын ашу, ?йрету.

Т?рбиелілігі: Отанды с?юге, ?лтты? жігер ?алыптастыру?а т?рбиелеу.

Дамытушылы?ы: Жырауды? жырларын ты?дай отырып, о?ушыны

 шы?армашылы? ізденіске ба?ыттау, терме айтуда?ы

шеберліктерін шы?дау, арттыру.

Саба?ты? к?рнекілігі:  Музыка аспабы домбыра, Б??арды? кітабы, ?нтаспа.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Б??ар жырау ?ал?аман?лы «Тілек» термесі »

Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау Қалқаманұлы «Тілек» термесі.


Мақсаты:

Білімділігі: Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығынан жан-

жақты баяндау. «Тілек »термесінің мазмұнын ашу, үйрету.

Тәрбиелілігі: Отанды сүюге, ұлттық жігер қалыптастыруға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Жыраудың жырларын тыңдай отырып, оқушыны

шығармашылық ізденіске бағыттау, терме айтудағы

шеберліктерін шыңдау, арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Музыка аспабы домбыра, Бұқардың кітабы, Үнтаспа.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.

Оқушыны түгендеу.

Сабаққа назарын аудару.

Дауысқа жаттығу жасау.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Е.Жаңабергенованың орындаушылық шеберлігі ұнады ма?

  2. Қандай терме, халық әндерін орындады?

  3. Өздеріңе жақын қабылдаған қандай термелерін айта аласыңдар?

  4. Халық әндерін қалай қабылдайсызда?

Өткен сабағымызда үйренген әнге тоқталып өтейік. Үйге берілген ән Халық әні «Ақ кербез»әні. (Оқушы аспапта өз үйренген деңгейін көрсетеді)

Халық арасында кең тараған әндердің бірі- халық әндері. Әнді орындау, халыққа өз мәнінде жеткізу әншіге байланысты. Әнді тыңдағанда ойды басқаға бөлмей, оның тез құбылмалы нәзік дыбыстарына дейін көңіл қойып тыңдау қажет. Әнді тыңдағанда мазмұн, сыр бар.

Ал жалпы әншілік – термешілік өнердің кім- кімге де артықшылығы жоқ. Мысалы, Бастау, толғау т.б. шығармалар осы күнге дейін жетіп, халық ішінде көп айтылып келеді.

Терме – әуелі сөз өнері, көркем сөз арқылы жетіп отырған ақыл- нақыл, өсиет- өнеге, яғни терменің құрылымына, мазмұнына сай мақала қосылады. Жыраулардың да үлесі мол. Жыраулардың жазғанын жыршылар орынгдаған. Жыраулардың көбісі өз замандарының ағымын болжай- бағдарлай білген, ақылды, халықты бүтіндікке, бірлікке шақырып, сыртқы дұшпанға мемлекет абыройын халықтың бостандығын сақтауды көздеген. Осындай жыраулардың бірі болған Бұқар жырау Қалқаманұлы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Аумалы төкпелі қиын заманда аты аңызға, жыры ұрпаққа рухани қазынаға айналған даналық сөздері мен кейінге өшпес із қалдырған қазақ халқының ардақты ұлы- Бұқар жырау.

Қалқаманұлы Бұқар жырау 1668-1781 жылы ХҮІІІ ғасырда Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр кешкен. Бұқар қазақ халқының арман- тілегін, елдің ынтымақ – бірлігін көксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл. Абылай ханның ақылшысы болған. Заманындағы сыншылар оны «Көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең- сөз төгіледі екен.

Абылай хан бір жаққа жорыққа шығарда одан айдың, күннің сәтін сұрайды екен. Көрген түсін жорытатын болған. ХҮІІІ ғасырда жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мүлдем жойылып кету қауіпін тудырғаны белгілі. Осы кезде «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған елдің басын қосып, ата жауға қарсы азаттық күресіне жұмылдыру жыраудың басты мақсатына айналды. Бұқар жырау өз заманының үгітшісі болған. Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған.

Оның «Абылай ханның қасында», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам» т.б толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен бірлігін сипаттаған.

Бұқар жыраудың толғаулары шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы. Адамгершілікке, атан анамен бала арасындағы мейірбандыққа, айнымас достыққа, мейірімділік пен бауырмалдық сияқты ізгі мінездері басқаларға үлгі ету Бұқар жырларында кең орын алған.

Толғау термелерінің ішінен бүгін біз «Тілек » термесін үйренетін боламыз. Жыраудың толғау, терме, жырларында сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет- қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқан қаһармандықтың рухтың лебі білінеді.

Негізінде, ой ағымына, пікір еркіндігіне, айызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтары 7- буынды, ұйқастары еркін. Жеңіл оындалады.

  • Дәптерімізді ашып, терменің сөзін жазып алайық.

Домбырада ойнау әдісі көрсетіледі. Әр буыны саға бойынша үйретіледі.

  • Міне оқушылар бүгінгі сабағымызда Бұқар жырау туралы, оның келелі ойға жазылған жыр- толғауларымен таныс болдық. Сонымен қатар «Тілек» темесінің мазмұнын түсініп, аспапта тартып, бір буынын толық үйрендік. Осы алған білімдеріңізді бекіту мақсатында мына сұрақтарға жауап берсеңіздер.

ІҮ.Бекіту сұрақтары:

  • Бұқар жырау Қалқаманұлы туралы бүгінгі сабақта не түйдіңіздер?

  • Бұқар жырау қай өңірде дүниеге келген?

  • Бұқар жыраудың қандай толғау- жырларымен таныс болдыңыздар?

  • «Тілек» термесінде жырау не туралы жырлайды?


Ү. Қорытынды.

Бір сөзбен айтқанда Бұқар жырау терең ойлы, ақылды сөз өнерін аса жоғары бағалаған 18 ғасырдан бізге мәлім әлеуметтік мәселелерді көбінесе басымырақ жыр еткен ақын.


ҮІ.Үйге тапсырма:

Бұқар жыраудың «Тілек»термесін жаттап келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Б??ар жырау ?ал?аман?лы «Тілек» термесі

Автор: Жылтырова Мейрамг?л С?рсен?ызы

Дата: 23.01.2015

Номер свидетельства: 160018


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства