Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: І. Ұйымдастыру кезеңі «Сиқырлы қалам» ойыны ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. «Ой қозғау» әдісі «Бұл кім? Ол не?» ойыны Суреттер: Бөгенбай батыр, Абылай хан. Бұқар жырау Сөздер: жасақ, ақылгөй, Бөгенбай мен Қабанбай заманындағы жырау, Бөгенбай мен Қабанбай заманындағы хан. ІV.Мағынаны тану - Балалар, қазір біз «Күлпаш» жайлы мәтін оқимыз. Бұл мәтін 1930 – 1932 жылдары Қазақстан халқының саны 6 миллионнан асқан болса, соның 2 миллионнан астамы аштықтан қырылды. Сондықтанда мәтінмен таныспас үшін «Ашаршылық» туралы ойлаймыз. Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап аламыз. Сонан соң 5 минут ішінде жұптарыңмен ашаршылық туралы не білетіндерін туралы тізім жасайсыңдар. Көбірек жазғандарың маңызды. (Олардың ойларын қағазға түсіремін) - Дұрыс айтасыңдар, балалар ашаршылық деген жоқшылық, сол замандағы адамдардың күн көріс деңгейлерінің өте төмен болуы. Өлместің күнің кешуі. - Жақсы енді сендер мәтіннің қалай өрбитінін білгілерің келеді ме? Олай болса оқулығымызды ашып, мәтінді толық оқимыз. Сөздік жұмыс Өрім – өрім – тозған, жыртылған Бөкебай – басқа жамылатын шәлі Ызғырық – суық жел Өлмелі кедей – өте кедей Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту Тапсырмалармен жұмыс Мәтін кейіпкерлері? Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді? «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» деп отырған секілді қалай түсінесің? Мақтым мен Күлпаш неге жылады? Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті? Оқулықтағы суретпен жұмыс - Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың? - Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құру. ІІІ. Ой толғаныс. 6. Дәптермен жұмыс Топпен жұмыс Бұл тапсырма дәптерде орындалады. 3 топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды. 1-топ. Сен қандай заманда өсіп келесің? 2 -топ. Мықтымның отбасын асырауына не кедергі болды? 3 -топ Мақтым, Күлпаш, Қалидің көрген азабы туралы әңгімелеңдер. «Галереяға саяхат» әр топ салған суреттерін қорғайды. Жеке жұмыс Венн диаграммасы Қали өмір сүрген заман Қазіргі бейбіт заман қазақ елі, жері V. Рефлексия. Кері байланыс Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім..... Меніңше мен ........ орындай алмадым, өйткені..... «Бағдаршам» арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалайды |