kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Би қойылымдары мен жұмыстану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие бүкіл қоғамдық, жалпы халықтық іс болып отыр, себебі қоғам өміріндегі өзгерістер – жан-жақты дамыған, білімді, парасатты адам тәрбиелеп, өсіруді талап етеді.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілеттерін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың таным қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері мол. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, бірақ оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әртүрлі, сондықтан баланың танымдық қабілеттерін дамыту, оның бағыттарын анықтау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Сондықтан мен өз жұмысымда қызықты сахналық би қойылымдары арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағыттадым.
Мектеп жасына дейінгі балаларға сахналық билерді үйрету үшін қазіргі кезде көптеген би жетекшілері түрлі би қойып қызмет етуде. Бірақ орындалатын бидің астарын ашу, көрерменге мағынасын жеткізу үшін көп ізденіп, мол тер төгуі қажет ететіні белгілі. Жақсы, сапалы балалар биін қою, би қоюшының ой-өрісі мен эстетикалық, педагокикалық, психологиясына, тәлім-тәрбиесі мен біліміне байланысты.
Үлкенді, кішілі би қойылғанда басынан аяғына дейін әр-түрлі тәсілді жүйесі болады.
Біріншіден, би драматургиясы- ол бидің негізін қалайтын ой-өрісі. Бұл биде не көрсетіп, не айтқымыз келетінін нақ басып жеткізу.
Екіншіден, саз (музыка)- қандай да би қойылмасын, оның болашағы таңдап алынған сазды әуенге көп байланысты. Драмалық ойды ашуда сазды әуен негізгі роль атқарады.
Үшінші- қимыл (дене, қол, бет-пішін қимылы ) барлығы осы бір сөздің ішіне сыйып тұр. Енді ойымыз күрделене түсті,осы би қимылдары сазды әуенмен үндестік табуы өте қажет, Әуенін естіп отырып қимылды көргенде, драмалық ой-өрісі ашыла түсіп барлығы бір 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Би қойылымдары мен жұмыстану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру»»

Алматы облысы 
Қарасай ауданы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»кмм

Султанбекова Эльмира Талгатовна

хореограф ,би жаттықтырушысы 

«Би қойылымдары мен жұмыстану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру»


Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие бүкіл қоғамдық, жалпы халықтық іс болып отыр, себебі қоғам өміріндегі өзгерістер – жан-жақты дамыған, білімді, парасатты адам тәрбиелеп, өсіруді талап етеді.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілеттерін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың таным қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері мол. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, бірақ оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әртүрлі, сондықтан баланың танымдық қабілеттерін дамыту, оның бағыттарын анықтау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Сондықтан мен өз жұмысымда қызықты сахналық би қойылымдары арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағыттадым.
Мектеп жасына дейінгі балаларға сахналық билерді үйрету үшін қазіргі кезде көптеген би жетекшілері түрлі би қойып қызмет етуде. Бірақ орындалатын бидің астарын ашу, көрерменге мағынасын жеткізу үшін көп ізденіп, мол тер төгуі қажет ететіні белгілі. Жақсы, сапалы балалар биін қою, би қоюшының ой-өрісі мен эстетикалық, педагокикалық, психологиясына, тәлім-тәрбиесі мен біліміне байланысты.
Үлкенді, кішілі би қойылғанда басынан аяғына дейін әр-түрлі тәсілді жүйесі болады.
Біріншіден, би драматургиясы- ол бидің негізін қалайтын ой-өрісі. Бұл биде не көрсетіп, не айтқымыз келетінін нақ басып жеткізу.
Екіншіден, саз (музыка)- қандай да би қойылмасын, оның болашағы таңдап алынған сазды әуенге көп байланысты. Драмалық ойды ашуда сазды әуен негізгі роль атқарады.
Үшінші- қимыл (дене, қол, бет-пішін қимылы ) барлығы осы бір сөздің ішіне сыйып тұр. Енді ойымыз күрделене түсті,осы би қимылдары сазды әуенмен үндестік табуы өте қажет, Әуенін естіп отырып қимылды көргенде, драмалық ой-өрісі ашыла түсіп барлығы бір дүние іспеттес болуы хақ .
Төртінші- ол осы ойлаған драмалық ойымызды, сазды би қойылымдарымен үйлестіре отырып, сахна кеңістігінде дұрыс қозғалыс табу.
Төртінші- әр түрлі ракурстар. Осы сахналық қозғалыстардың (суреттердің) дұрыс көрініс табуы. Би қою тәсілінде, бидің басталуы- яғни көрермен бишінің қай уақытты, қай ел-жерді, қай халықты(киім үлгісіне, сазды әуеніне, сол халыққа тән би қимылымен сазды әуеніне байланысты) қай мезгілді, кімді көрсететінін түсінуі керек. Енді сахнаға шыққан би орындаушы балалар белгіленіп берілген сурет бойынша сахна кеңістігінде қимылдарды билей жөнеледі. Келесі сазды әуенмен би қимылдарының , ракурстарының шыңына жеткізу кезеңі. Бидің драматургиялық түйіні бидің аяғы. Бірақ осы түйіннің өзі, ой-өрісті дұрыс өргізіп әкеліп түйіндеуді керек етеді.
- Жетекші би қойылымдарын бастамас бұрын сюжеттің мазмұнымен мәнерін, қимыл –қозғалысын толығымен жатқа білу керек.
- Балаларға қандай би үйретілетіні жөнінде қысқаша мазмұнымен, музыкасымен киім үлгісін түсіндіріп өту қажет.
- Бірінші би қимылдарын музыка ырғағымен үйретіп, бірнеше рет қайталату арқылы есте сақтап қалуына ықпал ету.
- Сахна кеңістігінде би қойылымына сәйкес түрлі (шеңбер, баған, жұлдызша т.б) қозғалыстарды балаларға таныстыра отырып би қимылдарына сәйкестеп жаттықтыру.
- Әр көріністі естеріне сақтап қалуға дағдыландыру.
- Би қойылымын толығымен аяқтағаннан кейін ғана балалардың сюжеттік қойылымды көңіл күймен (қуанышты, ширақ, нәзік) орындалуын қадағалауы міндетті.
Көрерменді жалықтырып алмас үшін әр би қойылымының жеке және жұптық билер -2 минут, топтық би – 3-4 минут, көпшілік би 5-6 минут ұзақтығын есте сақтаған жөн.
Өз тәжірибемнен жүргізілген жұмыстарыма тоқталсам: № 9 «Еркемай»,
№ 29 «Балауса» МдҰ –ның «Би өнері» үйірмелерінде , ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерде меңгерген жұптық, жеке, топтық жұмыстарымның нәтижесін мерекелік ертеңгіліктерде, семинарларда, салтанатты жиындарға және қала көлеміндегі концерттерде, әр түрлі тәрбиелік іс –шараларға қатыса отырып көрінуде.
Мысалы: 2012-2013оқу жылы мамыр айында Облыстық "Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту" атты семинарында Испан биімен (Сейткереева Алина, Мохначова Вероника, Ермончик Полина, Мишина Арина, Ивановская Алена, Могалова Влада) өнер көрсетті.
(Бүкіл әлемдегі ең жалынды, қимыл нақтылығымен көптің көңілінен орын алып жүрген Испан биін алған себебім мектеп жасындағы балаларды Дидюля, Валерий Михайловичтің «Фламенко» музыка ырғағымен баурап алуы, музыка ырғағының нақтылығы, киім үлгісінің тартымдылығы қолдарына ұстаған көрнекі бұйым желпуішпен қимылдау қыз балалардың қызығушылығын туғызды. Желпеуішті пайдалана отырып испан биінің қимыл элементтерін пайдаландым)
2013-2014 оқу жылында қаңтар айында қалалық Батыс Қазақстан "Өрлеу" біліктілігін арттыру ұлттық орталық филиалының ұйымдастырумен "Особенности применнения системы М.Монтессори в формировании познавательной компонентности детей дошкольного возраста" тәжирибе семинарында "Аңшылар" биімен (Куандыков Рома, Рыбалченко Даниель Умаргалиев Олжас, Таржиманов Радмир, Солодилов Дима, Гумаров Исмаил) өнерлерін паш етті.
(Бұл би қойылымында қазақ халқының саятшылдығын, құс бегілікті, аңға шыққан аңшының көрнісі сомдалды. Қолданылған көрнекі бұйымдар қамшы, бүркіт, аңщы киімі болды.)
Наурыз айында қалалақ Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мұғалімдерді мерекемен құттықтау салтанатты жиналысында "Сәнқойлар" биімен (Төлеген Райымбек, Куандыков Рома, Курмашев Исатай, Килашев Чингиз, Мәлік Әлихан, Асыланбекұлы Бекасыл, Казболатова Томирис, Даунова Азалия, Каримова Фариза, Сацкая Дарья, Сушкова Регина, Кравцова Алиса) көрерменді өз өнерлерімен жаулап алды.
(1940жылдың аяғымен 1960 жылдың басындағы туындаған Стиляги биі. Балаларға би элементерін жас деңгейлеріне сай би қимылдарын ыңғайлап көңілді, жалынды, жігерлі би қойылды)


Балаларды сахналық билерге, би өнеріне қызығушылығын арттыра отырып танымдық қабілеттерін жетілдіру бағыттарым:
1.Би қимылдарын музыка ырғағымен қайталату арқылы музыканы есту, әуен ырғағын, екпінін түсінуге дағдыландыру.
2.Билеу қабілетін және биді түсінуге, қимыл –қозғалысты сезінуге, билеу кезінде би қозылыстарын есте сақтау қабілетін арттыру.
3.Сахналық билерді мерекелік ертенгіліктерде орындай отырып, дайындық кезінде жаттаған би қимылдарын есіне түсіріп музыка ырғағымен қалыспай шатастырмай орындау.
Сюжеттік би қойылымдары қиялдау, ойлау, есте сақтау кабілеттерін жетілдіреді. Олар баланың сол және басқа да кейікерлерді көз алдына елестетуге, олардың әрекетін өздерінің қимыл – қозғалысы, дыбыс және кейіптендіру арқылы «сипаттауға» көмектеседі.
№9 «Еркемай» МдҰ –ның «Би өнері» үйірмесінің «Біздің үйдің мақтаншақтары» сюжеттік би қойылымында балалардың кейіпкерлердің эмоциясы мен тебіреніс сезімін, сонымен бірге өзін көнілді көжектер, епсіз күшік, паң әтеш, кішкене балапан, тамаққа тойған торай. Шынар есімді қыздың достары немесе бір үйдің мақтаншақ жануарларын сомдады.
Балабақшада осындай қимыл – қозғалыс және танымдық әрекетін сахналық би қойылымдарын көрермен алдында орындау баланың:
-негізгі қимыл түрлерін шығармашылықпен орындауға ;
-сахналық мәдениетке үйрену;
-жасқаншақты жеңіп шығуға;
-эмоционалдық тонусын көтеруге;
-қиялы мен фантазиясын дамытуға мүмкіндік туғызады.
Би – адамның ішкі жан дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер.

хореография би өнері

Хореография дегеніміз – би өнері, сондай – ақ бидің және балет спекталінің қойылуы. Билер халықтық, тұрмыстық, тарихи және классикалық балет (ең үздік үлгідегі) билері болып бөлінеді. Өнердің басқа түрлері сияқты би өнері де өмір құбылыстарын, адамдардың өзара қарым – қатынастарын білдіреді. Бидің ерекшелігі адамның сезімін, жан – дүниесін қозғалыс арқылы өте нәзік, көркем түрде беруі.

дұрыс ұстау. 2 Хореографияның мақсаттары:

1. Оқушылардың дене шынықтырып, күшейту.

2. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру.

3. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру.

4. Өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.

Хореографияның міндеттері:

1. Сезіну, есту қабілетін дамыту.

2. Қимыл – қозғалыс аппаратарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.

3. Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.

4. Музыкалық шығармалардың буын – ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.

5. Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.

6. Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.

7. Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.

Хореография бағдарламасы:

Бидің барлық сабақтары (оқу, үйрену және қойылу) оқушылардың музыка мен бидің тәрбиесімен өзара тығыз байланысты болуы қажет (ол үшін мызыкамен сүйемелдеушісі болғаны дұрыс).

І. Дене тәрбиесі Дайындық жаттығу.

1. Қимыл – қозғалысқа қатысты аяқ – қол буындарын реттеп, дамыту.

. Денені

3. Қимылды үйлестіру.

4. Классикалық шынықтыру жаттығулары.

5. Халықтық шынықтыру жаттығулары.

ІІ. Музыкалық хореографиялық дайындық.

1. Кіріспе (әдістеме, ереже).

2. Машықтану бөлімі (бидің көрсету, талдап үйрену).

ІІІ. Тәрбиелік ұйымдастыру жұмыстары.

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сырт көрінісіне көңіл бөлу.

2. Сөйлеу мәнері, қарым – қатынас, мінез – құлық мәдениеті.

3. Өнер туралы сұхбаттар. Қол жеткен табыстарды талқылау.

4. Мерекелерге арналған концерттерді дайындап, өткізу.

5. Қорытынды іс – шаралар.

Болжау.

Би өнерімен айналысу оқушылардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақты жеңіл қозғалыспен дұрыс демалуына, музыканың екпінін, буын – ырғығын, мазмұнын ажыратын білуге көмектеседі.

Хореографиямен айналысу үшін оған арнаулы қондырғы керек. Төменгі топтағы жас балалар арнаулы қондырғысыз – ақ залдың ортасында айналысуына болады. Олар үшін ойын түрінде берілетін ырғықты (нақты қиыл – қозғалыс) жаттығуларға көбірек көңіл бөлу қажет. Олар қимыл – қозғалыспен музыканы үйлестіру шеберлігін дамитады.

Сабақтың құрылымы

І. Қимыл ойындары.

1. Қимыл ойындары.

2. Кеудені, аяқты, қолды дұрыс ұстау.

ІІ. Биге қатысты қимылдарды үйрету.

1. Би өнері, би туралы кіріспе әңгіме. Жалпы сипаттама.

2. Оқушының биді көрсетуі.

3. Би музыкасын тыңдату.

4. Биді толығымен билеп үйрену.

5. Ұлдар мен қыз балаларға арналған би қозғалыстары.

ІІІ. Өткен сабақты қайталау.

Үйреген биді, қимыл – қозғалысты, әуенді анықтау.

Сабақтың дайындық бөлімінде қондырғылардағы жаттығулардың орнына музыканың сүйемелдеуімен орындалатын аэробикалық жаттығулармен шектелуге болады.

Бастапқы қалпы: Екі қолды белге қойып аяқты қосып тұру.

1 – басты оңға қарай бұру (қисайту).

2 – басты солға қарай бұру.

1 – басты жоғары көтеру.

2 – басты төмен түсіру.

1, 2, 3, 4 – басты айналдыра қозғау.

1 – иықты жоғары көтеру.

2 – иықты төмен түсіру.

1 – денені төмен еңкейтіп (тізені бүкпей) екі қолды еденге тигізу.

2 – денені тіктеп, қолды белге қою.

1 – оң аяқты оң қапталға созып отыру.

2 – сол аяқты сол қапталған созып отыру.

1 – қолдың биге лайықты қимылдары.

Қорытынды бөлімі: биге қатысты секіру, жоғары еркін секіру, айналып секіру, аяқты алшақ ұстап секіру, аяқты қосып секіру, біресе оң аяқпен, біресе сол аяқпен секіру.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Би қойылымдары мен жұмыстану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру»

Автор: Султанбекова Эльмира Талгатовна

Дата: 01.03.2017

Номер свидетельства: 396871


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства