К?рнекілігі: Слайдты? презентация, саз аспаптарыны? суреттері, музыкалы? аспаптар, ?нтаспа.
?діс-т?сілі: ?н айту, би билеу, ойын ойнау, т?сіндіру, талдау,??гімелеу, к?рнекілік ?діс-т?сілдері.
?рекет кезе?дері
?уез жетекшіні? іс-?рекеті
Балаларды? іс-?рекеті
Мотивациялы? ?оз?аушы к?ш
К??ілді ?уен ыр?а?ымен балалар сап т?зеп ?уез залына енеді.
Шатты? ше?бері:
Б?ріміз де баламыз,
Бір аулада т?рамыз.
Бір ба?ша?а барамыз,
?осылып ?н саламыз.
Жа?сылы??а сенеміз,
Сенімді боп ж?реміз!
- Балалар, біз б?гін ?аза? хал?ыны? саз аспаптарымен танысатын боламыз. Ол ?шін барлы?ымыз бірге ?ызылорда ?аласында?ы балалар ?уез мектебіне барамыз.
Балалар шатты? ше?беріне т?рып, «Б?ріміз де баламыз» ?ле?ін айтады.
Орындарына отырады.
Балалар м??ият ты?дайды.
?йымдастырушылы?- ізденушілік
- Мынау балалар, ?ызылорда ?аласында?ы балалар ?уез мектебі. Онда балалар ?р т?рлі музыкалы? жанырда саба?тар ?теді. Музыкалы? білім алады. Ерте? біз де ?скен со? осындай ?лкен мектептер мен о?у орындарына барамыз.
Енді алдымен мектепті? алдына назар аударайы?. М?нда ?аза? хал?ыны? музыкалы? аспаптары туралы м?ліметтер бар екен.
Музыкалы? аспаптармен таныстыру.
Ал, енді ?уез мектебіні? ішіне енейік.
І ?абат – балалар, м?нда не к?ріп т?рмыз?
Балалар бейнетаспада?ы бейнежазба?а ?арап, ?уез мектебімен танысады.
Аспаптар туралы ма?л?мат алады.
Ал?а бір ?адам адымдайды.
Бишілер.
Ендеше музыкалы? ыр?а?ты? би ?имылын жасап ?йренейік.
?йренетін би ?имылымыз «Бипыл» деп аталады.
Жарайсы?дар балалар, енді келесі ?абат?а к?терілеміз.
ІІ ?абат – М?нда?ы балалар не істеп жатыр екен?
Т?рлі ?аза?ты? аспаптарынан ??рал?ан оркестр екен.
Ал, енді балалар, осы оркестрді? орындауында?ы шы?арманы ты?дап, талдап к?рейік.
Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада?ы музыкалы? саба? »
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ән -әуез
Тақырыбы: «Қазақтың саз аспаптары»
Мақсаты: Бір дыбыстың әр түрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Шығармаға аннотацияны өз бетінше жасауға дағдыландыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Слайдтық презентация, саз аспаптарының суреттері, музыкалық аспаптар, үнтаспа.
Әдіс-тәсілі: Ән айту, би билеу, ойын ойнау, түсіндіру, талдау,Әңгімелеу, көрнекілік әдіс-тәсілдері.
Әрекет кезеңдері
Әуез жетекшінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш
Көңілді әуен ырғағымен балалар сап түзеп әуез залына енеді.
Шаттық шеңбері:
Бәріміз де баламыз,
Бір аулада тұрамыз.
Бір бақшаға барамыз,
Қосылып ән саламыз.
Жақсылыққа сенеміз,
Сенімді боп жүреміз!
- Балалар, біз бүгін қазақ халқының саз аспаптарымен танысатын боламыз. Ол үшін барлығымыз бірге Қызылорда қаласындағы балалар әуез мектебіне барамыз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «Бәріміз де баламыз» өлеңін айтады.
Орындарына отырады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
- Мынау балалар, Қызылорда қаласындағы балалар әуез мектебі. Онда балалар әр түрлі музыкалық жанырда сабақтар өтеді. Музыкалық білім алады. Ертең біз де өскен соң осындай үлкен мектептер мен оқу орындарына барамыз.
Енді алдымен мектептің алдына назар аударайық. Мұнда қазақ халқының музыкалық аспаптары туралы мәліметтер бар екен.
Музыкалық аспаптармен таныстыру.
Ал, енді әуез мектебінің ішіне енейік.
І қабат – балалар, мұнда не көріп тұрмыз?
Балалар бейнетаспадағы бейнежазбаға қарап, әуез мектебімен танысады.
Аспаптар туралы мағлұмат алады.
Алға бір қадам адымдайды.
Бишілер.
Ендеше музыкалық ырғақтық би қимылын жасап үйренейік.
Үйренетін би қимылымыз «Бипыл» деп аталады.
Жарайсыңдар балалар, енді келесі қабатқа көтерілеміз.
ІІ қабат – Мұндағы балалар не істеп жатыр екен?
Түрлі қазақтың аспаптарынан құралған оркестр екен.
Ал, енді балалар, осы оркестрдің орындауындағы шығарманы тыңдап, талдап көрейік.
Халық күйі «Келіншек»
Балалар біз не тыңдадық?
Күй қалай орындалады екен?
Музыкалық шығарманың көңіл күйін, ұзақтығын айтайықшы?
ІІІ қабат Ненің суретін көріп тұрмыз?
Балалар ән айтып жатыр екен.
Бізде осы балалар секілді әнші болу үшін жаңа ән жаттап, үйренеміз.
Ән: «Домбыра сазы»
Сөзі: Х.Талғаров
Әні: И.Нүсіпбаев
Елдің жырын жырлаған
Қайғысан да толғаған
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған
Домбырасыз ән қайда?
Домбырасыз сән қйда?
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма?
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.
Әнді айтқанда ән айту ережесіне мән береміз.
Балалар би қимылдарын мұқият қарап үйренуге тырысады.
Балалар тағыда алға адымдайды.
Оркестр
Балалар шығарманы тыңдайды.
Балалар күйді тыңдап, талдауға тырысады.
Хор
Балалар әннің ырғағына мән бере отырып, әнді тыңдап, жаттауға тырысады.
Сергіту сәті
Дидактикалық ойын: «Ән салған кім?»
Көп бала бар бөлмеде
Біреуі ән салады.
Ал, сырттағы біреуі
Кім екенін табады.
Балалар ойынға қызыға кіріседі.
Рефлексивті түзету
Қорытындылау:
Жоғарғы қабаттан төменге қарай түсіп, өткен тақырыбымызды үйренген әнімізді еске түсіріп, қайталаймыз. Әуез мектебінде суретке түсеміз.
Белсенді балаларды мадақтау, бағалау. Қоштасу рәсімі.
Балалар үйренген жаңа тақырыпты айтып, жоғары қабаттан төменге қарай түседі.
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Аспаптардың атын, шығарманың мәтінін білу керек
Меңгеру керек: Ритімдік қозғалысты, дыбыстық интервалды, тембрлік бояуын меңгеру керек
Жасай білу керек: Дидактикалық ойын әрекеттерін, би қимылын жасай білу керек.
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың музыкалық аспаптары
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың музыкалық аспаптары Сабақтың мақсаты: 1.Музыкалық аспаптарының түрлерімен таныстыру. 2. Оқушыларды аспапқа деген қызығушылығын Арттырып,техникасын арттыру. Сабақтың көрнекілігі: 1. Музыка аспаптары,2.Мултимедия арқылы көрсету. 3.Күй жазылған таспа(магнитафон) Жүру барысы: 1.Ұйымдастыру. 2.Үйге бергенді тексеру. (Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа») Дәулеткерейдің өмірі туралы айту. Дәулеткерей Шығаев-1820 ж бұрынғы Бөкей ордасының Қарамола деген жерінде дүниеге келген.Дәулеткерейдің домбырашылық өнерінің қалыптасуына атақты Мүсірәлі деген домбырашы ықпал жасайды. Дәулеткерейдің алғашқы шығарған күйі «Қыз ақжелең» , «Қосалқа», Исатай Тайманов көтерілісіне қатысқан кедейлерді қан қақсатқан Қарауылқожаға арнап, «Қара қожа» күйін шығарды. Дәулеткерей күйлері-лирикалық әуенді болып келеді.Оның көптеген күйлері бар. «Салық өлген», «Топан», «Жігер», «Байжұма»тб Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Бұл күйдің мазмұны туралы кім айтады? «Қосалқа»-Дәулеткерей творчествалық бастапқы кезінде 1938 ж «Қосалқаның( ІІ түрін) оркестрге түсірген.Бұл күйде-алқасы теңселіп,су әкеле жатқан қыздың кейпін суреттеп,тыңдаушыға жеткізе білген.Күйдің екпіні -орташа. Осы күйді ұлт аспаптар оркестрі орындайды. Оркестр орындаған кезде әртүрлі аспаптың домбыра,сыбызғы әртүрлі ұрма аспаптың сылдырын, дыбысын естиміз.Күй-төкпе күйге жатады. (Ал енді баріміз осы күйді бірге орындайық) 2.Күй тартысы дегеніміз не? Ертеде халық арасында сөз жарыстыру яғни айтыс қана емес,сонымен қатар аспаптық музыка арқылы күй тартысы болған.Ең қызықты да тартымды тартыс күйлер халық жадында ұзақ сақталып,бізге жетіп отыр.Күй тартыстар үлкен той,мерекелерде орындалатын болған. 3.Терме -дегеніміз не? Терме-ақылы мен нақылы бар тоқпақ сазды әуен.Қазақ поэзияның және вокалді ән музыкасының жанры. Терме атауы «тер» «теру» сөзінен шыққан. 4.Айтыс-дегеніміз не? Қазақ өмірінде жыраулық,термешілікпен қатар табан астында өлең сөз шығаратын суырып-салмалық өнер де кең дамыған. Халқымыз үлкен жиын- тойларда бір-біріне өлең түрде тез жауап қайтаратын сөз жарысын ұйымдастырған.Кейінірек келе ол жарыс өнер жарысына,айтысқа айналған.Айтыстың түрлері: Бәдік айтыс,Жар-жар айтыс,қызбен жігіт айтыс, ақындар айтысы тб Бүгінгі жаңа сабағымыз «Қазақтың музыкалық аспаптары» Ішекті аспаптарға-домбыра,қобыз,жетіген,шаңқобыз, Ұрып ойналатын аспаптарға-Дабыл,Даңғыра,асатаяқ, қоңырау. Үріп ойналатын аспаптарға-Сазсырнай,үскірік,мүйізсырнай. Енді мына крассвордты шешейік. Сурақтары. 1.Дәулеткерей ең алғаш шығарған күйі(Қыз ақ желең) 2.Ұрмалы аспап(дабыл) 3.Айтыс түрі.(жар-жар) 4.Дәулеткерейдің туған жері(Қарамола) 5.Үрмелі аспап (Сазсырнай) 6.Термені орындайтын адам(Термеші) 7. Сілкіп ойналатын аспап (асатаяқ) 8.Тілмесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын аспап(шаңқобыз) 9 Саз сырнай неден жасалады (саздан) 10.Сыбызғы неден жасалады(қурайдан) 6.Түсінгенін тексеру. Не білемін? Нені білдім? Не білгім келеді? Сабақтан алған әсерін стикерге жазу. 7.Қорытындылау. 8.Бағалау.Үйге тапсырманы тексеру.
Мақсаты: балаларды қазақтың ұлттық аспаптар жайлы мағлұмат бере отырып, аспаптық музыкаға және ән өнерге деген қызығушылығын ояту; а) білімділік: әр аспап жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру; ә) дамытушылық: қазақтың басқа да аспаптарының әр атауларын айтқыза отырып тілдерін, есте сақтау, ырғақты сезу қабілеттерін дамыту; б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: музыкалық аспаптардың суреттері, аспаптар, слайд, жолақшалар, «баспалдақтар». Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Музыка әуенімен балалар кіріп амандасады. Шаттық шеңбері «Домбыра» Домбыраны қолға алып, Күйшілерше шертейік. Бишілерше бұралып, Дөңгелене билейік. (балалар тақпақты айта отырып, «Айналма», «Домбыра», үлкен және кіші шеңбермен жүріп, қимылмен көрсетеді). Музыка жетекшісі: Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Балалар бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптар туралы әңгімелесеміз. Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. - Балалар, қандай аспаптарды білеміз? Мөлдір: - Домбыра қазақтың ұлттық аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспап. Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен жеткізе білген. Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген. М. Ж: Дұрыс айтасың Мөлдір. Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп тектен тек айтылмаса керек. Тағы кім аспаптар туралы айтқысы келеді? Арайлым: Қобыз – халқымыздың ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. Ол екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Қобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Тахмина: Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған. Алижан: Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Алина: Шаңқобыз – қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады. Айша: Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады. Аружан: Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. М. Ж: Аружан ал осы тұяқтасты қалай жасауға болады? Айтып берші бізге. Аружан: Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. М. Ж: - Осы аспаптар туралы тағы не білесіңдер? Шұғыла: Созылған үні, Сүйкімді тілі. Үрлесең ойнайтын, Аспаптың бірі. (сыбызғы) Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды, Азынаса көмейінде мал жылайды. Құйрығын қара жерге тіреп алып, Келеді баяғының әнін салып. (қобыз) Нұрай: Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ, Мойыны жануардың бунақ - бунақ. Айылын екі жерден мықтап тартып, Кетеді қамшы бассаң зулап - зулап. (домбыра) Жеті шектен жеті түрлі үн шығар, Әуезінен жеті тарау мұң шығар. Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар, Бұл қандай аспап? (жетіген) Дидактикалық ойын: «Аспапты тану» Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Балалар қандай аспап екенін жолақшаларға ретімен қою керек. 1. қобыз 2. домбыра 3. асатаяқ - Қазақ халқы ән мен жырды, ойын - сауықты өте жақсы көреді. Сондықтан олар той думандарда домбырамен өз ойларын ән - жырлар арқылы жарысып жеткізіп отырған. Ал енді бәріміз домбырамен ойын ойнайық. Ойын «Домбырашы» - Жарайсыңдар, балалар! Сендер білесіңдер ме? Қазақ халқы қайғы, ренішінде домбырамен халқына жеткізе білген. Бабамыздың мұңысың сен домбыра, Анамыздың сырысың сен домбыра. Қазағымның жүрегінен жаралған, Даламыздың үнісің сен домбыра Дегендей, қане балалар, бізде бір әнге қосып ән айтайық. Бірақ алдымен дауысымызды шынықтырып алайық. Дауыс шынықтыруға арналған жаттығу «Баспалдақ» «Канеки аспаптар» - Осы өлең, сөз туралы қандай мақал - мәтелдер, тақпақтарды білесіңдер? Алихан: Өлең - алтын, сөз - күміс, Өлең сөздің патшасы. Ғалым: Ән көңілдің ажары. Өлең өмірді ұзартады. Нұрсұлтан: Домбырадай мұраны, Қастерлеуге тұрады. Сонда жатыр даланың Үніменен ұраны. Дыбысы оның мың сырлы Бал бұлақтай күмбірлі Ынта қойсаң рахат - ақ Ол аспаптың бір түрі Айзада: Жорғалатқан жетіген, Сыбызғы үні лекіген. Сызылтады қылқобыз, Шалып ойнар шаңқобыз. Тоқылдайды тоқылдақ, Асатаяқ, тайтұяқ. Әуез кернеп, ысқынып, Шығар керней, ысқырық.
Қорытынды: Балалар жарайсыңдар, бүгін қазақтың ұлттық аспаптар жайында көп білдік. Ұлы жазушы М. Әуезов «әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп бүгінгі оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.
Музыка әлеміне саяхат
лалагул
25 қазан 2014
1432
0
80
Білім беру саласы: шығармашылық саласы; Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: музыка Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат! Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету. Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын ноталардың суреттері салынған пойыз, ж. т. б.
Сабақтың барысы: І. Мотивациялық қозғаушы күш. Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. ( балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ) «Шаттық» шеңбері: Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, қанекей, бәріміз, Сәлем дейік үлкенге, Сәлеметсіздер ме, апайлар! Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер? Балалар: - Музыка сабағына. Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз? Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз. Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!
ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең. Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар? Балалар: Ноталар керек. Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане: бәрі бірге: Домбырада – до, мерекеде - ре, Мираста - ми, фабрикада - фа, Галяда - ля, Балалар ноталарды жазылған нотаның үстіне апарып жабыстарды. Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші: бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Балалар, бізде барлық нота толық болдыма? Балалар: Жоооқ, бір нота түсіп қалған. Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, қәне соль, си ноталарын апарып үстіне жабыстырайық. Қәнекей, енді өзіміз нота боламыз (балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді) Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы керек балалар? Балалар: Скрипка кілті тұруы керек. Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді. Музыка жетекшісі: Жақсы балалар, ендеше ноталарымызды жабыстарған пойызға мініп саяхатқа шығайық. (әуенмен жүріп, залды бір айланады) **бірінші аялдамаға**келіп тоқтайды. (Аялдамада хат жатады)
ІІІ. Негізгі бөлім. Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.) Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдаң да оның сөзімен қосып айтып беріңіздерші;- депті. (Балабақшада әні) Музыка жетекшісі: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) **екінші аялдамаға** келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік: Музыка тыңдау: Балалар сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер; - депті. Тыңдап қараймыз ба балалар? Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады. Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді бір музыкаға біздің Ақтолқын билеп бермекші, қараймыз ба? - ия, жарайсың Ақтолқын! (Көңілді әуенге билеп береді, бәрі қол соғып көңілденеді ) Музыка жетекшісі: Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік, Ханшайымның тапсырмасын шешейік. (музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді) Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан табыламын; - деген. Балалар бәріміз қорапшаны іздеп көрейік (іздейді) Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді, ішін ашып сұрақтарды оқиды: - Мынау қандай аспап? (Сазсырнай) - Сазсырнай қалай шертіледі? (Үрлеп) Музыка жетекшісі сазсырнайды үрлеп шертіп көрсетіп береді. - Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі) - Мынау қандай аспап? (Домбыра) Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді - Қай топқа жатады? (Ішекті) - Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз) Музыка жетекшісі шаңқобызды шертіп көрсетіп береді. Балалар да қызығып ұстап, шертіп көреді. Аспаптардың аттарын балалар тәрбиешімен бірге дұрыс табады. Тәрбиеші оларға аспаптарды танытырып, айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен. (Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді балаларға қарап) Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар. - Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді) Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаңызға барғаннан соң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! ( шығып кетеді.) Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)
ІV. Қорытынды. Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын бөлістіреді) Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып, биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен жүздестік. Музыка жетекшісі: - Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар, ендеше бәріміз бірге «Кел, билейік!» әнін орындайық та тобымызға кетейік. Әнді орындап музыка жетекшісімен сау болыңыз!- деп, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді. Күтілетін нәтиже: Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі; Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі, аспаптармен танысты; Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптастырады.