Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? « Ел жырла?ан ?н?ран »»
Тақырыбы: Ел жырлаған Әнұран.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әнұранның мәні , сипаты , маңызы туралы білім беру. Ұлттың болмысын бейнелеген Әнұранымызды жатқа білуге , мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, тарихи танымын кеңейту.
Сабақ түрі : аралас.
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап.
Пән аралық байланыс: математика, тарих, әдебиет.
Ұйымдастыру формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі Үй тапсырмасын тексеру.. Оқушылар тәжім етіп орналасады. Сұрақ –жауап арқылы өткен сабаққа шолу жасайды, ән мәтінін қайталайды , жаттығу орындайды. Еліміздің рәміздері слайд арқылы көрсетіледі. «Туған жер» әннін жатқа орындайды.. Салтанатты түрде Әнұран орындалады. Ұстаз мемлекеттік рәміздер туралы мағлұмат айтады. Әнұранымыздың композиторларын атайды. Композитор портреті , тақтада сөзін жазған Ж. Нажмеденов, Н . Назарбаев. Еліміздің алғашқы әнұранының шыққан жылы , авторларын атап өтеді.
II. Жаңа сабақ. Гимн - деген сөздің тарихы өте ертеден бастау алған, Шығыс елдерінде пайда болып , бұл дәстүр кейін көне Грекияға тараған. «Гимн» сөзі грек тілінен аударғанда «Мадақтау әні» , « Салтанатты әуен » - деген мағынаны білдіреді. Біздің алғашқы Әнұран 1944 жылы жазылды. Егемендігімізді алғаннан кейін мемлекеттік рәміздер – Елтаңба , Әнұран, Ту қабылданды. 1992 жылы , басында Әнұран музыкасы сол күйінде қалды. Әнұранды жазған ақын , композиторлар портреттері көрсетіледі. Одан бері егемендігімізді алғанымызға 24 жыл уақыт өтіп еліміз құлпырып жетілді. « Елу жылда -- ел жаңа» - еліміз өркендеп дүниеге танылдық . Осындай ерлігімізді , елдігімізді жырлайтын жаңа әнұран дүниеге келді. Ол ән өзімізге етене жақын , халық жүрегін жаулап алған « Вальс падишасы» аталған Шәмші Қалдаяқовтың « Менің Қазақстаным» әні еді. Ән салтанатты түрде орындалады.
III. Тапсырмалар орындау.
Тапсырма « Музыкалық сауаттылық » Әнұранның қайырмасын нотамен оқу және дирижерлеу.
Тапсырма « Семантикқалық карта толтыру».
IV. Сабақты бекіту.
Тест орындау.
Әнұранның әнін жазған кім? А) Ә. Бейсеуов Ә) Ш.. Қалдаяқов; Б) Б.Кабалевский;
Жаңа әнұран қай жылы қабылданды? А) 2007 жылы; ә) 1992 жылы; Б) 1972 жылы;
Шәмші Қалдаяқов кім? А) ақын; Ә) жазушы ; Б) композитор;
« Гимн» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?