Тақырыбы: Аспаптардың музыкалық дауысы және ырғағы
Мақсаты: 1) Қазақтың көне музыка аспаптары жайында танымын
кеңейту.
2) Музыканы тыңдау, талдау барасында өз ойын жүйелі
жеткізе білуге үйрету.
3) Музыкаға қызығушылығын мен ынтасын ояту. Ән айту
дағдыларын меңгерту. Жан-жақты білімді, өткір ойлы
бала тәрбиелеу.
Міндеті: шығарманың көркемдік белгілерін талдап, түсінік беру. Әнге
деген сүйіспеншілікпен, білімге құштарлық сезімін ояту.
Халық қазынасының үкілі бөлшегі болып саналатын ұлттық
музыкамен таныстыру.
«Алтын қоржын» ойыны. Қоржын ішінде сары түске боялған хатқалтадағы сұрақтар:
1. Әуені, сөзі бар музыкалық шығарма қалай аталады? (Ән)
2. Әнді орындаушы адам. (Әнші)
3. Аспаптардың өзіне тән үні болады
3. Жұмбақ.
Сызылған үні сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі
(сыбызғы)
Әр жауаптардан кейін тақтаға ілінген карточканы ашып, Сыбызғы сөздің түбірін тауып, жұрнағын мен жалғауын талдау тақырыпты ашамыз.
Оқулықпен жұмыс. Тақырыптағы аңыз әңгіме оқылады. Түрлі түсті суретте қоржынның іші толған музыкалық аспаптар. Ал сыртындағы аспап – сыбызғы.
Сыбызғы– үрлеп орындалатын . Сыбызғы ағаш шеңберінің бір беті ғана терімен қапталады. Бұрын бұл аспаптың көлемі әртүрлі етіп жасалатын да, оны бақсылар жиі пайдаланатын. Сыбызғының дыбысы жіңішке,көңілге өте жағымды.
Ән салу барысында хормен ән айту дағдысын еске түсіріп дауысты еркін шығарып, тынысты дұрыс алу керектігін баланың есіне салып отырған жөн.
Өлең: Болашаққа бастап еді бір ізгі
Сезімдерім-сыбызғы ....
Сыбызғыдан мөлдірейтін үміттер
Үмітімді кім үзді
Шығармашылық жұмыс: Сыбызғының суретін салу.
Ойлан тап: Бір қатарда бірнеше сөздер жазылған, соның ішінде музыкаға қатысы жоқ сөздерді сызып тастау керек.
Жылқы.
Доп.
Даңғыра.
Бесік.
Бүркіт.
Қорытынды:
Біз бүгін музыкалық аспаптың қай түрімен таныстық?