kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? та?ырыбы:" А?айынбыз б?ріміз" "??лынша?" ортан?ы тобы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Балапан»  тобында ?йымдастырыл?ан іс-?рекетті?

                    технологиялы? карталар

Білім беру саласы:  Шы?армашылы?

Та?ырыбы:  «Анам мені? тамаша»

Б?лімі: ?н-саз

?йымдастырыл?ан  о?у іс ?рекетіні?  т?рі:Музыка

Ма?саты: Музыканы ты?дауды, еске т?сіру ?абілеттерін дамыту,ояту,ыр?а?ты сезіну,эстетикалы? сезімге т?рбиелеу.

 Дамытушылы?:  Есте са?тау ?абілетін дамыту.

 ?олданатын к?рнекі ??ралдар:?арак?з ?уырша?, ?уырша? мама, бала санына сай ?уырша?тар.

 С?здік ж?мыс: ляя,далама, ?алама, балама.

О?у іс ?рекетіні? кезе?дері

Музыка жетекшісіні?

Іс ?рекеті

Балаларды? іс ?рекеті

?н ты?дау

Музыка жетекшісі балалрды ?арсы алады. «Ше?бермен ж?реміз» жатты?умен ж?ру,?имылдарды ?айталатады. «?стел ?сті» театры ?стінен ?арак?з ?уырша? шы?ады.

 С?лем  достар! Сендер мені? мамамды к?рді?дерме ?

Мен мамамнан адасып ?алдым, енді не істеймін?  К?мектесі?дерші.

?арак?з сен бізді? ?асымыз?а кел. Мен сендерге «Мамамны? мерекесі» ?нін орындап берейін.

?стел ?сті театрына ?уырша? мама шы?ады.

Балалар сендерді? мама туралы ?н айт?андары?ды естіп келдім, осында ?арак?з ?ызымды кездестірдім.Енді б?ріміз ?н айтайы?.

 Жетекші: Біз «Наурыз келді»?нін сізге айтып береміз.

?уырша? мама:Сендер керемет т?ртіпті екенсі?дер, аналары?нан ?арак?зге ??сап ?ашпа?дар. ?арак?з сендерге к?п ?уырша? алып келіпті,б?ріміз ?осылып «?уырша?ым ай» ?нін ?нтаспадан ты?дап, билеп к?рейік. «Мен ба?ытты баламын» ?нтаспасы.

Кім келді? Не істеді?дер? Не ?нады?

?арак?з:

Рахмет, достар, та?ы менімен ойнайсындарма?

«?з ?уырша?ы?а жет» ойыны.

?арак?з: Достар! Сау болы?дар! Келесі жолы та?ыда келемін.

Музыка жетекшісі:

Сендер ?нді айтып, жа?сы биледі?дер, егерде жа?сы ?атысса?дар, ?арак?з та?ыда келеді.

Балалар амандасады,жатты?уды еркін ж?ріп ?айталайды.

Балалар к?рмегендерін айтады.

К?мектесеміз, іздеп к?рейік.

Балалар ?арак?з бен мамасыны? кездескеіне ?уанады.

«Наурыз келді» ?нін айту?а талпынады.

?арак?з келді.

Ойнаймыз.

Балалар ?ол был?ап ?оштасады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? та?ырыбы:" А?айынбыз б?ріміз" "??лынша?" ортан?ы тобы»

Бекітемін: Ермекова С

Сынып

2

пән

МУЗЫКА

Сабақ

2

Тақырып

Күй атасы Құрманғазы

Сабақтын мақсаты:

Қазақтын ұлы күйші компазиторы Құрманғазының шығармашылығымен танысу.

Білімділік: Құрманғазының өзінің анасына арнаған «Аман бол, шешем , аман бол» және «Қайран шешем» күйлерінің тарихы ментанысу

Ән үйрену: «Алғашқы қонырау» Әні Еңсепов, сөзі Нурқабылов.

Тәрбиелік:Анаға деген құрметке баулу.

Жана тақырыпты менгеру. Әнгіме әдісі арқылы:

Құрманғазы –19 ғасырда өмір сурген күйші компазитор. Құрманғазы өмір бойы тенсіздік пен, бай манаптардын жасаған зорлық зомбылығы мен куресіп өткен.Бір күні Құрманғазының уйне патша салдаттары келеді.Құрманғазыны ұстап сыртта тұрған арбаға отырғызады. Енді жүргелі тұрғанда, арбаның қасына Құрманғазы шешесі келеді.Сол кезде Құрманғазы домбырасын алып, «Аман бол, шешем , аман бол» деп күй тартады.Куй аяқталғанда шешесі Құрманғазыға қараса, оның көзінен бір тамшы жас шығып кеткен екен.

Музыка тындау Құрманғазының куйі «Аман бол, шешем, аман бол» және « Қайран шешем».

Ән Алғашқы қонырау Әні Ж. Енсепов Нурқабылов.

Балалар тынықты қайырмасы:

Серуендеп шынықты Ахау, ахау, күлкісі бар кумістей,

Жан жағын бақылап, Бұл алғашқы қонырау.

Әлемнен мол сыр ұқты.

Құлындай ойнайды, Қонырау қағылды

Жүзідері де жайнайды. Ен алғашқы арынды.

Жігері бойында Сыныпқа балалар

Кезектесіп ағылды.

Тасқындайды, қайнай

Сыныпқа балалар

Кезектесіп ағылды.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

Құрманғазы не үшін күресті? Кімге арнап күй шығарды?т. б

Үйге тапсыр ма.

Әнді жаттау . түс айту.

Сынып

2

пән

МУЗЫКА

Сабақ

3

Тақырып

Күй шебері тәтімбет

Сабақтын мақсаты:

Білімділік:

Дамыту:

Тәрбиелік:

Жана сабақ














Музыка тындау.





Ән орындау

Күйші компазитор Тәтімбеттің шығармашылығы мен танысу.

Шертпе күй дәстүрімен танысу.

Ән айту қабілетін дамыту.

Халқын, елін сүюге баулу

Құрманғазы күйлерінің барлығы оң қолды сермеп, төгіп тартылу арқылы орындалады.Домбырада орындалатын төкпе күйлермен қатар шертпе күйлер де бар.Ол күйлер оң қолдың сұқ саусағы мен шертіп орындалады.Сондықтанда оларды «шертпе» куй деп атаймыз.

Енді біз шертпе күйінің шебері атанған Тәтімбеттің күйлері мен танысамыз.Тәтімбет 19- ғасырдың басында қарағанды обылысы Қарқаралы ауылында дүниеге келген.Тәтімбет әрі күйші, әрі ақын , сөзге шебер, шешен адам болған.Тәтімбет Қазанғапұлы қазақтың көрнкеті күйші компазиторы, шертпе күйдің шебері. Тәтімбеттің Саржайлау, Сылқылдақ, Бестөре, Көкейкеті сияқты күйлері көпке танымал.Тәтімбет күйлерін атақты күйші Әбікен Хасенов жеткізген.


Тәтімбеттің «Саржайлау» күйін оның шығармашылығындағы ен шоқтығы биік туынды. «Саржайлау күйі арқылы компазитор өзінің еліне , жеріне деген ыстық махабатты бейнелей білген. Күйден жан сұлулығы мен табиғатты айқын көруге болады.


«Алғашқы қоңырау» Әні Ж.Еңсеповтікі, сөзі Н. Нұрқабыловтікі.

Әнді көркем әрі мәнерлеп айтуға баулу.


Сабақты қорыту: Төкпе күй мен шертпе күйдің айырмашылығы неде?

Шертпе күйдің шебері кім?

Не себепті ақындар жауабына көңілі толмайды?

Тәтімбет өзінің сөзге шешендігін қалай танытады?

Тәтімбеттің ел иен жерін аңсап жүрген күйі қалай аталады?


Үйге тапсырма.

Саржайлау суретін салу. «Саржайлау» күйінен алған әсері арқылы әр бір оқушы жайлауда елестете отырып, өз суретін салып әкелуі қажет.Ән жаттау.


Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

4

Тақырып

Халық компазиторы Дәулеткерей

Сабақтын мақсаты:





Жана сабақ










Ән орындау
















Дәулеткерей шығармашылығымен таныстыру.

Білімділік Дәулеткерей «Қосалқа» күйімен танысу.

Ән үйрену. «Қошақаным қайда екен» Әні: Ә. Бейсеов. Сөзі: С. Асанов.

Тәрбиелік: Сұлулықпен әдептілікті қастерлеуге баулу.

Сабақ түрі: Аралас.

Дәулеткерей Шығайұлы 1820- 1887 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың ұлы күйшісі копазиторы. Дәулеткерей Орал обылысы Орда ауылында. Дәулеткерей күйлері терең мазмұнды күйлер.Оның көркем ханым, Қыз ақжелең, Құдаша, Қосалқа, атты күйлері бар.

Әнді орындағанда ұрмалы аспаптарды пайдаланған жөн.

Әсіресе әндері бүтін ноталарды орындаған сәтте ұрмалы аспаптар арқылы ырғағын соғып отырып, әннің келесі жолына дәл түсуіне көмектеседі.

Қошақан қайда екен

Жазда атамның ауылына

Барып едім қыдырып

Бір қошақан алдымнан Тентек құлын тебер деп

Шықты ойнақтап жүгіріп Бұзаулармен бір ме екен

Қайырмасы: Жазда және келер тдеп

Ақ маңдайлы ай ма екен Мені күтіп жүр ме екен.

Арқа жүні майда екен

Кеттім оны сағынып

Қошақаным қайда екен.

Төкпе күй Домбырада оң қолды сермеп тарту тәсілімен орындалатын музыкалық шығарма.

Күй тыңдау: Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Бұл күйде қазақ қыздарының сыпайы, сабырлы мінезін бейнелеген. Сыныпта күй ырғағына қыздар би ырғағына қыздар би қимылдарын бейнелесе, ал ұлдар ұрмалы аспаптар немесе алақанымен күй ырғағына қослып орындауға болады.

Жаңа сабақты қорыту: Дәулеткерей мен Құрманғазы қалай кездеседі?

Дәулеткерей қандай күй тартты?

Дәулеткерей Құрманғазы күйлеріне қандай баға берді?

Дәулеткерей Қосалқа күйін кімге арнайды?

Үйге тапсырма. «Халық компазиторы Дәулеткерей» тақырыбын оқып келу.Қосалқа күйіне би қимылдарын ойлап табу.



Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

6

Тақырып

Күй шешені Қазанғап

Сабақтын мақсаты




Жана сабақ









Музыка тыңдау















Музыкалық сауат:

Қазақтың халық компазиторы Қазанғаптың шығармашылығымен танысу.

Білімділік: Қазанғаптың «Көкіл» күйінің шығу тарихымен танысы, күйін тыңдау.

Ән үйрету:Халық әні «Гүлдерайым»

Тәрбиелік: Үлкенге деген құрмет.

Жаңа тақырыпты меңгеру. Әңгіме әдісі арқылы.

Қазақтың белгілі композиторы Қазанғап 19ғасырда өмір сүрген.Қазақтың күйші компазиторы. Қазанғап «62 Ақжелең» күйлерін толық орындаумен қатар өзіде көптеген «Ақжелең» күйлерін шығарған. Батыс Қазақстанда өткен күй тарысында «Күй шығарған Ақжелең» күйін орындап, бас бәйгені жеңіп алған.Ысырма , Шынайақ тастар, Құс қайтару күйлерінің ұстазы Үсен төреге арнаған.

Музыка тыңдау!

Қазанғаптың «Көкіл» күйін тыңдау.Күй өте мұңды әрі сазды деп айтуға болады.Күй арқылы адамдардың мұңын сейілте білген асқан күйшілігімен ел құрметіне бөленген.

Ән орындау.

Халық әні «Гүлдерайым». Ән орындау барысында оқушылар домбыра немесе басқада ұрмалы аспаптармен сүйемелдеуіне болады.

Гүлдерайым

Ақ қөңіл ағызайын әннің майын

Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын

Астынан алты қырдың шыққан даусым

Жетсе екен құлағына қалқатайдың

Қайырмасы:

Ахау, гүлдерайым, Күн мен айым

Ұшарға қанатым жоқ, не қылайын.


Тартыс- екі домбырашының бір бірімен күй жарысы.

Сұрақтар:

Қазанғап кімнің ауылына келді?

Қазанғап не себепті домбыраны сұрайды?

Қазанғап қандай күй тартады?

«Тартыс» дегеніміз не?


Үйге тапсырма. Әнді жаттау.

Күйші, композитор Қазанғап туралы түсінік айтыу.



Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

7

Тақырып

Арнау күй

Сабақтын мақсаты





Жана сабақ










Музыка тыңдау


Ән орындау.













Музыкалық сауат


Жаңа сабақты қорыту.

Қазақ күйлеріндегі «арнау» жанырымен танысу.

Білімділік: Ықыластың « Жезкиік» күйінің шығу тарихымен танысып, күйін тыңдау.

Ән үйрену: Халық әні «Гүлдерайым».

Тәрбиелік: Табиғат пен жан жануарларға деген ғайрымдылыққа баулу.

Жаңа тақырыпты менгеру. Әңгіме әдісі арқылы:

Ықылас Дүкенұлы қазақтың атақты күйші композиторы.Ықыластың Қақыр, Керітолғау, Ерден, атты күйлері бар. Оның Қамбар Назым, Айрауық, Қазан сияқты к.йлері ел арасында кеңнен тараған.

Ол көптеген халық аңыздарына арнап күйлер шығарған.Сондай күйлердің бірі «Жез киік»

Бұл күйдің келіп шығу тарихы жайлы тісіндіру.

Ықыластың күйі «Жез киік» . Күй қазақтың көне аспабы қыл қобызда орындалады.Күйдің киік сұлулығын бейнелейтін бейне сюжеттер көрсету арқылы тыңдатуға болады. Бұл балалардың күйді тыңдап және есте сақтауына әсерін тигізе алады.


Ән орындау.

Халық әні «Гүлдерайым». Ән орындау барысында оқушылар домбыра немесе басқада ұрмалы аспаптармен сүйемелдеуіне болады.

Гүлдерайым

Ақ қөңіл ағызайын әннің майын

Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын

Астынан алты қырдың шыққан даусым

Жетсе екен құлағына қалқатайдың

Қайырмасы:

Ахау, гүлдерайым, Күн мен айым

Ұшарға қанатым жоқ, не қылайын

Біліп ал!

Қобыз қазақтың ұлттық аспабы.Қобыз екі ішекті ысқышпен тартылатын ыспалы аспап.


Не себепті аңшылық атқан оғы дарымайтын болды?

Жез киіктің басқа аңдардан айырмашылығы неде?

Үйге тапсырма. Әнді жаттау. Тақырып бойынша түсінік айту.



Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

8

Тақырып

Күй анаса Дина

Сабақтын мақсаты



Жана сабақ








Музыка тыңдау


Ән орындау.















Жаңа сабақты қорыту.

Қазақ халық компазиторы Динаның күйімен танысу.

Білімділік: Динаның «Әсем қоңыр» күйімен танысу.

Дамыту: Ән айту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Дина күйлетін шығу тарихын танып білу.

Дина Нұрпейісова -1861-1955аралығында өмір сүрген

қазақтың әйгілі күйші компазиторы.

Дина Құрманғазының ең дарынды шәкірттерінің бірі. Динаның Әсемқоңыр, Бұлбұл, Науайы, Қара қасқа ат, т.б. көптеген күйлері бар.

Дина әжеміз 76 жасында Алматыға келіп өз өнрін көрсетті.Шат көңілді, оқып жүрген қазақтың балаларымен немересіне арнап, «Әсем қоңыр» атты күйін шығарады.


Динаның «Әсемқоңыр» күйін тыңдау! Домбыраның «Әсем қоңыр деп тұрғанын балаларға айтыу.


Ән орындау.Халық әні «Гүлдерайым». Әнді пысықтау.

Гүлдерайым

Ақ қөңіл ағызайын әннің майын

Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын

Астынан алты қырдың шыққан даусым

Жетсе екен құлағына қалқатайдың

Қайырмасы:

Ахау, гүлдерайым, Күн мен айым

Ұшарға қанатым жоқ, не қылайын


Жаз шықты жадыратып мамыр айын

Әніне шырқай кетті Гүлдерайым

Шығады ащы даусым әнге салсам

Қарағым, сен есіме алған сайын.


Дина кімнің шәкірті?

Құрманғазы мен Дина қалай кездеседі?

Дина Құрманғазыға неше жыл шәкірт болады?

Қандай оқиғаға арнап күй шығарды?

Күйдің аты қандай?

Сендер бұл күйді қалай атар едіңдер?

Үйге тапсырма. Әнді жаттау.

Дина Нұрпейісова жайлы түсінік айту.



Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

9

Тақырып

Қорытынды сабақ

Сабақтын мақсаты



Жана сабақ








Музыка тыңдау


Ән орындау.










Жаңа сабақты қорыту.

Өтілген сабақты қайталау.

Өтілген тақырыптағы әндерді қайталай отырып, оқушыларды үш топқа бөлу.

  1. Топ 2-топ 3-топ

Әр бір топ өзінің тобының атына түсінік беруі керек.

Күй - музыкалық аспапта орындалатын шығарма.

Әнші- әнді орындаушы адам.

Күйші- күй орындаушы адам.


Енді оқушылар қандай күй, әнші,күйшілерді білесіңдер.

Күй -

Әнші- .

Күйші


Әр бір оқушыға кортышка арқылы сұрақ.

Менің Қазақстан әнін кім шығарды?

Құрманғазының күйлерінің аттарын ата?

Тәттімбет туған жеріне арнап шығарған күйі қалай аталады?

Дәулеткерей күйлерін ата?

Дәулеткерей Қосалқа күйін кімге атаған?

Қазанғап күйлерін ата?

Ықылас Дүкенұлы түсінік айту?

Ықылас күйі «ЖЕЗ КИІК»

Дина кімнің шәкірті?

Дина Әсем қоңыр күйін кімге арнаған?

Әсем қоңыр күйінде домбыра не деп сөйлейді?

Қорытындылау:

  • Халық музыкасы дегеніміз не?

  • Қандай халық сазгерлерін білесің?

  • Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.

Үйге тапсырма:

* Қазақтың халық музыкасы жайлы әңгімелеу.

* «Гүлдерайым» әнін жатқа әндету.

Бағалау:




Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

10

Тақырып

Ежелгі музыкалық аспаптар дабыл,дауылпаз

Сабақтын мақсаты




Жана сабақ












Музыка тыңдау







Ән орындау.










Жаңа сабақты қорыту.

Ұрмалы аспаптармен танысу.

Білімділік: Дабыл,дауылпаз аспаптарының шығу тарихымен танысу.

Ән үйрену: Халық әні «Қалаулым».

Тәрбиелік: Ежелгі Дабыл, дауылпаз аспаптарын танып білу.

Сабақ түрі: Тәжірибе сабақ.

Бұл сабақты «Музыкалық аспаптар шеберханасы» деп айтуға болар еді.ертеде адамдар Аңшылықпен айналысқан. Аң аулауға шығарда алдын ала дайындалатын болған. Сол үшін тасты тасқа ұрып,аңшылық әдістерін шыңдаған.Сөйтіп ең алғашқы ұрмалы аспап пайда болған.Уақыт өте келе адамдар тас өте ауыр болғандықтан, ағаштан және аңның терісінен ұрмалы аспаптар жасай бастаған.Мұндай аспаптардың даусы қатты әрі алысқа жеткен.

Кейінен ұрмалы аспаптар адамдардың бір біріне алыстан хабар беретін аспабына айналған.ұрмалы аспаптар ұзақ уақыт бойы музыкалық аспап емес,хабар беруші аспап ретінде танылған.Қазақ халқында мұндай аспапты ДАБЫЛ деп атаған.

«Мұрагер» фалклорлық ансамбілдің орындауында

Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйін тыңдау.

Ән орындау.Халық әні «Қалаулым».

Айналайын ,қарағым,хал жақсы ма, ахау,

Сала берме көзіңді әр жақсыға ,қалаулім ай.

Сала берсең көзіңді әр жақсыға а хау,

Бәрі жақсы көрінер алғашқыда, қалаулім ай

Қайырмасы:

Алматымен Қоғалай

Әркім көңлі жоғары ай

Аса байлық не керек,

Ден сау болса, болғаны ай.

Жүгіріп шықтым белеске

Белес жақын емеспе

Осы отырған отырыс

Бір ғанибет есес пе

Домбыра аспабында орындаудағы ноталық нұсқауы әдістеме соңында толық берілген.

Ұрмалы аспап қалай пайда болған? Қазақ ұлтының ұрмалы аспаптарын ата?Қандай ұрмалы аспаптарды білесің?

Үйге тапсырма.Әнді жаттау.Аспаптар туралы түсінік айту.



Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

11

Тақырып

Табиғатпен үндескен сыбызғы

Сабақтын мақсаты




Жана сабақ







Музыка тыңдау




Ән орындау.














Жаңа сабақты қорыту.

Ежелгі музыкалық аспаптардың шығу тегімен танысу

Білімділік:Сыбызғы,үскірік,тастауық және сазсырнай аспаптармен танысу.

Дамыту: Ән айту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Өнерге талпындыру.

Табиғатқа үнсіздікпен құлайқ түрсең,түрлі дыбысты,тіпті әуен сазды ести аласың.Қазақ халқының осы аспабы сыбызғы деп атайды.Уақыт өте келе аспапқа бірнеше тесік жасап,құбылтып түрлі әуенге салып ойнайды.

Табиғатпен сырласа білген қазақ халқы құстардың да әдемі үніне ұқсас аспап шығарған. Ол үшін сазды қолданады.Құстың бейнесінен үскірік, тастауық және сазсырнай аспаптарын ойлап табады.

Қалек Құмақайұлының орындауында халық күйі «Жорға аю».Күй сыбызғы аспабында орындалады.Өзенге ағып бара тжатқан қонжықтың соңынан жорғалай жүгірген аюдың бейнесін елестетеді.


Ән үйрену:

Халық әні «Қалаулым».

Айналайын ,қарағым,хал жақсы ма, ахау,

Сала берме көзіңді әр жақсыға ,қалаулім ай.

Сала берсең көзіңді әр жақсыға а хау,

Бәрі жақсы көрінер алғашқыда, қалаулім ай

Қайырмасы:

Алматымен Қоғалай

Әркім көңлі жоғары ай

Аса байлық не керек,

Ден сау болса, болғаны ай.

Жүгіріп шықтым белеске

Белес жақын емеспе

Осы отырған отырыс

Бір ғанибет есес пе

Сыбызғы аспабы қалай пайда болды?

Сыбызғы тектес қандай аспаптар бар?

Балаларға арналған музыкалық аспаптарды ата?

Үйге тапсырма.Қалаулым әнін жаттау. «Аңыздан жаралған жетіген» тақырыбына дайындап келу.



Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

12

Тақырып

Аңыздан жаралған Жетіген

Сабақтын мақсаты




Жана сабақ













Музыка тыңдау



Ән орындау.













Жаңа сабақты қорыту.

Арфа тектес аспаптармен танысу.

Білімділік: Жетігени аспабымен танысу.

Дамыту:Ән айту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Музыкалық саяхат сабағы.

Әлемдегі ең алғашқы ішекті аспап аңшылық садақ.Ертеде аңшылар садақпен атқанда, оның дыбысы қатты әрі ұзақ сақталса, ол алысқа жететін болған.Ал дыбысы жай әрі дірілі қысқа ғана естілсе, ол ұзаққа жетпеген. Садақтың осындай әуенге ұқсас дыбысын тек қана аңшылар ести алған.

Жетіген аспабы жеті ішектен тұрады.Сондықтан қазақтар жетіген деп атаған.Ең алдымен оның ішегі тегіс тақтайға қағылады. Оның дыбысы әсте ақырын әрі аса естіле қоймайды.

Әлемде жетігенге ұқсас аспап көп кездеседі. Орыс қалқында ондай аспап гусли деп атайды. Гусли деген сқз «ішектің гуілі» деген ұғымды береді.

Ал украйын халқы мұндай аспапты цимбало деп атайды.Украйындар ішекті таяқшамен ұрып ойнаған.

Нұргүл Жақыпбектің орындауында халық күйі «Аңшының зары». Күй жетіген аспабында орындалады. Аңға шыққан ағайынды екі жігіт бір бірінен адасып, аңдаусызда ағасын атып алған інісінің зары.

Ән үйрену: Халық әні «Қалаулым».

Айналайын ,қарағым,хал жақсы ма, ахау,

Сала берме көзіңді әр жақсыға ,қалаулім ай.

Сала берсең көзіңді әр жақсыға а хау,

Бәрі жақсы көрінер алғашқыда, қалаулім ай

Қайырмасы:

Алматымен Қоғалай

Әркім көңлі жоғары ай

Аса байлық не керек,

Ден сау болса, болғаны ай.

Жүгіріп шықтым белеске

Белес жақын емеспе

Осы отырған отырыс

Бір ғанибет есес пе

Ең алғаш ішекті аспап қалай пайда болды?

Не себепті қазақ халқы жетіген деп атаған?

Жетіген аспабын көрдің бе?

Үйге тапсырма.Әнді жаттау.Тақырып бойынша түсінік айту.

Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

13

Тақырып

Қобыз аспаптар сыр шертеді қобыз және скрипка

Сабақтын мақсаты




Жана сабақ












Музыка тыңдау



Ән орындау.













Жаңа сабақты қорыту.

Ішекті аспаптар туыстастығын көрсету.

Білімділік Қобыз және скрипка аспаптарымен танысу.

Ән үйрену: «Төрле төрле жаңа жыл»

Тәрбиелік: Өнерге талпындыру.

Қобыз бен скрипка аспабы бір біріне ұқсас аспаптар.Олар ағаштан жасалған және ысқышпен орындалады.

Қобыз аспабы алғаш қазақ даласында пайда болды. Қобызды тұтас ағаштан ойып жасап, бетін түйенің терісімен жауып, ішегіне аттың қылын таққан.Ал ысқышын садаққа ұқсатып жасаған. Қазақтың көне аңыздарында қобыздың атасын қорқыт деп атайды.

Скрипканың көне түрі қазіргі сктипкаға мүлдем құсамайды. Ол аспаптарды фиделъ және ребек деп атаған. Бұл аспаптардың да ішегін аттың қылынан жасаған.Аспапты тізеге тіреп, оны садақ тәрізді ысқышпен ойнаған. Ал кейін келе Европада бұл аспаптарды иыққа немесе кеудеге тіреп ойнайтын болған.


Скрипка аспабында Римский Корсаковтың «Араның ұшыуы» шығармасынан үзінді.

Қобыз аспабының орындауында Қорқыттың күйі «Ұшардың ұлуы» күйін тыңдау.

«Төрле, төрле, жаңа жыл» үйрену.

Аппақ қылып даланы, Тілек қосып тілекке

Аппақ қылып қаланы. Күй толтырып жүрекке

Қуандырып баланы, Кеуделерге жыр екте

Төрле, төрле , жаңа жыл. Шырқа,шырқа жаңа жыл

Күлкі әкеліп өренге,

Қуанышты бар елге

Шаттық шашып әлемге

Жайна, жайна, жаңа жыл.

Жаңа жыл мерекесіне дайындық.Ән айту барысында оналтылық ноталарға көңіл бөліп, оның дұрыс орындалуына назар аудару.


Қобыз аспабы қалай пайда болды?

Қобыз аспабы қалай жасалады?

Европада қобызға ұқсас қандай аспаптар бар?

Үйге тапсырма. «Төрле, төрле, жаңа жыл» жаттау.

Қобыз және скрипка аспаптар туралы түсінік айту.


Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

14

Тақырып

Халықтың мақщщтанышына айналған домбыра

Сабақтын мақсаты




Жана сабақ












Музыка тыңдау



Ән орындау.







Жаңа сабақты қорыту.

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық саз аспаптарының ежелгі түрлерін таныстыру

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ұлттық музыка аспаптары туралы білімін кеңейтіп, қызығушылығын ояту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұлттық музыкаға құрметпен қарауға, оны түсініп, тыңдай білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын т.б.

Үйретілетін ән: «Төрле, төрле, жаңа жыл»

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра Қ.Мырза-Әли

Домбыра-қазақтың ең көп тараған ішекті, көп пернелі музыкалық көне аспабы. Дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті күшті тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді ағаштардан, негізінен екі түрлі әдіспен құралып не ойылып жасалады. Сырт нұсқасына, бөлшектеріне, ішек санына, дыбыс ауқымы мен ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «желбезекті», «тұмар», «қуыс мойын», «бүктемелі», «қос шанақты», «үшем» аталатын түрлері бар.

Нұрақ Абдірақманұлының орындауында халық күйі «Қаразгөй»

Күй қобыз аспабында орындалады.

«Төрле, төрле, жаңа жыл» үйрену.

Аппақ қылып даланы, Тілек қосып тілекке

Аппақ қылып қаланы. Күй толтырып жүрекке

Қуандырып баланы, Кеуделерге жыр екте

Төрле, төрле , жаңа жыл. Шырқа,шырқа жаңа жыл

Күлкі әкеліп өренге,

Қуанышты бар елге

Шаттық шашып әлемге

Жайна, жайна, жаңа жыл.

Сұрақтар. Домбыра аспабы өалай жасалады?

Домбыра аспабында кімдер ойнаған?

Қандай інші күйшілерді білесің?

Ән мен күй тыңдаған ұнай ма?

Қандай ән, күйлерді білесің?

Үйге тапсырма.

Ән «Төрле, төрле, жаңа жыл» жаттау.

Домбыра аспабының құрылымы туралы үйреніп келу.

Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

15

Тақырып

Шырқа, сырнай

Сабақтын мақсаты






Жана сабақ












Музыка тыңдау



Ән орындау.



















Жаңа сабақты қорыту.

Мақсаты: 1. Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
2. Балалардың әсемдікке, сұлулыққа деген сезімін дамыту.
3. Халқымыздың музыкалық шығармашылығына сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге тәрбиелеу.


Сырнай аспабы қазақ халқында кең таралған музыкалық аспап. Сырнай аспабы қазақ жеріне орыстар арқылы келген. Орыс халқы бұл аспапты гармонь деп атайды. Олар бұл аспаптың сүйемелдеуімен кез келген әнді орындап, мерекелердің сәнін келтірген. Гармон аспабы – қазақ, татар, украин халықтар арасына таралған, бірнеше ұлтқа ортақ музыкалық аспап. Қазақ халқы бұл аспапты сырнай деп атап келген. Сырнай аспабымен ән салып атағы шыққан Нартай, Майра, Шашубай сынды әнші - композиторлар болған. Сырнайдың қазіргі түрін баян деп атайды. Баян аспабын ХХ ғасырдың басында жасап шығарған. Баян аспабының бірнеше аспаптың дыбысын бере алатын мүмкіндігі бар.

Сырнай аспабының сүйемелдеуімен «Нартайдың термесі»

Нартай Бекежанов – ақын, композитор. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды.
Нартай көптеген ақындармен айтысқа түскен. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де «Толқын», «Нартай сазы», «Өсиет терме» атты әндер шығарған.

 Зырлайды шанамыз
Д. Мацуцин
Қ. Ыдырысов

1. Аязды келіп қыс,
Алғашқы қар ұшты.
Аппақ боп үстіміз,
Ақ қырау жабысты. 2 рет
2. Алғашқы ақша қар,
Бетінде із қалды.
Жүйткиді ақ шанам,
Алға ұстап ызғарды. 2 рет

3. Зырлай түс, ақ шанам,
Бөгет жоқ бізге еш.
Көрсін дос, басқада,
Шаршайтын біз емес. 2 рет


сұрақтар:
1. Сырнай аспабы қалай пайда болған?
2. Орыс халық сырнай аспабы қалай пада болған?
3. Сырнайдың қазіргі түрі қалай аталады?

Өз біліміңді тексер
Суретке қарап, аспаптарды ата.
Оқушыларды бағалау, мадақтау. Үйге тапсырма

Әнді жаттау.







































Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

16

Тақырып

Қорытынды сабақ

Сабақтын мақсаты

































Суретке қарап аттарын ата.

Өтілген сабақты қайталау.

Сырнай аспабы қалай пайда болды?

Сырнайдың кәзіргі түрі қалай аталады?

Домбыра аспабы қалай жасалады?

Домбыра аспабында кімдер ойнайды?

Қандай әншілер мен күйшілерді білесің?

Қобыз аспабы қалай пайда болған?

Қобыз аспабы қалай жасалады?

Европада қобызға ұқсас қандай аспаптар бар?

Ең алғашқы ішекті аспап қалай пайда болды?

Не себепті қазақ халқы жетіген деп атаған?

Сыбызғы аспабы қалай пайда болды?

Сыбызғыға ұқсас қандай аспаптао бар?

Зырлайды шанамыз
Д. Мацуцин
Қ. Ыдырысов
1. Аязды келіп қыс,
Алғашқы қар ұшты.
Аппақ боп үстіміз,
Ақ қырау жабысты. 2 рет
2. Алғашқы ақша қар,
Бетінде із қалды.
Жүйткиді ақ шанам,
Алға ұстап ызғарды. 2 рет

Әуенін тап ойыны.

Шыршаға бардық

Қалаулім

Төрле төрле жаңа жыл

Зырлайды шанамыз

Шырша жыры


Әріптердің түсіне қарап, аспаптардың атауларын ата.

ДНАЙДО

АРҚОБМ

УЫБАЫБ

ЫСНЯЗЫ

ЛПАЗАР

Суреттегі аспаптардың атауын және неден жасалатынын айт.

Ағаштан ,мүйізден, қамыстан,саздан.

Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

18

Тақырып

Өнер ордасы театр

Сабақтын мақсаты






Жана сабақ









Музыкалық сауат:


Музыка тыңдау

Ән орындау.













Жаңа сабақты қорыту.

Театр жұмысымен танысу.

Білімділік: Спектаклъ қойылымымен танысу.

Ән үйрену: «Домбырасыз сән қайда»

Тәрбиелік: Театр қызметкерлеріне қошеметпен қарау.

Жаңа тақырыпты меңгеру. Әңгіме әдісі арқылы.

Театрда ең басты адам режиссер. Ол спектаклдің қойылымын жасайды. Ол спектаклдің қойылымын жасайды. Соннан соң суретшілер режиссерге сахнаның декорциясын жасауға көмектеседі. Ал моделъер болса, сахна әртістерінің киім үлгілерін даярлайды.

Бір спектаклъді сахнаға шығару үшін бір үлкен ұжымның аса зор жұмыс жасап шығуы керек. Ең әуелі әртістер өз алдына дайындайды. Хор әншілер мен оркестр музыканнары өз шығармаларын әзірлейді. Балет әртістері өз жетекшілерімен бірге би қимылдарын жасайды.


Театр түрлері: опера және балет театры, драмалық театр, қуыршақ театр.


Вердидің «Аида» операсынан салтанатты шеру.

Ән «Домбырасыз сән қайда» үйрену.

Елдің жырын жырлаған

Қайғысында толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған.

Қайырмасы:

Домырасыз сән қайда

Домбырасыз ән қайда

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

Әннің әуенін орындау үшін алдымен жай екпінде үйрену керек.

Әнді орындағанда тынысты дұрыс алуға мән беру, әндетіп айтуына назар аудару.


Спектаклъдің қойылымын кім жасайды?

Спектаклъді дайындауға кімдер көмектеседі?

Көрермен көңіл күйін қалай білдіреді?

Адамдар театрға не үшін барады?

Үйге тапсырма. Өнер ордасы театр туралы түсінік айту.

Әнді жаттау.

Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

19

Тақырып

Филармония өнер шаңырағы

Сабақтын мақсаты








Жана сабақ








Музыкалық сауат:




Музыка тыңдау

Ән орындау.











Жаңа сабақты қорыту.

Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өнер шаңырақтары, өнер адамдары жайлы толық мағлұмат бере отырып, музыканы түсініп, тыңдай білуге, сыйластыққа үйрету.
Дамытушылық: Ой қозғау, шығармашылыққа, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге, рухани - танымдық кеңістіктерін молайтуға көмектесу, мәдениеттілікке, сахна өнеріне баулу.


Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы ең үлкен музыкалық өнер шаңырағы. 1935 жылы құрылған. Филармония әртістері Қазақстанның көптеген қалаларында, шет елдерге барып өнерлерін көрсетеді. Бұрын тек қана Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония болатын. Ал қазір Қазақстанның барлық қалаларында филармониялар бар. Өзіміздің Атырау қаласында белгілі актер, ұстаз Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония бар. Филармония залында күнде классикалық музыка концерттері өтеді.

Классикалық музыка – ең биік, көркемдік талапқа сай, музыка өнерінің алтын қорына енген шығармалар. Олар симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі, хор капелласының, ұлттық би ұжымдарының т. б өнер ұжымдарының орындауындағы музыкалар. Мысалы мына опера.

Римский - Корсаковтың «Салтан патша туралы» атты ертегі операсынан «Араның ұшуы» 


Ән «Домбырасыз сән қайда» үйрену.

Елдің жырын жырлаған

Қайғысында толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған.

Қайырмасы:

Домырасыз сән қайда

Домбырасыз ән қайда

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

Не себепті филармонияны өнер шаңырағы деп ойлайсың?

Филармония залынан қандай консерттерді тыңдауға болады?

Консертке барып көрдіңбе?

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, ән жаттау
Бағалау



Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

19

Тақырып

Каметалық музыка

Сабақтын мақсаты








Жана сабақ





Музыкалық сауат:


Музыка тыңдау

Ән орындау.













Жаңа сабақты қорыту.

Музыка мәдениетіне баулу.

Білімділік: Музыка мсауаттылығын арттыру.

Дамыту:Ән айту өнерін дамыту.

Тәрбиелік: Өнер ұжымдарына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру


Ерте замандарда Европада филармониялар мен консерт залдары болған жоқ. Сондықтан музыканттарды бай әрі ауқаттыт адамдар арнайы үйлеріне шақыртып тыңдаған. Мұндай консертке бір немесе бірнеше орындаушылар қатысқан. Әсіресе скрипка, алът,вилончел орындаушылардың консертін тыңдауды дәстүрге айналдырған.Кансертті үй иесінің туыстары, достары және арнайы шақыртылған қонақтар тамашалаған. Мұндай концертті камералық концерт деп атаған. Бұл атау Италия «camera» , яғни бөлме деген сөзінен шыққан.

Екі, үш, төрт және бес адамнан құралған орындаушыларды дует, трио, квартет және квитет деп атаймыз.

Ішекті аспаптар квартетінің орындауында В.А Мочарттың «Кішкентай кешкі серенадасы». Бұл Мочарттын ең танымал аспабының бірі. Қазіргі кезде ішекті аспаптар квартеті кеңнен таралған. Квартет құрамында екі скртпка , алът,және вилончел бар.


Ән «Домбырасыз сән қайда» үйрену.

Елдің жырын жырлаған

Қайғысында толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған.

Қайырмасы:

Домырасыз сән қайда

Домбырасыз ән қайда

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?


Ертеде консертті қайда өткізген?

Не себепті камералық музыка деп атаймыз?

Дует, трио, квартет, квинтет дегеніміз не?

Камералық консертте өандай аспаптармен орындау дәстүрге айналған?

Үйге тапсырма. Каметалық музыка туралы тісінік айту. Әнді жаттау.

Сынып

2

пән

музыка

Сабақ

21

Тақырып

Ең үлкен музыка аспабы орган

Сабақтын мақсаты








Жана сабақ










Музыкалық сауат:

Ән орындау.










Жаңа сабақты қорыту.

Музыкалық аспаппен танысу.

Білімділік: Орган аспабының құрлысымен танысу.

Ән үйрену: «Апа,туған күніңмен!»

Тәрбиелік: Еуропа аспаптарына сүйіспеншілікпен қарау.


Қазақстанда орган аспабын Алматыдан, Астанадан және Қарағандыдан көруге болады.Музыкалық аспаптардың ішінде ең үлкені болып табылады. Бұл аспапты фортепианоны орындағандай клавичтерін басып орындайды.

Бірақ бұл аспаптардан басқандай ұқсастық табу қиын. Органның жоғарғы жағынан көптеген нүктелер орнатылған.Осы нүктелерге ауа жіберу арқылы дыбыс шығарады.

Сондықтан Орган аспабын үрмелі аспаптар тобына жатқызамыз. Бүкіл әлемде бірдей жасалған орган аспабынкездестіре алмайсың. Аспаптың көлемі оны орнататын ғимарттың үлкеніне байланысты болған. Ерте замандарда орган аспабын христиан шіркеулеріне орнатқан. Қазіргі кезде орган музыкасының концертін көптеген шіркеулерден, сондай ақ кейбір канцерт залдарынан тыңдауға болады.

Орган- басқышты үрмелі аспаптар тобына жатады.


Апа туған күніңмен!

Өзің маған бақ берген

Өмір берген апа

Бестік толы дәптермен

Қуантайын апа

Жарқырасын маңдайың

Ауырмашы апа

Қутты болсын әрдайым

Туған күнің апа


Не себепті органды е ң үлкен аспапқа жатқызамыз?

Орган аспабын қалай ойнайды?

Не себепті органдыбасқышты үрмелі аспап дейміз?

Орган аспабының дыбысы қалай шығады?

Қазқстанның қандай қалаларында орган аспабы орнатылған?
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ашы? саба? та?ырыбы:" А?айынбыз б?ріміз" "??лынша?" ортан?ы тобы

Автор: Шегебаева Ботаг?з Адилбековна

Дата: 09.02.2016

Номер свидетельства: 290671


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства