kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "К?ктем" А. Ж?банов. Динамикалы? белгілермен ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? саба?ымда к?рнекілік ретінде слайд, кітаптар, ноталар, бейнек?рініс, плакат колдандым. ?олдан?ан ?діс-т?сілдерім с?ра?-жауап, т?сіндіру, практикалы? (шы?арманы) орындау. Динамикалы? белгілерді шы?армада д?рыс ?олдана білуге, тиімді пайдалану?а, динамика дыбысына, сапасына к??іл болуге да?дыланды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "К?ктем" А. Ж?банов. Динамикалы? белгілермен ж?мыс»

Сабақтың тақырыбы: А.Жұбанов «Көктем» шығармасының

динакамикалық белгілерімен жұмыс.



Мақсаты: «Көктем» шығармасының динамикалық белгілерімен

жұмыс жасап, динамикалық белгілерді дұрыс

қолдануға үйрету.


Міндеті: Білімділік: Шығарманы ойнау барысында

динамикалық белгілерді үйрету,динамикалық күш

ерекшеліктерін  айырып, шығармада қолдана білу.

Дамытушылық: Шеберлігін арттыру, әуендік

сезімталдығын, тыңдау, қиялдау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Білімгердің ой-өрісінен кең орын алып,

сұлулыққа, әсемдікке, отан сүйгіштікке, халқымыздың

асыл мұраларын құрметтеуге, халық музыка

аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін

арттыруға,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,

адамгершілікке, ұлттық музыканы қадірлей білуге

тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Тәжірибелік


Сабақтың әдісі: Бейнекөрініс,сұрақ-жауап, түсіндіру, «ноталар

сөйлейді», аспапта ойнау


Көрнекілігі: Қобыз аспабы,ноталар, кітаптар, плакат, ноутбук,

күйсандық, слайд


Пәнаралық байланыс: Сольфеджио, музыкалық әдебиет


Сабақ жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақ

4. Қорытындылау

5. Үйге тапсырма беру

6. Бағалау






1.Ұйымдастыру кезеңі.

Нота дайындап, аспаптың құлағын келтіріп, білімгердің назарын сабаққа аудару


2. Үй тапсырмасын тексеру.

К.Бом «Непрерывное движение». Білімгерді аса шапшандықпен ойнауға дағдыландыру

3. Жаңа сабақ: А.Жұбанов «Көктем» динамикалық белгілерімен жұмыс

А.Жұбановтың «Көктем»шығармасы көлемі шағын болғанымен шынайы жан тебіренісінен, өмірге, табиғат сұлулығына деген құштарлықтан туған жастық жыры . Шығарманың динамикалық белгілерінің сақталуы мен штрихтарына көп көңіл бөлу. Дыбыстың динамикалық өзгеріс кезінде дыбыстың біркелкі таза шығуын сақтай отырып, олардың үндестігі мен ырғақтық үйлесімділіктерін қадағалау.

Динамика (грек тілінде “күшейту” деген сөз) деп музыкадағы дыбыс күштерін азайту немесе күшейту дәрежесін айтады. Ән-күйдің мазмұны мен табиғи болмысын ашу үшін, түрлі орындалу ерекшеліктерін білдіру үшін арнайы динамикалық белгілер қолданылады. Негізгі динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян тіліндегі сөздердің бас әріптерімен белгіленеді.

Айтылуы

(Итальянша)

Жазылуы

(таңбасы)

Мағынасы

(қазақша)

Форте

         f

қатты күшті

Пиано

        p

ақырын,жай

Меццо-форте

       mf

орташа,күшпен

Меццо-пиано

       mp

ақырын

Фортиссимо

       ff

өте күшті,қатты

Пианиссимо

       pp

өте ақырын,жай

Крещендо

     

бірте-бірте күшейте

Деминуэндо

     

бірте-бірте жайлата

Сфорцандо

       sf

кенеттен күшейтіп



Музыкадағы динамикалық белгілердің естілуін табиғаттағы басқа да дыбыстармен салыстыруға болады. Мәселен, өте қатты найзағайдың дыбысын - ff:  поездың жүйткіп келіп тоқтағанын деминуэндо,тоқтап тұрған  поездың бірте –бірте жүйтки жөнелгенін крещендо белгісімен. Түнгі табиғаттың мүлгіген тыныштығын pp; ақырын ғана себелеп жауып тұрған жаңбырды бірте-бірте естілген ат тұяғының дүбірін  крещендо белгілерімен салыстыруға болады.



4. Қорытындылау

Динамикалық белгілер туралы қысқаша сұрап, сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау үшін « Ноталар сөйледі» сұрақ-жауапқа көшу.


5. Үйге тапсырма


Шығарманы орташа екпінде, дыбыстарды таза, анық санап,

динамикалық белгілерді қолдана ойнау.


6.Бағалау


Оқушының белсенділігіне, білімділігіне, тапқырлығына қарай бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Ашы? саба? "К?ктем" А. Ж?банов. Динамикалы? белгілермен ж?мыс

Автор: Жунисбекова Акбопе Жаксылыковна

Дата: 13.04.2016

Номер свидетельства: 318387


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства