kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Армандастар" әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нұрғали Нүсіпжановтің  музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру
Нұрғали Нүсіпжановтің  орындаған әндермен  танысу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Армандастар" әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов»

Сабақ жоспары №29

Сыныбы:4 класс

Пәні:Музыка

Сабақтың тақырыбы: Армандастар әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов
Сабақтың мақсаты:Нұрғали Нүсіпжановтің музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру
а) Білімділік: Нұрғали Нүсіпжановтің орындаған әндермен танысу;

ә) Тәрбиелік: музыканы тыңдай білуге, өнерді сүюге тәрбиелеу;
б) Дамытушылық: әнге қызығушылығын дамыту, музыкалық сауаттылығын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа материалды игеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: баяндау, түсіндіру, тыңдату
Көрнекілігі: портреттер, музыкалық аспаптар баян, домбыра

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылар класқа Е.Хасанғалиевтың «Ауылым әнім» әнімен кіреді

- Оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару - Үй тапсырмаларын тексеру

II. Негізгі бөлім:

- түсіндіру - Нұрғали Нүсіпжанұлы - Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Өзбекстанның өнерге еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның жеке әншісі. Нұрғали 1937 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Туып өскен өлкесі жер жәннаты Жетісу жерінің бауырындағы Доланалы ауылы. Нұрғали да барлық қазақ даласындағы өзі сияқты ауыл балаларының өмір жолын жүріп өтті. Сол кездегі аудан орталығы Қоғалыда аудандық қазақ орта мектебін бітіріп, туған ауылында екі жыл қой бақты. Содан кейін Алматы Мемлекеттік консерваториясының ән факультетінде 7 жыл оқып, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2 жыл әнші болып шығармашылық қызмет атқарған соң Қазақ Телевизиясы мен Радио хабарларын тарататын Мемлекеттік комитетінде музыкалық хабарлары Бас редакцияларын басқарып (1966-1976) 10 жыл қызмет атқарды.
    Содан кейінгі жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық ұлт аспаптары оркестрінде 20 жыл жетекші әнші ретінде қызмет атқарып «Қазақконцерт» жанынан «Жазира» аспаптық ансамблін ашып 10 жыл еңбек етті. Көптеген жастар осы ансамблден тәрбие алып шықты.
      Кенен Әзірбаев, Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Асқар Тоқпанов сияқты көптеген ардагер аталарымыздың көзін көрген.
    Содан кейінгі екінші бір өнер керуенінің майталман дүлдүлдері Сыдық Мұхамеджанов, Қапан Мусин, Нұрғиса Тілендиев, Мәмбет Бестібаев, Еркеғали Рахмадиев, Фуат Мансуров, Тұрғыт Оспанов, Кенжебек Күмісбеков, Мәлғатдар Әубәкіров сияқты ағаларымен араласып, бірге жүріп үйренді, өмірлік сабақ алды, мол тәжірибе жинақтады
    Қазақ радиосында, тұңғыш ашылған қазақ телевизиясындағы қызмет атқарған жылдары жас әншінің шырқау шағы.          60-70 жылдарда, ән жанрында тамаша дарын – таланттарымен жарқырап шыққан, өз творчестволарымен күллі қазақ әндерінің жоғары деңгейінде қалыптасып өркендеп өсуіне тікелей зор ықпал еткен Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов сияқты жұлдыздар, алғаш шығарған әндерін Нұрғалиға арнап, соның даусына ылайықтап жазды.              Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғали Нүсіпжан әр жылдары өнер сапарымен Швеция, Финляндия, Монғолия, Ауғанстан, Йемен, Ангола, Кипр, Португалия, Сирия, Греция, Югославия, Алжир, Германия, Түркия, Польша және Қытай елдерінде болып, жемісті концерттер беріп, қазақтың музыка өнерін жан – жақты насихаттап кайтты.       Әндері: «Армандастар», «Өз елім», «Саржайлау», «Мойынқұмда», «Теріскей», «Ауылым әнім»

- Музыка тыңдау - Н.Нүсіпжановтің орындауындағы әндерді тыңдау

- Дауыс жаттығулары

- Ән үйрену - Ә.Бейсеуов «Армандастар»

- Бекіту тапсырмалары - Н.Нүсіпжанов орындаған әндерді сәйкестендіру жұмыстары - Таныс әндерін орындау

III. Қорытынды бөлім

- Бағалау

- Сабаққа белсенділікпен қатысқан оқушылар бағаланады

-Үйге тапсырма

- Ә.Бейсеуовтің «Армандастар» әнінің өлеңін жаттап келу

- Н.Нүсіпжанов шығармашылығына мәнжазба даярлау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Армандастар" әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов

Автор: Байдышева Ұлзира Дәстенқызы

Дата: 13.03.2017

Номер свидетельства: 399991


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства