Мақсаты: 1. Оқушылардың анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, әйелдің қоғамдағы алатын орны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншіліктерін ояту. 2. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту. 3. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Әйел, ана, қыз атаулы нәзік жандардың өмірде алатын орнын ұғындыру.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс Сабақтың типі: концерт сабақ Әдіс-тәсілдері: әңгіме, түсіндіру, ізденіс, ой қозғау, ән айту, тыңдау Көрнекілігі: интербелсенді тақта, сырнай, дек, дисктер, эстрада, жұлдыздары мен халық әртістерінің суреттері, шарлар Музыкалық шығармалар:«Ана туралы жыр», «Ана сен бақыттысың», «Ақ бантик», «Аналар алтын», «Аналар», «Ару ғұмыр» т.б.
Сабақ барысы
І. Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
Класс тақырыпқа сай безендірілген, шарлар, гүл шоқтары, әртістердің, әншілердің суреттері.
Оқушылар сыныпқа Е.Хасанғалиевтың «Келші, келші балашым» әнімен кіріп, шеңбер жасап тұрады да бір-бірінің алақандарына сәлем беріп амандасады.
Музыкалық сәлемдесу
Балаларды орындарына жайғастыру.
Құрметті балалар сендер классқа қандай әуенмен кірдіңдер?
( Балалар жауабы)
Әннің авторы кім?
(Балар жауабы)
ІІ. Негізгі бөлім. Олай болса сабағымыздың тақырыбы «Анаға сәлем» деп аталады.
Ливия мемлекетінің аса көрнекті саяси қайраткері М.Каддафидің көп тілдерге аударылған әйгілі «Жасыл кітабында» әйелге төмендегідей анықтама береді: «Әйел – табиғатынан нәзіктік пен сұлулық иелері, өйткені сол роль үшін жаратылған...» деген екен. Әйел-ана – әр үйдің шамшырағы, жылуы мен берекесі, ұйытқысы екені сөзсіз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әйел - үйдің тірегі ғана емес, өмірдің өзі» деп бекер айтпаса керек. Әйел- Ана, әйел – өмір, әйел – тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры – биік. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәлел болса керек. Ғалымдар адам аналарынан айырылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар, денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған.Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады онда. Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады» делінген. Ана үйдің берекесі, қыз-баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ана болу - бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана. Қазақ халқы ертеден әйел мәртебесіне, қоғамдағы алатын орнына ерекше мән берген. Мысалы, әйелге қатысты сөздердің өзі соған дәлел бола алады.
Ал енді әйел тақырыбын қозғамаған өнер иелері жоқ шығар. Қазақ халқынынң атақты ақыны М.Мақатаевтың мына өлең жолдарына зер салсақ
«Әйелдер - ай» - тыңдау;
Бұл тақырыпта сазгер ағаларымыз да көп еңбек еткен. (Аналар, арулар туралы әндерді тыңдау)«Ана туралы баллада», «Аналар», «Аналар алтын», «Ана сен бақыттысың», «Ақ бантик», «Ару ғұмыр» т.б.
Ал сендер, құрметті балалар аналар туралы қандай әндерді білесіңдер? (Оқушылар кезекпен шығып ана туралы, қыздар туралы әндерді орындайды)
«Анашым», «Абзал ана», «Қыздар-ай», «Ару ана», «Ана туралы жыр», «Анашым», «Анам алтын», «Әрқашан күн сөнбесін» т.б. әндерді оқушылар кезектесіп орындайды.
ІІІ.Қорытынды бөлім
Жақсы балалар рақмет, келесі кезекте күйші аталарымыз туралы айтатын болсақ, олар да өз аналарына, қыздарға арнап көп күйлер шығарған. Солардың біразын білу үшін мына «Санды сөз» кестесін толтырайық.
6
3
2
5
1
4
л
л
ұ
ұ
б
б
4
1
6
5
2
3
11
8
7
9
10
р
қ
н
а
а
й
м
е
ш
ш
е
7
1
6
5
2
4
8
3
9
д
с
л
ы
ы
қ
а
л
қ
Қазақ халқының көрнекті жазушыларының бірі Ғ.Мүсірепов ана туралыбір тамаша ой айтқан екен, оны біз мына шатасқан әріптерден тапсақ оқимыз.