2.Үй тапсырмасын сұрау. Ішекті-ыспалы аспаптар. «Бұл қандай аспап?» ойыны арқылы.
Тақтаға бір оқушы шақырылады. Аспаптың суреті отырған балаларға ғана көрсетіледі. Олар аспапты сипаттайды. Тақтадағы оқушы аспапты дәл табуға тырысады.
Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе әңгіме
Қазақ халқы көбіне мал шаруашылығымен айналысқан. Сол малдың ішегін, тұяғын аспапқа пайдаланған.
Қазақтаасатаяқ ,қоңырау, сақпан, тұяқтас, шыртылдақ сияқты сілкіп, ұрып ойнайтын аспап да бар. Ертеде ұрмалы аспаптарды әскери ұрыстарда, аңға шыққанда, халықтық мерекеге жинағанда пайдаланған. Сондай-ақ ұрмалы аспаптарды бақсылар адамдарды емдеуге пайдаланған. Ал мал күзетушілер үшін ит-құсты үркітуге таптырмас құрал болған
Асатаяқ-ертеден келе жатқан сілкіліп ойналатын аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Шу шығаратын аспап
Тұяқтас-ұру арқылы үн шығаратын аспап тобына жатады. Ол жылқынның тұяғынан жасалады. Тұяқтасты бессаусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек.
Қоңырау- музыкалық аспап. Ертеде қоңыраудың әр түрлі үлгілері діни жораларда, салт-дәстүр рәсімдерінде қолданылған. Кейде сыртына жұқалап алтын, күміс жалатылады. Қоңырауды арнайы жеңіл таяқшамен соғып ойнайды.
Даңғыра -қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық.
Дабыл-бұл «дабыл-қағу»деген сөз. Ертедегі ұрмалы саз аспабы. Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде дабыл батырлардың бес қаруына қоса алып жүретін бұйымы ретінде көрсетіледі. Дабыл қатты дыбыс-белгі (сигнал) беретін аспап болғандықтан, басқа да тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған.
Сақпан – ежелден келе жатқан қазақтың сілкімелі музыкалық аспабы. Бұл аспап өзге аспаптардан өзіне ғана тән үнімен ерекшеленеді.
Аспапты жасап шығару шеберге аса үлкен қиындық тудырмайды. Ені 2-3 см, ал ұзындығы 10-15 см болады. Жұқа ағаштар кесіліп, бір жіпке я сымға тізілген. Бұл дыбыс жаңғырығының жақсы болуына ықпал етеді. Сақпан аспабы ертеде тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Диқан-бағбандар егістікке қонған құстарды үркіткенде, ал шопан-бақташылар мал қайырған кезде қолданған.
Музыка тыңдау
Нұрғиса Тілендиев «Ата толғауы» күйін тыңдау.
- Қандай күй тыңдадыңдар?
- Қандай аспаптың даусын естідіңдер?
- Күйді шығарған кім?
Композитор, дирижёр, күйші. 1925 ж Алматы облысының Іле ауданында туып өскен.
Күйлері: “Ата толғауы”, “Көш керуен”, “Аққу”т.б
Қандай аспаптардың дыбысы естіліп тұр. Өздері ажырата алған аспаптың күйге қандай ырғак беріп тұрғанын айтады.
Ән үйрену.«Айгөлек» (Б.Байқадамов,Н.Баймұхаммедов). Автор туралы әңгімелеу
Композитор, дирижёр. 1917-1977 жж Торғай облысының Торғай ауылында дүниеге келді. “Су тасушы қыз”, “Кел достар”, “Айгөлек” әндерінің авторы