kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?шылы?тан хабаршы,мерекеде жаршы бол?ан-асатая?-ложки,т?я?тас-барабанка,?о?ырау-бубенцы,да??ыра-дойра, са?пан-трещотка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: ?аза? хал?ыны? к?не аспаптарыны? шы?у тарихын есте са?тау?а баулу. Аспапты? ?німен, сыр-сипатымен таныстыру. Халы? музыкасына деген с?йіспеншілігін арттыру. Есту, есте са?тау ыр?а?ты сезіну ?абілеттерін дамыту.

Саба?ты? міндеті:

Білімділігі: О?ушыны с?йлеуге, ойын т?жырымдап айту?а ?йрету.

 Дамытушылы?ы:Музыканы? адам ?міріндегі ма?ызын тере? т?сіну.

Т?рбиелігі: Адамгершілікке, ?семдікке, с?лулы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?шылы?тан хабаршы,мерекеде жаршы бол?ан-асатая?-ложки,т?я?тас-барабанка,?о?ырау-бубенцы,да??ыра-дойра, са?пан-трещотка »

Сабақтың тақырыбы: Аңшылықтан хабаршы,мерекеде жаршы болған-асатаяқ-ложки,тұяқтас-барабанка,қоңырау-бубенцы,даңғыра-дойра,

сақпан-трещотка

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының көне аспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу. Аспаптың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру. Халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Есту, есте сақтау ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.

Сабақтың міндеті:

Білімділігі: Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға үйрету.

Дамытушылығы:Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсіну.

Тәрбиелігі: Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Үйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ:

Асатаяқ-ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сыяқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар. Асатаяқ- шу шығаратын  музыкалық аспап. Бақсылар оны  даңғыра және қылқобызбен қоса қолданған. Асатаяқтың темір масағы бар. Жалпақ басы екі жағынан шебер өрнектеліп, әдемі әшекейленген. Оған металл сылдырмақ ілінген. Асатаяқтың қуыс басының ішіне бір уыс бұршақ тастап , сыртынан көн терімен қаптауға болады.Асатаяқты сілкілеген кезде жаңағы бұршақтар өзгеше үн шығарады.

ТҰЯҚТАС — ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады. Ол аттың тұяғынан жасалады, оны өңдеп музыкалық аспап ретінде қолдану үшін, бір немесе бір жарым жыл уақыт кептіру қажет. Сонда ғана соққанда анық, таза үн шығады. Тұяқтасты бес саусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек .

ҚОҢЫРАУ — ерте заманда қылқобызшылар мен қобызшылар және басқа да бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, кейбір әнкүйлерді тартқанда әрлі-берлі шайқап, шылдыратып отырған. Ал, шаңқобыз тартатын әйелдер саусақтарына қонырауды киіп алып, анда-санда қағып отырып шылдырлатқан .

Даңғыра - қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет-ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.

Дабыл  -бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабылды ұрып ойналатын аспап деп қазақ ауыз әдебиетінде көп қолданған. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн терімен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады

Музыка тыңдау: Нұрғиса Тілендиев «Ата толғауы» күй

Дауыс жаттығуы:

Ән үйрену: «Айгөлек» әні

Әнің жазған: Б.Байқадамов

Сөзін жазған: Н.Баймұхамедов

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағыңда.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағыңда.

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміскүлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?

Қайырмасы:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде,

Би билеймін дөңгелеп

2.Ақыл сөздің ұстасы –

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.

Қайырмасы:


Домбыра үйрену: 2-жаттығу «Ала, ала».

Бекіту:

Музыкалық — дидактикалық ойын.

Ұрмалы немесе iшектi аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, кобыз, жетiген, т. б.) дыбыс ерекшелiктерi арқылы айыра бiлуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсендiлiгiн, қызығушылығын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды шешiмiн дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.

Тапсырма

Орындау

Ұрмалы аспаптарды ата?


Ысқышты аспаптарды ата?


Шертпелі аспаптарды ата?



Сабақты қорытындылау:

  1. «Айгөлек» әнінің авторларын ата?

  2. Әннің әуені қандай?

  3. Бүгін сабақта сен қандай күй тыңдадын?

  4. Күйдің авторын ата?

  5. Бағалау:

Үйге тапсырама:





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сафина Лиза Куантаевна

Дата: 18.02.2015

Номер свидетельства: 175230


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства