kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Альтерациялы? кілттік белгімен ж?мыс /саба? жоспары/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар саз мектебіні? домбыра класында о?итын 2-сынып о?ушысымен  ?тілген «Альтерация кілттік белгілермен ж?мыс» та?ырыбында?ы саба? жоспары. Саба?ты? барысында о?ушы альтерация кілттік белгілер туралы т?сінік алып,  орындауды ?йренеді. О?ушыны? музыкалы? есту,есте са?тау, ыр?а?ты ?абылдау ?абілеттерімен ?оса, ойнау техникасы да дамиды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Альтерациялы? кілттік белгімен ж?мыс /саба? жоспары/ »

Сабақтың тақырыбы «Альтерация кілттік белгілермен жұмыс»

Білімділік мақсаты: Оқушыға альтерация кілттік белгілер туралы түсінік беру, орындауға тоқталу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушының музыкалық есту,есте сақтау, ырғақты қабылдау қабілеттерімен қоса, ойнау техникасын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушының сауатты түрде музыканы ойнау, білуге, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқушының үйге берілген бағдарламсын тексеру

ІІІ. Сабақта өтілетін бағдарламамен жұмыс жасау

ІҮ. Бекіту

Ү. Үй тапсырмасы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушымен амандасу.

2. Аспаптың бұрауын келтіру. Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Оқушының үйге берілген бағдарламасын тексеру, пысықтау.

1.Х. Тастанов «Этюд»

2.Т. Камалдинов «Под яблонью кудрявой»

3. Халық күйі «Қоңыр»

Сұрақ –жауап алу.

- Этюд дегеніміз не?

- Этюд машықтану мағынасын білдіреді. Этюд музыкалық аспаптарда орындалатын оң қол және сол қол техникасын өсіру үшін шағын шығарма.

1. Х. Тастанов «Этюдын» нота бойынша, екпін қосып (қол жүргізу мақсатында) орындату.

2. Т. Камалдинов «Под яблонью кудрявой»

- Домбыра тарту өнерінің бір саласы күй болса екінші саласы фортепиано сүйемелдеуімен орындлатын шығармалар.

Т. Камалдинов «Под яблонью кудрявой» шығармасын жатқа, өз екпінінде орындату.

3. Халық күйі «Қоңыр»

Күй дегеніміз домбыра, қобыз, сыбызғы т.б. халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр.

Халық күй –деп ел аузынан шыққан, тараған күйлерді айтамыз.

Халық күйі «Қоңыр» нота бойынша орындату.

ІІІ. Сабақта өтілетін бағдарламамен жұмыс жасау.

Бүгінгі сабақтың негізгі мақсаты оқушыға альтерация кілттік белгілер туралы түсінік беру және оны оқушы өз бетінше өзгеріске түскен нотаны оқып, ойнап кетуіне үйретіп түсіндіру. Дыбыс қатарының негізгі сатыларының атын өзгертпей арнаулы белгілер арқылы жарты немесе бір тонға төмендету немесе жоғарылату альтерация (өзгерту) деп аталады. Альтерация белгілері бесеу.

#- диез. Негізгі дыбысты жарты тонға немесе бір пернеге жоғарылатады.

b- бемоль. Негізгі дыбысты жарты тонға немесе бір пернеге төмендеті.

х- дубль диез. Негізгі дыбысты бүтін тонға немесе екі пернеге жоғарылатады.

bb- дубль бемоль. Негізгі дыбысты бүтін тонға немесе екі пернеге төмендетеді.

Бекар –диез, бемольдің күшін жояды.

Альтерация белгілері кілттің жанына немесе тактінің ішіне қойылады. Кілттің жанына қойылған альтерация белгісі кілттік белгі деп аталады. Кілттік альтерация белгісі шығарманың соңына дейін өз күшін сақтайды.

Қазақтың халық әні «Мал төлдеуін былай атайды» ойнату. (А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі»)

Такт ішіндегі альтерация белгілері кездейсоқ белгілер деп аталады. Ол сол такт және бір октава көлеміндегі ғана күшін сақтайды.

А. Ержанов «Этюд» 6 тактісін жәй екпінде ойнату. (А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі» )

ІҮ. Бекіту

Сабақта өткенді оқушымен қайталау, пысықтау, сұрақ қою.

- Альтерация дегеніміз не?

- Неше альтерация белгілері бар?

- Диез дегеніміз не?

- Бемоль дегеніміз не?

Ү. Үй тапсырмасы

Альтерация кілттік белгілер ережесін оқып, түсініп келу.

1. Х. Тастанов «Этюд» жаттау.

2. Т. Камалдинов «Под яблонью кудрявой» нота бойынша қайталау.

3. Халық күйі «Қоңыр» нота бойынша орындап келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Альтерациялы? кілттік белгімен ж?мыс /саба? жоспары/

Автор: Толегенова Акмарал Баймухановна

Дата: 18.10.2015

Номер свидетельства: 240998


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства