Сабақтың тақырыбы: Аккордтар еліне саяхат
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әртүрлі аккорд түрлерімен таныстырып, осы аккордтардың құрылымын білуге, әндетіп, ажыратуларын бақылап, музыкалық білмдерін көтеру.
Күтілген нәтиже: Берілген әуендерде аккорд түрін анықтау, карточкалар бойынша әртүрлі тапсырмаларды шешулері, ойналған үзінділерде аккорд түрін тыңдап, есту арқылы ажырату.
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, сольфеджио оқулықтары, фортепиано аспабы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың жүру барысы: До мажор гаммасын әртүрлі өлшемдерде дирижерлап әндету, дауыс келтіру.
а) до мажор тональдігінде жоғары, төменгі бағыттағы секвенцияларды жылдам екпінді мәнерлі әндетулерін тәрбиелеу.
б) до мажор тональдігінде басқыштарын, аккордтар тобын естіп ажырату. Аккорд - дегеніміз бір уақытта естілетін, өзара белгілі тәртіппен орналасқан үш немесе одан да көп дыбыстардың үндік үйлесімі. Аккорд итальян тілінде "үйлестіру, үндестіру" деген мағына береді.
Үш дыбыстан тұратын аккордты үшдыбыстық деп атайды. Мұндағы дыбыстар терция интервалы бойынша орналасады.
Үшдыбыстық аккордтар құрылымдық ерекшелігіне қарай, яғни терциялардың тондық өлшемі мен орналасу тәртібіне байланысты үлкен (мажорлық), кіші (минорлық), үлкейтілген және кішірейтілген болып төрт түрге бөлінеді.
Үшдыбысты интервалдық құрылым аккордтың аты мен белгіленуін қатар көрсетеді.
Үлкен және кіші үшдыбыстықтар жағымды естіліп, консонанстық үндестік құрса, қалған аккордтардың барлығы жағымсыз диссонанстық үндестіктерге жатады.
Фраза - музыкалық тақырыптың аяқталған мағынасы бар бөлшегі.
Фермата - дыбысты еркін созу белгісі.
Вибрация - дыбысқа толықтық, жылылық беретін тербеліс әдісі.
Үй тапсырмасын тексеру:
- Ре, ми дыбыстарынан доминантсептаккорд айналымдарымен және көшулерімен құрып келу.
- Бұл жаттығуларда кездесетін аккордтарды талдап, тасымалдап әндету.
- Г.Ф.Калинина «Жұмыс дәптері». Келесі жаттығуларды, секвенция арқылы әндету.
Есте сақтау қабілетін сергіту: Өткен аккордтарды тыңдап, қай аккорд шырқалғанын анықтап, есте сақтау қабілетін тексеру.
Сыныптағы жұмыс: Музыкалық диктантты талдау, әндету.
Теориялық білімдерін тексеру:
Келесі тональдіктерді әріп арқылы шешіп, таңба белгілерін атау.
Келесі ноталар арқылы үшдыбыстықты анықтап, энгормониялық теңдік тональдықты анықтау.
Келесі негізгі үшдыбыстылықтардың айналымдарын, көшуімен шешу:
Келесі сандар арқылы үшдыбыстың түрін шешу:
Үйге тапсырма: Музыкалық диктантты жаттау, ля-минорда ойнау. Фа дыбысынан Д7-тың айналымдарын құрып, әуендерді қайталау.