Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 14.02.2017 жыл. Тобы: «Күншуақ» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Оқу қызметі: Музыка
Тақырыбы: «Айналайын, анашым»
Мақсаты: Дауыспен жоғарылаушы және төмендеуші әуен қарқынын бере білуге үйрету. Жұптасып билеу қимылдарын әуенмен үйлестіре білу дағдыларын қалыптастыру. Компазитор Айжігіт Асанов,Е.Хасанғалиевтің, шығармашылық жолымен таныстыру. Сүйіспеншілік сезімдерін ән арқылы жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Балаларды аналарын сыйлай білуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: музыкалық орталық, интербелсенді тақта, компазитор Е.Хасанғалиевтің суреті.
Билингвальды компанент: ана-мама - mother
Сөздік жұмыс: бәсең, көтеріңкі
Оқу қызмет кезеңдері
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларды көңілді күймен қарсы алу. Амандасу. Орындарына отырғызу.
Жұмбақ жасыру:
Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (ана)
-Дұрыс, балалар! Ендеше қазір біз ана туралы музыка тыңдаймыз.
Билингвальды компанент: ана-мама- mother Балалар залға кіріп, бірінің артынан бірі тізіліп тұрады. Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады.
Балалар сөздерді қайталайды.
Музыка тыңдау: «Анаға сәлем»
Әні: Е.Хасанғалиев.
-Балалар, әнде кім туралы айтылған?
-Ән қалай орындалады?
Компазитор суретін көрсету арқылы таныстырып өту.
Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған.
Көңілсіз әуен қосылып, Айгүл келеді.
-Сәлем, достар, сендер менің анамды көрмедіңдер ме?
-Мен анамнан адасып қалдым, енді не істеймін, көмектесіңдерші. Балалар әнді тыңдап, сұрақтарға жауап беруге тырысады. Компазитор туралы тыңдап, естеріне сақтауға тырысады.
Балалар Айгүлге таңдана қарайды.Балалар Айгүлге қалай көмектеесуге болатынын
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар, енді не істесек болады?
-Мүмкін ана туралы ән айтармыз, а?-Айгүл, сен біздің қасымызға кел.
Біздің балалар ана туралы ән орындап берсін. Сол әнді естіп мүмкін анаң келіп қалар.
-Балалар, біз ән айту үшін алдымен не жасаймыз?
-Дұрыс, Ондай болса дауыс жаттығуын жасайық.
Дауыс жаттығуы: «Баспалдақ»
Ән үйрену: «Ақ мамам» әні: Айжігіт Асанов
Компазитор А.Асановтың суретін көрсетіп, таныстырып өту.
Әнді балаларға орындап беру. Әнді мнемосхема арқылы бірнеше рет қайталатып үйрету.
Әнді орындап болған соң ортаға Айгүлдің анасы келеді.
Айгүл қуанып анасымен құшақтасады. Анасы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендердің ана туралы әнді айтқандарыңды естіп келдім, осында Айгүл қызымды кездестірдім. Енді бәріміз би билейікші.
Ырғақты қимыл-қозғалыс: «Ана мен бала» биі
Анасы: Сендер керемет тәртіпті, өнерлі екенсіңдер, аналарыңнан Айгүл сияқты қашпаңдар.
Айгүл: Балалар, сендерге көп рахмет, анамды тауып бердіңдер. Енді анамнан алыс кетпеймін. Сау болыңдар!
Айгүл анасымен бірге шығып кетеді.
-Балалар, сендер әнді жақсы орындап едіңдер Айгүлді анасымен кездестірдіңдер. Ән айтқанда дауысымызды қалай шығарамыз. Ақырын ба әлде қатты ма?
-Дұрыс. Ал аналарың сендерді ұйықтатарда немесе сендер бопаларыңды ұйықтатарда әнді қалай орындайсыңдар? ойлап, жауап беруге тырысады.
-Ана туралы ән айтып берейік.
-Дауыс жаттығуын жасаймыз.
Дауыс жаттығуын орындайды.
Балалар әнді бірнеше қайталап, орындау арқылы үйренеді.
Анасымен амандасады.
Балалар жұптасып, ана мен бала қимылдарын орындайды.
-Ән айтқанда дауысымызды қатты шығарамыз.
-Дауысымызды ақырын шығарамыз.
Ұйымдастырушылық- ізденісітік Сөздік жұмыс: бәсең, көтеріңкі
Музыкалық-дидактикалық ойын: «Бәсең және көтеріңкі»
Балалар «бәсең» және «көтеріңкі» сөздерінің мағынасын түсініп, қайталайды.
Ойынға әндете отырып белсене қатысады.
Рефлекстік- түзетушілік Ән айту: «Ақ мамам» әні: Айжігіт Асанов
-Балалар, бүгін біз қандай ән үйрендік?
-Қай компазитормен таныстық?
-Оның қандай шығармасымен таныстық?
Балаларды мадақтау.
«Қоштасу» әнін орындау Әнді орындайды.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады.
«Қоштасу» әнін орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Дауыспен жоғарылаушы және төмендеуші әуен қарқынын бере біледі
Игереді: Жұптасып билеу қимылдарын әуенмен үйлестіре біледі
Меңгереді: Компазитор Айжігіт Асанов, Е.Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтарды
Технологиялық картаны толтырған: Т.Мантекова