kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4 сынып?а арнал?ан ашы? саба? "Сидней опера театры"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:«Сидней опера театры»

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: ?лемге танымал опера театрларды? бірі – Сидней опера   театрмен таныстыру ар?ылы, ?лемдік музыка м?дениеті туралы жа?а білімді ?алыптастыру, «А? к?гершін» ?нін ?йрету.

Дамытушылы?: О?ушыларды жа?а  білік, білім, да?дыларын пысы?тап, ж?йелеуге т?рбиелеу ж?не  ойлау, музыкалы? есту, есте са?тау,шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік:О?ушыларды? эстетикалы? тал?амдарын ?алыптастыру, ?лемні? музыка м?дениетіне ?ызы?ушылы?тарын ояту, топпен ж?мыс жасау?а да?дыландыру.

Саба?ты? т?рі: жа?а білімді ?алыптастыру

Саба?ты? ?дісі:т?сіндірмелі,топтасты?, талдау, ?н айту, с?зж?мба? шешу, иллюстративтік, шы?армашылы?

К?рнекілігі:мультимедиялы? орнат?ыш, видео?зінділер,музыкалы? жазбалар, ?а?аз?а шы?арыл?ан с?зж?мба?тар, топтарды? аттары: «Диез», «Бемоль»,  «Бекар»

Саба? барысы:

I. ?йымдастыру. Музыкалы? с?лемдесу.

Топтар?а б?ліну.( ?н м?тіні жолдар?а б?лініп, балалар?а таратылады.  Топтар  м?тінні? жал?асын табу ар?ылы ??рылады.)

1-ші топ?а:

 «Айг?лек-ау,Айг?лек,

Айды? ж?зі д?нгелек.

Айг?лек деп ?н шыр?ап,

Би билеміз д??гелеп.

Айг?лек деп ?н шыр?ап,

Би билейміз д?нгелеп.»

2-ші топ?а:

 «Білім, ?ылым, ?нерге

   ?анат ?а??ан кездері?.

   Ата-салтын ерте?ге

   Жеткізетін ?здері?,

   Жеткізетін ?здері?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4 сынып?а арнал?ан ашы? саба? "Сидней опера театры"»

Сабақтың тақырыбы:«Сидней опера театры»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әлемге танымал опера театрлардың бірі – Сидней опера театрмен таныстыру арқылы, әлемдік музыка мәдениеті туралы жаңа білімді қалыптастыру, «Ақ көгершін» әнін үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды жаңа білік, білім, дағдыларын пысықтап, жүйелеуге тәрбиелеу және ойлау, музыкалық есту, есте сақтау ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, әлемнің музыка мәдениетіне қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі,топтастық, талдау, ән айту, сөзжұмбақ шешу, иллюстративтік, шығармашылық

Көрнекілігі:мультимедиялық орнатқыш, видеоүзінділер,музыкалық жазбалар, қағазға шығарылған сөзжұмбақтар, топтардың аттары: «Диез», «Бемоль», «Бекар»

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру. Музыкалық сәлемдесу.

Топтарға бөліну.( Ән мәтіні жолдарға бөлініп, балаларға таратылады. Топтар мәтіннің жалғасын табу арқылы құрылады.)

1-ші топқа:

«Айгөлек-ау,Айгөлек,

Айдың жүзі дөнгелек.

Айгөлек деп ән шырқап,

Би билеміз дөңгелеп.

Айгөлек деп ән шырқап,

Би билейміз дөнгелеп.»

2-ші топқа:

«Білім, ғылым, өнерге

Қанат қаққан кездерің.

Ата-салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.»

3-ші топ:

«Жазда атамның ауылына

Барып едім қыдырып.

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, жүгіріп.

Ақ маңдайлы ай мекен,

Шекер ме екен, бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен.

II.Жаңа білімді қалыптастыру

Қызығушылықты ояту

Балалар, бүгінгі сабақтын тақырыбын біліп алу үшін, әр топқа берілген сөзжұмбақтарды шешу керек.

1-ші топ: «Сидней»

2-ші топ: «Опера»

3-ші топ: «Театр»

Топтар берілген сөзжұмбақтарын шешіп, сабақтың тақырыбын анықтайды. 1-ші топқа – «Сидней» сөзжұмбағы, 2-ші топқа - «Опера», 3-ші топқа - «Театр»


Мағынаны ажырату

Жарайсыңдар, балалар, ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сидней опера театры». Сендер түсінген шығарсыңдар, Сидней –бұл Австралияның қаласы, әйгілі астанасы. Біздің мақсатымыз - Сиднейдің опера театрымен танысу. Ол үшін осы театр туралы мәтінмен жұмыс жасаймыз, оқимыз, талдаймыз.

Ал қазір, балалар, сендерді Австралияға саяхат жасауға шақырамын. Ол үшін экранға назар аударайық.

(Видео)

Тамаша саяхаттан кейін жұмысымызға оралайық. Тапсырма осындай: топ ішінде жұптасып, алдарыңда жатқан мәтінді оқып , талқылау. Одан кейін топпен бірге талдап, түсінгендерінді ортаға салу. Әр топтың музыкалық эксперттері сұрақтарын дайындап қою керек.

1-ші топ:

Сидней Опера театры - қаланың ғана емес, күллі Австралия елінің мақтанышы. Театр ғимараты өзінің ерекше құрылысымен көзге түседі. Алайда, оның құрылысына 15 жыл уақыт кетті. Жоба авторлары біраз қиындықтарға душар болды.

1954 жылы театр тұрғызу туралы шешім қабылданып, құрылыс жобалары үлкен байқау негізінде қабылдана бастады. Байқауға 32 мемлекеттен келген 233 маман қатысты.

38 жастағы Данияның сәулетшісі Йорн Утзонның жұмысы байқау әділқазылары арасында біраз талас-тартысты туғызған болатын. Дат елінен келген сәулетші жобасындағы ақ желкендер теңіз жағалауында орналасқан қаланың болмысын бейнеледі. Өзгелерден ерекшеленген бұл жұмыс жеңіске жетті.



2-ші топ:

Жоба бойынша, ақ желкендердің биіктігі 60 метрге жететін. Техникалық жағынан қарағанда ғимаратты тұрғызу оңай болған жоқ. Ғимарат құрылысы 1957 жылы басталып, оған 7 млн АҚШ доллар қаржы бөлініп, театр алты жылда салынып бітуі тиіс еді. Алайда, құрылыс он жылға созылып, бөлінген қаржыдан 15 есе көп қаражат жұмсалды.

Ғимарат іргетасы қаланған кезде, негізгі инженерлік мәселелер шешілмеген. Бұл олқылықты жөндеуге Утзонның өзі кірісті. Ол шатырдағы алып желкендерді бөлу арқылы құрылыс жұмыстарын жеңілдетті.

3-ші топ:

Инженерлік мәселелер өз шешімін тапқанымен, жоба авторы қаражат жағынан біраз қиналды. Құрылысқа бөлінген қаржы жетпей, ғимараттың іргетасын қалауға шамамен 8 млн АҚШ доллары жұмсалды. Сол сәтте Йорн Уотзонды қолдаған жандар лотерея сатып алып, ұтыс ойындарына қатысты. Ұтып алынған ақша-қаражаттар ғимарат құрылысына жұмсалды.

Құрылыстың қарқынын көрген Австралия билігі құрылыс жоспарларын өзгертті. 1966 жылы Уотзон жобадан кетуге мәжбүр болды. Құрылысқа жергілікті сәулетшілер тартылып, ғимарат 1973 жылы салынып бітті. Сол жылдың 20 қазанында театр ғимараты салтанатты түрде ашылды.

Ерекше келбетімен өзгелердің назарын өзіне қарататын Сидней опера театры бұл күнде әлемнің ең әдемі театрларының қатарынан орын алады. Теңіз жағалауында орналасқан қаланың жауһары саналатын Сидней Опера театры Австралияның көрікті мекеніне айналды. Театр қойылымдарынан бұрын, әдемі ғимаратты көру үшін жыл сайын жердің түкпір-түкпірінен туристер келеді.

Ал енді сөзді музыкалық эксперттеріне береміз.(Топтар бір біріне сұрақтарды қояды )

Топ мүшелері ортаға шығып,жұмыстарын қорғап болғаннан кейін,

әр топтың музыкалық эксперттері өз сұрақтарын қояды.

(Жауаптар)

Балалар, өте жақсы жұмыс жасадыңдар, сондықтан сендерге бір тосын сый дайын. Сидней опера театрындағы лазерлық шоуды көруге шақырамын. Назарды экранға аударайық.

(Видео)

Осындай ғажап көріністерді көргеннен кейін, енді кезек қимылдарға да келіп қалды деп ойлаймын.

Сергіту сәті.

Балалар, біз бүгін сабақта мәтінмен жұмыс жасадық, видео көрдік, қалай ойлайсыңдар сабағымызға не жетпейді?

(Жауаптар)

Әрине, ең негізгіcі –музыка, ән. Үйренетін әннің атын біліп алу үшін, жұмбақтың шешімін тауып алу керек.

Жұмбақ

Еркін самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз баптаймыз.

«Бейбітшілік құсы» деп

Қай құсты біз мақтаймыз? (көгершін)

-Ендеше, композитор А.Жұбанов, Н.Баймұхамедовтың сөзіне жазылған «Ақ көгершін» әнін тыңдайық. Ән үйрету жұмысы.

Ән үйретер алдында музыкалық жаттығу «Жоғары шығамыз, төменге түсеміз» орындау. Шапалақтап ырғақтық жаттығу орындау. Әр топқа бір-бір шұмақтан ырғақтық сүйелмел жасап, әнді орындау. Вокалдық жұмыс болғаннан кейін, әр топқа сұрақтар қойылады.

«Бемоль»:

- Әнде не туралы айтылады?

- Әннің көңіл-күйі қандай?

«Бекар»:

- Құрылымы қандай?

- Әндегі әуен қозғалысы қандай, күрделі ме?

«Диез»:

- Қандай темппен орындалады?

- Шұмақты орындалу ерекшелігі неде?

Өте жақсы. Балалалар,сабақтың тақырыбы театр туралы болғандықтан, сендерге шығармашылық тапсырма беріледі. Қазір театрға саяхатымызды жалғастырамыз. Бірақ, енді көрермен ретінде емес, пантомима актерлары ретінде. Пантомима –сөзсіз бет-әлпетті өзгертіп, пластикалық қимылдар арқылы бейнені сомдау өнерін айтады.

1-ші топқа: цирктегі шарлармен ойнап жүрген клоундар

2-ші топқа: жаңа қуыршағын құшақтап, қуанып жүрген қыздар,

жаңа ойыншық машинамен ойнап жүрген ер балалар

3-ші топқа: жіп-жіңішке көпірден өтіп, тастан-тасқа секіріп келе

жатқан балалар

Міне, болашақта сендер де әртіс бола алады екенсіңдер. Өнерді сүйіндер, өнерлі өрге жүзеді.

III.Ой толғау

Бүгін сендермен сұбхаттасуға жергілікті «Алау» телеарнасынан журналист келген. Оған сөз берейік.(Журналист рөлінде оқушы)

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз тобының жұмысын қалай бағалайсың?

  • Не туралы болды? Тобыңды бағала.

  • Сабақтың қандай сәттері есіңде қалды? Тобыңды қалай бағалайсың?

IY.Үй тапсырмасы:шығармашылық тапсырма «Саяхатшының хаты» (Сидней театрын көрген саяхатшы)

Y. Қорытынды.Бағалау.

Назарларыңызға рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
4 сынып?а арнал?ан ашы? саба? "Сидней опера театры"

Автор: Туякбаева Гульнара Койбагаровна

Дата: 24.11.2015

Номер свидетельства: 257469


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства