Дамытушылық: Оқушылардың музыкаға әнге деген,суырып салу өнерін дамыту
Тәрбиелік: Өнегелі ұл,үлгілі қыз өсуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері:Әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі:сурет,домбыра
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу
ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатын нұсқау
г)Үй тапсырмасын сұрау
2. Жаңа тақырыпты меңгеру:Әннің адамға қалай әсер ететіндігі жөнінде ойланып көрдің бе?Кейде қарапайым әннің өзі адамға көп көмегін тигізеді.Адамның сезімін тербеп,өмірдің сырын шешуге талпындырып жатады. Сондай әннің бірі-Жаяу Мұсаның Ақсиса әні.Оның әндері жеңіл әрі әзілге толы.Бұл әннің сыры неде?Сол жөнінде білейік.
Жаяу Мұса Байжанұлы 1835-1929 Павлодар обылысы Баян ауыл ауданында дүниеге келген.Жаяу Мұса өзінің асқақ әншілігі мен қатар орыс тілін жақсы менгеріп,скрипка мен балалайка аспаптарында ойнаған. Атақты әнші Жаяу Мұсаның жалғыз аты болады.Сол атына мініп,ел аралап,халыққа өнерін көрсетіп жүреді.Мұсаның беделі халық арасында арта түскен кез.Бірақ Мұса Шорман байға ұнамайды.Бір күні Шорман байдың баласы Мустафа Мұсаның жалғыз атын тартып алады.Осылайша өнерімен халыққа атағы жайылып бара жатқан Мұсаның жігерін басып тастамақшы болады.Бірақ Мұса бұрынғы аралаған ауылдарын жаяу кезіп,Мұстафаның жасаған қиянатын әнге қосып,ел арасында айтып жүреді.Осыдан бастап әнші Жаяу Мұса атанып кеткен екен.Әнді естігендер Шорман мен оның баласы Мұстафаның жасаған қиянатын аңыз етіп айтады.Жаяу Мұсаның бұл әні тез арада халықтың сүйіп тыңдайтын әніне айналады.Адамның астындағы атын тартып алуға болады,ал халықтың жүрегінен орын алған әнді тартып алу мүмкін емес еді.Сөйтіп бұл ән ел арасында Ақ сиса деген атпен таралып кетеді.
Музыкалық сауаттылық.
Аранжировка-ән мен күйге сүйемел жасап өңдеу.
Тембр-дыбыс бояуы.
Музыка тыңдайық:Жаяу Мұсаның Ақ сиса әнін тыңдап көрейік.
Ән орындайық: Ана тілін сүйемін әнін орындау
Сабақты қорытындылау:Сұрақ-жауап
-Не себепті атақты Мұса жаяу атанып кетті?
-Неге Жаяу Мұсаның астындағы атын тартып алды?
-Жаяу Мұса Мұстафаның бұл әрекетіне қалай жауав береді?