kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Воспитание патриотических чувств через исполнения национальных куйев.

Нажмите, чтобы узнать подробности

воспитание патриотических чувств через исполнения национальных куйев.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Воспитание патриотических чувств через исполнения национальных куйев.»

Домбыра күйлері арқылы оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру

Оспанова Айжан Қанатовна



Домбыра сыныбының оқытушысы



Музыка ғажайып дыбыстар арқылы адам жанына әсер етіп, ішкі-жан дүниесін қозғап, ерекше бір сезімге бөлейді. Музыканың мектепке дейінгі мекемеде, жалпы білім беретін оқу орындарында, балаларға қосымша білім беру оқу орындарында, мәдениет мекемелерінің музыкалық үйірме жұмысында өткізілетін тәрбие жүйесінде алар орны ерекше. Қазақстанда жас ұрпаққа музыкалық тәрбие мен білім беруде домбыра аспабында ойнауды үйрету мәселесі жақсы жолға қойылған. Халқымыздың көне көз күйшілік дәстүрі «ұстаз-шәкірт» жүйесі арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп, асыл қазына болып сақталып келсе, ХХ ғасырда Ахмет Жұбановтың, Б.Ғизатовтың, Х.Тастановтың еңбектерінде жазба түрінде бір жүйеге түсіп, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерделене түсті. Бүгінде домбыра аспабында ойнауды үйрету, домбыра аспапбында орындаушылық дәстүрді жалғастыру, музыкант-орындаушы мен музыкант-педагогты әзірлеу мәселесі Қ.Ахмедияров, Г.Сахарбаева, Б.Қышқабаев, Ж.Жүзбаев сынды педагог-музыканттардың еңбектерінде ғылыми тұрғыдан қарастырылып, кемелдене түсті.

Домбыра - қазақтың төл музыка аспабы. Қазақ халқында бұл аспаптың құрылысының қарапайым, әрі дыбыс шығару тәсілдері басқа аспаптарға қарағанда жеңілдеу болуына байланысты домбырада ойнап, күй тарту шығармашалығы кеңінен тарады. Қазақстанның барлық өңірінде «ән-күй десе ішкен асын жерге қоятын» өнер сүйер қауым орындаушылық шеберлігі бір-бірінен асқан домбырашы-күйшілердің шығармашылығын бағалап, дәріптеп отырған. Жұмагелді Нәжімеденовтың "Домбыраның қоңыр үні" атты еңбегінде: «Қазақтар домбыраның шертілуіне, күйдің мән-мағынасына, ырғағына қарап, қоңыр дыбысты, қоңыр үнді деп атайды. Онысы көңілге қонымды дегенді білдіреді, – деп жазған еді [1]. Ал бұл қазақ халқының музыка өнерін, әсіресе домбыра күйшілік дәстүрін ерекше сезіммен түйсініп, оған аса мән бергенінің айғағы. Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан домбыра күйшілік дәстүрі мен өзіндік орындаушылық мектептер осы ойды түйіндей түседі.

Бүгінде педагог-музыканттар домбыра күйшілік дәстүрін орындау дәстүріне қарай төкпе және шертпе күй деп екі үлкен арнаға бөледі. Шертпе күй арнасына Арқа күйшілік дәстүрі, Сыр бойы күйшілік дәстүрі, Қаратау шертпе күйшілік дәстүрі, Жетісу күйшілік дәстүрі, Іле бойы күйшілік дәстүрі топтастырылса, төкпе күй арнасына Батыс Қазақстан өңірі күй дәстүрі, Арал, Ақтөбе өңірінің күйшілік дәстүрі, Маңғыстау күйшілік дәстүрі топтасқан [2].

Сабырлы да салмақты, сұлу шертіспен ерекшеленетін Арқа күйшілік дәстүрінде күйші екі ішекті алма-кезек даралап қағып, бір ішекті бойлап шерту арқылы тыңдаған қауымды тәтті мұңға батырып, адам қиялын тербеп, биік арманға жетелейді. Тәттімбет Қазанғапұлы бастаған бұл мектептің өкілдері қатарында Тоқа Шоңманұлы, Қыздарбек, Әбди, Сембек, Ақмолда, Мақаш, Кәрібек, Аққыз, Бегімсал күйші бар.

Сыр бойы күйшілік дәстүрінде күйлер әуені ұдайы бір-бірімен қабысып, үзілмей жалғасып, күрделі иірімге толы болып келеді. Бұл мектептің өкілдері: Құрманай Төремұрат Асан Көнек, Бекпенбет, Мырза Тоқтаболатұлы, Әлшекей Бектібайұлы, Досжан Құрақұлы.

Шертпе күй саласының ерекше тармағына Қаратау күйшілік дәстүрі жатады. Мәселен, Бапыш Қожамжарұлының "Ыңғай төкпе" күйі шертпе мен төкпе күй иірімдері бар желдірме тартыстан тұрса, Сүгір Әлиұлының күйлері терең ойға, философиялық астарға, сырлы сезімге толы болып келеді. Қыпшақтан шыққан Жұмабай, қоңыраттан шыққан Есенберілі мен Иса, Бархы, Майлы-Қожа, Сейфолла, Бапыш, Жүсіп күйші өз өнерлері арқылы осы күйшілік дәстүрдің сақталып, бүгінге жетуіне ықпал етті. Сүгірден кейінгі дәстүрді жалғастырған Генерал Асқаров, Төлеген Момбеков сынды домбырашылар болды.

Қазақтың ежелгі жыр, ертегі сюжеттерінің желісіне құралған Жетісу күйшілік дәстүрінде күйлер көбіне теріс бұрауда орындалады, әрі бағдарламалы болып келеді. Мысалы, "Аққу" көне күйін орындаушылар аңызын айта отырып, бір-бірімен байланысқан үш күй арқылы тыңдаушыға жеткізеді: "Атамекеніне қайтқаны"; "Бидайық құс қуғаны"; "Балапандарын аймалауы". Бұл күйшілік дәстүрде ежелгі аңыз-ертегілердегі басты кейіпкер атымен аталған күйлер көптеп кездеседі: "Жалғыз көзді әулие", "Көк серке", "Жиренше шешен", "Мұңлық-Зарлық", Тазша бала" т.б.[3]

Шығыс Қазақстан өңірінің күйшілік дәстүрінде де аңыз-ертегіге негізделген көне күйлер көптеп кездеседі: "Шыңырау", "Аңшының зары", "Самұрықтың зары", "Ақсақ қаз", "Ақсақ марал" т.б. Бұл дәстүрдің сақталуына Нияз төре, Байжігіт, Қызылмойын Қуандық, Кенжебай сынды күйшілердің өнері өз ықпалын тигізді.

Төкпе күй арнасындағы Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей күйлерінен тұрады. Бұл дәстүр өкілдерінің туындылары барлық музыка оқу орындарының типтік жоспарында, домбырашы-орындаушылардың сайыстарында, байқауларында міндетті түрде орындалатын бағдарлама тізіміне енген.

Арал, Ақтөбе өңірінің күйшілік дәстүрі Қазанғап Тілепбергенұлының орындаушылық мектебімен елге танымал. Қазанғап өз орындаушылық мектебінде домбырашылық өнердегі ілме қағыс пен сүйретпе қағысты астастыра алды. Бүгінде оның «Ақжелең» атты топтама күйлері домбырашы-орындаушылардың күй репертуарына берік енген.

Абыл Тарақұлы, Есір Айшуақұлы, Есбай Балұстаұлы, Құлшар күйшінің орындаушылық өнерімен астасқан Маңғыстау күйшілік дәстүрі Кетбұғаның "Ақсақ құлан, Жошы хан", "Қазақ пен ноғайдың айырылысуы", "Ноғай сазы", "Алпыс тараулы Науаи", "Нар идірген" секілді көне күйлерден бастау алады.

Домбыра күйшілік дәстүрінің бұлай мектептерге бөлінуінен халық күйшілерінің күй орындаудың өзіндік әдістемелік жүйесін келер ұрпаққа асыл мұра ретінде қалдырағанын байқаймыз. Ал замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді білім беру мен тәрбие жүйесінде қолдана білу қоғамдағы ой-сананы жаңғыртудың маңызды алғышарты болып табылады. Себебі, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухымызды мәңгі қалдыру, музыка мәдениетімізге айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі болмақ [4].

Қазіргі домбыра үйрену әдістемесінің ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста дамуы рухани жаңғыруға бағыт бұрған білім беру ісінің талабы. Сондықтан орта кәсіптік музыкалық білім беру жүйесінде домбыра күйшілік дәстүрін жас ұрпаққа үйрете білу - ұстаздар қауымының алға қойған мақсаты. Күй тартудың барлық сырлары мен әдістерін жүйелі түрде үйретуде күйдің шығу тарихы мен аңызына мән беру арқылы оқушының патриоттық сезімін оята аламыз. Мысалы, Құрманғазының күйшілік жолы мен күйлеріне шолу жасағанда оның Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина сынды күйшілермен шығармашылық қарым-қатынаста болып, қазақтың ұлттық музыка тарихында орындаушылық дәстүрлердің алмасу үрдісінің орын алғанын айтуға болады.

Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің шығу тарихына зер салайық. А.Жұбановтың зерттеулерінде ....Құрманғазы «бірде Үркіт түрмесінен қашып келе жатып, Арқаның сахара даласы мен Алатаудың бөктерін басып өтіп, өз еліне жеткен екен, «Сарыарқа», «Алатау» күйлерін сол кезеңдерде шығарған» деген әңгіме желісін келтіреді. Құрманғазы түрмеден қашқан бір жолында Арқадағы атақты күйші Тәттімбетпен кездесіпті. Тәттімбет атақты күйші Құрманғазының өнерін тамашалап, бірнеше күн қадірлі қонақ етіп күтіп, сый-сияпатқа бөлеген екен. Тәттімбетке риза болған Құрманғазы «Сізге арнаған сыйым болсын» деп «Сарыарқа» күйін тарту етіпті дейді. Тәттімбет өз қонағының «кәде сыйына» разы болып, «ендеше мен де саған бір күй арнадым» деп, «Көкейкесті» күйін орындаған екен. Қайтар жолға шыққанда Тәттімбет Құрманғазыны ат мінгізіп, жанына жүз қаралы жігіт ертіп, жүз шақырымдай жерге шығартып салдырған деседі. Бүгінде «Сарыарқа» күйі қазақтың ұлттық музыкасының асқаралы шыңына айналды.

Қазақтың домбыра күйшілік дәстүрінің шоқтығы биік шығармалар қатарында Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі тұр. Арқа өңірінің сұлу табиғатын бейнелеген Тәттімбеттің бұл күйі өзінің құрылысы жағынан да, көркемдік өрнектелуі жағынан да сұлу әуезді иірімдерге толы туынды. Күй екі ішекті жеке-жеке қағу, керек жерінде қос ішекті оң қолмен түйдектете қағу тәсілімен орындалады. «Саржайлау» күйі Тәттімбеттің табиғаттың саялы аясында жарасымдылықпен ғұмыр кешіп жатқан адамдар болмысынан философиялық ой түйіндеген шығармасы.

Құрманғазы мен Дәулеткерейден үлгі-өнеге алған Дина өз шығармашығында дарабоз күйшілердің домбыра орындау дәстүрін ұштастыра білді. Динаның «Бұлбұл» күйі осы ойға дәлел: бір сапарында Құрманғазы Дәулеткереймен кездесіп, күй додасына түскен екен. Сонда Дәулеткерей «Бұлбұл» күйін тартқан екен, ал Құрманғазы жауап ретінде тартқан күйін «Бұлбұлдың құрғыры» деп атаған екен. Ұстаздары секілді Дина да шығармашылығына тақырып етіп бұлбұл құсты алады. Алға қойған мақсаттары бірдей болғанымен, Динаның «Бұлбұлында» бұлбұл құстың сайрауын ұсақ ноталар жиынтығы арқылы, ерекше қағыстармен дәлме-дәл, анық бейнелеп, табиғат сұлулығын сезім еркіндігі және ой-арман желілерімен ұштастырады. Дина Нұрпейсованың шығармашылығы қазақ домбыра тарту дәстүрінің жалғастығын айрықша көрсететін, домбыра күйшілік дәстүріндегі топтама күйлердің пайда болуын түсіндіретін дәлелдеме.

Домбыра күйшілік дәстүрінде байжұма, ақ жарма, қосбасар, ақжелең секілді топтама күйлер қалыптасқан. Бұл топтама күйлер туралы мәліметті А.Жұбановтың, У.Бекеновтың, А.Сейдімбековтың, А.Райымбергеновтың, Ж.Жүзбаевтың еңбектерінен ала аламыз.

Ақжелең топтама күйлері Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап шығармашылығында кездеседі. Ақжелең сөзі ақжарқындықты, думандылықты сипаттайды. Ақжелең желісінде шығарылған күй иірімі жеңіл, ойнақы орындалады. Алайда күйдің мазмұны, болмысы, оқиғасы мен әуездік құбылысы әртүрлі болып келеді. Соған орай, күйдің мазмұны бірде көтеріңкі көңіл-күйді, енді бірде мұңды жағдайды суреттейді. Осындай түрлі көңіл-күйді сипаттайтын Қазанғаптың “Ақжелең” топтама күйлерінің саны алпыс екімен байланысты болуы адамның алпыс екі тамырының қуат-күшін, жүрек пен алпыс екі тамырдың тынысын бейнелеуінен туындаған. Жүректің сезіміне, көңіл-күйіне сәйкес өзгеріп отыратын күйлердің орындалу өрнегі де сан қилы болып келеді.

Қазанғап домбырадағы сүйретпе қағыс пен ілме қағысты астастыра отырып, өзінің орындау дәстүрін қалыптастырған дарабоз күйші. Алпыс екі ақжелеңді дүниеге келтірген Қазанғаптың бұл топтама күйлерінің әрқайсысының атына, мазмұнына сәйкес екпіні, өлшемі, әуені өзгеріп отырады. Мысалы, Қазанғаптың «Күй басы Ақжелең» күйі алуан қағысты эпикалық тарихи күйлер тарапына жатады. Қазанғап домбыра тартарда өнерін осы «Күй басымен» тыңдаушы қауымға ұсынған екен.

Оқушыларға домбырада күй тартуды үйрету барысында ұстаз осылай күйдің шығу тарихы мен аңызын айтып берумен қатар, күйшілік мектептердің орындаушылық ерекшелігін, әр күйдің қағыс жүйесін ескеруі тиіс. Оқушының домбыра күйшілік өнерін меңгеруде өзіндік ізденіс жұмысының да орны ерекше. Ол үшін оқушы интернет көздерін қолданып, қазіргі заман домбырашы-музыканттардың орындауында күй нұсқасын тыңдап, баспадан шыққан жаңа ғылыми еңбектердегі домбыра күйшілік дәстүрлері туралы мағлұматты өзіндік жұмыс ретінде меңгеруі тиіс. Сонда ғана орта кәсіптік музыкалық білім беру жүйесінде біліктілігі жетілген, патриоттық сезімі жоғары маман әзірлей аламыз.


Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1. Нәжімеденов Ж. Домбыраның қоңыр үні. -Алматы, 2007.

2. Жүзбаев Ж. Қазақ күйлері: Ұлыстық және ұлттық дәуір.-Астана, 2015 https://abai.kz/post/14545

3. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы.12 сәуір 2017.// Қазастан Республикасы Президентінің ресми сайты. -http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Воспитание патриотических чувств через исполнения национальных куйев.

Автор: Оспанова Айжан Канатовна

Дата: 05.02.2019

Номер свидетельства: 498522


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства