kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сценарий развлечения к 8 марта "Шапокляк"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сценарий развлечения к празднику 8 марта  для детей 4-5 лет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сценарий развлечения к 8 марта "Шапокляк"»

8 наурыз

естияр тобы

Балалар әсем безендірілген залға келіп 2 қатарға тұрады.

Жүрг: Армысыздар ақ жаулықты әжелер, құрметті аналар, сіздерді

8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз.


Ана- дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана – дейді жас сәби жарқылдап,

Ана -деген бәйтерегі өмірдің

Ана-деген алтын қазық, алтын бақ.

1бала:

Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің аналар!

2бала:

Бізді өсірген апатай

Еңбегің де зор екен

Құтты болсын, апатай

Құтты болсын мерекең!

3бала:

Айналайын ақ мамам,

Алтыным деп мақтаған

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын мамашым!

4бала:

Үн қатамын бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын, анашым

8 наурызбен!

5бала:

Еркелеймін, шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйейін

Келші, келші ақ мамам

Жүрг:

Бізді өсіріп баптаған,

Алтыным деп мақтаған

Ол кім балалар?

Балалар:

Анамыз.

Ендеше аналарымызға біздің әнімізді арнаймыз.

Ән «Құттықтаймын, анашым!»

Жүрг:

Ал балалар біз аналарымызды құттықтауды жалғастырамыз.

1бала:

Анашым анам

Келгенше шамам

Үмітіңді ақтап

Азамат болам.

2бала:

Анашым анам

Ризамын саған

Тіліңді алам

Ақылды болам.

3бала:

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын.

4бала:

Ана-біздің гүліміз

Ана-біздің күніміз

5бала:

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн.

Жүрг:

Қар тоң еріп,

Су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып

Жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде

Бала:

Көктем келді бүгін,

Күнін төкті нұрын

Сайрап барлық құстар,

Ән салуға құштар.

Жүрг:

Балалар, байқайсыңдарма? Көктемнің лебі соғып тұрғандай!

Әуенмен көктем кіреді.


Көктем:

Сәлеметсіздерме, қонақтар,

Сәлеметсіңдерме, балалар,

Асыр салып, қуантып,

Көптен күткен көктеммін.

Тербеліп мен жеткенмін.

Жүрг:

Ару көктем, сұлу көктем

Жақсы болды келгенің

Сенімен өтеді

Бұл мереке көңілді.

Ару көктем, біздің балалардың сізге арналған өлеңі бар.

Ән «Көктем»


Көктем:

Сендерге әкелген сыйлықтарым бар. Кәне ойнайықшы. Күннің көзін құрастырайық.

Көктем:

Балалар менің сендерге алып келген әдемі гүлдерім бар.

Би «Гүлдер»

Көктем:

Ал балалар, өздерің өте көңілді екенсіңдер, ән айтып, би биледіңдер. Рахмет сендерге. Мерекені жалғастыра беріңдер, менің кететін уақытым болды, орманға барып табиғатты оятайын, аңдар мен құстар мені тосуда. Сау болыңдар!

Жүрг:

Аналардың анасы,

Балалардың әжесі.

Өлең жолдарына қосайық,

Әжелер туралы айтайық

Бала:

Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бар десең,

Айтып берер тағы әжем.

Бала:

Әжем өрнек тереді,

Сырмақ сырып оюлап

Басы ауыра береді

Шай ішпесе қоюлап.

Таусылмайтын өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Жүрг:

Құрметті ардақты әжелер сіздерге біз ән сыйлаймыз!

Ән «Ақ әжем»

Ендігі кезек биге де келді. Қыздарымызды биге шақырамын.

Ойын әжелермен «Аяулы сөздер»

Жүрг:

Енді біздің ұлдарымыз қыздарды құттықтағылары келеді.

Музыка әуені ойнап тұрады Шепокляк келеді.

Шепокляк: Ә-Ә, мұнда не болып жатыр? Неге барлықтарың жиналғансыңдар?

Жүрг: Мұнда 8 наурызға арналған аналар мерекесі болып жатыр.

Шепокляк: мені шақырған жоқсыңдар, мен де қыз келіншектерге жатамын ғой. А сыйлық дейсің бе, мына сыйлық маған дайындап қойдыңдар ма?

Жүрг: Жоқ, Шапокляк бұл сыйлықтарды балалар аналарына дайындады, ал сен біздің шақыру хатымызды алған жоқсың ба?

Шепокляк: Жоқ

Жүрг: біз сені ұмытқан жоқпыз, сіз біздің мерекеде бірге болып тамашалаңыз.

1бала:

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

2бала:

Ойнаймыз, күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Қыздарды сыйлаймыз

Мейрамымен құттықтаймыз!

Би «Теңізшілер»

Ойын «Қыздың басына орамал байла»

Жалпы би «Кел билейік»


Жүрг:

Наурыз күні, Ана күні!

Әлем күні!

Әлемді тебірендірер ана үні

Анасыз жан туған жоқ

Жер бетінде ұғып ал, балаларым сендер мұны.

РАХМЕТ!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Сценарий развлечения к 8 марта "Шапокляк"

Автор: Сарсембаева Алия Мудрусовна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386832

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Сценарий для разновозрастных групп 1 апреля «Весёлая игротека»"
    ["seo_title"] => string(66) "stsenarii_dlia_raznovozrastnykh_grupp_1_aprelia_vesiolaia_igroteka"
    ["file_id"] => string(6) "603899"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1648731978"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства