kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ш?мші ?ндері" кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

??рметті ?ріптестер!

Кешімізге ?ош келді?іздер. Б?гін біз ?шін ерекше кеш. Себебі к?зіні? тірісінде-а? ?аза? вальсіні? королі, ?н ?леміні? падишасы атан?ан Ш?мші ?алдая?овты? ?мірден оз?анына     17 жыл толып отыр. ?ара жерді те? басып ж?ргенде ата?, мансап с?рама?ан Ш?мші екі жылда 1 келетін 29 а?панда д?ниеден озыпты. 

К?ні?із туды т?ріне ?нер ?рлейтін,

Ерлер де шы?ты, намысын ерді? тербейтін.

?лді деп сізді кім айта алар, жан а?а.

?н салдыр?ан м??гілікке ?лмейтін – деп Аманк?л ?алыбек?ызы жырла?андай, Ш?мші а?аны? ?зі болма?анмен к?зіндей болып асыл м?расы ?сем ?ндері ?алды. Міне, осы ?ндер ар?ылы б?гін Ш?мші а?амен ж?здесіп, еске ал?алы  отырмыз.

?ні?е ?осып А?жайы?, Каспий, Ар?а елін,

?ашы?тарды? ж?регін а?а ?ртеді?.

Жала? ая? к?белеке ?у?ан с?биін,

Іздейді б?гін кіндік ?ан там?ан Сарык?лі? – дей келіп, кішкене тарих ?ойнауына шегініс жасаса?, Ерке ?зен Арысты? Сырдария?а ??ятын ?ойнауында «Сарык?л» деген к?л бар. 1927ж осы к?лді? жа?асына ?ыстамшылы?  к?рген ?алдая? деген  кедей келіп, ?амыстан к?рке салып, мекендеп ?алыпты. ?алдая?ты?  шын аты ?напия екен. Оны? о? ая? балтырында?ы ?алды к?ріп же?гелері оны  ?алдая?  деп атап кетіпті. Татарды? гармонын, ?аза?ты? ?обызы мен домырасын ??й?ылжыта тартатын сері ?алдая?ты? к?ркесінде 1930ж 15 тамызда бір бала д?ниеге келді. ?лды болды? деген хабарды естіп, ж?гіріп келген ?алдая??а жырты? ш?берекке ора?ан н?рестені ?стата ?ойыпты. Н?ресте болса да ересек адамны? ?арулы ?олын сезіп  шыр ете ?алады. Бас?а н?рестелердей шы??ырып жыламай бір т?рлі ?уезді ?н шы?ар?ан ?лына ?арап: «Мен сені хиссада?ы Жамшид патшаны? есімімен ата?алы ж?р едім. Біра? мына дауыс патшанікі емес, ?ншіні? даусына к?бірек ??сайды екен» депті. Сонда ??дайберген деген ??дасы: «Бала? адамдарды? емес, ?нні? патшасы болса та?ия?а тар келмес» депті. «Айт?аны? келсін. Жамшид болсын» депті сонда баладан бас?а байлы?ы жо?  ?рі кедей, ?рі ?нерпаз ?ке.  Жамшид деген ат ал?ан сол бала арада 30 жыл ?ткенде Ш?мші ?алдая?ов болып ?сіп жетіліп «?аза? вальсіні? королі» атанып, ба?ытты тек ?з ?ндерінен табатынын ешкім білген жо? еді.

            Міне осындай «Вальс королі» атан?ан ?лы сазгер Ш?мшіні? ?ндерін ?айта жа??ырту, келер ?рпа??а жеткізу ма?сатында біз б?гінгі кеште ?жым арасында Ш?мшіні? ?ндерінен бай?ау ?ткізгелі отырмыз.

            Ендеше ?н бай?ауымызды ашы? деп жариялау?а р??сат еті?іздер.

Кешті? ?н шашуы  ретінде Ж.?онысова мен Г.Есалинаны? орындауында?ы Ш?мшіні? «Теріскей» ?нін ?абыл алы?ыздар!

Осы бай?ау?а ?атысатын ?міткерлерді? орындаушылы? шеберлігіне, дауыс диапазонына, тал?амына, киім ?лгісіне  назар аударылады.

            Енді бай?ауымызды? ?діл ба?асын берер  ?діл-?азылар ал?асымен таныс болы?ыздар!

  1. Осы О?ушылар Сарайыны? ?діскері ?онысова Жаниса
  2. Терме ?йірмесіні? жетекшісі Жылтырова Мейрамг?л
  3. Би ?йірмесіні? жетекшісі ?лібекова Салтанат

Олай болса орта?а бірінші ?міткерімізді ша?ырамыз.

            Ш?мші ?алдая?ов 40 жылдан астам шы?армашылы?  ?ызметінде 300-ге жуы? туындылар жазды. Оны? шы?армашылы?ында махаббат та?ырыбы негізгі орын алады. Осындай ?сем ?ндеріні? бірі «Кешікпей келем деп е?». Осы ?нді Жантілеуова Н?рг?л орындайды.

            Ал?аш ?йленген жылдары ?анаттан?ан Ш?мші «Б?рінен де сен с?лу» М. Ж?мабаев, «А? бантик» секілді ?ндерді д?ниеге ?келді. М.Шахановты? с?зіне жазыл?ан  «А? бантик» ?нін келесі ?міткеріміз Оспанова ?лияны? орындауында ?абыл алы?ыздар.

            ?н ?ана сыр шеменді шерте алатын,

            ?н ?ана ке?ге жаяр ер ?анатын.

            ?н ?ана адам ойын аспандатып,

            Т?татып сезімдерді ерте алатын- дей келе кезекті келесі ?міткерімізді орта?а ша?ырамыз. Убаева Лаураны? орындауында?ы «?уаныш вальсі» ?арсы алы?ыз.

            Кешімізді? басында Ш?мші 300-дей туынды жаз?анын айтып кеттік. Осыларды?   ішінде зерттелмей, орындалмай ?алып ?ой?аны ?аншама?! Сондай ?ндерді? бірі – «?мір - ?зен»  ?ні. Б?л ?н 30 жылдан кейін жары??а шы?ты. М.Шахановты? с?зіне жазыл?ан «?мір-?зен» ?нін №4 ?міткеріміз Ж?мабаева Айн?рды? орындауында ?абыл алы?ыздар.

            Т?манбай Молда?алиевті? с?зіне жазыл?ан «?нім сен еді?» ?нін М?рза?али Г?лжанатты? орындауында ?абыл алы?ыздар.

            «?н де адам секілді о баста ?з ?ай?ысы, ?з ?уанышымен туады» дейтін Ш?мші. Мысалы, оны? «Арыс жа?асында» ?ніні? туу тарихы былай екен. Бір к?ні Ш?мшіге ?ал?ожа Жолды?ожаевпын деп таныстыр?ан жігіт: «Екеуміз де Арысты? бойында д?ниеге келіппіз. Осы ?зенні? жа?асында мен ?зімні? махаббатымды таптым. Ш?мші деген аты?ыз бар, ?алайша осы ?зенні? бойында бір с?лу кездеспеді» депті. Осы т?рткі бол?ан Ш?мші к?п ?замай ?мірге «Арыс жа?асында» ?нін ?келеді. Осы ?нді №6 ?міткеріміз ?. Т?ттімбетованы? орындайды.

            Ш?мші жанындай жа?сы к?ретін ?кесіні? басына ?лкен кесене салдырды. Ал  ?зін а? с?тімен асыра?ан аяулы анасына арнап ?нні? е? асылын жаз?ан. Біра? та б?л кезде анасы Са?ыпжамал д?ниеден оз?ан еді. Б?л ?н ана алдында?ы еш?ашан ?телмейтін борышын сезінген баланы? т?ккен к?з жасы еді. Б?л ?н ?аза? совет музыкасында ана туралы жаз?ан т???ыш ?н еді. Б?л – аналар гимні еді. ?афу ?айырбековты? с?зіне жазыл?ан «Ана туралы жыр» ?нін келесі ?міткеріміз Елубай Гаухарды? орындауында ?абыл алы?ыздар.

            Сіз кеткенде ?ай?ырып хал?ы? тол?ыды.

            Уа?ыт ?тіп толтырып жатыр тол?ыны

            Іздейді сізді А?тау мене Атырау

            Іздейді сізді Каспийді? ерке тол?ыны- демекші Ш?мшіні? «А? ерке - А? Жайы?» (Т.Айбергенов)  ?нін орындайтын  Махамбетова Г?лбану.

            №9 ?міткеріміз Малаев Бекс?лтанны? орындауында «Д?нген ?ызы» ?арсы алы?ыздар.

            Т?лпар е? а?а, басылмай кеткен сарыны

            ?н еді? ?зілмей кеткен сарыны.

            «?айы??а» мінген бір с?лу сізді іздейді,

            ?айдасы?, Ш?ке, бір тума ?аза? дарыны.

            Осы Н?рс?лтан ?лім??ловты? ?нін   кезінде Жамал Омарова фортопиано?а ?осылып айтса, Б.Т?легенова оркестрды? с?ймелдеуімен айт?ан. Бізге б?л ?нді со??ы ?міткеріміз ?адір??лова ??ндыз орындайды.

«?н к??ілді? ажары» дейді халы?. б?гінде ?зіні? жан д?ниесін ?нерді? ?айнар б?ла?тарымен сусындатып, ?андырып отыру?а ??штар а?амыз Ш?мшіге арнал?ан ?н бай?ауымыз ?з м?ресіне де келіп жетті. ?діл-?азылар ал?асы дайын бол?анша Ш?мшіге арнау ?нін ?абыл алы?ыздар. Хор.

            ?діл-?азылар ал?асына с?з кезегін берейік.

            Абай атамыз: ??ла?тан кіріп бойды алар,

                                   ?сем ?нмен, т?тті к?й.

                                   К??ілге т?рлі ой салар,

                                   ?нді с?йсе? менше с?й.

            С?з со?ында айтарым, осы а?амызды? ?ндері сіздерді? к??ілдері?ізден шы?ып жатса бізді? де ма?сатымыз орындал?аны. Ендеше жа?сы ?н жан серігі?ізге айналсын деп біз осы кешімізді ая?таймыз. Келесі кездескенше ?ош сау болы?ыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ш?мші ?ндері" кеш»

Құрметті әріптестер!

Кешімізге қош келдіңіздер. Бүгін біз үшін ерекше кеш. Себебі көзінің тірісінде-ақ қазақ вальсінің королі, ән әлемінің падишасы атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірден озғанына 17 жыл толып отыр. Қара жерді тең басып жүргенде атақ, мансап сұрамаған Шәмші екі жылда 1 келетін 29 ақпанда дүниеден озыпты.

Күніңіз туды төріне өнер өрлейтін,

Ерлер де шықты, намысын ердің тербейтін.

Өлді деп сізді кім айта алар, жан аға.

Ән салдырған мәңгілікке өлмейтін – деп Аманкүл Қалыбекқызы жырлағандай, Шәмші ағаның өзі болмағанмен көзіндей болып асыл мұрасы әсем әндері қалды. Міне, осы әндер арқылы бүгін Шәмші ағамен жүздесіп, еске алғалы отырмыз.


Әніңе қосып Ақжайық, Каспий, Арқа елін,

Ғашықтардың жүрегін аға өртедің.

Жалаң аяқ көбелеке қуған сәбиін,

Іздейді бүгін кіндік қан тамған Сарыкөлің – дей келіп, кішкене тарих қойнауына шегініс жасасақ, Ерке өзен Арыстың Сырдарияға құятын қойнауында «Сарыкөл» деген көл бар. 1927ж осы көлдің жағасына қыстамшылық көрген Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, мекендеп қалыпты. Қалдаяқтың шын аты Әнапия екен. Оның оң аяқ балтырындағы қалды көріп жеңгелері оны Қалдаяқ деп атап кетіпті. Татардың гармонын, қазақтың қобызы мен домырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың күркесінде 1930ж 15 тамызда бір бала дүниеге келді. Ұлды болдың деген хабарды естіп, жүгіріп келген Қалдаяққа жыртық шүберекке ораған нәрестені ұстата қойыпты. Нәресте болса да ересек адамның қарулы қолын сезіп шыр ете қалады. Басқа нәрестелердей шыңғырып жыламай бір түрлі әуезді үн шығарған ұлына қарап: «Мен сені хиссадағы Жамшид патшаның есімімен атағалы жүр едім. Бірақ мына дауыс патшанікі емес, әншінің даусына көбірек ұқсайды екен» депті. Сонда Құдайберген деген құдасы: «Балаң адамдардың емес, әннің патшасы болса тақияңа тар келмес» депті. «Айтқаның келсін. Жамшид болсын» депті сонда баладан басқа байлығы жоқ әрі кедей, әрі өнерпаз әке . Жамшид деген ат алған сол бала арада 30 жыл өткенде Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп «Қазақ вальсінің королі» атанып, бақытты тек өз әндерінен табатынын ешкім білген жоқ еді.

Міне осындай «Вальс королі» атанған ұлы сазгер Шәмшінің әндерін қайта жаңғырту, келер ұрпаққа жеткізу мақсатында біз бүгінгі кеште ұжым арасында Шәмшінің әндерінен байқау өткізгелі отырмыз.

Ендеше ән байқауымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Кештің ән шашуы ретінде Ж.Қонысова мен Г.Есалинаның орындауындағы Шәмшінің «Теріскей» әнін қабыл алыңыздар!

Осы байқауға қатысатын үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, талғамына, киім үлгісіне назар аударылады.

Енді байқауымыздың әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

  1. Осы Оқушылар Сарайының әдіскері Қонысова Жаниса

  2. Терме үйірмесінің жетекшісі Жылтырова Мейрамгүл

  3. Би үйірмесінің жетекшісі Әлібекова Салтанат

Олай болса ортаға бірінші үміткерімізді шақырамыз.


Шәмші Қалдаяқов 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде 300-ге жуық туындылар жазды. Оның шығармашылығында махаббат тақырыбы негізгі орын алады. Осындай әсем әндерінің бірі «Кешікпей келем деп ең». Осы әнді Жантілеуова Нұргүл орындайды.

Алғаш үйленген жылдары қанаттанған Шәмші «Бәрінен де сен сұлу» М. Жұмабаев, «Ақ бантик» секілді әндерді дүниеге әкелді. М.Шахановтың сөзіне жазылған «Ақ бантик» әнін келесі үміткеріміз Оспанова Әлияның орындауында қабыл алыңыздар.

Ән ғана сыр шеменді шерте алатын,

Ән ғана кеңге жаяр ер қанатын.

Ән ғана адам ойын аспандатып,

Тұтатып сезімдерді ерте алатын- дей келе кезекті келесі үміткерімізді ортаға шақырамыз. Убаева Лаураның орындауындағы «Қуаныш вальсі» қарсы алыңыз.

Кешіміздің басында Шәмші 300-дей туынды жазғанын айтып кеттік. Осылардың ішінде зерттелмей, орындалмай қалып қойғаны қаншама?! Сондай әндердің бірі – «Өмір - өзен» әні. Бұл ән 30 жылдан кейін жарыққа шықты. М.Шахановтың сөзіне жазылған «Өмір-өзен» әнін №4 үміткеріміз Жұмабаева Айнұрдың орындауында қабыл алыңыздар.

Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған «Әнім сен едің» әнін Мұрзағали Гүлжанаттың орындауында қабыл алыңыздар.

«Ән де адам секілді о баста өз қайғысы, өз қуанышымен туады» дейтін Шәмші. Мысалы, оның «Арыс жағасында» әнінің туу тарихы былай екен. Бір күні Шәмшіге Қалқожа Жолдықожаевпын деп таныстырған жігіт: «Екеуміз де Арыстың бойында дүниеге келіппіз. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің махаббатымды таптым. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу кездеспеді» депті. Осы түрткі болған Шәмші көп ұзамай өмірге «Арыс жағасында» әнін әкеледі. Осы әнді №6 үміткеріміз Қ. Тәттімбетованың орындайды.

Шәмші жанындай жақсы көретін әкесінің басына үлкен кесене салдырды. Ал өзін ақ сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннің ең асылын жазған. Бірақ та бұл кезде анасы Сақыпжамал дүниеден озған еді. Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың төккен көз жасы еді. Бұл ән қазақ совет музыкасында ана туралы жазған тұңғыш ән еді. Бұл – аналар гимні еді. Ғафу Қайырбековтың сөзіне жазылған «Ана туралы жыр» әнін келесі үміткеріміз Елубай Гаухардың орындауында қабыл алыңыздар.

Сіз кеткенде қайғырып халқың толқыды.

Уақыт өтіп толтырып жатыр толқыны

Іздейді сізді Ақтау мене Атырау

Іздейді сізді Каспийдің ерке толқыны- демекші Шәмшінің «Ақ ерке - Ақ Жайық» (Т.Айбергенов) әнін орындайтын Махамбетова Гүлбану.

№9 үміткеріміз Малаев Бексұлтанның орындауында «Дүнген қызы» қарсы алыңыздар.

Тұлпар ең аға, басылмай кеткен сарыны

Ән едің үзілмей кеткен сарыны.

«Қайыққа» мінген бір сұлу сізді іздейді,

Қайдасың, Шәке, бір тума қазақ дарыны.

Осы Нұрсұлтан Әлімқұловтың әнін кезінде Жамал Омарова фортопианоға қосылып айтса, Б.Төлегенова оркестрдың сүймелдеуімен айтқан. Бізге бұл әнді соңғы үміткеріміз Қадірқұлова Құндыз орындайды.

«Ән көңілдің ажары» дейді халық.. бүгінде өзінің жан дүниесін өнердің қайнар бұлақтарымен сусындатып, қандырып отыруға құштар ағамыз Шәмшіге арналған ән байқауымыз өз мәресіне де келіп жетті. Әділ-қазылар алқасы дайын болғанша Шәмшіге арнау әнін қабыл алыңыздар. Хор.

Әділ-қазылар алқасына сөз кезегін берейік.

Абай атамыз: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен, тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.


Сөз соңында айтарым, осы ағамыздың әндері сіздердің көңілдеріңізден шығып жатса біздің де мақсатымыз орындалғаны. Ендеше жақсы ән жан серігіңізге айналсын деп біз осы кешімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Ш?мші ?ндері" кеш

Автор: Есалина Г?лжанат Бисекен?ызы

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284677


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства