"О?ушыны? ?обыз аспабын уйретуде музыкалы? ?абілетін дамыту "
"О?ушыны? ?обыз аспабын уйретуде музыкалы? ?абілетін дамыту "
Жалпы, музыка ?неріне о?ушыларды д?рыс та?дап алуды? м?ні зор. Ол ?шін балаларды? музыкалы? ?абілеттерін тексеріп д?рыс та?дап ала білу керек.
Музыкалы? ?абілетті? негізгі ??рамына: ыр?а?ты сезіне білу, есту ж?не есте са?тау болып табылады. О?ушыларды? есте са?тау ?абілетін тексеруді оларды? ыр?а?ты сезіне білу ?асиеттерінен бастау керек. Себебі, ыр?а?та сезіне білмейтін адамды музыка?а ?йрету ?те ?иын іс. Тексеру барысында е? алдымен ыр?а?ты? же?ілінен бастап, бірте-бірте м?дірмей ?айталап беретін болса, онда оны? ыр?а?ты сезіне білу ?абілеті бар бол?аны.
Музыкалы? есту ?абілетін тексеру кезінде бір аспапта (пианино, сырнай т.б.) ?р т?рлі дыбыстарды біртіндеп ойнап, о?ушыдан ?р естіген дыбысын асы?пай, дауыстап ?айталап беруін с?райды. Егер бала естіген дыбысты таза, д?л таба білсе, есту ?абілетіні? бар екені белгілі болады.
Музыкалы? есте са?тау ?абілетін тексергенде, б?рын естімеген т?рлі ?уендерден ?зінділер ойналып, сол ?уенді дауысымен ?згертпей айтып беру талап етіледі. Егер о?ушы?а б?л ?уендер ?иынды? тудырса, олар?а б?рыннан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"О?ушыны? ?обыз аспабын уйретуде музыкалы? ?абілетін дамыту "»
Семей қаласы Латыф Хамиди атындағы
«№1 Балалар музыка мектебінің»
қобыз классының оқытушысы
Ргелова Айгуль Бигазыевна.
Оқушының музыкалық қабілеті және оны дамыту
Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің жасөспірімдердің әсемдікті түсініп, ұға білуі және олардың дүниетанымының қалыптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.
Музыка мектептері және музыкалық студиялар, үйірмелер оқушылардың әсемдік әлеміне жетелеп оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиіміді тәсілі болып табылады.
Жалпы, музыка өнеріне оқушыларды дұрыс таңдап алудың мәні зор. Ол үшін балалардың музыкалық қабілеттерін тексеріп дұрыс таңдап ала білу керек.
Музыкалық қабілеттің негізгі құрамына: ырғақты сезіне білу, есту және есте сақтау болып табылады. Оқушылардың есте сақтау қабілетін тексеруді олардың ырғақты сезіне білу қасиеттерінен бастау керек. Себебі, ырғақта сезіне білмейтін адамды музыкаға үйрету өте қиын іс. Тексеру барысында ең алдымен ырғақтың жеңілінен бастап, бірте-бірте мүдірмей қайталап беретін болса, онда оның ырғақты сезіне білу қабілеті бар болғаны.
Музыкалық есту қабілетін тексеру кезінде бір аспапта (пианино, сырнай т.б.) әр түрлі дыбыстарды біртіндеп ойнап, оқушыдан әр естіген дыбысын асықпай, дауыстап қайталап беруін сұрайды. Егер бала естіген дыбысты таза, дәл таба білсе, есту қабілетінің бар екені белгілі болады.
Музыкалық есте сақтау қабілетін тексергенде, бұрын естімеген түрлі әуендерден үзінділер ойналып, сол әуенді дауысымен өзгертпей айтып беру талап етіледі. Егер оқушыға бұл әуендер қиындық тудырса, оларға бұрыннан таныс, естіліп жүрген әуеннен үзінді ойнап, қайталап, айтқызуға болады. Оқушы дыбыстарды немесе әуенді дұрыс айтып берсе, онда, сөз жоқ, оның бұл талапты қанағаттандырғаны. Кейде оқушылар дауысы жоқтығын сылтау етіп, немесе көпшіліктен ұялып, қойылған талапқа дұрыс жауап бермеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда қабілеті жоқ екен деп бірден шешім қабылдау ағаттық болады. Керісінше, оны асықтырмай, дыбыстарды қайта-қайта ойнап, керек кезінде тексеруші өзі дауыстап көрсеткені дұрыс. Баланы тексеруден өткізіп, қабылдап алғаннан кейін оның табиғи дарынына қоса, оның музыкалық қабілетін дамытудың болашақ жас музыкантты тәрбиелеп шығару да маңызы өте зор. Жоғарыда атап өткендей ырғақтан бастайтын болсақ: музыкада күшті және әлсіз үлестердің алмасуларынан келіп басқа дыбыстардың түрлі ұзақтықтары туындап жатады.
Өлшем арқылы берілетін түрлі дыбыс ұзақтықтарының осылайша алмасуын ырғақ (ритм) дейміз. Ырғақты профессионалды деңгейде тәрбиелеу үшін есту қабілетінің белсенділік мәніне көңіл бөлу керек. Нота мазмұнының ырғақ құрылысын талдау үшін сольфеджиолау және дирижерлеу мерт-ырғақты меңгерудің тәсілі болып табылды. Шағын сөйлемдерге бөлуді, дыбыс ұзақтықтары, тактыдағы екпінді және екпінсіз үлестердің алмасуын, ноталарды топтастырудың метрлік құрылысын айқын түсіну –ырғақтық тәрбиенің маңызды шарты болып келеді.
Музыкалық қабілеттің тағы бір негізгі бөлігі- музыкалық есту қабілеті болып табылады.
Музыкалық есту қабілеттерінің негізгі құрамалары: дыбыс биіктігі, бояуы, реңін айыру. Дыбыс биіктігін айырудың сапалық сипаты:
А) нақтылы биіктікті есту, (абсолютті)
Б) салыстырмалы есту (относительді)
Музыкалық есту қабілетін дамытудың тәсілдеріне гармониялық есту және іштей есту (ішкі есту қабілеті) жатады.
Дыбыс биіктігі нақтыланбаған жағдайда әуендетудің орны ерекше. Әуенді есту қабілеті - музыкалық қабілеттің құрамаларының ішіндегі ең негізгілерінің бірі. Есте қабылдау мен ойнау қимылдарының таза әуендетуге жетудегі байланыстарының дұрыстығына гамма мен этюдтарды, музыкалық шығармаларды ойнатқанда үнемі айырықша көңіл бөліп отырған абзал. Гамма мен этюдтарды орындауда шешілетін мәселелер тональдік және мақамдық сезінулерді бекітеді. Әуендету дыбысты таза, жоғары сапада алуға көмектеседі.
Оқушының тағы да бір музыкалық қабілеті- ол есте сақтау қабілеті. Есте сақтау қабілеті орындаушының зейінін, ерігін, қиялын тәрбиелейді, яғни ол комплексті құбылыс.
Есте сақтау қабілетінің түрлеріне мыналар жатады: есту арқылы, қимыл арқылы, моторлық түрі, тебірену арқылы, сөз-ой заңдылықтары арқылы.
Есте сақтау қабілетін дамыту үшін берілген шығарманы бір жүйеге келтіріп ойнауды жаттықтыру болып табылады. Фразировканың және ойнау әдістерінің мәнділігі-шығарманы берік есте сақтаудың қажетті шарты болып табылады. Шығарманы тез әрі берік есте сақтау музыкалық образдардың айқындығына, балалардың қызығушылық дәрежесіне тығыз байланысты.
Шығарманы нота бойынша, дұрыс, сауатты орындау кезінен бастап ойша ойнауды талап ету керек. Сабақтарда алға қойған мақсаттарға жетуге, табандылық және ынталылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.
Қорыта айтқанда, оқушының музыкалық қабілетін және оны дамыту-музыка мектептерінің, студияның негізгі міндеттері болып келеді. Қобызда профессионал деңгейінде орындаушылық негіздері-ерекше музыкалық қабілеттілік, музыканы творчестволықпен елестету қабілеті, қолдың ойдағыдай қойылымы, саусақтардың ішектерде дұрыс орналасу тәртібі болып табылады. Қобызшыны тәрбиелеудің комплекстік тәсілі: қобыз класында бір жақты мамандыққа байланысты қабілеттер мен дағдыны ғана емес, сол сияқты жеке бастың бағалы қасиеттері- жауапкершілік, алға ұмтылушылық, жігерлілік, өзін-өзі билеушілік сезімдерін дамытудың жолы бір бөлек.